Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 12:31, курсовая работа

Описание работы

Басқармалық ақпарат қазіргі жағдайда өндірісті басқарудың ажырамас бөлігі, ал басқару есебі басқарманың барлық деңгейін жеткілікті түрде қажет ақпаратпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына және өндірістің рентабельділігіне өндірістік шығындардың құрамы, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктері үлкен ықпал етеді. Сондықтан өнеркәсіптің барлық салаларында басты назар капиталдық, еңбек, қаржы ресурстарын, табиғат байлықтарын дұрыс және тиімді пайдалануға, артық шығындарды жоюға аударылуы тиіс. Аталған мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

1. Өндірістік есептің ұйымдастырылуын теориялық
тұрғыдан зерттеу.
1.1 "Шымкентсыра" АҚ сыра өндірісініңтехнологиясы..........................5
1.2 Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен есептеудің
маңыздылығы......................................................................................8
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру......................................15

2. Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау әдістері
2.1. Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын
калькуляциялаудың жалпы ережелері..........................................................22
2.2 Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау әдістері........................................................28
2.3 "Шымкентсыра" АҚ-да өндіріс пен өндірістік
есепті ұйымдатыру ерекшеліктері.................................................................38

Қ о р ы т ы н д ы................................................................................................41
Пайдаланган әдебиеттер............................................................................42

Работа содержит 1 файл

Алтуша курсовой.doc

— 234.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

        Кіріспе..............................................................................................................3

 

1.    Өндірістік есептің ұйымдастырылуын теориялық

         тұрғыдан        зерттеу.

1.1    "Шымкентсыра" АҚ сыра өндірісініңтехнологиясы..........................5

1.2    Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен есептеудің 

         маңыздылығы......................................................................................8

    1. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру......................................15

 

2.  Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын

       калькуляциялау әдістері

2.1.    Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын

          калькуляциялаудың жалпы ережелері..........................................................22

2.2     Өндірістік шығындарды есепке алу және өнімнің

          өзіндік құнын калькуляциялау әдістері........................................................28

2.3    "Шымкентсыра" АҚ-да өндіріс пен өндірістік

          есепті ұйымдатыру ерекшеліктері.................................................................38

 

            Қ о р ы т ы н д ы................................................................................................41

        Пайдаланган әдебиеттер............................................................................42

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Қазіргі таңда кәсіпорынды басқарудың  ғылыми тәсілін дамыту қажеттілігі  туындап,  ақпараттық жүйелер  кеңінен дамып,  бухгалтерлік  есеп және аудит мәліметтеріне талап күшеюде. Соның ішінде өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясына басты назар аударылуда. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі кәсіпорындар мен фирмалардың   жұмысында аталған учаскелердің бухгалтерлік есеп жүйесінде "басқару есебі" деп бөлінуі жай емес.

         Басқармалық ақпарат қазіргі  жағдайда өндірісті басқарудың  ажырамас бөлігі, ал басқару есебі  басқарманың барлық деңгейін  жеткілікті түрде қажет ақпаратпен  қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнына және өндірістің рентабельділігіне  өндірістік шығындардың құрамы, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, салалық ерекшеліктері үлкен ықпал етеді. Сондықтан өнеркәсіптің  барлық салаларында басты назар капиталдық, еңбек, қаржы ресурстарын, табиғат байлықтарын дұрыс және тиімді пайдалануға, артық шығындарды жоюға аударылуы тиіс. Аталған мәселелердің қазіргі уақыттағы өзектілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды.

Курстық жұмыс Шымкент сыра зауытының нақты материалдары негізінде орындалды. Шымкент сыра зауыты эксплуатацияға 1976 жылы желтоқсан айында енгізілді. Бұған дейін Шымкент қаласында сыра 1974 жылы салынған "Южказпиво" зауытында өндірілетін еді.

1978 жылы ақпан айында  жаңадан салынған сыра өндіру зауытының базасында алкагольсіз сусындар өнеркәсібінің Шымкент өндірістік бірлестігі құрылды. Оның құрамына Қызыл-Орда, Кентау қалаларының алкагольсіз сусын зауыттары және Шымкенттегі бұрынғы "Южказпиво" зауыты кірді.

1986 жылы Қазақ ССР  тамақ өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Қызыл-Орда зауыты дербес өндірістік бөлім ретінде бөлініп шықты. Қазіргі кезде зауыт "Шымкент сыра" акционерлік қоғамы ретінде тіркелген.                

        Курстық жұмыстың  басты мақсаты "Шымкентсыра" АҚ өндірістік шығындар есебін жүргізу және өзіндік құнды калькуляциялаудың ерекшеліктерімен танысып, алдыңғы қатарлы шетелдік әдістермен салыстыру негізінде сыра өнімдерінің өзіндік құнын бақылау мен шығындар есебін ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған кейбір мәселелерді зерттеу болып табылады.

         Өндірістік есептің ұйымдастырылуы  өндіріс ерекшеліктеріне             тікелей байланысты болғандықтан  жұмыстың бірінші тарауында   зерттеліп отырған кәсіпорындағы  сыра  өндірісінің технологиясы  қарастырылып, шығындардың жіктелуі мен олардың есебін жүргізу тәртібі зерттелді.

        Курстық жұмыстың екінші тарауы шығындар есебін жүргізу әдістеріне қысқаша сипаттама беріліп, "Шымкентсыра"  АҚ өндірістік шығындар есебін жүргізу және сыраның өзіндік құнын калькуляциялау ерекшеліктерін қарастыруға арналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Өндірістік есептің ұйымдастырылуын

  теориялық тұрғыдан зерттеу

    1. "Шымкентсыра" АҚ сыра өндірісінің   технологиясы

Сыра - жағымды  қышқылтым дәмі бар, хош иісті  әлсіз алкогольді сусын. Сыра өндірісі - бірнеше технологиялық элементтерден тұратын күрделі және ұзақ процесс: солод өндірісі, сыра суслосын алу, сыра суслосын ашыту, қайта ашыту (пісіру), сыраны фильтрациялау, ыдыстарға құю. Сыра өндірісіндегі негізгі шикізаттар арпа, хмель және су болып табылады.

Арпа "Шымкентсыра" зауытына теміржол вагондарымен жеткізіледі және зауыттың өз теміржол торабы арқылы элеваторға қабылданады. Шикізаттың ұзақ уақыт бойы сақталуына көп көңіл бөлінеді. Дән  сақтаудың екі негізгі әдісі бар - қамбалық және силостық. Қарастырылып отырған кәсіпорында шикізатты сақтаудың силостық әдісі қолданылады. Силостық дән сақтау қоймалары дән қабылдау, тазалау машиналарымен жабдықталған. Қойманың сыйымдылығы 5868 куб.м, яғни 4200 тонна дән қабылдай алады.

         Шикізатты қабылдау және өндіріске босату операциялары келесі тәртіпте орындалады. Теміржол вагондарынан түсірілген дән бункерге құйылады. Бұл жерден ленталық транспортер арқылы дәнді автоматты таразыға көтеретінтік транспортерға жеткізіледі. Өлшенген дән тазартылады және силостық ленталық транспортер арқылы жылжи отырып, түсіру щиттерінің көмегімен силостарға бөлінеді.

         Өндіріске босату кезінде дән  силос конусының орталығындағы течкадан ленталық транспортерға, содан соң тік транспортер арқылы    автоматты таразыға беріледі. Өлшенген дән қайта тазартудан өтіп, өндіріске жіберіледі. Арпа мен солод өндіріске пневмотранспортер арқылы жеткізіледі. Қондырғының өнімділігі 15 т/сағ, пневмотрассаның ұзақтығы 200 м, ал көтерілу биіктігі 25 м.

         Қазіргі уақытта "Шымкентсыра" акционерлік қоғамында сыраның бір ғана сорты - 11% ашық түсті "Шымкентское оригинальное" өндіріледі. Сыраның бұл сортын өндіруде арпа солоды, тығыздалған хмель және хмель экстракты қолданылады. Өндірістің технологиялық схемасы келесі кезеңдерден тұрады:

  • сыра суслосын дайындау;
  • ашыту және қайта ашыту (пісіру);
  • фильтрациялау және дайын сыраны ыдыстарға құю.

         Сыра өндіру процесінің алғашқы  және ең негізгі кезеңі сыра  суслосын дайындау болып табылады. Ол бірнеше технологиялық операциялардан  тұрады: арпа солодын тазалау және ұсақтауға дайындау, солодты сумен шайқау, шайқалған солодты қантпен араластыру, суслоны фильтрациялау, суслоны қайнату және хмельмен араластыру, хмель қосылған суслоны суыту.  Бұл операциялардың барлығы  қайнату цехындағы арнайы жабдықтарда жүзеге асырылады. Қайнату цехы бір мезгілде 9 тонна  дән қабылдай алатын алты қазандықпен жабдықталған.Қайнату қазандықтары тотықпайтын болаттан, ал қақпақтары мен бу шығаратын құбырлары мыстан жасалған. Электр қозғағыштарды іске қосу, қайнату процесін бақылау орталық басқару пультінен орындалады.

         Дайын болған сыра суслосы  ашыту цехына беріліп, мұнда  ашыту, пісіру, фильтрациялау процестері  жүзеге асырылады.

         Ашыту - бұл күрделі биохимиялық  процесс, яғни сыра суслосын  микроорганизмдер көмегімен өзгерту. Сусло ашытқының (дрожжи) көмегімен 5-10 С температурада ашытылады. Бұл процесс ашыту цехының жертөлелерінде орындалады, мұнда әрқайсысы 2 ашытқы даярлау және 10 ашыту танктерінен тұратын 6 линиямен жабдықталған. Ашыту танктері тотықпайтын болаттан жасалған, пайдалы сыйымдылығы 25 куб.м.

         Суытылған сусло алдымен ашытқымен  араластыру танктеріне, сосын ашыту  танктеріне беріледі. "Шымкентское  оригинальное" сырасын өндіруде  ашытқы қосу нормасы 0,7 л/Гл, ашытудың  ең жоғары температурасы 7-8 С,  ал ашыту ұзақтығы 7-8 тәулік. Ашыту процесі кәсіпорынның бас технологы бекіткен арнайы температуралық кесте бойынша жүргізіледі.

         Ашыған сыра қайта ашыту және  пісіру үшін лагер цехының  танктеріне беріледі. Сыраны қайта  ашытуға көлденең танктердің 50 куб.м. 32 данасы және 100 куб м. 44 данасы қарастырылған. Олардың жалпы сыйымдылығы 6000 куб м.

         Лагер танктерінен сыра насостар  арқылы тоңазытқышқа, одан әрі  фильтрпресске жіберіледі. Мұнда  дайын сыра тазартылып, ашық түсті  сыра алу үшін кизельгур фильтрлерінен өткізіледі. Тазартылған сыра сығылған ауамен ыдыстарға құю машиналарына айдалады.

         Сыраны ыдыстарға құюдың бірқатар  технологиялық ерекшеліктері бар.  Сыраға қосылған көмірқышқыл  газының тиісті мөлшерден азайып  кетпеуі үшін артық қысымды  пайдаланады. Оған жағдай жасау үшін шөлмектің ішіне алдын-ала қажетті қысым беріп, содан соң сырамен толтырады. Сырамен толтырылған шөлмектер көмірқышқыл газы ұшып кетпес үшін жылдам кронен-пробкалармен бекітіледі.

         Дайын шөлмектер транспортер  арқылы бракеражға беріледі. Мұнда арнайы машиналарда сәулелі экран көмегімен толық толтырылмаған, жақсы бекітілмеген т..б жарамайтын шөлмектер анықталады.Ақау анықталған шөлмектердегі сыраны төгіп, қайта өңдеуге лагер цехына қайтарады. Қайтарылатын сыраның мөлшері 4-5% жетеді.

         Бракераждан соң шөлмектерге  автоматты машиналарда этикетка  жапсырылады. Сыра 20 С температурада  7-10 күн сақталады. Мерзімі өткен  сыраның дәмі мен түсі өзгеріп,  пайдалануға жарамсыз болады.Сыра  қасиеттерінің өзгеруінің басты  себебі микроорганизмдердің  дамуы болып табылады. Сыраның биологиялық тұрақтылығын жоғарлату үшін оны пастерилизациялайды, бұл кезде жағымсыз   микроорганизмдер өледі. "Шымкентсыра" зауытында сыра герметикалық бекітілген шөлмектерде пастерленеді.

         Сыраны ыдыстарға құю цехы толығымен автоматтандырылған 4 линиямен жабдықталған. Мұнда ыдысты жәшіктен алу, шөлмекті жуу, 2 сәулеллі экран, құю - бекіту, этикетка жапсыру, дайын өнімді жәшіктерге жайғастыру автоматтары орналастырылған. Линияда 14 адамнан тұратын бригада қызмет етеді. Линияның өнімділігі - сағатына 12000 шөлмек.

 

    1. Шығындар түсінігі, олардың жіктелуі мен 

есептеудің  маңыздылығы

 

         Қаржылардың жұмсалуын бақылау  сондай-ақ баға деңгейін оның  негізгі элементтері бойынша  негізделуін жүзеге асыру үшін өнімнің өзіндік құнына енгізілетін және қаржылық нәтижелерге тікелей жатқызылатын шығындарды ғылыми негіздеудің маңызы зор. Бұл сұрақты өзіндік құнды экономикалық категория ретінде қарастыра отырып шешкен дұрыс. Өзіндік құнға енгізілетін шығындар мен басқа қор  көздері есебінен жабылатын шығындардың шектелуі негізінен өнімнің өзіндік құнын өндіріске жұмсаған қаржылар мен еңбек ақы қорына, сондай-ақ өндірісті кеңейту мен қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталатын қосымша өнім құнына бөлу арқылы анықталады. Қосымша өнім құнының есебінен жабылатын жекелеген шығын түрлері өнімінің өзіндік құнына енгізіледі, бұл ресурстарды тиімді пайдаланудағы кәсіпорындардың материалдық қызығушылығын туғызу міндеттеріне байланысты.

         Кәсіпорын қызметі алынған табыс көрсеткіштерінің негізінде бағаланатын болғандықтан, өзіндік құнды өндірістік шығындарға негіздеген дұрыс.

         "Шымкентсыра" АҚ – да өндірістік шығындарды келесідей топтастыру қабылданған:

         Шығындар өнімнің жекелеген түрлерінің  өзіндік құнына қосылуына байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.

         Тікелей шығындар өнімнің өзіндік  құнына  тікелей және бөгетсіз  енуі мүмкін өнімнің жеке түрінің  өндірісімен байланысты шығындар. Оған жататындар: материал мен  отын, өнімін дайындаған үшн жалақы, әлеуметтік аударымдар, яғни өндірістің технологиялық процессімен байланысты шығындар. Тікелей шығындардың барлығы калькуляциялық шоттарда көрініс табады.

         Жанама шығындар өнімнің бірнеше  түрінің өндіруімен байланысты  шығындар (құрылғыларды ұстау және эксплуатациялау жөніндегі шығындар, цехтық шығындар т.б) бұл шығындар өнімінің өзіндік құнына оларды бөлу арқылы енгізіледі.Өндірістік шығындар.

         Өндірістік шығындар құрамы бойынша  бір элементтік және кешенді  болып бөлінеді, оның құрамына әртүрлі элементтерге жататын шығындар кіргізіледі.

         Өндірістік процестегі шығындар  эконмикалық рөліне байланысты  негізгі және үстеме шығындар  болып бөлінеді.

         Негізгі шығындар - өндірістік процесте өнімді дайындауға кіргізілетін шығындар. Ол өнім өндірумен тікелей қатысты. Оған жататындар: шикізат пен материалдар, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және одан аударымдар, технологиялық мақсаттағы отын мен энергия шығындары, жабдықтарды іске қосу және күту шығындары жатқызылады.

Информация о работе Шығындар есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері