Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2012 в 18:48, реферат
құжаттарда, «Жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында, мемлекет Басшысының облысқа жасаған сапары барысында берген тапсырмаларында белгіленген мемлекеттік саясаттың басым міндеттерін орындауға бағытталған еді.
Біздің қызметіміз жедел индустриалдық-инновациялық даму, жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру мәселелеріне негізделген.
2010 жылы Шығыс
Қазақстан облысының атқарушы
органдарының қызметі
Біздің қызметіміз жедел индустриалдық-инновациялық
даму, жұмыспен қамту стратегиясын іске
асыру мәселелеріне негізделген.
Өңірлік бағдарламаларды іске асыруды,
өңірді дамытудың маңызды мәселелерін
шешуді бақылау барлық 19 қалалар және
аудандар бойынша облыс әкімінің жұмыс
барысы аясында жүзеге асырылды. Есептік
жылы халықпен 190 кездесу өткізілді, ол
кездесулерге 37 мыңнан артық адам қатысты.
245 елді мекендерде 472 нысанды, соның ішінде
134 білім нысандарын, 36 емдеу ұйымдарын,
46 мәдениет нысандарын, 36 өнеркәсіп, орта
және шағын бизнес, 68-тұрғын үй коммуналдық
шаруашылық және 152 басқа нысандарды аралады.
2010 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық
даму қорытындылары тұрақты экономикалық
тенденцияның сақталуын көрсетеді.
2010 жылға қойылған міндеттер негізінен
орындалды.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 8,7% өсіммен
есеп бойынша 1070 млрд. теңгені құрады.
Аталған көрсеткішті қалыптастыруға негізгі
үлесті өнеркәсіп өндірісі – 30%, сауда
– 13,8%, көлік – 7,1%, ауыл шаруашылығы –
6,7%, құрылыс – 5,7% қосты.
Облыс өнеркәсібінде 624 млрд. теңге сомаға
өнім өндірілді, 2009 жылдың деңгейінен
29% көп.
Табиғи көлем индексі 108,6% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 29% өсіммен 450 млрд.
теңге өнім өндірілді. Тау кен өндіруде
– 32% өсіммен 113 млрд. теңге өнім өндірілді;
электрмен жабдықтау, газ, бу беруде –
17% өсіммен 52 млрд. теңге; сумен жабдықтау,
кәріз жүйесінде 9,2 млрд. теңге немесе
2009 жылғы деңгейден 1,6 есе көп.
Алтынның 22%-ға, қорғасынның 17%-ға, тас көмір
9%-ға өндіру мен өңдеу көлемі өсті, жеңіл
автокөлігі өндірісі 4,2 есе өсті.
Облыс республика бойынша индустриялық-инновациялық
даму жобаларын қаржыландырудың көлемі
бойынша алдынғы орындарда тұр. Осылайша
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні
қарсаңында «Қазмырыш» ЖШС мыс балқыту
және электролизді зауыты ірі жобасы іске
қосылды.
Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталықтың
ядролық технология паркінде 2 млрд. теңге
шамасындағы 4 инвестициялық жоба іске
асып, 78 жұмыс орны құрылды. Курчатов қаласында
«Табыс» венчурлық қоры қызмет атқарады.
Өскемен қаласында «Өркен» индустриялық
аймақта автокөлік зауытының орналасуы
жоспарлануда және Арматурный зауытының
маңайында жаңа индустриялық аймағының
құруы басталды.
Семей қаласында «Өндіріс» индустриялық
аймақта 2 зауыттың құрылысы басталды:
тежеуіл құралдарын өндірісі мен автокөлік
шиналарын өңдеуі.
Индустрияландыру картасына біздің облысымыз
бойынша жалпы сомасы 493,5 млрд. теңгеге
29 инвестициялық жоба кіреді, оның ішінде
республикалық маңызы бар 8 жоба. Өткен
жылы бойынша 12 инвестициялық жоба іске
асырылды, бұл жоспарланған деңгейден
1 жобаға көп. Олардың жалпы құны 139 млрд.
теңге. 1,5 мыңнан артық жаңа жұмыс орындары
ашылды. Жаңа өндірістерді енгізуден 97
млрд. теңге сомасы шамасында қосымша
тауар өнімінің өсу, жылына орташа 7 млрд.
теңгеден астам салық төлемдерінің бөліну
күтіліп отыр.
2015 жылы Индустрияландыру картасына қосымша
67 жоба енгізу жоспарланған, құны 580 млрд.
теңге. Нәтижесінде өндіріс көлемі 16,1
пайызға артып, 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Ең алдымен экономиканың нақты секторында
жобалар, инновациялық және энергиясы
тиімді, өнімділік өсуін қамтамасыз ететін
жобалар қолдау табады. Бұдан басқа, жылдың
барысында қосымша 10-ға жуық өндіріс ашылды.
Отандық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арту бойынша жұмыс атқарылуда. Өңірдің
230 кәсіпорыны менеджмент жүйесін енгізді,
бұл 2009 жылғы деңгейден 30% жоғарылады.
Облыс үшін өткен жылдың елеулі шарасы
Қазақстан және Ресей екі мемлекет Басшыларының
қатысуымен «Жоғарғы технологиялар және
тұрақты даму» Қазақстан және Ресей өңіраралық
ынтымақтастығының VII Форумның өтуі болды.
Форум инвестициялық және инновациялық
саясат саласында өзара байланыстарын
дамытуға және шекаралық сауданы нығайтуға
үлесін қосты.
Форумның жұмысына алдынғы қатарлы 120
ресейлік кәсіпорындары мен облыстың
67 кәсіпорындары қатысты. Бизнес-Форум
өткізу нәтижесінде екі мемлекеттің стартегиялық
ынтымақтастық бағыттары бойынша: ғымым
және инновация, атомдық энергетика және
өнеркәсіп, туризм, транспорттың инфрақұрылымдық
дамуы, агро өнеркәсіп кешені және тұрғын–үй
шаруашылығын қамтыған 27 құжатқа қол қойылды:
11 меморандум, 14 шарт және 2 келісім.
Қазақстан, Ресей, Беларусь арасындағы
жасалған Кедендік Одақ іс-әрекеті нәтижесінде
облыстың сыртқы сауда көлемі 10% өсіммен
3 млрд. АҚШ долларын құрады, экспорт көлемі
37% өсіммен 2,1 млрд. АҚШ долларын, импорт
25 % төмендеумен 900 млн.АҚШ долларын құрады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын
іске асыру шеңберінде облыс бойынша 1,2
млрд. теңге бөлінді.
Несиелердің жалпы құны 18,9 млрд. теңгені
құрайтын субсидиялауға 17 өтінім мақұлданды.
«Даму» Фонды, екінші деңгейдегі банктер
мен берешек жинаушылар арасында 162,6 млн.
теңгеге субсидиялау шарттары жасалды.
2011 жылғы міндеттер:
• өнеркәсіп өнімін өндіру көлемін 650
млрд.теңге кем болмауын қамтамасыз ету;
• 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу;
• 40,7 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жобаны
іске асыру;
• қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент
зауытының құрылысы, «Семей тері-жүн комбинаты»
ЖШС өндірісін жетілдіру бойынша жобаларды
іске қосу;
• инновациялық белсенді кәсіпорындар
үлесін 6,3% дейін өсімін қамтамасыз ету;
• тауарлар сатып алуда қазақстандық
мазмұнды 48,6%, жұмыстар мен қызметтер –
96,2% ұлғайту;
• өндіріс технологиясын жетілдіру, басым
технологияларды енгізу, өндірістік процесстерді
автоматтандыру арқылы өңдеу өнеркәсібінде
1 адамға 9,5 млн. теңге еңбек өнімділігін
қамтамасыз ету;
• шикізат экспортын 80,2% ұлғайту;
• «Ертіс» ӘКК»ҰК» АҚ жұмысын жандандыру;
• Кеден Одағы шеңберінде кәсіпкерлік
байланысты кеңейту;
• индустриялық аймақтарының дамуын қамтамасыз
ету және арнайы экономикалық аймақтарын
құру мәселесін пысықтау.
Агроөнеркәсіп
кешені
Өткен жылғы қолайсыз ауа-райы жағдайына
қарамастан ауыл шаруашылығы саласының
жалпы көлемі 88,3% орташа республикалық
көрсеткіш кезінде 96,1% табиғи көлем индексімен
151,2 млрд. теңгеге жетті.
Ауыл шаруашылығын дамытуға әртүрлі қаржыландыру
көздерінен 10,5% өсіммен 14,5 млрд. теңге
тартылды, соның ішінде субсидиялау көлемі
5 млрд.теңгеден артық құрады.
Мал шаруашылығы облыстың агроөнеркәсіптік
кешені дамуында жетекші орын алады. Мал
шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің
өсімі 15,1% болды.
28 асыл тұқымды шаруашылық (жоспарланғаннан
16-ға артық), 23 қоректендіру алаңдары (3-ке
артық), 1 сүт-тауар фермасы құрылды.
Нәтижесінде тиісінше 9,1% и 3,1% ет және сүт
өндірісі ұлғайды.
Су тасқыны мен қатты қыстың салдарынан
шығын болған мал басын өтеу үшін жеке
тұлғаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы
бойынша мал сатып алуға 350 млн. теңге бөлінді.
Соның нәтижесінде 815 бас ірі қара малы,
8463 бас қой мен ешкі, 382 бас жылқы саны қалпына
келтірілді.
«Черемшан құс фабрикасы» АҚ экономикалық
қалпына келтіруі өткізілді.
ҚР жедел индустриалдық-инновациялық
даму мемлекеттік бағдарламасы аясында
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ қайта жаңғырту
жүзеге асырылады.
Марал шаруашылығын және омарта шаруашылығын
дамытуды субсидиялау басталды. Облыста
асыл тұқымды маралдардың үлес салмағы
43,1% ұлғайды. Ара ұяларының жалпы саны
29,2% артып, бал өндірісі 36,1% өсті.
Өсімдік шаруашылығында ылғал ресурстарын
сақтау технологиясымен өсірілетін егістік
алқабы 18%-ға кеңейді. Өнімінің көлемі
халықты ұнмен, өсімдік майымен, картоппен
және көкөніспен толық қамтамасыз етеді.
Тұқым шаруашылығын қолдауға 118,5 млн. теңге
бөлінді. 429 тонна суперэлиталы және 867
тонна элиталы дәнді дақыл тұқымы, күнбағыстың
219 тонна гибридті және элиталы тұқымы,
картоптың 80 тонна элиталы отырғызу тұқымы
сатып алынды. Егістіктің 50%-на ауылшаруашылық
дақылдарының жоғары репродукциялы тұқымдары
себілді, нәтижесінде өнім гектардан орташа
2-3 центнерге артты.
2,2 млрд. теңгеге 425 ауыл шаруашылығы техникасы
сатып алынды, бұл 2009 жылға қарағанда 532
млн. теңгеге үлкен.
Жаңа түскен техниканың жоғары техникалық
дайындығын ұстау және оны тиімді қолдану
мақсатында негізгі жеткізушілердің аясында
техникалық және кепілдемелік қызмет
көрсету бойынша 5 сервистік орталық жұмыс
істейді.
2011 жылға арналған міндеттер:
• ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін
18%-ға өсуін қамтамасыз ету;
• Индустрияландыру картасына сәйкес
инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен
ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта
өңдеу өнімінің көлемін одан әрі ұлғайту
бойынша жұмысты жалғастыру;
• тұқымдық мал басын 5% кем емес ұлғайту;
• етті мал шаруашылығы жобасын іске асыру
және ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту;
• ауылшаруашылығы айналымына иесіз және
бос егіс жерлерін тарту, ылғал технологиясын
кеңінен қолдану жолымен өсімдік шаруашылығы
өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту (ылғал
сақтау технологиялары, тамшылап суару,
суарылатын жер алаңдарын ұлғайту);
• сервистік-дайындау орталықтарын құру
жұмыстарын жалғастыру, ауылдық тұтыну
кооперативтеріне біріктіру жолымен ұсақ
ауыл шаруашылығы құрылымдарын ұлғайту
бойынша жұмысты өткізу;
• Өскемен, Семей, Курчатов қалаларында
және Тарбағатай ауданында жылыжайлардың
құрылысы;
• ішкі нарықты жергілікті жерде өндірілген
ауылшаруашылық өніммен толтыруды 100%-ға
жеткізу;
• экспортты ұлғайтумен, халықты сауықтыру
үшін өнім қолданумен маралөсіру және
араөсіру саласын бұдан әрі дамытуды қамтамасыз
ету.
Кәсіпкерлік
Басты қорлардың бірі және облыс экономикасының
маңызды бөлшегін құрайтын кіші және орташа
бизнес болып табылады. Облыстың жергілікті
бюджетке салықтық түсімінен 41,4% шамасында
қатамасыз ететін өңірдің белсенді халқының
төртінші бөлігі бүгінде осы салада жұмыс
істейді. Өткен жылда кіші және орташа
кәсіпкерліктің субъектілері шығарған
өнім 307 млрд. теңгеден асады, бұл орташа
республикалық көрсеткіштен 0,2 пайыздық
пунктке жоғары және 2009 жылдың деңгейінен
9,2% жоғары.
37,2 млрд. теңге сомасында кіші және орташы
бизнес субъектілерінің жобалары «Даму-Өңірі»
Бағдарламасы және Тұрақтырылған бағдарлама
шеңберінде қаржыландырылды.
Әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша
жұмыс жалғасқан. 229 түрлі рұқсат етілген
рәсімдер қаралды, олардан 69 бойынша рұқсатталған
құжаттарды ұсыну мерзімдерін қысқарту
мүмкіншілігі туралы шешім қабылданды,
күшін жою туралы мемлекеттік органның
56 ұсынысы мақұлданды. Рұқсатталған рәсімдердің
138 түрлерін оңтайландыру туралы ұсыныстары
пысықталды, қарау мерзімдері орташа 30%-ға
қысқартылды.
Премьер-Министр К. Мәсімовтің қатысуымен
«Кіші және орташа бизнестің жүйе құру
кәсіпорынның даму ролі» Форумы өткізілді.
Қазақстандық мазмұн үлесін жоғарлату
бойынша жалғаспалы жұмыс жалғасты. Өткен
жыл қорытындысы бойынша облыстың 360 кәсіпорыны
325,6 млрд. теңгені құрайтын тауар, жұмыс
және қызметтерді сатып алды, оның 78,3%
қазақстандық мазмұн үлесін құрады.
Мемлекеттік-жеке серіптестік Орталығы
құрылды.
БҰҰДБ бірлесіп Семей қ. орталығымен көлік-логистикалық
желін құру мәселесі пысықталуда (еркін
сауда аймағы).
2011 жылғы міндеттер:
• ІЖӨӨ құрылымында шағын және орта бизнес
үлесін 7%-ға арттыру;
• шағын және орта бизнес кәсіпкерліктің
іскер субьектілер санын 0,5 % арттыру;
• шағын және орта бизнестің субьектілерінің
(жұмысы, қызметі) өнім шығаруын 6 % арттыру;
• «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын
іске асыруды жалғастыру;
• мемтапсырысты іске асыру үлесін ұлғайтуда
шағын және орта бизнес субъектілерін
қолдау бойынша жұмысын жалғастыру;
• шағын және орта бизнес субъектілеріне
рұқсат беру үрдістерін онтайландыру
жұмысын жалғастыру;
• шағын несиелік ұйымдар желісін ұлғайту
жолымен ауылда кәсіпкерлікті дамыту;
• өңірлік венчурлық қорын құруын қамтамасыз
ету;
• мемлекеттік-жеке серіптестігінің дамуын
қамтамасыз ету.
Инвестициялар
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі
2,5 % артып, 151 млрд. теңге шамасын құрады.
«Қазмырыш» ЖШС Өскемен металлургия кешенінде
мыс балқытатын және электролиз зауыты
(2010 жылы 101,8 млрд. теңгеге), «Қазмырышмаш»
ЖШС техникалық қайта жарақтандыру (5,8
млрд. теңгеге), «Шығысмашзауыт» АҚ шойын
құю цехын болат вагон құю өндірісі етіп
қайта жаңарту (3,2 млрд. теңгеге) – меншікті
және несиелік қаражаттарымен ең ірі инвестициялау
нысандары болып табылады.
Облыс экономикасына бюджеттен 29,8 млрд.
теңгеге инвестиция бөлінді, оның ішінде
25,3 млрд. теңге республикалық, 4,6 млрд.
теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.
Құрылыс
Тұрғын-үй құрылысына инвестиция көлемі
10,7 млрд. теңгені құрап, 67%-ға өсті. 222,4 мың
шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,
бұл 2009 жылғы деңгейден 7% жоғары, соның
ішінде 1 жалға берілетін көпқабатты тұрғын
үй, 4 көпқабатты, 38 бірпәтерлі несиелік
тұрғын үй. «Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша
363 бірпәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
2010 жылы Тұрғын үй құрылысын дамытудың
2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын
іске асыру аяқталды. Екі жыл ішінде 99,6
мың шаршы метрді құрайтын несиелік және
жалға берілетін тұрғын үйдің 1 529 пәтері
пайдалануға берілді.
Халық қаражаты есебінен 88,9 мың шаршы
метрге 1270 жеке тұрғын үй салынды. Жеке
тұрғын-үй құрылысының үлесі 39% құрады.
Жеке меншік үлгісіндегі кәсіпорындар
мен ұйымдар есебінен 19,9 мың шаршы метр
коммерциялық тұрғын үй пайдалануға берілді.
Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде 466 пәтер сатылып, тұрғын үй
алу кезегі 4,7% азайды, 2011 жылдың басына
тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар саны
– 8363 адам.
2010 жылы проблемалы ұзақ мерзімде енгізілмеген
келесі нысандар пайдалануға берілді:
Семей қаласының Холодный ключ кентіндегі
орта мектеп, Өскемен қаласындағы онкологиялық
диспансердің жанындағы сәле терапия
орталығы, Тарбағатай ауданында – Ақжар
ауылында 50 орындық туберкулез ауруханасы,
Ақсуат ауылында 100 келушіге арналған
емханасымен 75 орындық аудандық аурухана,
Көкпекты мен Катон-Қарағай ауылдарында
ауылдық ауруханалар.
Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге
55,2 млн. теңге бөлінді. Семей, Шемонаиха
қалаларының, Тарбағатай ауданының Көкжыра,
Жәнтікей ауылдарының бас жоспарларын
әзірлеуі аяқталды.
Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала
құрылысы кадастрын 6 облыстық маңызы
бар қалаларға және 3 аудан орталықтарына
енгізу жүзеге асырылды.
Облыс елді мекендерінде сыртқы жарнама
нысандарын орналастыруға 781 рұқсат қағаздары
берілді. 2010 жылы бюджетке түскен түсім
96,5 млн. теңгені құрап, 2009 жылмен салыстырғанда
31%-ға өсті.
2011 жылға міндеттер:
• «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде
тұрғын үй құрылысын жалғастыру;
• 100 мектеп 100 аурухана бағдарламасы шеңберінде
Өскемен қ. облыстық қан орталығының құрылысын
аяқтау:
• Тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы
Өскемен қаласында 5 тұрғын үйдің және
Семей қаласында 1 тұрғын үйдің, несиелерді
қайта пайдалану есебінен 2 үйдің құрылысын
бастау;
• берілетін нысаналар құрылысы барысына
бақылауды күшейту;
• елді мекендер мен шағын аудандар құрылысының
бас жоспарын, детальды жоспарлау жоспарларын
алдын ала әзірлеу бойынша шаралар қабылдау;
• барлық аудан орталықтарын және облыстық
маңызы бар қалаларды бас жоспарларын
әзірлеуді аяқтау;
• облыстың елді мекендерінің сәулеттік
келбетін жақсарту жұмыстары жалғастыру;
• құрылыс салуға рұқсат беру рәсімдерін
оңтайландыру жұмысын жалғастыру;
• мемлекеттік қала құрылысы кадастрын
жүргізуді электрондық форматқа көшіру;
Барлығымыздың
ортақ күшімізге орай бірнеше
облыс өңірлерінің
Бөлінген қаражатқа 535 тұрғын үй салынды
және 115 пәтер сатып алынды, 4 дәрігерлік
амбулатория, 3 орта мектеп сатып алынды,
69 жасанды құрылымдар қалпына келтірілді,
соның ішінде 22 көпір, 47 суөткізгіш құбыр
және қираған 47 км автожол қалпына келтірілді
Өңір экономикасының
дамуына бизнес-ұйымдарының
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
аясында өңір кәсіпорындарымен тек өткен
жылы ғана әлеуметтік жобаларды іске асыруға
6,9 млрд. теңгеден астам бөлінді, бұл 2009
жылға қарағанда 5,3 есе көп, олардың ішінде
ерекше үлкендері:
- Өскемен қаласында теннис орталығының
және балабақшаның құрылысы («Қазмырыш»
ЖШС»);
- балабақшаның құрылысы, «Матросово»
балалар сауықтыру лагерін қайта жаңғырту
(«Казатомпром» Ұлттық атом компаниясы»
АҚ);
- Өскемен қаласындағы «Восток» стадионын
қайта жаңғырту, Глубокое ауданының Белоусовка
және Алтайский кенттеріндегі балабақшаларының
құрылысы жоспарлануда («Казақмыс» корпорациясы);
- Өскемен қаласында қазіргі заманға сай
құрылғысымен жедел медициналық аурухана
жанында күйік орталығын ашу (AES компаниялар
тобы).
«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік
қоғамы Өскемен қаласында аурухана салуды
жоспарлауда.
Демеушілікті және меценеттықты дамытуға
бағытталған «Туған елге тағзым – Поклонись
родной земле» жобасы бұдан әрі дамыды.
Біздің табысты жерлестеріміз өздерінің
шағын Отанының ауылдық елді мекендерінің
әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және
абаттандыруға қаражат бөледі. Көкпекті
және Жарма аудандарында оң нәтижелер
бар.
2011 жылға арналған міндеттер:
• бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
аясында облыс кәсіпорындарымен меморадумдарға
қол қою бойынша жұмысты жалғастыру;
• «Туған елге тағзым – Поклонись родной
земле» жобасын іске асыруды жалғастыру.
Энергетика және
коммуналдық шаруашылық
2010 жылы Шығыс Қазақстан облысында 7 млрд.кВт*сағ.
электр энергия өндірілді. Электр энергияны
тұтыну көлемі электр энергия өндіру көлемінен
774,382 млн.кВт*сағатқа артып кетті.
Ұлан ауданында жел энергетикалық станциясының
құрылысы жоспарлануда.
Семей қаласында жылу желілерін қайта
құру, және қазандықтарының қуаттарын
жаңғырту бойынша жобалары іске асырылуда.
Семей қаласының ЖЭО-1 сумен жылынатын
қазандықтың құрылысы жалғасуда.
9 сумен қамту нысандары аяқталып, пайдалануға
берілген, 104 шақырым желі жөндеуден өтті.
Нәтижесінде 14 мыңнан астам адамның сумен
қамтамсыз етілу жағдайлары жақсартылған.
Халықты орталықтандырылған сумен қамту
деңгейі 1,2 пайыздық тармаққа артып, 79,1
пайызды құрады.
Барлық елді мекендерде жалпы сомасы 714
млн.теңгеге абаттандыру бойынша жұмыстар
жүргізілген. 102,9 мың ағаш, көшет отырғызылды,
19 мың шаршы метр гүлдер, 411 гектар саябақ,
бақ абаттандырылды, 119,5 мың тонна қоқыс
шығарылды.
Бұдан басқа, біз басқа қалалар және аудандардың
қатысуымен өңірлерді абаттандыру бойынша
жобаны іске асыруды бастадық. 2010 жылы
абаттандыру бойынша жұмыстар өткізген
бірінші өңір облыстық орталық болды,
ал 2011 жылы акция Семей қаласында жалғасын
табады.
2011 жылдың міндеттері:
- өңірдің энергия үнемдеу бойынша кешенді
жоспарын әзірлеу;
- электр энергиясын 8150 млн.кВт сағатқа
өндірілуін ұлғайту;
- өңірдің су-энергетикалық балансына
сараптама өткізу;
- энергия үнемдеу әдістерінің бірі ретінде
энергияның балама көздерін (жылу қондырғысы,
жел және күн қондырғылары) енгізуді қамтамасыз
ету;
- 25 көппәтерлі тұрғын үйлерді терможаңғырту
бойынша пилотты жобаларды іске асыру
(Өскемен – 10 үй, Семей қ. – 10 үй, Риддер
қ. – 5 үй);
• «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша сумен
қамту объектілерін салу және қайта жаңартуға
бағытталған жобаларды іске асыруды жалғастыру
және 80%-ға дейін халықты ауыз сумен қамтамасыз
ету;
• Нормативтік эксплуатациямен қамтамасыз
етілген кондоминимум нысандарының үлесін
8,5%-ға дейін, коммуналдық қызметтер сапасымен
қанағаттандырылған тұтынушылардың үлесін
59%-ға дейін жеткізу, тұрғын үй қоры жағдайының
және коммуналдық қызметтер инфрақұрылымының
тұрақты түрде жаңартылатын бірыңғай
мәліметтер 1 базасын құру;
• электрмен, сумен және жылумен қамтамасыз
етуде қызмет көрсететін табиғи монополиялар
субъектілерінің орта мерзімдік және
ұзақ мерзімдік тарифтерге ауысуын қамтамасыз
ету;
- Семей қаласын абаттандыру бойынша қала
және аудан әкімдіктерімен жұмыстарды
жүргізуді қамтамасыз ету;
• Семей қаласында ЖЭО-1 су жылыту қазандығы
және №7 қазандықтың құрылысын аяқтау;
• Курчатов қаласында №4 қазандыққа қайта
жаңғыртуды өткізу;
• Риддер қаласында «Риддер ТЭО» АҚ негізгі
қорларды жетілдіруге, қазандық агрегаттары
мен жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға инвестициялар
салуды қамтамасыз ету;
Информация о работе Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында есеп беру кездесуінің сөз сөйлеуі тезистері