Сот актілерін орындау өндірісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2013 в 20:39, реферат

Описание работы

Сот актілерін орындау сатысының мәнісі. Орындау өндірісінің органдары. Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері. Мәжбүрлі орындауға жататын актілер. Орындау құжаттары. Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері. Борышкердің мүлкінен, жалақысынан өндіріп алу.

Содержание

І Кіріспе бөлім:
ІІ Негізгі бөлім:
Сот актілерін орындау сатысының мәнісі;
ә) Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері;
б) Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері;
в) Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;
ІІІ Қорытынды:
ІV Пайдаланған әдебиеттер:

Работа содержит 1 файл

Сот актілерін орындау өндірісі (бакылау).docx

— 57.75 Кб (Скачать)

Прокурордың, мемлекеттік  басқару органдарының жєне қоғамдық бірлестіктердің атқарушылық өндіріске қатысуы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңмен қарастырылмаған. Бірақ бұл прокурор сот  орындаушысының әрекетінің заңдылығына қадағалау жасамайды дегенді білдірмейді. Аталмыш заң прокурордың сот орындаушысының әрекетіне наразылық білдіруін жоққа шығармайды. Бірақ заң прокурордың атқару құжатын өндіруге беру құқығын қарастырмайды. Алайда, прокурор не мемлекеттік басқару органдары АІЖК бойынша талапкер ретінде азаматтық істі қозғай алады. Сонымен бірге, бала мүдделері қорғалатын істер бойынша сот актілерін орындау кезінде қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қатысуы өте маңызды.

Мәжбүрлі орындауға жататын актілер. Орындау құжаттары. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 5-бабына сәйкес мыналар атқару құжаттары болып табылады:

1)    сот актілерінің  негізінде берілетін атқару парақтары,

2)    Қазақстан Республикасының  азаматтық іс жүргізу заңдарына  сәйкес берілетін сот бұйрықтары;

3)    Қазақстан Республикасының  аумағында халықаралық, шетелдік  соттардың және төрелік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;

4)    Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінде көзделген жағдайларда  әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істер бойынша шығарылған сот  қаулылары;

5)    Қазаќстан Республикасыныњ  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінде көзделген жағдайларда  әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі  істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы соттардың қаулылары;

6)     талаптарын  мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың  қаулысы;

7)    Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жағдайларда  өзге органдардың қаулылары;

 Сот актілерін орындаудың  жалпы ережелері. Атқарушлық құжаттарды  соттармен берудің тәртібі және  мазмұны АІЖК 149 жєне 236-баптарымен реттеледі. Соттармен атқару парағы мен сот бұйрығы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін беріледі. Ал апелляциялық және қадағалау сотының қаулысы заңды күшіне қабылданған сәттен бастап күшіне енеді (АІЖК 368, 381, 400 - баптары).

Егер де сот шешімі дереу  заңды күшіне енуге жататын болса, онда атқару парағы шешім шығарылған сәттен  беріледі.

АІЖК 236-бабының 4-бөліміне сәйкес атқару парағында жєне сот бұйрығында мыналар көрсетіледі:

1.     соттың атауы,

2.     іс нөмірі және шешімді шығару датасы,

3.     шешімнің  қарар бөлімі,

4.     шешімнің  заңды күшіне ену уақыты,

5.     атқару құжатын  беру датасы,

6.     өндіріп алушы мен борышкердің атауы,мекен-жайлары және реквизиттері.

Әрбір сот шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер атқару әртүрлі орында жүзеге асырылатын болса немесе шешім бірнеше талапкердің пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың сұрауы бойынша бірнеше атқару құжатын жазады (АІЖК 236-бабы).

Атқару құжаты заңда белгіленген  талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сот орындаушысы бір күн ішінде қайтару туралы қаулы шығарып, оны берген органға жібереді, бұл жөнінде өндіріп алушыға хабарлайды.    

Атқару құжаттары мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзімдерде:

1) сот актілері негізінде  берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары – 3 жыл ішінде;

2) әкімшілік құқық бұзушылықтар  туралы істер бойынша шығарылған  сот қаулылары – егер заңмен өзге мерзімдер белгіленбесе, 1 жыл ішінде;

3) әкімшілік құқық бұзушылықтар  туралы істерді қарауға уәкілетті  органның (лауазымды тұлғаның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары – 1 жыл ішінде;

4) прокурордың қаулылары  – 3-ай ішінде берілуі мүмкін.                                                                       

Аталған мерзімдер:

1) мүлікті өндіріп алу бөлігінде сот актілері негізінде берілген атқару парақтарын орындау кезінде сот актісі заңды күшіне енген не сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту немесе оған мәулет беру кезінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейінгі күннен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағдайларда – қаулы шығарылған кейінгі күннен бастап;

2) әкімшілік құқыќ бұзушылық  туралы іс бойынша шығарылған  сот қаулыларын орындау кезінде  – қаулы шығарылған күннен  бастап;

3) әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы қаулыларын орындау кезінде - мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабылдағаннан кейінгі күннен бастап;

4) қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша – олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі.

Атқару құжаты келіп түскен соң сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 10-бабына сєйкес үш тәуліктен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарады. Сот орындаушысы сонымен бір мезгілде атқару құжаттарын амтамасыз ету жөнінде шараларды қолданады. Бұл орайда сот орындаушысы борышкердің дєлелді жазбаша µөініші бойынша, дереу орындалуға тиіс атқару құжаттарын қоспағанда, атқару құжатын ерікті орындау үшін атқарушылық іс қозғалған күннен бастап бес күн мерзім белгілейді.

Атқарушылық әрекеттер жасалатын  уақыт  25-баппен анықталады: атқарушылық  әрекеттер жұмыс күндерінде 6.00 сағаттан 22.00 сағатқа дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттерді осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгілейді. Сондай-ақ тараптар өздеріне қолайлы уақытын ұсынуға құқылы. Демалыс жєне мереке күндерінде, сондай-ақ түнгі уақытта атқарушылық әрекеттерде кейінге қалдыруға болмайтын айрықша жағдайларда: азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтірілгенде, борышкердің кінәсінен орындауға мүмкін болмағанда жол беріледі.

Борышкердің мүлікті жойып  жіберуі немесе құртуы мүмкін жағдайлары орын алғанда, сондай-ақ өндіріп алушының өтініші бойынша, сот орындаушысы атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдана алады.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңының 14-бабына сәйкес атқарушылық  әрекеттер жасауға кедергі келтіретін жағдаяттар болған ретте сот орындаушысы  оларды өз бастамасы бойынша немесе тараптардың біреуінің өтініші  бойынша он күнге дейінгі мерзімде кейінге қалдыра алады, бұл жөнінде  тиісті қаулы шығарады, оны аға сот орындаушысы бекітеді.

Атқару өндірісін тоқтата тұрудың екі түрін ажыратады: міндетті жєне факультативті. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 15-бабы бойынша сот орындаушысы атқару өндірісін тоқтата тұруға міндетті:

1.     борышкер  қайтыс болған, қайтыс болды деп немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайда,

2.     егер борышкер  болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылуы, банкроттығы туралы іс қозғалғанда,

3.     борышкердің   немесе өндіріп алушы әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі деп танылуы,

4.     борышкер  атқару құжатын сот тәртібімен  даулаған,

5.     әкімшілік  жаза қолданған органдардың әрекеттеріне  сотқа шағым беру,

6.     сот намасе  атқару құжатын бергенде негізге  алынған шешімнің орындалуын  тоқтата тұру құқығы заңмен берілген лауазымды адам қаулы шығарған,

7.     сотқа атқару  құжаты бойынша өндіріп алынатын мүлікті хатталудан шығару туралы талап қойылған,

8.     борышкер  немесе µндіріп алушы борышкер мүлкін бағалау нәтижелеріне дау шығарған жағдайда.

Атқарушылық іс жүргізу сол сияқты:

1.     сот орындаушысы,  өндіріп алушы немесе борышкер сот актісін орындау мерзімін ұзарту, орындау әдісін өзгерту туралы өтініш жасаған,

2.     борышкер  ұзақ уақыт бойы қызмет бабындағы іссапарда болған,

3.     борышкер  емдеу мекемесінде болған,

4.     сот орындаушысының  іс-ќимылына өндіріп алушы, борышкер сотқа шағым берген,

5.     борышкерге  іздеу салынған,

6.     өндіріп алушы өтініш жасаған,

7.     борышкер  не өндіріп алушы елді мекен шегінен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тыс жерде жүрген жағдайларда да тоқтатыла тұруы мүмкін.

Атқару өндірісін тоқтату дербес институт ретінде Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 20-бабымен реттеледі. Онда тоқтатудың негіздері мен салдары қарастырылады. Атқарушылық өндіріс мынадай жағдайларда тоқтатылады, егер:

-         өндіріп алушы бас тартса,

-         өндіріп алушы мен борышкер бітім келісімін жасаса және оны сот бекітсе,

-         шешімімен белгіленген талаптар  немесе міндеттер өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін өлген адамның құқықтық мұрагеріне көше алмаса,

-         атқару құжатын орындауға беру мерзімі бітсе,

-         тиісті органның атқару құжатын бергенде негізге алынған шешімінің күші жойылса,

-         өндіріп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса,

-         атқару құжатының өндіріп алу немесе өзге де талабы толық көлемінде орындалса,

-         заттарды өндіріп алушыға беру туралы атқару құжатын орындау кезінде өндіріп алушы борышкерден алып алып қойылған  заттарды алудан бас тартса.

Атқарушылық өндірісті тоқтатқан жағдайда бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады және атқару құжаты тиісті белгі соғылып, сотқа немесе құжатты берген басқа органға жіберіледі.

Атқару өндірісінің тоқтатылу салдары болып табылады:

-         атқару өндірісінің атқарушылық әрекеттер жасалмай тоқтатылуы,

-         соттың атқарушылық өндірісті тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген соң сот орындаушысымен тағайындалған барлық шараларды доғару,

-         атқару құжатын берген сотқа  немесе басқа органға атқарушылық  өндірісті тоқтату туралы сот ұйғарымын және тиісті белгі қоя отырып атқару құжатын бірге қайтару.

Атқарушылық өндірісті аяқтау мынадай жағдайларда мүмкін:

-         атқару құжатын өндіріп алушыға қайтарғанда,

-         атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғанда,

-         соттың немесе басқа органның талабы бойынша атқару құжаты орындалмай қайтарылған жағдайларда.

Өндіріп алу жүргізілмеген немесе толық көлемде жүргізілмеген атқару құжаты сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:

-         өндіріп алушының арызы бойынша,

-         егер борышкердің өндіріп алынуы мүмкін мүлкі, ақша сомасы, бағалы қағаздары немесе табыстары жоқ болса,

-         егер өндіріп алушы шешімінің орындалуы кезінде борышкердің сатылмаған мүлкін алудан бас тартса,

-         егер борышкер өндіріп алушы көрсеткен мекен-жайда тұрмайтын немесе жұмыс істемейтін болса не сол жерде оның мүлкі жоқ болса,

-         егер сот борышкерге қатысты  іздеу жарияласа, өндіріп алушыға қайтарылады.

Борышкердің мүлкінен, жалақысынан  өндіріп алу. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша қаражаты болмаған жағдайда ол борышкерге тиесілі басқа мүліктен атқару құжатын орындау үшін қажетті мөлшер мен көлемде, орындау жөніндегі шығыстар ескеріле отырып алынады. Атқару құжатында аталған белгілі бр затты өндіріп алушыға берген кезде сот орындаушысы бұл заттарды борышкерден алып қояды да, өндіріп алушыға оларды беру актісін жасай отырып береді.

Заңды тұлғалар мен жеке кєсіпкерлер мүлкінен өндіріп алу Заңның 36-бабында қарастырылған ерекшеліктерге ие. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған ретте (бұл туралы борышкердің есеп айырысу шотына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банктің тиісті ақпараты болса), егер заңда бұл мүлікке қатысты шектеулер белгіленбесе жєне заңды тұлға құрылтайшыларының мүлікті жауапкершілігі көделсе, оған тиесілі кез келген басқа мүлікткен, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыларының мүлкінен өндіріліп алынуы мүмкін. Ал егер мүлкі жеткіліксіз болатыны анықталса, ал азаматтық заңдарда борышкерді банкрот деп тануға жол берілсе, сот орындаушысы өндіріп алушыға бұл туралы хабарлауға міндетті.

Кепілге салынған мүліктен өндіріп алудың ерекшелігі Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 37-бабымен анықталады. Борышкерге қойылған кепілмен қамтамасыз етілмеген барлық талаптарды толық қанағаттандыру үшін оның қалған мүлкі жеткіліксіз болғанда өндіріп алу кепіл ұстаушының азаматтық заңдарда белгіленген құқықтары сақтала отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызының міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүліктен жүргізілуі тиіс.

Азаматтарға қатысты атқару құжаттарын орындау кезінде заңдарда өндіріп алуға тыйым салынған мүліктен өндіріп алуға болмайды.

Борышкедің мүлкіне тыйым  салу. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 40-бабына сәйкес борышкердің  мүлкіне тыйым салу мүлікті хаттаудан  және осы мүлікке билік етуге  тыйым салудан, сондай-ақ банк және өзге де несие мекемелеріндегі борышкердің ақша сомаларын пайдалануға және оларға билік етуге тыйым салынғанын хабарлаудан тұрады, бұл жөнінде борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.

Информация о работе Сот актілерін орындау өндірісі