Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 13:18, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ-ге қатынасы 17%-ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20%-дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ-ге қатынасының болжамды көрсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР-ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстарғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әр алуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Шағын кәсіпкерлік экономикасының жинақтылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелінің неғұрлым аздығымен қысқа мерзім ішінде, бірінші кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегі жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 және «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы » 1998 жылғы 27 сәуірдегі №3928 Жарлықтары соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына қуатты серпін берді. Бағдарлама «Қазақстан – 2030» стратегиясының қағидаларына негізделіп әзірленген.
Реформалардың
бастапқы кезеңде заң жүзінде
ұсынылған мемлекеттік қолдау шаралары
бүгін өз нәтижелерін беруде. Шағын
кәсіпкерлік саласын
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері берген есептердің деректеріне сүйенген 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, олардың ішінде жумыс істейтіндері 329,1 мыңды, шағын кәсіпкерлік саласында жумыспен қамтылғандардың саны – 1,4 млн.адамды құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері 1999 жылғы қаңтар –желтоқсан ішінде 435,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті, бюджетке 33,7 млрд. теңге салық төлемдері түсті.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті, ол 1999 жылдық тиісті көрсеткіштерінен 1,2 есе артық. Шағын кәсіпкерлік субъектілері өткен жылдың осындай кезінен қарағанда, бюджетке төлентін төлемді, 1,4 есе көбейтті (2000жылғы 1 қаңтарға 33,7 млрд. теңге құраса, 2001 жылғы 1 қаңтарда 45,8 млрд.теңге құрады).
2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 388,2 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі (заңды және жеке тулғалар) тіркелген, олардың 356,6 мыңы жұмыс істеді (бұл көрсеткіш өткен жылдың жоғарыда аталған кезеңімен салыстырғанда 10 % - ға өсті).
1998
жылдан бастап 2000 жылға дейінгі
кезең ішінде шағын
Жаңа жұмыс орындарын құру, тарау нарығын отандық тауарлармен және қызмет көрсетулермен молықтыру,шаруашылық жургізуші субъектілердің инновациялық белсенділігін арттыру сақсатында шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай арнайы мемлекеттік қолдау шараларынсыз мүмкін емес.
Бағдарламаның бірінші кезектегі шараларын іске асыру, ең алдымен шағын кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған мынандай проблемаларды шешуге бағытталған:
Салаларды қайта құрылымдауды және кәсіпорындарды реформалауды жүргізу кезінде шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары әлі де жете пайдаланылмауда. Өндіріс пен қызмет көрсетулер саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыру мемлекеттік қолдаудың осы саладағы пәрменді шаралары болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың осындай практикасын одан әрі дамыту ірі компаниялардың шағын кәсікерлік субъектілер мен өнімнің (жұмыстарджың, қызмет көрсетулердің) белгілі түрлерін өндіру бойынша тапсырыстарды орналастыру тұрғысында өзара іс-әрекеттерін кеңейту арқылы мүмкін болмақ.
Ең жиі кездесетін әкімшілік тосқауылдардың бірі – кәсіпкерлік қызметті тіркеу және лицезиялау жүйесінің жетілмегендігі болып табылады. Осы Бағдарламаны жүзеге асыру жөніңдегі іс – шаралар жоспарында көзделетін тіркеу және лицензиялау жүйесін ықшамдау:
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері мен мақсаттарын айқындаған мыналар:
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру кезінде жоғарыда аталған міндеттерджі шешу республикалық, сол сияқты аймақтық деңгейде де жүзеге асырылатын болады.
Қол жеткен оң үрдістерді орнықтыру мен кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болып отырған мәселелерді жою мақсатында Бағдарламада:
Көрсетілген бағыттарда шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясатты жүргізу шағын кәсіпкерліктің, әсіресе экономиканың өндірістік, инновациялық салаларындағы инфрақұрылымды жетілдіру мен дамыту, қаржылық қамтамасыз ету негізінде одан әрі өркендеу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Белгіленген шараларды іске асыру аймақты құрылымда іс-қимылының кәсіпкер мүддесі мен мүмкіндігіне барынша кіргізуіне жағдай туғызады.
Республикада 1992 жылдан бастап 2000 жылға дейін шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бұрын қабылдануға мемлекеттік бағдарламаларын талдау шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық базаның іс жүзінде қалыптасқанын айғақтайды. «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарының бірі – шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы жағдай туғызудың құқықтық режимін белгілеу болып табылады.
Кәсіпкерлердің қоғамдық құрылымдарына нормативтік, әдістемелік құжаттар тұрғысында әдістемелік көмек көрсетіп, келіп түсіп жатқан, соның ішінде кәсіпкерліктің құқықтарының бұзылуына байланысты өтініштер бойынша кеңес бере отырып, олардың қызметін жандандыруға ұмтылу қажет. Сонымен қатар, кәсіпкерлер бірлестерінің күш-жігерін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген өз құқықтары мен өкілеттіктерін кеңінен әрі нәтижелі пайдалануға бағдарлау және бағыттау керек.
Мұндай ұстамды аймақта заңмен өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуына неғұрлым тиімді бақылау жасауды, сондай-ақ, жанжал-дауларды шешу практикасын жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлердің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшыларымен тақырыптық кездесулері шағын өркениетті қарым-қатынастарының қалыптпсуына, сондай –ақ өзара қатынастардағы қайшылықтарды жою жөнінде сындарлы ұсыныстар жасауға жәрдемдеседі.
Экономикалық сала қызметтерінің әр түрлі салаларында франчайзингілік қатынастарды дамыту мен құруды қамтамасыз ету үшін бірқатар заңмен өзге де нормативтік- құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді болжап отыр.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке тікелей араласудан бас тартуын, жеке кәсіпкерлердің неғұлым еркіндігін, еркіндігі еліміздің Конституциясында бекітілген кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқан үшін мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін заң жүзінде бекіту саясатын жалғастыратын болды.
Осы бағыттағы жұмыстың басымдықты бағыттары республикада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар қолдану, шағын кәсіпкерлікті қорғайға бағытталған заңдардың сақталуына бақылау жасаудыжүзеге асыруды, экономикадағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін күшейту, сондай –ақ шағын кәсіпкерліктің қоғамдық бірлестіктердің кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.
Заңдар базасында сақталып отырған мәселелерді ескере отырып, оны жетілдіру мақсатында мынандай шаралар көзделіп отыр: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтірген, заңсыз қабылданған актілер үшін мемлекеттік оргындардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі шегін, бұл ретте келтірілген залалды тұлғаның жеке қаражаты есебінен өтеуді көздей отырып заңды түрде бекіту;
Шағын
кәсіпкерлікті нақты
Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуын айқындайтын бастапқы шарттардың бірі- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жақсы дамыған және дұрыс жұмыс жасайтын элементтерлің жолға қойылуы болып табылады. Қазіргі уақытта республикада шағын кәсіпорындардың өміршеңдігін, өркендеуін арттыратын, жаңа отандық қажетсінетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік туғызатын шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралы болып табылатын бизнес-инкубаторлар технопарктер және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орталықтар жұмыстар жасауда. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың республикалық жүйенің дамуын тежеп отырған бірқатар жайттар бар: шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы объектілерін құру жөнінде біріңғай әдістемелік ұсынымдар әзірленген жоқ жергілікті жерлердегі атқарушы өкіметпен өзара іс-қимыл жасау механизмдері жасалған жоқ, т.б.