Шагын бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі2. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Работа содержит 1 файл

Шағын бизнес.doc

— 747.00 Кб (Скачать)

Ұлыбританияда шағын  кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің  әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.

 

Франциядағы шағын  бизнес.

 

Кәсіпорындарды шағын  фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және і\әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар12. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.

Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың орташа көлемі – 7 жұмысшыдан. Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар – 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді:

- «Франциядағы ұсақ  және орташа кәсіпорындары» және  «шағын және орташа кәсіпорындардың  пайдасына 37 шара».

Құжаттардың атының өзі  мемлекеттің шағын бизнестің  дамуына қандай маңыз беретінін  айтады. Егер алғашқы құжат қаржылық – экономикалық қолдауды қарастырса, онда екіншісі ұйымдық - әкімшілікті  қарастырады. Ондағы ең басты пункт  болып тіркелу орталықтарында шағын кәсіпорындарды құруға арыздарды қарастыруға бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін қысқарту, «шағын кәсіпорындарға даму банкін» құру табылады, сонымен бірге әрдайым ірі банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға және шағын кәсіпорындардың пайдасына қаржыландыру тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде территориялық орналастыру және аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны – DATAR келтіруге болады, ол аймақтарда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады. DATAR өндірістік жобаларға егер олар келесідей міндеттерге жауап берсе дотация бөледі:

1. Кәсіпорын территориялық  құрылымның жоспарына айрықша  зонада орналақан болса

2. Кәсіпорынның қалпына  келу жөніндегі құрылған жұмыс  орындарының саны (алғашқы қызметінің 3 жылы – 20жұмыс орны)

Жобаны қолдауда DATAR дотацияларға үштен бірін жобаның басында  ұсынады, ал қалған бөлігін – жобаны жүзеге асыру барысында кезеңдік төлемдер жолымен жүзеге асады. Франция  Үкіметінің басқа шаралары өнеркәсіптік меншік субъъектілеріне салықты қысқарту қағидасын, өнеркәсіпті зерттеу және даму орталықтарын құруды білдіреді.

 

Израильдегі шағын  бизнес.

 

60 ж. бастап Израилде  экономикаға үлкен ықпалды акционерлік  қоғамдар түріндегі ірі кәсіпорындар  көрсетті. Дәл осы сектор үлкен  табыс берді, бірақ 80 ж. аяғындағы Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздану ірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаңа азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуды жылдамдатты. Израиль тәжірибесіене келесідей шараларды:

1. Технопарктердің қызмет  ету қағидалары бойынша технологиялық  «жылы жайларды» құру және  дамыту. Технологиялық «жылы жай»  тәуелсіз заңды тұлғаны, фирма  немесе ассоцияцияны білдіреді. Ол қажетті инфрақұрылымы, ғылыми – зертттеулер құралдары, жұмыс жасау орындары бар кішкентай ұжымдар біріктіреді. Оның қызметі жарғы немесе қоғамдық комитетпен реттеледі. Технологиялық «жылы жайлар» жаңадан құрылған фирмаларды қолдайды. Кейде өнім өткізу кезеңіне дейін жеткізеді.

2. Бизнес «жылы жайларды»  құру. Олар өз басқару органдары,  директорлар кеңесі және де  экономистер, заңгерлері, бухгалтерлері  бар жеке компаниялар. Бизнес  – «жылы жайлар» өз ісін  ашуға ынталы адамдарға, бірақ  ол үшін білімнің жеткіліксіздігі бизнесте бағыттала алмау және ең басты алғашқы капиталдың болмауы кедергі жақсы мүмкіндіктер береді. Екі жыл бойы жобаны құру үшін 300 000 шекелге дейін ақша бөлінеді (81 000 $) Ол жобаға есептелген шығынның 80% жабады, қалған 20 % жеке инвесторлар ұсынады.

3. Ғылыми зерттеулерді  сонымен бірге өнеркәсіпте дайын  өнім өндіруді қаржыландыратын  ғылыми зерттеу ұйымдары мен  қорларын құру.

4. Шағын кәсіпорындар  қорының сауда және өнеркәсіп  министрлігінің жанынан жұмыс  істеу. Қор шағын және орта  бизнеске кәсіпорындардың масштабына байланысты жеңілдік беру жолдарын инвестицияларды жүзеге асырады. Көмек сонымен қатар, егер кәсіпорын несие алу үшін мемлекеттік кепіл алу және жеңілдіктерден қашық аймақтарда орналасса қайтарымсыз ссуда беру арқылы жүзеге асады. Жеңілдіктер көбінесе өнім өндіретін шағын және орта кәсіпорындарға беріледі.

5. Көптеген Израилдік  банктерге шағын бизнеске қолдау  арнайы бөлімшелер бар. Олар  банктік жеңілдіктер, маркетингтік  жеңілдіктер, менеджерлік, консалтингтік  қызметтер көрсетеді, кәсіпорындардың бизнес жоспарларын дамыту жобаларын қарастырады және бағалайды.

6. Шағын және орта  бизнесті қолдаудың маңызды бағыттарының  бірі болып мошав – овдимдерді  қолдау табылады. Ол әрбір жанұя  өз шаруашылығын жүргізіп, өзінің  жерін өңдейтін ауылшаруашылық, поселке. Ал өнімді бөлу және өткізуді ауыл шаруашылық құралдардың сатып алуды коммуналдық қамтамасыз етуді мошава тұрғындары кооперативтік негізде жүзеге асырады. Мошаваларды ауылшаруалық өндірістің бірқатар негізгі бағыттар қалыптасқан:

- сүт шаруашылығы (30 сиырға дейін, орташа көлемі) бір жанұяға га.

- егістік (негізінен  көкөніс және техникалық дақылдар) бір жанұяға Қазақстанның шикізат  ресурстарынан басқа дамыған  ғылымы, біздің еліміздің экономикасы  кезіккен қиындықтарды және алатын  интеллектуалдық потенциалы бар. Оның үстіне республикада өз өндірістерін конверсиялау процесіндегі кәсіпорындар, сонымен бірге негізінде Hitech сферасындағы шағын және орта кәсіпорындады құруға болатын машина жасау зауыттары бар. Біздің экономикамызда болып жатқан құрылымдық өзгерістер дамыған мемлекеттер сонымен бірге Израилдің шағын және орта бизнестің дамуының тәжірибесін есепке алу қажет.

Қысқаша, басқа мемлекеттік  тәжірибесін қарастырайық. Мысалы, Кореяда субконтрактілік кеңінен  тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге шағын және ірі бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж. соңында Оңтүстік – Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5 % құрды, онда 9 млн. адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5 % құрайды. Шағын және орта бизнес Әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.

Енді Литвадағы шағын  кәсіпкерлікті қарастырайық. Қазіргі  уақытта бұл сектор экономика тұрақтануының негізгі фактор болып табылады, оның көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 1/3. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер береді.

- бірінші екі жылдай  пайдаға салық тарифі 70 % проценттен  төмендейді, ал үш жылдан бастап 50 %14. Оның үстіне кәсіпорындарды несиелейтін мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды.

Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың  тиімді саясатын жүргізеді.

Олардың басшылыққа алған  негізгі қағидалары келесілер:

1. Құқықтық және әкімшілік  құрылымдарға негізделген нарықтық  экономикалық саясат.

2. Жаңадан бастап келе  жатқан кәсіпкерлерді оқыту жобалары.

3. Кіші жаңа кәсіпорындар үшін  капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

Жоғарғы үш шартта өте  маңызды. Мысалы, тек ғана оқытып және техникалық беру жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының  қиын заң жүйелеріне тап болды. Мсыалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын бизнесті экономикалық өсудің негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және кәсіпкерліктің гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы кәсіпкерлікке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан фирмалар ашылды.

Мұның барлығы шағын  және орта бизнестің әсер ететін дамыған  инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу  қаржылық ақпаратты дәлме – дәл  және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.

Қазіргі уақытта шағын  және орта бизнестің дамыту процесі  Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ  және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын  бизнес қазіргі қоғам назарының  ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.

Осылайша, шағын бизнестің  болашағы өте жарқын, бастысы –  оны басқара білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚР  шағын  бизнестің  дамуы

2.1. ҚР – дағы  шағын бизнестің жағдайы.

 

Бұл  сұрақта Қазақстандық  кіші  және  орта  кәсіпкерліктің  қазіргі  кезедегі  мен  соңғы  жылдардағы  жағдайы  қарастырылады.

Дамыған  индустриалды  мемлекеттерде  шағын  бизнестің  өзі  ғана  жалпы  ішкі  өнімнің 50% - дан астамын  алады. Біздің  елімізде болса, шағын   бизнесті  және  оған  орта  бизнесті  қосқанның  өзінде  олардың ЖІӨ - гі сыбағалы  үлесі 30% - дан аспайды.  Мәселен, 2002 жылдың  нәтижелері  бойынша  еліміздегі  шағын  және  орта  бизнес  субъектілерінің  жалпы  іші  өнімдегі  үлесі 17%  болды,  ал  2003 жылы бұл  пайыздық  қатынас 20% шамасында  болды. Бұл  статистикалық  мәліметтер  осы  сектордың  ұлттық  экономикасындағы  елеулі   еместігін  көрсетеді.

Бірақ  шағын  бизнес  субъектілерінің  елеулігі  бөлшек  сауда  саласында  байқалады. Осы  саладағы  олардың  үлесі 90% - ға жетеді.

Мұндай жағдайдың  қалыптасуын ең  алдымен  осы  сектордың  бәсекелестік  еместік  қабілетімен   байланысты.

Шағын  және   орта  кәсіпкерлік  секторындағы  қалыптасып  отырған  жағдайдың  қандай  екенін  көру  үшін енді статистикалық  мәліметтерді  келтірейік.

Қазақстандық  экономиканың  соңғы  бес жылдағы  қарқынды  өсуі өзінің  бастауын  әлемдік  рыноктардағы  шикізат  ресурстарына  бағалардың шарықтауынан  және  үкіметтің  сауатты  нарық  реформаларды жүргізуінен  алады.  Олардың  нәтижесінде  Қазақстандық  экономикаға  ақша  массасының (мұнай  долларының  түсімінен) қысымы  артып  барады. Сол  себепті  қазіргі  кезде  біздің  елімізде инвестициялау  объектілерінің  тапшылығы  байқалуда. Сондықтан  көптеген  тұлғалар  өз  істерін  ашуға  тырысуда.

Статистика  бойынша  ҚР – сы агенттігінің  мағлұматтары  бойынша  2004 жылғы  1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде  шағын  бизнестің  130779  субъектілері  тіркелген. Олардың 71,5%  әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы  осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2004 жылдың 1 қаңтарында  белсенді  кіші  кәсіпорындарының  42,2%  саудаға, автомобильдерді жөндеуге   және  үй  шаруашылығы қолдамындағы  өнімдерді өндіруге  мамандырылған. Ал өнеркәсіптік  бағыттағы  әрекет ететін  белсенді  шағын  кәсіпорындардың  үлесі  12,5% , ал осы  кәсіпорындардың 90,2% өңдеу  бойынша  өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асырады /3./.

Жоғарыда келтіріліп  кеткен  статистикалық  мәлеметтерден  көріп  отырғанымыздай  шағын бизнес субъектілері  көбінесе  сауда мен сервис  саласында әрекет  етеді. Ол көбінесе  шағын кәсіпорында ашушылардың бастапқы  қапиталдарының  аздығымен байланысты.  Сондай – ақ, өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асыратын  кіші  бизнес  субъектілерінің  аз  үлесі  мемлекеттік  реттеудің  жетілмегендігімен  және құрал – жабдықтармен  технологияларды  импорттауға  кедендік  төлемдердің  ауыртпалығымен   түсіндіріледі.

Информация о работе Шагын бизнес