Шагын бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі2. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Работа содержит 1 файл

Шағын бизнес.doc

— 747.00 Кб (Скачать)

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды  мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан  экономикалық жағдайда мемлекеттік  тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары шағын  және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік  қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар  әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін  берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

1992 – 96 жылдары кезеңінде  кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен қалыптасуына негіз бола алады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы – 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты7. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 – шағын кәсіпорындар8, және 59244 – қызмет етуші кәсіпорындар болды.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Кез келген процесс сияқты шағын бизнестің дамуы мен  қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік  басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа  басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:

    • жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);
    • ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру);
    • мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру);
    • бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу);

  Осы орайда ұсынғым  келіп отырғаны мәні – шағын  кәсіпкерліктің экономика жағдайын  жақсарту үшін ірі ағымы бар  екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.

 

 

1.3 Шағын бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі

 

Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын  бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте №1)10

1 кесте

 

Дамыған мемлекеттер  тәжірибесі

ҚР деңгейін бағалау

1

Мемлекттік саясат мақсаттарын  анықтайтын кәсіпкерлік қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін әлеуметтік құқықтық актілер болуы. 

Даму үстінде

2

Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру және жүзеге асыру

Даму үстінде

3

Шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың тікелей және жанама шараларының  байланысы 

Жоқ

4

Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті  қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын анықтау

Даму үстінде

5

Шағын бизнес саласындағы  барлық міндеттерді міндеттерді  реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы

Жоқ

6

Орталық, аймақтық және жергілікті билік органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу

Даму үстінде

7

Мемлекеттік билік органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын  ұйымдармен өзара қарым – қатынасы

Жоқ

8

Шағын бизнес саласындағы  мемлекеттік саясатты өзара қарым  – қатынасты қолдауға бағытталған

Даму үстінде


Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан  шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша  қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.

Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.

 

1 – сурет. Ортаның  бизнеске макроықпалы

 

 

Экономикалық

факторлар

     

Бизнесті мемлекеттік  реттеу

 

Ортаның бизнеске макро  ықпалы

 

Әлеуметтік факторлар

Технологиялық

факторлар

   

Ресурстық факторлар

   

 

Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.

 

АҚШ – ғы шағын бизнес .

Әдетте америкалық фирмалардың  көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін  жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет). Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.

 

2 – сурет. АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны

 

Фирма көлемі

Фирма саны

Ірі

1000

Орташа

134000

Шағын

2000000

Шағын кеңселер

3000000


 

АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның  өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын  кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.

Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында  жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын  бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін  және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 %  қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.

Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік  еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер  ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың     бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.

Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын  Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:

    • мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.
    • Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б.

Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор»  термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Әдетте бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар  мен құрал – жабдықтарды бірігіп  қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге  бизнес-инкубатор көрсететін барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы төменірек.

Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер  жатады:

а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;

б) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);

в) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;

Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор.

Америка Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың 90% жуығы – бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес – инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес – инкубаторлардың клиенті – 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл факт Қазақстанда бизнес – инкубаторларды құруда маңызды болып табылады. Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық, мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде бизнес бизнес – инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды әдісі болды.

 

Ұлыбританиядағы шағын  бизнес.

 

Ұлыбритания тәжірибес  көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін  кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

Информация о работе Шагын бизнес