Реферат
тақырыбы бойынша студент семинар
сабағында, конференцияда айтуға болады.
Рефератты
бағалағанда келесі пунктерге баса
назар аударылады:
- жазылған
материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе
білу;
- сұрақтар
қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді
дұрыс қолдана білу;
- рефератты
жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы
болуы;
- Пікір-таласқа
арналған тақырыптар
мен сұрақтар
Бұл жұмыс
түрі топпен бірге жұмыс жасай
білу, ұжымдық жұмыстың ерекшелігін түсіндіреді.
Топпен бірге жұмыс жасағанда келесі шарттарды
есте ұстау қажет:
- Алға қандай
мақсат пен міндеттер қоясыздар? Сіздерден
нені талап етеді?
- Топ мүшелері
қандай рөлдерді ойнауға тура келеді?
Рөлдерді қатысушылардың қабілетіне,
танымына, көзқарасына байланысты бөлу
қажет. Топпен үнемі бірге жұмыс жасасаңыз,
рөлдерді ауыстырып отыруға болады.
- Сіздер біртұтас
командасыз. Сондықтан топтың жеңуі әрқайсыңызға
тікелей байланысты. Егер араларыңызда
келіспеушілік болып жатса, оны жасырмай
жеке бір «ерекше пікір» ретінде көрсетуге
болады.
- Топтағы қарым-қатынас
еркін түрде болуы қажет, бұл сіздің ертең
еңбек ұжымында өзіңізді қалай ұстауға
үйретеді.
Келесі
тақырыптарды оқытушымен бірге таңдап,
семинар сабақтарында өткізуге болады.
АДАМ
ҚҰҚЫҒЫ
- Әлеуметтік-экономикалық
құқықтар мен бостандықтарды
қорғау мәселелері
- Қазақстандағы
жұмыспен қамту қаншалықты өткір мәселеге
айналған?
- Еңбекке құқық
- экономиканың дамуындағы жетістік
пе, әлде кедергі ме?
- Мемлекет
барлық азаматтарын жұмыспен қамти ала
ма?
- Жұмыссыз
қалған адамдар қандай шара қолдану керек?
- Мемлекеттік
органдар қандай шара қолдану керек?
- Жеке
құқықтар мен бостандықтар
- Біздің қоғамымызда
қандай жеке құқықтар мен бостандықтар
сақталған?
- Оны сақтауда
қиындықтар кездеседі ме?
- Мемлекет
тұлға құқығын бұза ма?
- Әрбір азамат
өз жеке құқықтарын қорғау үшін не істеуі
керек?
- Жеке құқықтар
мен бостандықтарды қорғайтын мемлекеттік
немесе қоғамдық ұйымдар бар ма? Олардың
іс-әрекеті қаншалықты тиімді?
- Тұлғаны қорғай
алатын дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекет институттары қалыптасып болды
деп айтуға болады ма?
- Қазақстандағы
білім жүйесі қандай бағытта дамуда? Мемлекет
қандай шаралар қолдануда?
- Білім мекемелерінің
алдында қандай негізгі мәселелер тұр?
- Неліктен
балалардың барлығы мектепке бармайды?
- Өкіметтік
емес ұйымдар не істей алады?
- Бұл мәселені
шешуде мектеп пен биліктің жергілікті
органдары арасында ынтымақтастық бар
деп айтуға болады ма?
- Мектептегі
мәселелерді қоғамдастық пен билік органдары
қалай айтады?
- Тоталитарлық
қоғамдағы адам құқығы
- Тоталитарлық
режим адам құқығын қорғауға қалай қарайды?
- Бостандық
пен теңдік ұғымдары бұл қоғамда қалай
сәйкес келеді?
- Көркем және
тарихи әдебиеттерден мысалдар келтіріңіздер,
оларға анализ жасаңыздар.
- Тұлғаның
толық қанды өмір сүруі үшін не маңызды:
мемлекеттің рұқсаты ма, әлде өзін еркін
сезіну ме? Тоталитаризм жағдайында адам
еркін бола алады ма?
- Адамның
құқығы мен бостандығын
қорғаудағы өкіметтік
емес ұйымдардың орны
- Біздің мемлекетімізде
құқық қорғау ұйымдардың болуына қажеттілік
бар ма?
- Қандай құқық
қорғау ұйымдардың жұмысы туралы білесіз?
Олардың іс-әрекетінің негізгі бағыты
неде?
- Өкіметтік
емес ұйымдардың осы саладағы жұмыстарының
тиімділігі қаншалықты? Сізде азаматтардың
құқығы мен бостандығын қорғаған ұйым
жайында мәліметтер бар ма?
- Мұндай ұйымдардың
бірігіп жұмыс жасауына болады ма?
- Жаңа құқық
қорғау ұйымдарының құрылуы қажет пе?
- Өкіметтік
емес ұйымдар қоғамда адамның құқықтарының
кез келген бұзылуына шыдамдылық танытпау
керектігін қалыптастыра алды ма?
ЖАСТАР
МӘСЕЛЕЛЕРІ
- СПИД
пен наркомания мәселелерін
шешудегі жастар қоғалыстарының
ролі
- Нашақорлық
пен СПИД: қаншалықты қауіпті.
- Мемлекет
қандай шаралар қолдануда?
- Жастар ұйымдары
не жасай алады?
- Жағымды өзгерістер
болып жатыр ма?
- Мемлекет
және жастар: алыстық
немесе достастық?
- Республика
жастарының негізгі мәселелері қандай?
- Жастарға
мемлекет тарапынан көмек қажет пе?
- Жастарға
қатысты мемлекеттің саясаты бар ма?
- Бұл саясатты
қандай мемлекеттік органдар жүргізеді?
- Бұл саясат
қаншалықты тиімді?
- Жастар билікпен
бірге жұмыс жасауға дайын ба?
- Бұл достастыққа
кедергілер болуы мүмкін бе?
- Жастар
мәдениеті: руханисыздық
немесе өзін өзі көрсету
еркіндігі
- Жастарға
мәдениеттің қандай түрлері ұнайды?
- Жастар мәдениеті
деген ерекше мәдениет түрі бола алады
ма?
- Жастар мәдениетінің
негізгі ерекшеліктері.
- Жастар мәдениетін
рухани жағынан жұрдай деп айтуға болады
ма?
- Кейбіреулер
жастар мәдениет бұхаралық мәдениеттің
ең жаман түрі деп қарайды. Сіз онымен
келісесіз бе?
- Жастар мәдениетінің
деңгейін қалай көтеруге болады?
ДЕМОКРАТИЯ:
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕР
- Қазақстандағы
демократиялық құрылысқа өту кезеңдері.
- ТМД – дағы
ұлтаралық келіспеушілік мәселелері.
- Жаңа діндер
мен секталардың таралуы.
- Қалыптасқан
саяси мәдениеттің Қазақстандағы демократияға
әсері.
- Саяси келіспеушілік:
қалай шешуге болады және қоғамдағы келісімді
қалай сақтауға болады?
- Сайлау: саяси
текетірес пе, әлде өркениетті үдеріс
пе?
- Сайлауалды
үгіт-насихат: барлық әдістер адал ма?
- Үкімет және
оппозиция: диалог мүмкін бе?
- Тақырыптық
презентациялар, жобалар
Презентация
мен жоба бойынша жұмыс істеуде қажет
біліктер:
- әртүрлі ақпараттардан
керектіні, негізгіні таба білу;
- мәліметтерді
салыстыру және жинақтай білу;
- деректерге
сыни сараптама жасау және фактіден
субъективті пікірді ажырата білу;
- логикалық
ойлай білу;
- қорытынды
жасай білу;
Бұл жұмыс
түрінде тек ауызша сөз сөйлеу ғана емес,
сонымен бірге, қабырға газеттерін, пресс-релиз,
аудио-видео құрылғылар, значоктар, рәміздер
қолдануға болады
«Біздің
заңдық жобамыз» атты
презентация
Нұсқалар:
елдің конституциясын, партия жарғысын,
университет жалауын, қала таңбасын, топтың
заңын немесе әнұранын жасау. Бұл жағдайда
егер тақырып рәміздерге байланысты болса,
онда оның суретін ғана көрсетпейді, сонымен
бірге оның идеясын, мазмұнын да ашу қажет.
Егер конституция жасау керек болса алдына
ала оның көлемін анықтау қажет. Немесе
белгілі бір тақырыпқа байланысты оның
тек бір бөлімін ғана қысқаша түрде жасауға
болады.
«Сайлау
алдындағы бағдарлама»
атты жоба
Студенттік
топ бірнеше кіші топтарға бөлініп,
жеке-жеке партия бағдарламасын жасауға
болады. Партияның негізгі идеясына байланысты
олар: оңшыл, солшыл, орталық, консерваторлық,
революциялық, оппозициялық, т.б. болуы
мүмкін. Бұл партиялар өз бағдарламаларында
негізгі міндеттері туралы немесе қысқаша
2-3 мәселе төңірегінде өз бағдарламасын
жасайды. Жобаға сайлаушылар да қатысып
өз дауыстарын белгілі бір партияға берулеріне
болады. Мәселені көтергенде оның шешілу
жолдарын өз әлдерінше ұсынуға болады.
Сонымен қатар, партияның аты, ұраны, нысаны
болуы шарт.
Осы тақырыптағы
жобамен қатар келесі тақырыптарды
да таңдауға болады, бұл топтың жеке дайындығы
мен таңдауына байланысты: «Саясаткермен
кезедсу», «Біздің президент қандай болу
қажет?», «Сот отырысы», «Парламент отырысы»,
«Министрлер кеңесі».
6.
Заңдық құжаттармен
немесе көркем
әдебиеттермен жұмыс
Бұл жұмыс
түрінің негізгі мақсаты, студенттердің
бойында аналитикалық қабілеттің қалыптасуын
қадағалау. Бұл жұмыс ерекше дайындықты
қажет етеді. Құжаттың немесе әдебиеттің
ерекшелігін таба білу қажет.
Заңдық
құжаттармен (заң, декларация, конституция
және т.б.) жұмыс жасағанда келесі сұрақтарға
жауап бересіз?
- Бұл құжат
қандай тарихи жағдайда қабылданды?
- Құжаттың
жазылу тарихи туралы не білесіз? Авторлары
кімдер?
- Қоғамның
қай саласына қатысты жазылған?
- Құжаттың
ерекшелігі, жазылу стилі туралы не айта
аласыз?
- Қандай идеяны,
позицияны ұстанады? Осы құжат негізінде
оны жазғандардың сенімдері туралы не
айтуға болады?
- Бұл құжат
тарихта қандай рөл ойнады?
- Бұл құжаттың
қазіргі таңдағы маңызы туралы не айта
аласыз?
Көркем
әдебиеттермен жұмыс жасау: Бұл
әдебиеттің ерекшелігі авторлар көбіне
айтқысы келген жеке ойларын астыртын
кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы,
сөздері арқылы, қандай да оқиға арқылы
жеткізеді. Сондықтан негізгі міндет автордың
ойын кейіпкердің ойынан ажырата білу
немесе осы әдеби шығарма арқылы автордың
ойын анықтай білу қажет. Осыған байланысты
келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
- Қандай тарихи
оқиғалар шығарманың негізін құрады?
- Неліктен
автор тек осы оқиғаларды алды?
- Оқиғаларды
баяндай отырып автор қандай көзқарасты
ұстанады?
- Қай кейіпкерлер
автордың позициясына жақын?
- Қаншалықты
автордың айтар ойы бұгінгі күнде маңызды?
- Егер бұл
оқиға қазіргі кезде болған болса сіз
қалай аяқтар едіңіз?
1.9.
ПӘН БОЙЫНША КУРСТЫҚ
ЖОБАЛАР – жазылмайды.
1.10.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН
МАТЕРИАЛДАР
1. Қазақстанда
саясаттанудың кеш оқытыла бастауының
себебін көрсетіңіз.
2. Гуманитарлық
емес мамандықтарда саясаттанудың
оқытылу маңыздылығын түсіндіріңіз.
3. Кесте
әзірлеу. «Саясат туралы анықтамалар»
4. Кесте
әзірлеу. «Саясаттану әдістері»
№ |
Әдістің
аталуы |
Негізгі
мазмұны |
|
|
|
5. Саясаттың
деңгейлері бойынша Қазақстандағы
саясатты салыстырып көріңіз.
6. Кесте
толтырыңыз. «Саяси ойдың даму
кезеңдері»
Уақыты |
Ойшыл |
Негізгі
идеясы |
Еңбектері
|
|
|
|
|
7. Саяси
ойдың даму кезеңдеріне байланысты
салыстырмалы сараптама жасаңыз.