Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 13:18, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ-ге қатынасы 17%-ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20%-дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ-ге қатынасының болжамды көрсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР-ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстарғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Шағын
кәсіпкерлікті тиімді дамыту жағдайларын
жасау, шағын кәсіпкерлікті
3.Даму
алғышарттары
3.1 ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
Дамыған индустриалды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50%- дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ - гі сыбағалы үлесі 30%-дан аспайды. Мәселен, 2002 жылдың нәтижелері бойынша еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 17% болды, ал 2003 жылы бұл пайыздық қатынас 20% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер осы сектордың ұлттық экономикасындағы елеулі еместігін көрсетеді.
Бірақ шағын бизнес субьектілерінің елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады. Осы саладағы олардың үлесі 90%-ға жетеді.
Мұндай жағдайдың қалыптасуын ең алдымен осы сектордың әсекелестік еместік қабілетімен байланысты. Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенін көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.
Қазақстандық экономиканың соңғы бесжылдағы қаркынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандык экономикаға ақша массасының (мұндай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысуда.
Статистика бойынша ҚР-сы агенттігінің мағлұматтары бойынша 2004 жылғы 1 қаңтар карсаңында біздің елімізде шағын бизнестің 130779 субъектілері тіркелген. Олардың 71,5% әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2004 жылдың 1 қаңтарында белсенді кіші кәсіпорындарының 42,2% саудаға, автомобильдерді жөндеуге және үй шаруашылығы қолдамындағы өнімдерді өндіруге мамандырылған. Ал өнеркәсіптік бағыттағы әрекет ететін белсенді шағын кәсіпорындардың үлесі 12,5%, ал осы кәсіпорындардың 90,2% өңдеу бойынша өнеркәсіптік қызметті жүзеге асырады.
Жоғарыда келтіріліп кеткен статистикалық мәлеметтерден көріп отырғанымыздай шағын бизнес субъектілері көбінесе сауда мен сервис саласында әрекет етеді. Ол көбінесе шағын кәсіпорында ашушылардың бастапқы капиталдарының аздығымен байланысты. Сондай-ақ, өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын кіші бизнес субъектілерінің аз үлесі мемлекеттік реттеудің жетілмегендігімен және құрал-жабдықтармен технологияларды импорттауға кедендік төлемдердің ауыртпалығымен түсіндіріледі.
Одан ары біз Қазақстанда әрекет ететін шағын кәсіпорындардың салалар бойынша ұсынысының кұрылымын қарастырамыз.
Келесі статистикалық мәліметтерде біз шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың артықшылыктарын беруді қарастырамыз.
Көріп отырганымыздай кіші бизнес субъектілерінің ұсынысындағы сауданың алатын сапалык үлесі ең жоғары болып тұр. Екінші орында өндіріс секторы -23,1% , ал үшінші сервис секторы - 19,5%. Төртінші орында коғамдық тағамдандыру 11,3%-бен алады.
Сапалар бойынша инвесторлардың артықшылық беруіне келетін болсак, инвесторлар қазіргі таңда шағын бизнес секторы бойынша өндіріске капитал салымын жасағанды қалайды. Өндіріс секторына инвесторлардың артыкшылық беруі 29,4%-да пайыз құрады. Мұнда тендецияның қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ақша массасының тез өсуі мен экономикадағы сапаны инвестициялық объектілер мен жобалардың тапшылығымен байлынысты. Сондай-ақ сауда секторы бойынша қазіргі кезде бәсекелестік өте күшті және рентабелділік төмен, сол себепті бірінші орында болып келген сауда секторына инвестициалау қазіргі кезде төмендеп, шағын бизнестегі инвестиция тарту бойынша сауда 3-ші орынға түсіп қалып отыр. Инвестиция тарту бойынша шағын бизнес секторында 2-ші орында Сервис секторы ашады. Көптеген дамыған елдердік көпжылдық тәжірибесі көрсетіп отырғандай экономика дамыған сайын, оның басым бөлігін қызмет көрсету сапасы ала бастайды. Статистикалық қорытындыларға сәйкес мұндай тенденция бізде де орын алып келе жатыр, инвестициялық тартымдылығы жағынан өткен жыл бойынша 3-ші орынға сауда секторымен қоғамдық тағамдандыру бөлісіп тұр.
2006 ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны бойынша 1-ші орынға Алматы қаласы алады. Осы кезде Алматы қаласында 45512 кіші кәсіпорындар тіркелген. Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте жұмыс бастылардың саны 174435 адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Егер 1998 ж. Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте 80 мың адам жұмыс басты болса, 2005ж. осы сектордағы жұмыс бастылар саны 175 мыңға жетті.
Ал жаңа жұмыс орындарының саны 95 мыңды кұрады. Оңтүстік Астанада баршыға 42 мың. кәсіпорындар тіркелген.
Олардың 27677 нақты әрекет етеді. 20602 жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл 2003 жылдың ұқсас периодымен салыстырғанда 48 %-ға көп. Жалпы Алматы қаласы бойынша кіші бизнес қазынаға 30 млрд теңге түсім -түсірген. Бұл қашанда бюджет бойынша шығындарын жабады.
Сондай-ақ шағын кәсіпорындардың тіркелуінің көптігі Астанада, Оңтүстік Қазақстан облысында, шығыс Қазакстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында бақыланады.
Ал өткен жыл бойынша шығыс кәсіпорындарында ең аз тіркелуі Батыс- Қазакстан, Солтүстік - Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында болды. Статистика көрсетіп отырғандай тіркелген шағын кәсіпорындар көбінесе өнеркәсіптік базасы және сауда-делдалдық қызмет дамыған аймақтарда шоғырланған.
Статистикалық тіркегіш деректерінде республика бойынша 2005 ж. Ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін бизнеспн айналысатынын 132,3% мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 11,8%-ға жоғары. Тіркелген кәсіпорынның 71,6%-ға жақын жұмыс істейтін (экономикалық жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың жұмыс істемейтін кәсіпорындар қатарын құрайды. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындырдың көпшілігі (42%) саудаға автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,7%) және жылжымайтын мүліктер мен операцияларға жасауға жолдау тұтынушыларға көрсететін сапаларға (13,2%) тиесілі.
Өткен жылдың оны кезеңмен салыстырғанда, Алматы (34, 3%), Оңтүстік Қазақстан (22,4%), Батыс Қазақстан (18,7%) және Шығыс Қазақстан (16,8%) облыстарында және Алматы (15,6%) қаласында белсенді жұмыс істемейтін кәсіпорындар саны қарқынды өскені байқалады.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындар 2004 ж. 1 ақпанға есептелген дерек бойынша 478,5 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіндегі 5,8 %-ға артты. Есептелген дерек бойынша 2005 ж. қаңтар айында өткізілген өнімнен түскен табыс 48651,3 млн теңге болды, бұл көрсеткіш өткен жылдың өткен жылдың осы кезеңіндегіден 10,9%-ға жоғары .
Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика бойынша 2005 ж. ақпан айының 1 -ші жұлдызына дейін 149,8 мыңнан астам шаруа (фермер) қожалығы тіркелген. Оның 81,2%- дан астамы экономикалық қызметтері белсеңді түрде іске асыруда. Шаруа қожалықтарында малдары бойынша, немесе егін алқаптарын пайдаланатын болса, онда мұндй қожалықтар жұмыс істемейтін шаруа қожалықтар қатарына іледі. Шаруа қожалықтары туралы деректер әр облысқа жеке-жеке есептеу арқылы беріліп отыр.
Қазақстандағы қазіргі таңда кіші және орта бизнестің жағдайы дамыған мемлекеттермен салыстырғанда нашарлау болып табылады. Себебі, кіші және орта бизнестің дамуындағы кедергілер өте көп. Бұл кедергілер мемлекеттің саясатымен рыноктың ннфрақұрылымының жетілмегендігінен.
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары көбінесе осы сектор бойынша, яғни кіші және орта кәсілкерлік сферасында сауда саласына және сервиспен шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Оның себебі, шағын және орта бизнестің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі қыскалау және бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қаражаттары көп болғандықтан.
Сондай-ақ біздің еліміздегі кіші және орта кәсіпкерлік секторында инновациялық қызметті жүзеге асыру дамымаған. Жалпы инновациялық қызмет айналысатын венчурлық кәсіпорындар біздің елімізде жоқтын қасы. Бірақ болашақта мемлекеттің жүргізіп жатқан ұлттық экономиканы диферсификациялау мен модернизациялау бойынша қабылданған түрлі бағдармалар мен жүргізіліп жатқан саясатына байланысты мұндай кәсәпорындар көбейді деген үміт бар. Ал мұндай кәсіпорындар үшін кіші бизнес субъектісі болуы тиімді, себебі, венчурлық кәсіпорындар сыртқы орталық түрлі өзгерістеріне тез бейімделеді. Жоғарыда жасалған талдау келесі тендецияларды көрсетеді:
1. Белсене жұмыс істейтін кәсіпорындардың аз үлесі кезінде шағын кәсіпкерлік объектілерің тұрақты сандық өсуі;
2. Сауда мен қызмет көрсету сферасында шағын кәсіпкерлік объектілерінің шоғырлануы;
3. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мен салық салуды, несиелеудің шешілмеген проблемалары;
4. Үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар адамдардың осы секторға инвестициялауды жүзеге асыра бастауы;
5. Шағын бизнеспен орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолданудың тиімсіздігі.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1
Қазақстан Республикасынағы
2 «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар жарлығы. 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155. оған 1995ж. 12.05.№2672, 1996ж. 07.03 №18,1996ж 01.27 №2830, 1997ж. 07.11. № 154, 1998ж. 06.28. №236, 1998ж. 07.10 №282, 1999 ж 07.16.№ 436, 2000ж .08.21. №3-4 заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
3
Ел Президентінің Қазақстан
4 Маслова Т.Д., Божук С.Г, Ковалик Л.Н. Маркетинг. Учебник. - СПб, Питер, 2003г.- 280с.
5 Багиев Г.Л., Тарасевич В.М., Анн Х. Маркетинг: Учебник. - М.: Экономика, 1999г.- 350с.
6 Маркетинг в России и за рубежом, №6, 2003г.- 80с.
7 Маркетинг: Учебник / под ред. А.Н. Романова. - М.: банки и биржи, ЮНИТИ, 1996г.- 540с.
8
Севрук В.Т. Банковский
9
Кузнецов С.Ю. Банковская
10 Деньги и Кредит, 2004г.- 64 с.
11 Дайджест «Директор», О кризисе банковской системы России, №2, 2008г.- 35с.
12
Ахметжанова Г., Маханов Н. «Основные
направления развития
13
Под ред. Лаврушина О.И. «
14
Раева Р. «О банковской
15
Коробов Ю.И. Банковский
16
Усоскин В.М. Современный коммерческий
банк: управление