Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында есеп беру кездесуінің сөз сөйлеуі тезистері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

құжаттарда, «Жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында, мемлекет Басшысының облысқа жасаған сапары барысында берген тапсырмаларында белгіленген мемлекеттік саясаттың басым міндеттерін орындауға бағытталған еді.
Біздің қызметіміз жедел индустриалдық-инновациялық даму, жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру мәселелеріне негізделген.

Работа содержит 1 файл

Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында есеп беру кездесуінің сөз сөйлеуі тезистері.doc

— 130.50 Кб (Скачать)

Қоршаған ортаны қорғау 
Өкілетті мемлекеттік органдардың облыстың Қоғамдық кеңесімен жасалған өзара іс-әрекеті атмосфералық ауаның сапасын тұрақтандыруға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Өскемен қаласы бойынша атмосфераны ластау индексінің көрсеткіші 9,8-ден 7,2 дейін төмендеді. 
Өскемен қаласында өткен экология мәселелеріне ҚР Парламент Мәжілісінің Экология комитетімен 2 бірлескен отырысы арналды. 
Табиғат пайдаланушы кәсіпорындармен 9,3 млрд. теңге өз қаражаты есебінен табиғат қорғау жобаларын іске асыруға инвестиция жасалынды. 
ЖӨӨ бір млн. теңгеге 0,27 тоннадан ЖӨӨ бір млн. теңгеге 0,24 тоннаға дейін атмосфераға жалпы ластану заттарын шығару көрстекіші төмендеді. 
2010 жылы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру барысында атмосфералық ауаға эмиссиялар көлемі 3859,4 тоннаға, су объектілеріне 575,7 тоннаға, қалдықтар 982,005 мың тоннаға дейін нормативтік көлеммен салыстырғанда азайтылды. 
«MECS» Бельгиялық фирманың технологиясы негізінде «SNC Lavalin» Канадалық фирманың жобасы бойынша «Қазмырыш» ЖШС күкіртсынап зауытының құрылысын жүзеге асырды, ол болашақтағы мыс зауытының технологиялық газдарын 100% қайта өңдеуге мүмкіндік береді, нәтижесінде Өскемен металлургиялық кешенінің құрамында күкірті бар газдарын шығаруды жылына 13 мың тоннаға дейін төмендетуге қол жеткізетін болады. 
Ормандарды қалыпқа келтіру бойынша жұмыстардың көлемі 3,7 мың га, оның ішінде орман дақылдары 3,1 мың га-да отырғызылды, орманды табиғи жаңартуға әрекет шаралары 645 га-ды құрайды. 5 демалыс саябағы құрылды. Көгалдандыру жұмыстарына жастар ұйымдары және коммерциялық құрылымдар белсенді түрде тартылды. 
2011 жылға арналған міндеттер: 
• Өскемен қаласының тазарту құрылымдарының лас қалдықтарын 10 мың тоннаға дейін жою; 
• жабайы құстар мен аңдар үшін табиғи тамақтандыру базасын қайтадан қосу бойынша биотехникалық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету; 
• биологиялық теңдікті сақтау мақсатында жабайы жануарлар санын реттеу бойынша жұмыстарды өткізу; 
• Өскемен қаласында Комендатка өзенінің ағысын абаттандыру бойынша, Жарма ауданының Шар қаласында, Зайсан қаласында, Абай ауданының Қараауыл ауылында, қатты-тұрмыстық полигонының құрылысын қамтамасыз ету және Курчатов қаласында ҚТҚ полигонының құрылысын аяқтау; 
• мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу, эмиссияға рұқсат беру мерзімдерін 29 күнге дейін қысқарту; 
• елді мекендерді көгалдандыруды, ағаштарды және көшеттерді отырғызуды, 90 мың шаршы метрге көшет егу орындары және гүлзарлар жасауды, 4 саябақты абаттандыруды қамтамасыз ету; 
• Өскемен қаласында өңірлік Экологиялық қауіпсіздік орталығын құру.

Ішкі саясат мәселелері 
Әртүрлі консультативтік-кеңестік және сұхбат алаңдары: Қоғамдық кеңес, жастар ісі жөніндегі, ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер, сондай-ақ саяси клуб, бас редакторлар клубы және басқалар жұмыс істейді. 
2010 жылы жастарға арналған 920 артық іс-шарасы өткізілді. 20 әлеуметтік-маңызды жобалар мен жастарға арналған әлеуметтік қызметтер іске асырылды. Өскемен және Семей қалаларында жастарға және жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталықтар қызмет атқарды. 
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық жерлерге 143 жас маман келді. 
2010 жылғы еңбек маусымында СҚЖЕЖ қатарында 2591 адам еңбек етті. Олар орындаған жұмыс көлемі 100 млн теңгеден асты. 1200 сарбаз «Жасыл Ел» жасақтары қатарында жұмыс істеді. 
Беларусь Республикасы мен облыс арасындағы халықаралық студенттік құрылыс жасақтарымен алмасу, тәрбиесі күрделі жасөспірімдерді қамқорлыққа алу жобалары іске асырылды. 
2010 жылы мемлекеттік тілдегі басылымдары болмаған облыс қалалары мен аудандарында 9 БАҚ ашылып, қызмет көрсетуде. 
13 ауданда қоғамдық-саяси газеттерді аптасына екі рет шығару мәселесі шешілді, бұл мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы туралы тұрғындарды жедел ақпараттандыру аясын кеңейтуге ықпал етті. 
Облыс аумағында Қазақстандық телерадиохабар таратудың бірінші кезеңін енгізу аясында хабар таратудың DVB-S2/MPEG4 жаңа стандартына көшу жүзеге асырылды. Қолданыстағы қабылдағыш-таратқыш антенналарын (тарелкалар) қайта реттеген жағдайда облыс тұрғындары барлық қазақстандық арналарды, облыстық теледидардың 14 сағаттық форматтағы хабарларын, сондай-ақ танымал ресей арналарын көру мүмкіндігіне ие болады. 1 ақпандағы жағдай бойынша облыста 383 қабылдау қондырғысы орнатылды. Оның 173 қондырғысы (45%) – 23 заңды тұлға, 210 – жеке тұлғада. 
2011 жылға арналған міндеттер: 
• этносаралық салада диаспоралардың өздеріне тән проблемалары мен мүдделерін анықтауға, өңірдің даму процесіне этномәдени бірлестіктердің қатысуын арттыру мәселелеріне айрықша мән беру; 
• өңірдің әлеуметтік-маңызды мәселерін шешуге үкіметтік емес секторды тарту; 
• конфессияаралық қарым–қатынасты нығайту мақсатында барлық мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын нығайту;

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өтеді. Ел Президенті облыстың ядролық полигонның жабылуының 20 жылдығына арналған Антиядролық Форумын өткізу бастамасын қолдады. Іс-шара Тәуелсіздік мерейтойына арналған 20 жұлдызды күнге кірді және Семей қаласында 29 қарашада өтеді. 
«Менің табыстарым-Отан табыстары», «Елдік үшін, Ел үшін», «Ел қазынасы», «Тәуелсіздік замандастары», «20 жарқын іс»/ «20 добрых дел» акциялары іске асырылады.

Қоғамдық тәртіп 
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті қорғауға 2010 жылы облыстық бюджеттен 20% өсіммен, 6,4 млрд. теңге бөлінді. 
Ішкі істер органдарының материалды-техникалық базасын күшейтуге 458 млн. теңге жолданды, ол қаражатқа 87 автокөлік, «Папилон» арнайы жабдығын алынды және жол полициясы тұрақты тұрағын автоматтандырылды. 
Аталған шаралар нәтижесінде облыс аумағында тіркелген қылмыстардың саны 1,5% төмендеді. 
Ауыр қылмыстардың саны 32% және аса ауыр қылмыстар 25% төмендеді. 
Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстардың саны 24%, кәмелетке толмағандармен 20%, топ болып 17% төмендеді. 
Есірткі және психотроптық заттарының заңсыз айналымына қатысты 829 қылмыс анықталды. 120 килограмнан артық есірткі заттары тәркіленді. 
Жол-көлік оқиғалары 3%, қаза болғандардың саны 9% азайды, жарақат алғандардың саны 2009 жылғы деңгейде қалды. 
2011 жылға міндеттер: 
• қоғамдық жерлерде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 13,8% төмендету; 
• жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағын 8,6 % төмендету; 
• жол-көлік оқиғаларының санын 10 000 көлік бірлігіне 47,5% төмендету; 
• қалалардың көше-жол желісінде жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету; 
• нашақорлыққа, заңсыз көші-қонға қарсы әрекет тиімділігін арттыру; 
• Семей қаласындағы Шұғыл басқару орталығының құрылысын бастау;

Алдағы кезеңге  атқарушы билік органдарының міндеті  Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақты бірге жасайық» басымдығы негізінде  құрылған, оның ерекше әлеуметтік бағытталуы бар. Мемлекеттік үдемелі индустрияландырылуын іске асырудың екінші жылында әлеуметтік жаңарту мәселелері басты болып қалады. 
Өткен жылдың қорытындысы бойынша позитивті беталыстары – ағымдағы жылы қысқа мерзімді және стратегиялық міндеттерді іске асыру жұмыстары үшін негіз болып табылады. Оларды іске асыру шаралары кешені Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында айқындалған, ол өңір экономикасының тұрақты және қарқынды дамуына және шығыс қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жоғарылатуға бағытталған.

Информация о работе Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында есеп беру кездесуінің сөз сөйлеуі тезистері