Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 12:31, курсовая работа
Басқармалық ақпарат қазіргі жағдайда өндірісті басқарудың ажырамас бөлігі, ал басқару есебі басқарманың барлық деңгейін жеткілікті түрде қажет ақпаратпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына және өндірістің рентабельділігіне өндірістік шығындардың құрамы, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктері үлкен ықпал етеді. Сондықтан өнеркәсіптің барлық салаларында басты назар капиталдық, еңбек, қаржы ресурстарын, табиғат байлықтарын дұрыс және тиімді пайдалануға, артық шығындарды жоюға аударылуы тиіс. Аталған мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.
Кіріспе..............................................................................................................3
1. Өндірістік есептің ұйымдастырылуын теориялық
тұрғыдан зерттеу.
1.1 "Шымкентсыра" АҚ сыра өндірісініңтехнологиясы..........................5
1.2 Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен есептеудің
маңыздылығы......................................................................................8
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру......................................15
2. Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері
2.1. Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын
калькуляциялаудың жалпы ережелері..........................................................22
2.2 Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау әдістері........................................................28
2.3 "Шымкентсыра" АҚ-да өндіріс пен өндірістік
есепті ұйымдатыру ерекшеліктері.................................................................38
Қ о р ы т ы н д ы................................................................................................41
Пайдаланган әдебиеттер............................................................................42
Дайын өнім немесе шалафабрикат шығарумен
аяқтайтын технологиялық процес
Тікелей шығыстар (шикізат, негізгі материалдар, шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының жалақысы т.б.) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердің ішінде-әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым).
Үстеме шығыстар бөлістердің арасына таратылады, ал олар әрбір бөлістердің ішінде-шығарылатын өнім түрлерінің арасына таратуға қабылданған коэффиценттердің базасында жасалуы мүмкін.
Бөлістік әдісін қолданған кезде нормативтік әдістің негізгі элементтері - нақты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану керек.
Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын құжаттауда және жедел (оперативтік) есеп беруінде энергетикалық, материалдық және басқа да шығындардың нақты шығысын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тапсырмаларына немесе нормасына негізделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгіленген технологиялық процесстің ауытқуынан, жұмсалған материалдық шығыстардың құрамының өзгеруінен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде көрініс табуы тиіс.
Өнімнің өзіндік құнын
Шалафабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды және оған үстеме шығысын қоса есептейді. Шалафабрикатсыз нұсқасында бірінші қайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі қайта жасаулардан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің өзіндік құны анықталады.
Бөлістік әдісі кезінде
Нарықтық экономикаға өтуге байланысты қайсыбір салада болмасын бетбұрыстар басталады. Сол сияқты бухгалтерлік есеп жүйесінде шет елде қолданылатын шығындарды есепке алу мен өзіндік құнды калькуляциялау әдістері енгізілуде.
Кәсіпорын өндірістік бухгалтериясында кәсіпорындарға лайық шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаудың жүйесі мен әдістерін талдау және енгізу жүзеге асырылады. Мұндай есепті ұйымдастырудың екі нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа негізінде букхгалтерия тек таза есепке алу қызметін ғана атқарады. Екінші нұсқа кезінде бухгалтерлік есепке алу қызметтерінен басқа нормаларды, нормативтерді, әзірлеуді өндірістегі шығындар сметаларын жасауды жүзеге асырады, яғни кәсіпорын барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, болашаққа және жасалған шығындарды стандарттармен салыстыра отырып, оларға талдау жасайды. Осылайша ұйымдастырылған кезде бухгалтерия кәсіпорындарды басқару жүйесінің құрамдас бөлігіне айналады. Осы нұсқа нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің кәсіпорындарында жиі кездеседі.
Стандарт-кост жүйесі өндірістегі шығындарды есепке алудың бөлекше әдісі емес. Оны өндірістік шығындарды қарапайым т.б. әдістермен ұштастыруы көзделеді. Бұл жүйені өндіріс шығындарына қатаң бақылаудың режимі қажет болған кезде және өндірістік шығындарды нормалаудың мүмкіндігі бар жерде пайдалануға болады. Стандарт-кост жүйесінің негізгі ерекшілі мынау: өндіріске жұмсалатын барлық шығындар өндіріс басталғанға дейін есептеледі. Оның үстіне арнаулы шоттар қолданылып, оларда іс жүзіндегі шығындар, іс жүзіндегі және стандарттық өзіндік құн арасындағы айырмашылықтары көрсетіледі. Бұл жүйе өндіріс барысында шығындарды жедел бақылап отырудың аса маңызды құралы болып табылады.
Стандарт-кост жүйесінің жұмыс істеуі негізінде кәсіпорын өзі белгіленген және өндіріс процесі барысында өзгеріп отыратын стандарттар жатады. Барлық стандарттарды 3 топқа бөлуге болады:
Теориялық стандарттар – осы кәсіпорын жетуге ұмтылатын стандарттар.
Ағымды стандарттар – нақты мерзім үшін өндірістегі шығындардың мөлшерін көрсететін стандарттар.
Базистік стандарт - өндіріс процесінде өзгерістер енгізілгенге дейінгі жылдан –жылға өзгермейтін стандарттар.
Стандартарды
талдау жасауды мынадай
Стандарт-кост жүйесін қолданушы кәсіпорын шеңберінде ол өнімнің өзіндік құнын жоспарлаумен тығыз байланыстырылады және өндіріс процесінде болатын шығындарды бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Нарықтық экономикаға өту
“Директ-костинг” жүйесінің негізінде шығындарды тұрақты және өзгермеліге дәл бөлу жатыр.
Өзгермелі шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты мөлшері өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат пен негізгі материалдар, техналогиялық мақсаттағы отын мен энергия, өндірістік персоналдың еңбекақысы мен оған сай аударымдар, құрылғыларды пайдалану және ұстау бойынша шығындар және өзге де үстеме шығындар.
Тұрақты шығындарға әкімшілік және басқармалық шығындар, амортизациялық аударымдар, өнімді тұтыну мен өткізумен байланысты шығындар және өзге де жалпы басқармалық коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындар жатады. “Тұрақты шығындар – кезең шығындары” – деп есептелінеді де, бұйымдар арасында бөлінбейді, ол нәтижеге алып бұрылады.
Мөлшері өзгермейтін тұрақты
Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомада есептелінеді. Оларға кәсіпорын бойынша бүтіндей және оның бөлімшелері бойынша смета есптелінеді. Ескерілген ауытқулар (үнемдеу немесе артық жұмсау) негізінде әрбір бөлімшенің бүкіл шаруашылық нәтижесіне үлесін анықтауға болады. Тұрақты шығындардың өзгермелі шығындардан айырмашылығы жоғарыда аталып өткендей өндіріс көлемінің өзгерісінен тәуелсіз. Сондықтан да олардың салыстырмалы қысқаруының басты резерві өндіріс көлемінің ұлғайтылуына салынған.
Дегенмен шығындарды тұрақты және өзгермеліге жіктеудің бірнеше шартты сипаттамасы бар екенін ескертіп өткен жөн, өйткені шығындардың дәл осы басты әртүрлі жағдайда өндіріс көлеміне тәуелді не тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы: кәсіпорын қызмет ауқымын кеңейту, бұл дегеніміз сәйкесінше қызмет бөлімшелердің қызметкерлердің жұмыс көлемін көбейту (бухгалтерия, маркетинг бөлімі, өндірістік жоспарлау т.б.) бұл жағдайда белгілі бір кезең аралығында тұрақты болып қарастырылған басқару аппаратын ұстау шығындарының күрт өсуі туындайды.
Мұнан басқа тұрақты жатқызылған жекелеген топтар бойынша өнім шығару көлемінде өзгеріске байланыссыз бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде өзгерістер байқалуы мүмкін (мысалы: аренда төлемінің өсуі, тауарлар мен материалдарды сақтау және қоймалық шығындар). Екінші жағынан өндіріс көлемі технология мен өндірісті ұйымдастыруға өзгерістер сынды факторлар әсерінен маңызды өзгерісіне ұшыраса, нәтижесінде өзгермелі шығын да өзгеріссіз қалмайды.
есепті ұйымдатыру ерекшеліктері
"Шымкентсыра" АҚ ұзақ уақыт бойы бір ғана өнім түрі - сыра өндіретін жаппай өндіріс типіндегі кәсіпорынға жатады. Мұндай өндіріс типінің ерекшеліктері құрал-жабдықтардың автоматтандырылуы мен мамандандырылудың өте жоғары дәрежесі және өндірістің жоғары ырғақтылығы болып табылады.
Кәсіпорында өндірістік процесс толығымен автомат-тандырылған, басқару сыраны қайнату цехында орналасқан пульттан жүзеге асырылады. Өнім өндірісінің көлемі жыл сайын артып келеді:
2001 жылы - 1263 мың дал;
2002 жылы - 1967 мың дал;
2003 жылы - 3332 мың дал;
2004 жылы - 4000 мың дал;
2005 жылы - 5000 мың дал.
Өндірілетін өнім ассортименті 2000 жылы "Сауран", "Дархан", "Шымкентское оригинальное", "Шымкентское специальное", "Шымкентское особое" сыралары болса, қазіргі уақытта бір ғана сыра түрі "Шымкентское оригинальное" өндіріледі.
Негізгі өнім - сырадан басқа сыра дробинасы, сыра ашытқысы, көмірқышқылы сияқты өндіріс қалдықтары, сондай-ақ жылу энергиясы өткізіледі.
Кәсіпорынның
негізгі мақсаты шикізат пен
материалдарды үнемдеп жұмсау, өндірістік
емес шығындарды азайту
Өндірістік
есептің дұрыс жүргізілуін
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін "Шымкенсыра" АҚ-да шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8010-"Негізгі өндіріс", 8030-"Көмекші өндіріс", 8040-"Үстеме шығындар" бөлімшелерінің шоттары кіреді. Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады: "Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 8010,8030,8040 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады. "Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:
"Шымкентсыра" АҚ – дағы өндірістік шығындардың бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы 1 сызбада келтірілген.
Қ о р ы т ы н д ы
Қорыта келгенде, Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде аталған мақсат орындалды деп есептеймін. Зерттеу барысында келесідей міндеттер атқарылды:
Информация о работе Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері