Ұсақ (шағын) бизнес: шетелдік тәжірибе және Қазақстан Республикасында қалыптасып даму мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 06:37, курсовая работа

Описание работы

Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% болды. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3-4
Шағын бизнестің мәні, құрылымы және әлемдік экономикадағы орны.
Шағын бизнестің мәні, құрылымы, функциясы..........................................5-7
Шағын бизнестің әлемдік экономикадағы орны........................................7-8
Шағын бизнестің даму кезеңдері................................................................9-10
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасып даму мәселесі және шетелдік тәжірибе.

Шағын бизнестің шетелдік даму мәселесі...............................................11-16
Қазақстанның шағын бизнесінің экономикадағы орны және даму ерекшеліктері........................................................................................................16-18
Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және ондағы кедергілер..............................................................................................................19-22
Қазақстан Республикасының шағын бизнесті дамыту болашағы және оны жетілдіру шарттары.............................................................................................22-26

Қорытынды.................................................................................................................27
Қосымшалар..........................................................................................................28-30

Работа содержит 1 файл

Ираглиева Малика.docx

— 100.21 Кб (Скачать)

    Ақтөбе облысы 9,5 балл,

    Қостанай облысы 9,33 балл,

    Қарағанды облысы 9,17 балл.

    Астана қаласы 9,17 балл.

  1. Шағын кәсіпкерліктің даму динамикасы орташа категориясына:   

    Батыс Қазақстан  облысы 8,5 балл,

    Солтүстік Қазақстан  облысы 7,0 балл,

    Алматы қаласы 8,42 балл

    Жамбыл облысы 6,83 балл

    Алматы облысы 8,17 балл 

    Қызылорда облысы 6,75 балл        

  1. Шағын кәсіпкерліктің даму динамикасы төмен категориясына:

     Шығыс Қазақстан облысы 4,67,

     Оңтүстік Қазақстан  облысы 3,75 балл 

     Павлодар облысы 3,33 балл.

 

      Бұдан шығатын қорытынды бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамытуға бөгет болып отырған және алдағы уақытта жасалатын бағдарламалар өз шешімін табуға тиіс екенін көруге болады.

      Жалпы аймақтық негізінде шағын кәсіпорындардың орналасуы сол аймақтың ерекшелік сипаттарына байланысты және еліміздегі өзгерістерге де тәуелді.

       Жоғарыдағы шағын кәсіпкерлік қызметін республика денгейінде қарастыру енгізігенде елімізде шағын кәсіпкерлік қалыптасты деп айтуға болады.

 

    1. Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және ондағы кедергілер

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы басымдықтардың бірі » деп өз Жолдауында атап өтті. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен мән беріліп отыр.

Экономикалық дамудың  осы кезеңiнде мемлекеттiң негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын  жасау болуы тиiс.  
        Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы - бұл субъектiлердiң дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерлiктiң дамуы үшiн қажеттi қызмет көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бiрлестiктердiң жиынтығы /13 /.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап шағын бизнес мемлекетте үдемелі  көрініске айналды. 2000-2010 жылдары  шағын бизнестің белсенді субьктілері 6 есеге көбейді және 667 225 бірлікті құрайды. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің  тауар өндіруі 26,4 есеге көбейді және ол 2317,9 млрд.тенге ал жұмыспен қамтылғандар саны 2,8 есеге көбейіп 1 831 мың бірлікті құрады.    

 Бұл ретте, қаржыландыру көлемi  белгiленген тәртiппен тиiстi жыл бюджетiн қалыптастыру  мен нақтылау кезiнде нақтыланады. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн қаржыландыруға ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады.

Осы жылдары мемлекет шағын және орта бизнесті қолдау шараларын жоспарлы түрде жүзеге асырды, яғни мемлекеттің салалық бағдарламаларын қабылдап іске асыру арқылы. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлердің мақсаты қызмет саласын барынша кеңейтуге және оларды жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру есебiнен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.

1992 жылы 4 шілдеде  Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңы қабылданды, осы Заң жеке кәсiпкерлiктi қорғау мен оны қолдаудың негiзгi түрлерi мен әдiстерiн белгiлейдi, мемлекеттiң жеке кәсiпкерлiк қызметке тiкелей араласудан бас тарту саясатын, жеке кәсiпкерлердiң барынша еркiндiгiн, коммерциялық құпияның қорғалуын және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жеке кәсiпкерлердiң хұқықтарын бұзғаны үшiн жауаптылығын баянды етедi. /14/

Шағын бизнестің тұрақты дамуын, басты экономикалық салаларда өз үлесін арттыруын және жаңа жұмыс  орындарының көбеюін қамтамасыз ету мақсатында 1999-2000 жж. және 2001-2002 жж. Қақазстан Републикасында Мемлекеттік  даму және қолдау  бағдарламалары жүзеге асты. 2005-2006 жылдары елімізде бағдарламаларды iске асырудың нәтижесiнде мынандай өзгертулер мен жұмыстар атқарылыды:

  • 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының бiрқатар заңнамалық кесiмдерi әзiрленедi және қабылданады;
  • 2005 жылы кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың экономикалық моделi әзiрлендi;
  • 2005 жылы Үлкен қаржылық маркет құрылды;
  • 2005-2006 жылдары кезеңiмен мемлекеттiң бейiндi емес функцияларын шағын және орта кәсiпкерлiкке беру жүргiзiлдi/15/.

Шағын кәсіпорындардың басымды  бағыттарын анықтап, дамыту, шағын кәсіпорындардың  ірі өндірістік кешендерімен кооперациялық  байланыстарын дамыту бағдарламаларын  әзірлеу, ақпарат тарату және лицензия беру арқылы ғылыми-техникалық жетістіктерге  қол жеткізу үшін жағдай жасау, ғалымды  көп қажетсінетін, қарқынды дамып  келе жатқан өндірістерде жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін жеделдетілген амортизация  саясатын жүргізу, сондай-ақ жаңа технология, өнім мен қызмет әзірлеумен айналысатын  кәсіпорындарға салықтық жеңілдікті негіздеп беру, ғылыми-техникалық жетістіктерді  игеру  үшін мемлекет тарапынан қаржылық және инвестициялық қолдау көрсету қажет.

Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қабылданған 2002 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған жеделдетілген іс-шаралар бағдарламасы  қабылданған болатын. Осы Бағдарламаға сәйкес мемлекеттің бастамасы бойынша құрылған қаржы институттарына келесі ұйымдар кіреді:

«Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ мен өңірлік филиалдары, лизингтік компаиялар, микрокредиттік және микроқаржылық ұйымдар /16,-173б./.

«Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қорын» АҚ құру шағын бизнесті қолдаудағы ірі шаралардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің субьектілерінің қалыптасуын ынталандыру және экономикалық өсу, шағын бизнесті қолдауға арналған мемлекеттің қаржыларын тиімді пайдалану осының барлығы қордың негізгі мақсаттары.

Шағын және жеке кәсіпкерлік  туралы ұғым 1997 жылы 19 маусым күні «Жеке  кәсіпкерлік туралы» және «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы»   қабылданған заңда енгізілген.

Бизнестің дамуына бөгет  жасайтын әкімшілік кедергілерді жою  және бизнес ахуалын жақсарту мемлекеттік  органдардың алдында тұрган нақты  мақсаттар. 

     Бизнесті жургізуіндегі әкімшілік кедергілерді жою қажеттілігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында айрықша атап көрсетілген. Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне әрбір кәсіпкер заңға қайшы келетін әрекеттер фактілері бойынша немесе құқық қорғау органдарының тексерісі жөнінде өтініштерін білдіру үшін арнайы интернет-блог ұйымдастыруға тапсырма берді. Әкімшілікке, Бас прокуратураға және «Нұр Отан» партиясына жолданған әрбір өтініш бойынша шаралар қабылдану қажет. Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мәселесіне қатысты, Мемлекет басшысы Үкіметке «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында әлемдік дағдарыс салдарынан күрделі жағдайда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға көмектесудің тетіктеріне ерекше назар аудару туралы тапсырма берді. Бұл сондай-ақ банктерге берілген кредиттердің өсуіне байланысты қиындықтарды еңсеруге көмек көрсету болып табылады. Бұдан басқа, Жол картасында субсидия, кепілдік беру, инфрақұрылым құрылысы және жұмысшыларды қайта даярлау тетіктерін қайта қарастыру қажет. Банктер өз тарапынан кәсіпкерлерге қол ұшын беруді де қарастырулары керек деген тапсырмалар жүктелді.

Кәсіпкерлікке тән әкімшілік  кедергілер-бизнесті ашу сатысында  немесе әрекеті барысында рұқсат құжаттарын алуда пайда болатын  әкімшілік бөгеттер. Мысалы, үдеріс өте көп сатылы, қиын, өте қымбат, түсініксіз, логика бойынша жүйесіз  немесе тіпті қайшылықты болып келеді.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуында мынандай проблемалар қордаланған:

  • Экономикада кәсіпкердіктің аз нысаны жұмыс істейді.
  • Қазақстандық ұсақ кәсіпкеліктің түрлері нашар әртараптандырылған  және олар технологиялық жағынын артта қалған/17,-175б./.

Қазақстан Республикасында 2006 жылы 31 қаңтарда «Жеке кәсіпкерлік  туралы» Заң қабылданды. Мазмұнына  қарай бұл Заң шағын кәсіпкерліктің  жеке тұлға мен заңды тұлға  қарым-қатынасын одан әрі тиімді реттеу негізінде құрылған

Қаржылық дағдарыстың  шағын бизнеске кері әсерін азайту үшін Қазақстанның үкіметі 2007 жылы қабылданған  дағдарысқа қарсы саясатында қаржылық қолдау Тұрақтылық Бағдарламасы I II III транш және «Даму-Аймақ» ШОК субьектілері   арқылы жүзеге асып оты /18/. «Даму» қоры 2009-2019 жылдарға арналған он жылдық стратегиялық даму бағдарын айқындап, осы кезеңде 13 қаржылық бағдарламаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Ол бағдарламалардың ішінде «Тұрақтылық», «Даму-Өндіріс», «Даму-Аймақ» сияқты бүгінде жақсы жұмыс істеп тұрған бағдарламалар бар. «Даму-Аймақ» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры 51 заим алушыға 3,4 миллиард теңге көлемінде несие беріп, осының арқасында 160 жұмыс орны құрылды. Ал, тұрақтандыру бағдарламасы бойынша 3,8 миллиард теңгенің 118 жобасы іске қосылып, жаңадан 396 жұмыс орны ашылды. «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша 2,1 миллиард теңгенің 22 жобасы іске қосылды /19/.

2008 жылдан 2010 жылға дейін  шағын және орта бизнес саласына  мемлекеттен 514 млрд.тенге қаржылай  қолдау көрсетілді. 10 мыңнан аса  кәсіпорындарды қолдауға және 13000 жұмыс орнын сақтап қалуға  септігін тигізді. 

Осыған қоса жоғарыда айтылған істерді орындауда 2009 жылы 17 шілдеде  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Сонымен қатар 72 заңнамалық актіге және 8 кодеске өзгертулер енгізілді /20/.

Даму қорының 2010 жылғы  жұмыс нәтижелері мен 2011 жылға арналған жоспарлары туралы айтатын болсақ 10 537 қарыз алушы 513 млрд. 428 млн. теңге сомаға қаржыландырылды. Соның арқасында 19 784 жұмыс орны жаңадан құрылды және бар жұмыс орындары сақтап қалынды. 2010 жылдан бастап Қор қаржы агенті және үйлестіруші ретінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Жалпы алғанда 2010 жылы құны 91,6 млрд. теңгелік 73 жоба субсидияланып, төленген субсидиялар сомасы 983,7 млн. теңгені құрады. 2011 жылға арналған Қордың қолданыстағы және жаңа бағдарламалары бойынша әріптес-банктердің игеретін қаражатының жобалық мөлшері 112 млрд. теңге шамасында болады, оның ішінде 34,5 млрд. теңге жаңа бағдарламаларға бағытталады деп күтілуде. Бұл сомаға Қор 2011 жылы кредиттеу, лизинг, факторинг және т.б. құралдар арқылы қаржылық қолдау көрсетуді көздеп отыр /21/.

Қойылған мақсаттарға  жету мемлекет пен кәсіпкерлердің бірігіп жұмыс істеу арқасында сәттілікке жетеді.

 

 

 

    1.   Қазақстан Республикасының шағын бизнесті дамыту болашағы және оны жетілдіру шарттары

 

Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің  қосар үлесі зор. Дамыған елдерде  экономиканың қомақты бөлігін осы  шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан  біздің елімізде де шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне  айрықша көңіл бөлуде. Азаматтар  жеке кәсіпкерлігін жүргізуге талпынса, ол ауданның атқарушы органдарынан да, кәсіпкерлік бөлімінен де қолдау тауып, көздеген мақсатына жедел  қол жеткізеді. 

Шағын және орта кәсіпкерліктің болашақта дамуын болжамдаудың тиімді әдістері мен әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалын арттырудың ұтымды бағыттары тарауында экономика-математикалық әдістердің көмегімен шағын және орта кәсіпкерліктің болашақта дамуына болжамдау жасап, әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалын арттыру тетігі ретінде технобақтар мен бизнес инкубаторлар, аутсорсинг жүйесі қарастырылды .

Ірі кәсіпорындардың көпшілігі  шағын бизнесті өзінің сенімді серіктесі  ретінде санамайды.  Сондықтан, ірі ұлттық және жеке компаниялар мен шағын және орта кәсіпорындар арасындағы қарым - қатынасты реттейтін үш сатылы бағытты ұсынып отырмыз:

Бірінші саты, қазақстандық ірі өнеркәсіптік кәсіпорыны жылына 500 миллион доллар болатын 20 000 түрлі  тауарлар мен қызметтерді ресей, қытай, және батыс елдерінің мердігерлерінен  сатып алады. Осы себептен жүйені құраушы компанияларға қажетті  импорт алмастырушы өнімді өндіруде Ұлттық  компаниялар мен аймақтардағы жеке меншіктегі ірі компаниялардың шағын кәсіпорындармен әрекеттесуіне, объективті алғышарттары бар деп  айта аламыз.

Екінші саты, тендрді жеңіп  алған кәсіпорын территориясында  бизнес инкубаторды ұйымдастыру. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Информация о работе Ұсақ (шағын) бизнес: шетелдік тәжірибе және Қазақстан Республикасында қалыптасып даму мәселесі