ҚР инвестициялық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 11:55, курсовая работа

Описание работы

2010ж. бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ.............................3
1.1 Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі .........................................................5
1.2 Инвестициялық саясатты ұйымдастыру...........................................................9
1.3 Инвестициялық саясаттың шетелдік тәжірибесі ...........................................10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ................................................................14
2.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу...............................................14
2.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі.........................16
2.3 Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуі.......................................19
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................26

Работа содержит 1 файл

ҚР Инвестициялық саясат курстық жұмыс.doc

— 259.00 Кб (Скачать)

     Инвестициялық преференциялар (салық және кеден  жеңілдіктері, мемлекеттік заттай гранттар) мемлекеттік инвестициялық саясаттың маңызды құралы болады. Шетелдік және отандық инвесторларды мемлекеттік қолдау жүйесі инвестициялық преференциялар алудың инвесторлардың негізгі құралдарға инвестиция салу, сондай- ақ салық төлеуден босатуды оның мерзімін кейінге қалдырумен (жедел амортизация) алмастыру және жер салығы бойынша жеңілдіктерді алып тастау есебінен бәсекелестік ортаны сауықтыру жөніндегі міндеттемелерді орындауына неғұрлым қатаң тәуелді болуын көздейтін болады.

     Тікелей инвестициялардағы едәуір үлесті жер қойнауын пайдалану инвестициясы иеленеді, ол басқа салаларды дамытуға мультипликативті (еселенген) нәтижесін тигізе алар еді. Бұл нәтижеге ие болу үшін жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарт жасаған кезде отандық кәсіпорындарға жабдықтар мен қосалқы бөлшектер беруге, отандық жұмысшылар мен мамандарды тартуға, әлеуметтік объектілер салу мен жөндеуге қаражат аударуға тапсырыстар орналастыру бөлігінде инвесторлардың міндеттемелерін ескерту қажет.

     Ұлттық  мүдделерді сақтау үшін шетелдік инвесторлардың нарыққа монополистік бақылау орнатуына жол беруге болмайды, салық төлеуден жалтару мақсатында трансферттік баға белгілеуді пайдаланудың жолын кесу керек.

     Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық мүдделеріне  қайшы келген жағдайда шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттарды қайта қарауға батыл бару қажет.

     Мемлекеттің инвестициялық саясатының басты  мақсаты ол капитал салымдарын қаржыландырудың  бюджеттік емес көздерін кеңейту  және отандық және шетел инвестицияларын  тартуды нормативтік- заңнамалық негізде және мемлекеттің нәтижелі инвестициялық жобаларды қолдау арқылы жағымды орта қалыптастыру болып табылады.

     Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан- 2030» деп аталатын ұзақ мерзімдік стртегиясында атап көрсетілген, яғни стратегияда былай деп айтылған: «Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуте ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел инвестицияларынын, неғұрлым либералды режимін орнатуды талап етеді. Тек осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз.  Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық, тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және либералды инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.  Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мумкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз».

     Осылайша, біз инвестицияны тартудың саясатының мақсатын қарастыруға тырыстық- бұл  экономикалық артта қалушылықтың алдын  алу, ел тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруды инвестицияны пайдалану негізінде жүзеге асыру, ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құруда шетел инвестициясын пайдалану. Бұл стратегиялық мақсатты орындау экспорттық потенциалдың дамуын, импортталатын тауарды алмастырушы отандық кәсіпорындарды дамыту, салықтық түсімдерді арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқа  жетістіктерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ҚОРЫТЫНДЫ

     Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

     - Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

     - Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

     - Шетелдік инвестициялырды тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

     Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу  және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР Президенті бекітетін крделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

     Іс  жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді  көздейтін мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық  саясатының бағыттары мен көрсеткіштері  сандық жағынан айқындалып, атқарылатын  мерзімі бойынша анықталуға тиіс.

     Ал  бұл, өз кезегінде, мүдделер, ресурстық база, механизмдер, объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың, аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді.

     Құрылымдық–инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі–басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасы белгілеу – бұл жоғарыда аталған резервтерді арттырудың қамтамасыз етеді. Бұл істе қарастырылып отырған салалар кәсіпорындарының пайдасына салынатын салықты азайту (жеңілдікпен салық салу), сондай – ақ инновациялық  қызметке, әсіресе жаңа ғылыми – техникалық жетістіктерді ендіруге бағытталған пайда бөлігін  тұтастай  салықтан босату маңызды рол атқарады.

     Мұндай  қызмет жеңілдікпен несие беру механизмі  мен салықтық несие бөлу арқылы да ынталандыруы шарт. Бірақ, бұл механизм егер де басымды салалар бойынша таңдап алынған инвестициялық жобаларға жеңілдікпен несие  бөлінсе ғана тиімді нәтиже береді. Осыған байланысты, қарастырылған инвестициалық жобаларды жеңілдікпен несиелеу қызметін атқаратын банктер (әсіресе коммерциалық) моральдық және материалдық қолдау табатындай жағдай жасалса – бұл аса маңызды шара болар еді.

     Егер  отандық және шетелдік инвесторлар  басымды салалар объектілеріне  көңіл бөлсе ғана салықтық жеңілдіктер  жасалуы керек. Бірінші кезекте ішкі (отандық) несие қорларын қолдануға көңіл бөлу қажет, өйткені шетелдік несиелер, жоғарыда атап өтілгеніндей, нәтижесінде мемлекетке 2-3 есе қымбатқа түседі. Ерекше атап өтетін тағы да бір мәселе, жеңілдікпен салық салу

     - қалдықсыз және экономикалық жағынан тиімді технологияларды қолдануға негізделген инвестициалық жобаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ететін инвесторларға қолданылуы тиіс.

     Егер  кәсіпорындар мен инвестициалық  жобаларды шикізатпен, техникамен, құрал – жабдықтармен және т.б. импорт есебінен қамтамасыз ету көзделген болса, онда басымды салалардың (аймақтар) барынша қарқынды дамуы үшін жеңілдікпен кедендік алымдар алуды ұйымдастырудың да маңызы бар. Алайда импортты алмастыратын отандық өнім өндірісі көп жағдайда өте тиімді екенін тағы да атап өткен жөн. Нақтылы осы мақсатта басымды салалар мен өндірістер жүйесінде кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыру механизмдерін барынша батыл түрде қолдану керек.

     Қорыта  келе айтарымыз, жоғарыда аталған  механизмдер ұзақ мерзімге бағытталған тиісті заңды – құқықтық негізін жасаған жағдайда ғана тиімді ықпал ете алады. Осы негіздің мазмұнына үнемі өзгеріс енгізу (қазақстандағыдай) инвестициялық процестердің баяулауына және құрылымды құрайтын салалар инвестициялық жобаларының іске аспауына алып келетіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл әсіресе, әріптестерімен шаруашылық мәселелерін шешу кезінде өте сақтықпен қарау қарау қағидасын ұстанатын шетелдік инвесторларға қатысты. Заңдардың тұрақсыздығы – күрделі, құрылымды құраушы өндірістер туралы шешім қабылдауда отандық инвесторларды да алшақтатады. Өйткені бұл жерде үлкен тәуекелге баруға тура келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Н.Ә.Назарбаев Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009
  2. Молдабекова А.  Инвестиции и пути  повышения    их   эффективности //  Финансы и   кредиты.- 2009.- № 2.- 2б.
  3. Республике Казахстан.// Авторефрерат.-Алматы 2009,2б.
  4. Қазақстан Республикасының кодексіне түсініктеме// Қазақстан Республикасы Салық қызметінің жаршысы. Арнайы басылым.-2009-20 қаңтар.-112-119 б.
  5. Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2006-2015 годы (утверждена Указом Президента РК от 17 мая 2006 года N 1096)

6.Д.Г.Черник, А.П.Починок, В.П.морозов. Основы  налоговой системы. 2-е изд.-Москва: «Юнити», 2000 г,12-19 бб.

7. Под ред. Д.Г. Черник . Налоги. – Москва: Финансы и статистика, 1995,40б.

8. Қазақстан  Республикасының 2020 жылға дейінгі  Стратегиялық даму жоспры. -2020. -5б.

9. С.Құлпыбаев, Ильсов К.К. «Қаржы-Қаражат», 2003, 25б.

10. Кодекс Республики Казахстан о налогах и других обязательных  платежах в бюджет (налоговый кодекс) // Официальная газета. – 2008. №26. – 62-64бб.

Информация о работе ҚР инвестициялық саясат