Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2013 в 20:39, реферат
Сот актілерін орындау сатысының мәнісі. Орындау өндірісінің органдары. Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері. Мәжбүрлі орындауға жататын актілер. Орындау құжаттары. Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері. Борышкердің мүлкінен, жалақысынан өндіріп алу.
І Кіріспе бөлім:
ІІ Негізгі бөлім:
Сот актілерін орындау сатысының мәнісі;
ә) Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері;
б) Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері;
в) Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;
ІІІ Қорытынды:
ІV Пайдаланған әдебиеттер:
Сот актілерін орындау өндірісі
Жоспар:
І Кіріспе бөлім:
ІІ Негізгі бөлім:
ә) Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері;
б) Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері;
в) Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;
ІІІ Қорытынды:
ІV Пайдаланған әдебиеттер:
Сот актілерін орындау сатысының мәнісі. Орындау өндірісінің органдары. Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері. Мәжбүрлі орындауға жататын актілер. Орындау құжаттары. Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері. Борышкердің мүлкінен, жалақысынан өндіріп алу.
Сот актілерін орындау сатысының мәнісі. Атқарушылық іс жүргізу бойынша туындайтын қатынастардың табиғаты туралы жєне атқару өндірісінің Қазақстан Республикасының құық жүйесінде алатын орны туралы сұрақтар заң ғылымында даулы болып табылады. Қазіргі ғылымда көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша атқару өндірісі азаматтық процесстің соңғы сатысы болып табылады. Кейбір авторлардың пайымдауы бойынша, сот төрелегін және атқарушылық өндірісті жүзеге асыру бойынша бір текті емес қатынастар қалыптасатындығына қарамастан, бұл дәстүрлі бағыт болып есептеледі. Көрсетілген пікір, ең алдымен, азаматтық іс жүргізу құқығының пәнінің анықтамасына, сондай-ақ азаматтық істерді қарастырудың ақырғы мақсаты заңды күшіне енгеннен кейін жалпыға міндетті болатын заңды және негізді сот шешімін шығаруға негізделеді. Осы белгісіне байланысты соттың және атқару органдарының тарапынан сот шешімін орындау бойынша мєжбүрлі әрекет ету азаматтық процесстің жалғасы болып табылады.
Енді бір топ авторлардың пайымдауынша атқарушылық іс жүргізу өндірісі – бұл дербес құқық саласы. Бұл көзқарастың сот шешімін орындау бойынша нормаларының тиімділігін қамтамасыз ету бойынша маңызы зор.
Сот қаулылырын және басқа актілерді орындау – бұл атқару өндірісінің субъектілерінің – приставтар мен орындаушылардың құқыққолдану қызметі. Соттық қызметпен салыстырғанда сот орындаушысы құқық туралы дауды шешпейді, сот процесінде, нотариаттық өндірісте, келісім комиссиясында еңбек дауларын қарастыру процессінде анықталған талаптарды орындайды.
30 маусым 1998 жылы қабылданған
”Атқарушылық іс жүргізу және
сот орындаушыларының
Азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулыларды міндетті түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын орындау болып табылады (1-бап).
Атқарушылық өндіріс мынадай сатылардан тұрады:
1. атқарушылық өндірісті қозғау;
2. сот орындаушысыныњ мєжбүрлеп орындауға дайындалуы;
3. борышқорға мемлекеттік мєжбүрлеу шараларын қолдану;
4. сот орындаушысының әрекетін шағымдау.
Орындау өндірісінің органдары. Атқарушылық өндірістің субъектілері – бұл заң мен қарастырылған актілерді мәжбүрлеп орындау процессіне қатысушы азаматтар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар.
Заң әдебиетінде атқару өндірісінің субъектілерін төмендегідей топтарға жіктейді:
1. билік ету қызметтерін орындаушы, яғни атқару органдары - сот орындаушысы жєне приставы;
2. атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тұлғалар;
3. атқарушылық іс жүргізуге көмектесуші тұлғалар.
Бірінші топқа сот орындашылары, сот приставтары жатады.
Екінші топқа тараптар
мен олардың өкілдері кіреді. Бұл
жерде заң шығарушының прокурор
мен мемлекеттік басқару
Үшінші топқа кіретін субъектілер атқару өндірісіне зањды мүдделі емес және оған өздерінің ерекше міндеттерін орындауға қатыстырылады. Олар – тілмаштар, айғақтар, мүлікті сақтаушы, маман және т.б.
Сот орындаушыларының құқықтық жағдайы.
Сот және басқа органдардың актілері сот орындаушыларымен орындалады. Атқарушылық өндіріс туралы заңның 4-бабының 1-пунктіне сәйкес атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдырдың аумақтық органдары мен бөлімдерінің сот орындаушыларына жүктеледі.
Сот орындаушысы – мемлекеттік қызметте тұратын және сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам (81-бап).
Қазіргі кезде сот орындаушысы болып тағайындалу үшін жиырма жасқа толған, сотталмаған, жоғарғы немесе орта заң білімі бар, Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиетімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек (83-баптың 1-бөлімі).
Сот орындаушысы Атқарушылық туралы зањныњ 86-бабына сәйкес құқылы:
- орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға,
-
әкімшілік құқық бұзушылық
- қажетті ақпараттарды, түсініктемелерді, анықтамаларды алуға,
- орындауға байланысты азаматтарды және лауазымды тұлғаларды шақыртуға,
- орындау мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге;
- борышкерлардің банктердегі ақшасы мен бағалы қағаздарына тыйым салуға;
- кез-келген меншік нысанындағы ұйымдарда атқару құжаттарының орындалуын тексеруге,
- үй-жайлар мен қоймаларға кіруге, борышкерлердің мүлкіне тыйым салуға, алуға және сатуға және атқару құжатын орындаумен байланысты өзге де әрекеттер жасауға құқылы,
-
қылмыстық қудалау органына
- тиым салынған мүлікті алуға, сақтау үшін беруге жєне сатуға,
- егер атқару құжатын орындау барысында осындай қажеттілік туындаса, басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы,
-
атқарушылық әрекеттер жасау
кезінде туындаәан мәселелер
бойынша, Қазақстан
Сот орындаушысы міндетті:
- соттыњ талапты қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымын орындауға,
- тараптарға немесе олардың өкілдеріне атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер алуға, көшірмелер түсіруге мүмкіндіктер беруге,
-
атқарушылық іс жүргізу
Сот приставы. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 4-бабы бойынша, заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жєрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Сот приставтарының құқықтық
жағдайлары, міндеттері, қызметін ұйымдастыру
және тағайындау тәртібі Сот приставтары
туралы заңмен реттеледі. Сот приставы
– мемлекеттік қызметкер болып
табылатын және үзіне жүктелген
міндеті ретінде соттардың
Сот приставының міндетіне кіреді:
- сот мәжілісі кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,
-
бас бостандығынан айырумен
-
сот ғимаратын, судьяларды
-
сот орындаушыларына атқару
Сот приставтары Қазақстан Республикасының барлық соттарында әрекет етеді. Сот приставтарына қойылатын талаптар аталмыш заңның 6-бабында қарастырылады: сот приставы болып 21 жасқа толған, орташа арнаулы білімі бар, денсаулық жағдайы, іскерлік жєне жеке мінездемелері бойынша міндеттерді орындай алатын, арнайы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады. Ал бұрын сотталған, мемлекеттік қызметтен және құқыққорғау органдарынан шығарылған тұлға сот приставы лауазымына тағайындалмайды.
Сот приставтары арнайы дайындықтан өтіп, оған тебельді қаруды алып жүруге рұқсат етіледі.
Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері.
Атқару өндірісіне қатысушы тұлғалар: тараптар - өндіріп алушы және борышкер, олардың өкілдері. Бұлардың белгілері мынадай: заңды мүддесі болады және өз мүддесін қорғау мақсатында өз атынан қатыса алады.
өндіріп алушы - Өз пайдасына немесе мүдделеріне атқару құжаты берілген жеке немесе заңды тұлға.
Борышкер - атқару құжатында көзделген талаптарда орындауға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
Атқарушылық іс жүргізуге бірнеше өндіріп алушы немесе борышкер қатыса алады. Басқа тарапқа қатысты олардың әрқайсысы атқарушылық іс жүргізуге дербес қатысады немесе қатысушылардың біріне атқарушылық әрекеттерге қатысуды тапсыра алады, бұған атқару құжаты бойынша борышкерге оның өзі ғана жасай алатын міндеттер (жеке міндеттер) жүктелген жағдайлар қосылмайды.
Атқарушылық іс жүргізуге
қатысушы адамдардың атқарушылық іс
жүргізу материалдарымен
Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдар өзіне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу заңдардың талаптарын орындауға міндетті.
Атқарушылық өндіріске көмек көрсетуші тұлғалар ешқандай заңды мүддесінсіз қатыса алады. Бұл топқа тілмаш, айғақ адамдар, мамандар, мүлікті сақтаушылар кіреді.
Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдар атқарушылық әрекеттер жасау кезінде өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша тілмашты шақыруы мүмкін. Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті, іске мүдделі емес, атқару әрекеттерін жүргізу үшін қажетті дәрежеде тіл меңгерген кез-келген адам тілмаш бола алады. Егер де заңда қарастырылған негіздерде қарсылық білдірілсе, тілмаш процесстен шығарылады.
Тілмаштың өз еңбегі үшін сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
Атқарушылық әрекеттер кемінде екі айғақ адамның қатысуымен жасалуы мүмкін. Айғақ адамдардың атқару өндірісіне қатысуы заңның 30-бабымен реттеледі.
Мынадай жағдайларда:
1) өндіріп алушының немесе борышкердің талабы бойынша;
2) үйге орналастыру
және үйден шығару туралы
Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті, атқарушылық әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес кез-келген азаматтар айғақ адамдар ретінде шақырылуы мүмкін.
Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған, арнаулы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін сот орындаушысы атқарушылық іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша маманды шақыртуы мүмкін. Қажет болған жағдайда бірнеше маман тағайындалуы мүмкін. Сот орындаушысы бұл жөнінде қаулы шығарады.
Қорытынды беру үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес кез-келген адам маман ретінде тағайындалуы мүмкін (31-бап). Мамандар іс жүргізуге тікелей немесе жанама мүдделі болатын болса, онда оған қарсылық білдірілуі мүмкін.
Мамандардың атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты жүргізілетін жұмысты орындағаны үшін сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және мамандар тартуға жұмсалған басқа да шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.