Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 12:31, курсовая работа

Описание работы

Басқармалық ақпарат қазіргі жағдайда өндірісті басқарудың ажырамас бөлігі, ал басқару есебі басқарманың барлық деңгейін жеткілікті түрде қажет ақпаратпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына және өндірістің рентабельділігіне өндірістік шығындардың құрамы, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктері үлкен ықпал етеді. Сондықтан өнеркәсіптің барлық салаларында басты назар капиталдық, еңбек, қаржы ресурстарын, табиғат байлықтарын дұрыс және тиімді пайдалануға, артық шығындарды жоюға аударылуы тиіс. Аталған мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

1. Өндірістік есептің ұйымдастырылуын теориялық
тұрғыдан зерттеу.
1.1 "Шымкентсыра" АҚ сыра өндірісініңтехнологиясы..........................5
1.2 Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен есептеудің
маңыздылығы......................................................................................8
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру......................................15

2. Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері
2.1. Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын
калькуляциялаудың жалпы ережелері..........................................................22
2.2 Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау әдістері........................................................28
2.3 "Шымкентсыра" АҚ-да өндіріс пен өндірістік
есепті ұйымдатыру ерекшеліктері.................................................................38

Қ о р ы т ы н д ы................................................................................................41
Пайдаланган әдебиеттер............................................................................42

Работа содержит 1 файл

Алтуша курсовой.doc

— 234.50 Кб (Скачать)

Кешендік өндіріс шығындарын тарату кезінде келесі әдістерді қолданады:

  • шығындарды шегеру. Бұл әдіс кезінде өндірісте алынатын өнімдердің бір негізгі өнім болып саналады, ал қалғандары ілеспе ретінде қарастырылады. өндіріске кеткен барлық шығыннан ілеспе өнім жоспарлы өзіндік құны бойынша шегеріледі және осыдан  кейін алынған деңгейін негізгі өнімнің өзіндік құны деп санауға болады. Бұл әдісті негізгі өнімнің деңгейі айқын белгілі болған кезде ғана және ілеспе өнімнің үлес салмағы аса көп болмаса ғана пайдаланады. Мысалға, молибден рудасын шығарған кезде одан ілеспе болып саналатын мыс концентратын шегеріп тастайды жәнет.б.

Өнімнің өзіндік құнын есептеген  кезде ондағы шығындарды тарату коэффиценттік  жолмен (әдісімен) жүзеге асады.

  • аралас (қиыстыру) әдісі. Бұл әдісті кешендік өндірісте бірнеше негізгі және ілеспе өнімдерді өндірген кезде пайдаланылады. Бұл әдісте шегеріп тастау да, шығындарды тарату да қатар әрі үйлесімді тұрғыда пайдаланылады. Бұл кезде шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құны шегеріліп, қалған бөлігі негізгі өнімдердің арасына белгіленген клэффиценттер бойынша таратылады.

Олар келесі жұмыс кезеңінен  тұрады: жалпы кешендік шығыннан ілеспе өнімнің өзіндік құны шегеріледі; шығынның  қалған қалдығы негізгі  өнімдердің арасына белгіленген  коэффиценттерге сәйкес таратылады; ең соңында, тікелей өнімнің  өзіндік құнына жатқызылатын және таратылатын соманың мөлшері анықталынады. Мысалы, ақ титан құмдарын өңдеген кезде одан ілеспе өнімдерін шығарып тастайды (ставролит, кесек құмдарын және т.б.). Ал шығыстың қалған бөлігін ақ металдар, рутолдық және ильмениттік қоспалардың (концентраттарының) арасына белгіленген коэффиценттер бойынша және негізгі металлдың қоспасын ескере отырып таратады.

Өндірістің технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялаудың  және өндіріс шығындарын есептедің бірнеше әдістері пайдаланылады. өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кәсіпорынның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын атайды.

Өнімнің өзіндік құнының әдісіне  әсер ететін негізгі факторлар ретінде  мыналарды атауға болады:

    • өндіріс типі;
    • өндірістің күрделілігі;
    • шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;
    • өндіріс циклының ұзақтылығы;
    • аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.

Өнеркәсіп салаларында өнімнің  өзіндік құнына бұл факторлардың тигізетін  әсері бірдей емес, сондықтан  өнімнің өзіндік құнын калькуляциядың әртүрлі әдісін қолдануға тура келеді. өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы сипаты басты роль атқарады. Әдетте, өнімдер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай өнім - бұл жеке бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұрмайды. Жай өнім болып: көмір, рудалар, мұнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.

Бұл аталған өнімдердің өзіндік  құнын есептеу аса күрделі  әдістемелерді  пайдалануды талап  етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір  ғана өнім түрі калькуляцияланады.

Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден, детальдардан тұратын өнімдерді атайды.

Мысалы, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, автобустар және т.б. Күрделі өндірісте  негізгі  өнімнен басқа, дайын  өнім ретінде оның бөлшектері, түйіндері, детальдары да калькуляцияланады. Бұл  соңғылары калькуляциялау әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.

Калькуляциялау әдістемесін анықтауда  өндіріс циклының ұзақтығы басты  роль атқарады. Кейбір салаларда оның ұзақтылығы бірнеше сағат құраса (көмір, қара металлургия, электростанция, т.б.), ал басқаларында бірнеше күн, мысалға, тоқыма өнеркәсібінде, химия зауыттарында, тері фабрикасында т.б., ал үшіншілерінде ол-бірнеше айларға созылуы мүмкін (кеме құрылысында, ауыр машина жасау кәсіпорындарында т.б.), ал төртіншісінде-тұтас маусымға созылуы мүмкін (орман шаруашылығын пайдалану).

Өндірістік циклы ұзақ өнеркәсіп  салаларында өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесін жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе күндер құрайтын сомалармен салыстырғанда  біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі, ең алдымен, үлкен аяқталмаған өндірістің шығысты тарату мәселесінің және басқа да арнайы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін.

    1.    Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің

өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

         Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістік шығындар есебін жүргізудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады.

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі  біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Егер де кәсіпорын өзінің есептік саясатында қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім  бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты-натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.

Сонымен, көмірді өндіру өнеркәсібі бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық жұмыстары, көмірді алу,  шахтыға дайын тасымалдау және сыртқа (жоғарыға) шығару, сорттау, өңдеу, вагонға тиеу. Міне сондықтан бұл жердегі шығындарды есептеу мен калькуляциялаудың жай әдіс, процесстік деп аталуы да осыдан шыққан. Мұнда кәсіпорын барлық шығындарды өндірілетін өнімнің бір түріне, ал аяқталмаған өндіріс болмаған жағдайда - шығарылған өнімге жатқызады,  ал біртекті  өнім шығарылатын жерде калькуляциялаудың барлық баптары бойынша өндірістегі шығындарды негізделген нормалау арқылы оңайлатады. Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің қарапайым әдісінің дұрыстығын және прогресшілдігін (іргелішілдігін) дәлелдеп берді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым  төрт нұсқасы бар.

Бірінші  нұсқа кезінде тікелей  және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың  белгіленген баптары бойынша  есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің  өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлумен  айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбалшық дайындау) аяқталмаған өндіріс, шалафабрикаттар және өнімнің құрамдас бөліктері болмайды.

Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Бұл арада  дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің  қажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті, әдетте, интервалдық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.

Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратынғ, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни қарапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құнын үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады. Мұнай мен газ өндіру кезіндегі энергетикалық шығындар, амортизация, жер астындағы скважина жабдықтарын жөндеу, жер қыртысының қайтарымдылығын жақсартуға, мұнайды диэмулсациялауға, мұнайды айдауға және сақтауға жұмсалатын шығындар тікелей белгілері бойынша мұнайға, ал газ жинау және тасымалдау жөніндегі шығындар-газға жатқызылады. Қалған шығындар кәсіпорынның орташа келісімді бағасы бойынша бағаланады және мұнай мен газдың жалпы табылған (шығарылған) үлесіне тепе-тең мөлшерде мұнай мен газ арасында бөлінеді.

Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік әдістері үйлесімді пайдаланылады.

Шығындарды есепке алудың және өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке-дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксерименттік жұмыстарда пайдаланылады. Барлық тікелей шығындар әрбір (жекелеген) тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімішесінде арнайы бланкілерде ашылады, содан соң орындаушы-цехқа және бухгалтерияға түседі. әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.

Осы тәсілдің кейбір ерекшеліктері  бар, атап айтсақ:

    • барлық шығарылған шығындар туралы мәліметтерді шоғырландырып және оларды жеке жұмыс түрлері мен дайын өнім партияларына жатқызу;
    • уақыт аралығындағы емес, аяқталған әрбір партия бойынша шығындарды шоғырландыру;
    • тек бір ғана шотты жүргізу,  "аяқталмаған өндіріс" (батыс есебінде барлық өндірістік шығындарын жинақтау  тек осы "аяқталмаған өндіріс" шотында көрсетіледі). Осы шотта өндірістің әрбір тапсырысы бойынша шығындардың жекелеген есебін ұйымдастыру үшін карточкаларды енгізуді ұсынады.

Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз әдісі пайдаланылады.

Тек пайдалану цехында (құю, ұсталық-пресс  және т.б.) шалафабрикатты әдіс пайдаланылады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Әдетте, шалафабрикаттық  әдісте тапсырысты жасау процесі  цехтан цехқа өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.

Цехтар шығындары әрбір (жекелеген) табыстың кескінінде, калькуляциялаудың  бектіліген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материалдар, шикізаттар, технологиялық  отындар мен энергиялар-белгіленген  топ кескінінде аналитикалық есепте көрініс табады.

Ал үстеме шығыстары олардың  өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсілі бойынша әрбір тапсырыстың  өзіндік құнына жатқызылады.

Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өздерінің тиесілі тапсырыстарына есептен шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аяқталмаған өндірістер ретінде танылады.

Тапсырыс орындалып біткен соң  және оның техникалық қабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына  тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды, содан соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға өткізсе, сол қоймаға накладнойы өткізу тапсырыстың жабылғаны (мысалға, электротехникалық өнеркәсібінде).

Сондай-ақ кез келген тапсырыстың  өзіндік құны бұрмаланбауы үшін (әсіресе, бітпеген тапсырыстарға қатысты) артық  немесе пайдаланбаған материалдық  құндылықтар қоймаға тапсырылады, ол кезде 1310- "Материалдар" бөлімшесінің шоттары дебеттеліп, 8010 немесе 8030 шоттары кредиттеледі.

Бұл әдісті қлолдану барысында іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс аяқталғаннан кейін анықталады, бұған  дейін барлық шығындар аяқталмаған  өндіріс ретінде қарастырылады. тАпсырыстық әдістің кемшіліктері мынада: күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды әзірлеу кезінде материалдық және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын, нормативтік калькуляциялауды  жасау және өндіріс шығындарын алдын ала бақылау жасап отыруды қиындатады. Осы кемшіліктерді жою үшін өндірістің ұзақ циклінде ірі бұйымды әзірлеу кезінде (кеме жасауда, ауыр машина жасауда)  олардың торабына (агрегаттарына, конструкциялық элементтеріне) жекелген тапсырыс  ашудды ұсынады, яғни олардың әрбір конструкциясы   аяқталған болып саналады.

Кіші сериялық өндірісте тапсырыс саны ағымдағы айда шығарылатын болып жоспарланған санымен сәйкес келеді. Нақты бір бұйымды немесе бірнеше бұйымды (тапсырыстарды) әзірлеу үшін пайдаланған барлық тораптар мен детальдар (бөлшектер) есепте бөліп көрсетіледі.

Тораптар мен детальдардың (бөлшектердің) бірінші түрі бойынша олардың шығындарының есебі тапсырыстық әдіспен, ал сериялық немесе жаппай өндірістік тәртіпте дайындалатын бұйымдар-екінші, яғни нормативтік әдіспен ұйымдастырылады. Сөйтіп, бұйымның жалпы құны тапсырыс ескерілген жекелеген тәртіпте дайындалғандардан шығындардан және нормативтік әдісі бойынша жалпы немесе сериялық өндіріс тәртібінде есептелген тораптар мен детальдардың (бөлшектердің) жалпы құнынан немесе өзіндік құнынан құрылады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің қызметкерлері жекелеген және кіші сериялық өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің элементтерін мүмкін болатын жердде қолдануды ұсынуы тиіс.

Тапсырыстар бойынша шығындар топтастырылып, өндіріс есебінің карточкаларында әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінеді. Карточканың негізінде өнім бірлігінің өзіндік  құнының есептік калькуляциясын жасайды.

Шығындарды есепке алудың және өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялаудың  бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсіпорындарында: металлургиялық, химиялық, мұнай өңдеу және басқа да салаларда қолданылады. Мысалы, мата тоқу кәсіпорындарында үш қайта жасау-иіру, тоқу және әрлеу саласы; қара металлургияда-домен пеші, болат балқыту, прокат; былғары өндірісінде - күлді, тері илеу және әрлеу саласы бар.

Информация о работе Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері