Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2012 в 18:48, реферат
құжаттарда, «Жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында, мемлекет Басшысының облысқа жасаған сапары барысында берген тапсырмаларында белгіленген мемлекеттік саясаттың басым міндеттерін орындауға бағытталған еді.
Біздің қызметіміз жедел индустриалдық-инновациялық даму, жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру мәселелеріне негізделген.
Автомобиль жолдары
және жолаушы көлігі
Облыс бойынша жол-жөндеу жұмыстарын қаржыландыру
көлемі 17,3 млрд. теңге, өткен жылғымен
салыстарғанда деңгейі 41% өсті, бұл ретте
569 км автомобиль жолдары жөнделді, 69 жасанды
құрылыс қалпына келтірілді.
Маңызды жобалар ішінде Осин өткеліне
дейінгі автожолға күрделі жөндеу жұмыстары,
Көгілдір бұғаз базасына әкелетін жолды
қайта жаңғыртуды бастау, облыс аумағы
бойынша Омск-Майқапшағай халықаралық
трассасын қайта жаңғыртуды бастау, Таскескен-Бахты
республикалық маңызы бар автожолды қайта
жаңғыртуды жалғастыру болып табылады.
22 көпір қалпына келтірілді: ірілерінің
арасында Қарағанды-Аягөз-Боғаз республикалық
маңызы бар жолдағы 2 көпірді атай кетуге
болады, сондай-ақ Үлбі, Қарғыба, Тассай,
Қарақаба өзені арқылы көпірлер, Қарагужиха
ауылындағы көпірдің құрылысы.
Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының
бейнепаспорттау жүйесі енгізілді.
Қысқы кезеңде жолдарды ұстау үшін қар
тазалау техникасының 730 бірлігі қолданылады.
2010 жылы жол техникасының 50 бірлігі сатып
алынды.
Облыстағы барлық көлік түрлерімен (теміржолды
есепке алмағанда) 1 272,7 млн. адам тасымалданған,
ал жолаушы ағымы 11 500,7 млн. жкм. құрады,
2009 жылғы жағдаймен салыстырғанда 11,6%,
16,7 % сәйкесінше артық.
2011 жылға арналған міндеттер:
• шамамен 305 шақырым автожолды, 4 көпірді,
1 жол көрсеткішті жөндеу;
• Омск-Майқапшағай халықаралық трассасын,
Таскескен-Бахты республикалық маңызы
бар автожолды қайта жаңғыртуды жалғастыру,
Барлық-Арасан – Алакөл көлі автожолына
жөндеу жұмыстарын бастау, Барлық-Арасан-Алакөл
көлі, Қалбатау-Семей, Семей-Қайнар автожолдарының
жөндеуін бастау, Семей-Өскемен, Ақсуат-Бөкей-Қарасу
автожолының күрделі жөндеу;
• өңірдің машина жасау кәсіпорындарының
аясында шығарылатын тиісті аспалы құрылғымен
облыстың жол техникасы паркін қамтамасыз
ету;
• инновациялық технологиялар мен ғылыми
зерттемелерді енгізу арқылы жол-жөндеу
жұмыстарының сапасын бақылауда мемлекеттік
реттеу және мониторинг тәсілдерін жетілдіру;
Денсаулық сақтау
Өткен жылы саланы қаржыландыру көлемі
10% өсіммен 25,2 млрд. теңгені құрады, соның
ішінде тегін медициналық көмектің кепілді
көлеміне 17,6 млрд. теңге, денсаулық сақтау
нысандарының құрылысына 4,3 млрд. теңге,
ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтауға
1,1 млрд. теңге бөлінді.
2010 жылы 9 денсаулық сақтау нысанының құрылысы
аяқталды:
Жоғары технологиялық медициналық қызметтер
ұсынылады: жүреккке операциялар, буындарды
эндопротездеу, эндовидиохирургиялық
операциялар. 8 телемедицина орталығы
бар, олар Аягөз, Бородулиха, Зырян, Үржар,
Шемонаиха, Глубокое, Жарма, Күршім аудандарын
облыстық медицина бірлестігімен байланысттырады.
Халық денсаулығын қарау үшін қала және
облыстық ауруханалардан мамандар бригадасы
шеттегі ауылдық елді мекендерге 50 рет
барып, барлығы 24 000 ауру қарады және емдеді,
аурулардың диспансеризация және емдеуі
өткізілді. 1 мобильді кешен, флюорографикалық
құрылғылар, реамобиль, медициналық-санитарлық
көмектің қозғалмалы пункті, маммографтар,
босануға көмек, қан орталықтары үшін
құрылғылары сатып алынды.
Санитарлық авиация қызметі 921 ауруға
көмек көрсетті, соның ішінде 298 балалар,
халыққа жедел медициналық көмек көрсету
үшін тікұшақпен 39 ұшу жүргізілді, республикалық
емханаларға ұшақпен 58 ауру жеткізілді,
113 ауруды көлікпен жеткізу жүзеге асырылды,
орнында 34 ауруға операция жасалды.
17 әлеуметтік дәріхана ашылды.
Туберкулезден қайтыс болуды 17%, қант диабетімен
ауруды – 2,3%, ана өлімін 22%, нәресте өлімін
12,3% төмендетуге қол жеткізілді.
2011 жылға арналған міндеттер:
• бастапқы медициналық-санитарлық көмек
көрсету сапасын жақсарту;
• облыс халқын 30% кем емес қамтитын кейінгі
серпінді қараумен мен кейбір саналарының
сауықтырумен алдын ала медициналық қарауларын
өткізу;
• 3 мобильді медициналық кешенді сатып
алу, 3 шағын диагностикалық орталықты
құру;
• облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын,
әсіресе ауылдық елді мекендерді медициналық
кадрларымен, соның ішінде қажетті әлеуметтік
кепіл пакетін ұсына отырып, ерекше тапшы
мамандармен қамтамасыз ету;
• Семей қаласында 300 орындық көп профильді
аурухананың құрылысын бастау, Семей қаласындағы
екінші кезектегі радиологиялық орталықтың
және Өскемен қаласындағы облыстық қан
орталығының құрылысы аяқтау;
• Аягөз, Жарма, Көкпекті және Зырян аудандарында
5 трассалы медициналық-құтқару пунктерін
құру;
• Ана мен бала орталығы жанында перинаталдық
көмекті аймақтандыру үшін көлік қызметін
ұйымдастыру;
• ана өлімінің көрсеткіштерін 100 мың
тірі туғандарға шаққанда 26,7 деңгейге
және нәресте өлімінің көрсеткіштерін
1000 тірі туғандарға шаққанда 20,7 деңгейге
жеткізу;
• туберкулез аурушаңдығының көрсеткіштерін
2% төмендету;
Білім беру
Білім беру жүйесінің дамуына 2009 жылға
18%-ға өсуімен 47,3 млрд. теңге бөлінді.
9 мектеп пайдалануға берілді. 8 мектептің
құрылысы басталды (Тарбағатай ауданында
– 2 мектеп, Үржар ауданында – 2 мектеп,
Күршім ауданында – 2 мектеп, Глубокое
ауданында – 1 мектеп, Өскемен қаласында
– 1 мектеп), 2 балабақша (Өскемен қаласы,
Жарма ауданы).
Компьютерлік техникамен жалпы білім
беру мектептерінің қамтамасыз етілуі
10,5 оқушыға бір компьютерден келді. Кең
ауқымды Интернетке 35% мектеп қосылды.
Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің
1 интеллектуалды мектебі ашылды. Біріңғай
Ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша
жалпы облыс бойынша орташа бал 93,3 құрады,
бұл республика бойынша 3 орын, ол білімнің
жоғары сапасын көрсетеді.
Республикалық және халықаралық интеллектуалдық
олимпиадалар мен жарыстар жеңімпаздарының,
облыс әкімінің шәкіртақысын алушылардың
саны 7 есеге ұлғайды және 62 оқушыны құрады.
2550 орынды 6 балабақша ғимараттары қайтарылды,
3 мектеп мектеп-балабақша болып ашылды,
мемлекеттік тапсырыс 700 орынға 6 жеке
меншік балабақшада орналастырылды,
Мектепке дейінгі білім берумен қамту
облыста 12% өсіп, 71,9% жетті.
Жетім балаларға арналған балалар үйлерінен
және мектеп-интернаттарынан 319 бала асырап
алынды.
Ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін балалардың
саны 2009 жылға қарағанда 10,5%-ға өсті және
138232 оқушыны немесе 79,4%-ды құрады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде
47 мың адам оқиды. Кадрларды дайындау 115
мамандықтар (147 біліктілік) бойынша дайындалады,
ол техникалық және кәсіптік білімдерімен
кадрларына облыстың экономика салаларының
негізгі қажеттілігін қанағаттандыруға
мүмкіншілік береді.
Жазғы демалыстың барлық түрлері бойынша
мектеп жасындағы балалардың жалпы контингентінен
160,4 мың бала немесе 94% қамтылды, ол 2009 жылмен
салыстырғанда 7,6%-ға өсті, соның ішінде
демалыс және сауықтыру – 41,6% бала және
жұмыспен қамтылған – 52,4% бала. Жазғы демалыстың
негізгі түрлері болып мектеп жанындағы,
спорттық лагерлерді, танымдық экскурсияларды
ұйымдастыру болып табылды. Бірінші рет
демалудың жаңа формасы енгізілді – ол
Өскемен қаласында альпілік туристік
лагерь.
5 өңірде балалар лагерьлерінің құрылысы
бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы
әзірлеу басталды.
«ШҚО кәсіптік білім берудің өңірлік даму
моделі» пилоттық жобасын іске асыру аясында
«Кәсіптік білім берудің өңірлік даму
Корпоративтік қоры» ашылды. Норвегия
Корольдігінің Рогаланд округінің курстық
және кәсіптік дайында Орталығы өкілеттілігі
ашылды.
2011 жылға міндеттер:
• мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен
75%-ға дейін қамтуды өсіру;
• балабақшаларды қайтару және ауылдық
елді мекендерде бала бақшалар мен шағын
бақшаларын ашу жұмыстарын белсендіру;
• балаларды мектепке дейінгі біліммен
қамтамасыз етуді 25,4% ұлғайту және қала
шетіндегі лагерьлерді ашу бойынша жұмыстар
жүргізу;
• жалпы санынан инклюзивті білім беру
үшін жағдай жасайтын ұйымдардың үлесін
3,7%-ға жеткізу;
• жалпы санынан жоғары және бірінші категориясы
бар жоғары мамандандырылған педагогикалық
кадрлар үлесі 43,9% жеткізу;
• электронды оқыту жүйесін енгізу үшін
жағдай жасау;
• білім берудің 13 нысанын пайдалануға
енгізу;
• облыстың ауылдық елді мекендерінде
апаттық мектептердің орнына 28 мектептің
құрылысын бастау;
• бастауыш сынып және аз қамтылған оқушыларды
ыстық тамақпен және тамақтану рационына
бал қосуды қамтамасыз етуді 85% дейін жеткізу.
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау
Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 0,8 пайыздық
тармаққа төмендеді және 5,4% құрады.
Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық
белсенді халық санында 0,9%-дан 0,7%-ға дейін
төмендеді.
Аз қамтылған азаматтардың сны 4,1% төмендеді.
Облыс бойынша 2010 жылы 16,8 мың жұмыс орны
ашылды.
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына
және соларға теңестірілген адамдарға,
қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына
2010 жылы сомасы 529,7 млн.теңгеге қаражаттар
жұмсалды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына
орай 661 млн.теңге біржолғы материалдық
көмек берілді. 219 ардагер үшін тұрғын
үй сатып алынды.
ҚР және облыс алдында еңбек сіңірген
зейнеткерлерге сомасы 19,0 млн.теңге қаражат
бөлінді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен
марапатталған немесе бұрын «Батыр ана»
атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы»
орденімен марапатталған көп балалы аналарға,
4 және 4 көп бірге тұрған кәмелекте толмаған
баласы бар көп балалы аналарға біржолғы
материалдық көмек төлемі 164,1 млн.теңге
құрады.
93,3 мың шағысқазақстандыққа жалпы сомасы
196,5 млн.теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
Әлеуметтік қолдаудың барлық қолжетімді
түрлерімен өмірлік қиын жағдайға ұшыраған
азаматтардың 99% қамтылды. Жыл бойында
161 мың азамат жалпы сомасы 1,9 млрд.теңгеге
осындай көмекті алды.
Өскемен қаласының коммуналдық меншікке
«Қазмырыш» АҚ бұрынғы сауықтыру орталығы
берілді, осында «Үлбі» қалалық әлеуметтік
қызмет көрсету орталығы орналастырылды.
2011 жылға арналған міндеттер;
• өздігінен жұмыспен қамтылған, жұмыссыз
және аз қамтылған халықты жемісті жұмыспен
қамтуды қамтамасыз ету бойынша жағдайлар
жасауға бағытталған облыс халқын 2020 жылға
дейін жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын
уақтылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз
ету;
• экономикалық белсенді тұрғындардан
қамтылған тұрғындар санын 93,8% жеткізу;
• күн көріс минимунан кірістері төмен
тұрғындар үлесін 9,5% жеткізу;
• атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын
2,3% төмендетуді қамтамасыз ету;
• тұрғындардың әр-түрлі санаттарына
олардың спецификалық қажеттіліктеріне
қарай, сапалы әлеуметтік қызмет ұсынуды
арттыру.
• экономиканың нақты секторында жалақы
өсімін 10% кем емес қамтамасыз ету;
• Зимовьев интернат-үйінің және «Уба»
санаториінің қосымша корпусының құрылысын
бастау.
Мәдениет
2010 жылы мәдениет саласына 8 пайыздық өсіммен
4,0 млрд. теңге бөлінді. Мәдениет мекемелерінің
желісі 16 бірлікке немесе 2,4 пайызға артты.
Кітапханалар оқырмандарының саны – 1,7%,
келушілер саны – 2% артты.
Облыс мұражайлары 14,3% өсіммен, 32,4 мың
экскурсия, 3% өсіммен 7,7 мың көрме, 4% өсіммен
1,4 мың лекция ұйымдастырылды.
Облыс театрлары 547 спектакль қойды, бұл
2009 жылғыдан 8 спектакльге артық.
Филармониялар мен концерт ұйымдары жыл
ішінде 1,5% өсіммен 129,6 мың көрермені бар
540 концерт өткізді.
Облыстың мәдениет мекемелері 0,1 % өсіммен
2 млн. адамға жуық 17,6 мың қоғамдық маңызды
және әлеуметтік мәдени іс-шаралар өткізді.
«Туған ел – алтын бесігім» акциясы жалғасты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы, Абайдың 165 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы аясында мәдени іс-шаралар өткізілді.
Өткен жылы Өскемен
және Семей қалаларының облыстық театрлардың
121 әртісі үшін 9,2 млн. теңге сомасында
қосымша қаражат бөлінді.
2011 жылға арналған міндеттер:
• тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау
және дамытуды қамтамасыз ету;
• мемлекеттік тілдегі кітап қоры үлесін
30% ұлғайтуды қамтамасыз ету;
• мұражай қорын жаңа экспонаттармен
1% дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету;
• жаңа ақпараттық технологияларды қолдана
отырып халықтың мәдени құндылықтарға
қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз
ету;
• Өскемен қаласында қазақ драма театрының
құрылысын бастауды қамтамасыз ету;
• Астана қаласында және басқа өңірлерде
ШҚО мәдениет және өнер күндерін өткізуді
қамтамасыз ету;
• Өскемен қаласындағы «Берел» музей-қорығының
және этноауылдың құрылысын жалғастыруды
қамтамасыз ету.
Спорт және туризм
Өскемен қаласында теннис орталығы, Тарбағатай
ауданының Ақжар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру
кешені қолданысқа берілді, Аягөз ауданында
жасанды жабынды шағын-футбол алаңшасы
салынды.
1615 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру
сауықтыру шаралары өткізілді, онда 349,6
мың адам қатысты.
Спорт мектептерінде 19,6 мың адам айналысады,
бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 217
адамға артық
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде
айналысушыларды қамту 5,2% өсті және бүгінгі
күнде бұл көрсеткіш 214,3 мың адам.
62 халықаралық жарыстарға 288 спортшы және
243 республикалық жарыстарғы 2635 спортшы
қатысты. Әр түрлі спорт түрлері бойынша
біздің спортшыларымызбен барлығы 3,8 мың
әр түрлі дәрежедегі медальдар жеңіп алынды.
Халықаралық таптағы 9 спорт шебері, 84
спорт шебері, 292 спорт шеберіне үміткер,
1 разрядты 444 спортшы дайындалды.
Өткен Азия ойындарында біздің облысымызды
47 спортшы танытқанын мақтанышпен айта
аламыз, ол ұлттық жиынның үштен бір бөлігін
құрады. Жерлестеріміз Қазақстанның жеңісіне
айтарлықтай үлес қосты, олар басым медальдарға
ие болды. Осыған байланысты орта мектеп
оқушыларының арасында дайындық және
шеберлікті жоғарлатуға облыстың барлық
тау шаңғысы базаларында мемлекеттік
тапсырысты орналастыру жайлы шешім қабылданды.
Туризм бойынша 10 облыстық имидждік іс-шаралар
өткізілді, облыстың туристік кәсіпорындары
7 халықаралық туристік көрмелерге қатысты,
ол жерде облыстың туристік потенциалы
жайлы жарнамалық материалдары таратылды,
облыстың туристік фирмалары және облыстың
басқа да өңірлерімен және шет елмен келісім-шарттарға
қол қойылды.
2011 жылға арналған міндеттер:
• жүйелі түрде дене шынықтырумен және
спортпен айналысатын барлық жастағы
халықты қамтуды 18,1% ұлғайту;
• спортпен айналысатын балалар және
жасөспірімдерді қамтуды 10,5% ұлғайту;
• мектеп оқушылары арасында дайындыққа
және шеберлікті жоғарлатуға арналған
облыстың барлық тау шаңғысы базаларында
мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз ету;
• шығу туризімінің көлемін 20,8 мың адамға
дейін ұлғайту;
• ішкі туризм көлемін 348,3 мың адамға ұлғайту;
• туристік қызметтердің 180,8 млн. теңгеге
дейін өсіру;
• Өскемен қаласында Мұз кешенінің құрылысын
бастау.
Жол картасын іске
асыру
Жол картасын іске асыруға 10,7 млрд. теңге
бөлінді.
Жұмыстарды орындауға 250 мердігерлік ұйым
тартылды, 11911 жұмыс орындары құрылды,
ол 2,4% жылдық жоспардан жоғары, 12212 адам
жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың
орташа жалақысы 34,9 мың теңгені құрады,
ол жоспарланған деңгейден 26% жоғары.
Жұмыстарды орындау үшін жалпы сомасы
7 млрд. теңгеге құрылыс материалдарының
50 атауы қолданылды, соның ішінде қазақстандық
мазмұн үлесі 95% құрады.
Жол картасы аясында құрылған жаңа жұмыс
орындары 114,0 млн. теңге сомасында салықтармен
облыс бюджетін қамтамасыз етті.
78 мамандық бойынша 6425 адам қайта оқытылды.
Жастар іс-тәжірибесінен өту үшін 2314 адам
жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына
жұмыссыздардан 3890 адам бағытталды.
Жалпы бағдарлама шеңберінде 8,6 шақырым
жылу желілері, 82,7 шақырым су құбыры-канализациялық
желілері, 40,6 шақырым электр желілері,
122 шақырым автомобиль жолдары, 287 білім
беру нысандары, 38 денсаулық сақтау нысандары,
10 әлеуметтік қамту нысандары, 16 мәдениет
нысандары және 5 спорт мекемелері жөнделді
және қалпына келтірілді.
2009,2010 жылдардағы Жол картасының айтарлықтай
нәтижелерін назарға ала отырып халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік сала,
коммуналдық шаруашылық, жолдар жағдайының
қалған проблемаларын шешу үшін ауылдық
елді мекендерде өңірлік жобаларды іске
асыруды 2011 жылы жалғастыру жайлы шешім
қабылданды. Өңірлік жобаларды іске асыруға
жергілікті бюджеттен 3,6 млрд. теңге қарастырылды.
Тіл саясаты
Өткен жылы облыстағы мемлекеттік тілді
меңгерген ересек тұрғындардың үлесі
өсіп, 68%-ды, ал орыс тілін меңгерген тұрғындардың
үлесі 87% -ды құрап отыр.
Облыстың жоғары оқу орындарында педагогикалық,
және медициналық мамандықтары бойынша
мемлекеттік тілде оқуға тілек білдірген
8 студент облыс әкімінің грантын алған.
81 этномәдени бірлестік жанында басқа
ұлт өкіледерінің ана тілін үйрену үйірмелері
мен демалыс мектептері ашылған, мұнда
15 ұлт өкілі 1731 тыңдаушы ана тілін үйренеді.
2011 жылға арналған міндеттер:
• тұрғындардың мемлекеттік тілді білуін
70,5 пайызға жеткізу;
• тұрғындардың орыс тілін білуін 88 пайызға
жеткізу;
• тұрғындардың ағылшын тілін білуін
2,0 пайызға жеткізу;
• мемлекеттік органдарда мемлекеттік
тілдегі құжат айналымын 80 пайызға жеткізу;
• ұлттық мәдени бірлестіктерде ана тілін
үйренетін этникалық топтар өкілерінің
үлесі 20 пайызға дейін;
• мемлекеттік тілді қолдану аясын одан
әрі кеңейтуге бағытталған насихатты
жалғастыру;
• Семей қаласында, Ұлан, Көкпекті аудандарында
Мемлекеттік тілді игеру орталықтарын
ашу.
Информация о работе Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында есеп беру кездесуінің сөз сөйлеуі тезистері