Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 11:55, курсовая работа
2010ж. бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ.............................3
1.1 Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі .........................................................5
1.2 Инвестициялық саясатты ұйымдастыру...........................................................9
1.3 Инвестициялық саясаттың шетелдік тәжірибесі ...........................................10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ................................................................14
2.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу...............................................14
2.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі.........................16
2.3 Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуі.......................................19
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................26
Вьетнамдағы инвестициялық климатқа ЖІӨ-нің, экспорт тың жоғары темпі, экономиканың кризиссіз жағдайы әсер етеді. Өнеркәсіптің және ауылшаруашылығы өнімдері ішкі нарықты толтырып, азық- түліктік мәселені шешті. әлемде күрішті экспорттаушы елдерден Вьетнам Таиландтан кейінгі екінші орынға шықты.
Вьетнам мемлекетінде 2009 жылы 2020 жылға арналған стратегия мен 2009- 2010 жылдарға арналған экономикалық- әлеуметтік жоспар қабылданды.
PPP- нің (Purchasing power parity) есебінде алдағы 10 жылда елдің ЖІӨмі 2,1- ге, яғни 94- 98 млрд. АҚШ долларына артуы керек деп күтілуде. 2010 жылы жан басына шаққанда 1050-1100 АҚШ долларын құрау керек, ол қазіргі кездегі қытайлық дәрежеге тең.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін отандық және шетелдік инвесторлардың қолдауымен бағдарламалар жүзеге асырылу керек. Барлық инвестициялық жобалар екі категорияға бөлінеді: А категориясына өнеркәсіптік және өндірістік- экспорттық аймақтар инфрақұрылымын құруға арналған инвестициялар; ДСҰ схемалары бойынша жобалар, теңіз порттарының, теңіз және әуе тасымалдарымен байланысты аэродромдар құрылысы; телекоммуникациялар мен байланыстарда жетілдіруге инвестициялар жатады. Оларға, сонымен қатар, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, ғылыми зерттеулер, фармацевтикалық өнеркәсіп, сақтандыру, қаржы және аудит; сирек кездесетін пайдалы қазбаларды барлау және табу; тұрғын үй кешендерінің құрылысы; қорғаныс және қауіпсіздік саласында жобалар жасау; инвестиция көлемі 40 млрд. Доллардан аспайтын электроэнергетика саласында, пайдалы қазбалар табу, металлургияда, цемент өндіру, машина құрылысы саласында, химия өнеркәсібінде, қонақ үй шаруасы және қозғалмайтын мүлік, туристтік сауықтыру кешендерін құру жөніндегі жобалар жатады; қалалық территорияда ауданы 5 га-дан аспайтын жерді пайдаланатын жобалар, сонымен қатар, қалалық емес аудандарда 50 га-дан жоғары мөлшердегі жерлерді пайдаланумен байланысты жобаларды кіргіземіз. А категориясына кіретін жобаларды жүзеге асыру үшін ВСР Премьер- Министрінің рұқсаты керек.
В категориясындағы жобалар бойынша шешімдер өнеркәсіп және инвестиция Министрлері деңгейінде, провинциялардағы халық комитеті немесе өндірістік және өндірісті экспорттаушы аймақтардың әкімшіліктері деңгейінде қарастырылады. Шағын және орта деңгейдегі жобалар (40 млн-ға дейінгі) орталықтық келісімінсіз тек провинциялар басшыларымен шешіле береді.
Вьетнамға шетелдік тікелей инвестициялар үлкен халықаралық экономикалық көмек ретінде де тартылды, олар халықаралық қаржылық ұйымдардан келді: Париждік донорлық Клубі, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Банк. Вьетнамда халықаралық қаржылық көмек шетелдік инвестициялардан кейінгі екінші орындағы сыртқы көлемді инвестициялық ресурс болып табылады. Донорлық бірлестік пен Вьетнам мемлекеттері арасындағы келісім бойынша 2009- 2010 жылдары 14 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлініп отыр.
Шетел капиталын пайдалана отырып, яғни тиімді инвестициялық саясат жүргізе отырып Вьетнам үкіметі тұрақты дамушы мемлекет ретінде көрініп отыр.
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ
ЖЕТІЛДІРУ
2.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезеңінде экономиканы инвестициялау үрдісін реттеуде басты рөл мемлекетке беріледі, ол өзінің мақсатты бағытталған саясатымен сол үрдісті ынталандырады.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектi мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi. Инвестициялық тартымдылықты арттыруда мемлекеттiк реттеудiң қызметтерiн, түрлерiн және әдiстерiн қаратстырайық.
Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн:1.Шетелдiк капиталды тарту кезеңi; 2.Тартылған капиталды қолдану кезеңi;
Шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет қызметтерi мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және акционерлiк емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды халықаралық кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi талап етедi. Қазақстанда “Сыртқы қарыздарды басқару” туралы жаңа заң жобасына сәйкес инвестициялық жобаларды iрiктеудiң келесiдей механизмi қабылданды. Негiзiнен бұл Қазақстан Республикасы мемлекетi тарапынан кепiлдiкке ие несиелер арқылы қаржыландырылуын талап ететiн жобалар.
Мемлекеттiк кепiлдiктер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен мемлекеттiк емес сыртқы заемдердiң есебiнен қаржыландыруға ұйғарылатын, Қазақстан Республикасының үкiметiн жыл сайын бекiтiлетiн экономиканың басым секторларының тiзiмiне сәйкес берiледi. Бұл тiзiм баршаны хабардар ету үшiн мiндеттi түрде жариялануы тиiс.
1. Кәсiпкерлiктiң акционерлiк емес әдiстерiн реттеу. Бұл процесс әлемде және тiптi ТМД-нiң көптеген елдерiнде танымалы емес, бiрақ Қазақстанда үлкен өрiс ала отырып, мемлекет тарапынан әсiресе шетел фирмаларын тарту кезеңiнде тиянақты жұмысты талап етедi. Мемлекеттiк реттеу басқарылуға берiлетiн кәсiпорындарды өзiн iрiктеуден басталады. Кәсiпорын өзiнiң көтерiлуi үшiн аса көп инвестициялық ресурстарды талап ететiн және зиянды болу керек. Реттеудiң негiзгi механизмi iрi эксперттердi тартумен өтетiн конкурстың ашық механизмi болып табылады. Кәсiпорынды басқаруға беру туралы шешiм тек инвесторлардың ұсынып отырған шарттары және оның мемлекетке пайдалылығы тиянақты өлшенгеннен кейiн қабылданады.
2. Халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi түрлерiн реттеу ақша-несие, қаржы және экономикалық саясат тетіктері және де шетелдiк инвестиция бойынша арнайы заң көмегiмен жүзеге асырылады. Осы факторлар мемлекетте инвестициялық хал-ахуалды түзедi. Экономикалық практикада кең тараған рычаг шетелдiк инвестицияны ынталандырудың салықтық механизмiн қолдану болып табылады.[7,40 б.]
Мемлекеттің шетел капиталын тарту және оның қызмет етуі бірқатар нормативті-құқықтық құжаттар негізінде реттеледі. Олар үш топты құрайды.
Бірінші топқа Қазақстан мүше болған халықаралық келісімдер мен мәмілелер. Олар: көпжақты келісімдер (мысалы, 1988 жылғы Сеулдегі конференция келісімі, оған сәйкес шетелдік инвестицияны жеке және мемлекеттік сақтандыру жүйесі көпжақты халықаралық сақтандырумен толықтырылады); екіжақты кепілдеме, инвестицияны қорғау мен қолдау туралы екіжақты келісімдер («типтік» жоба бойынша) Қазақстан мен АҚШ, Польша, Болгария, Греция, Куба, Румыния, Дания, Словакия, Чехия, Вьетнам, Португалия арасында жасалған; мүлік пен табысқа салынатын екі еселенген салықтың алынып тасталуына мүмкіндік беретін нормативтік актілер. Олар бейрезиденттердің табыстарының белгілі бір түрлеріне арнайы салық ставкаларын енгізеді. Қазақстан мұндай келісімді бірқатар елдермен, оның ішінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франциямен жасасты. Бұл келісімдер ұлттық заңнамаға әсер етеді.
Екінші топқа республикалық сипаттағы негізгі, басты нормативтік актілер жатады. Олар елдің саяси-экономикалық дәрежесін, шаруашылықтың принциптері мен формаларын, экономикалық қатынастардың қалыптасуы мен дамуын анықтайды. Бұл тәріздес құжаттардың тікелей әсері болмағанымен, Қазақстандағы шетел капиталының қызметі ең алдымен осыларға бағынуы керек. Олар: Қазақстан Республикасының Азаматтық, Салық кодекстері, жекешелендіру туралы, акционерлік қоғамдар, кедендік тарифтер, ішкі сату қызметін мемлекетік реттеу туралы Заңдар және т.б.
Үшінші топқа Қазақстандағы шетелдік капиталдың ағыны мен қызметін реттейтін құжаттар кіреді. Олар: заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сонымен қатар, ведомстволық номативті-құқықтық актілер, нұсқаулықтар мен бұйрықтар т.б.
Қазақстандағы
мемлекеттік инвестициялар
“Инвестициялық
жекешелендіру қорлары
Осы Заңдардың және нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануын инвестицияларды тарту салдарында шығарылған заңнамалық негіздің қалануының бірінші кезеңі деп атауға болады.
Екінші кезең деп (1997-2005 жылдар) шетел инвестициялары туралы заңнаманың жаңаруы және дамуы болып табылады.
Үшінші кезең (2006- қазіргі уақыт) «Шетел инвестициялары туралы» ҚР Заңының инвестициялар саласындағы соңғы нормативтік актіні қабылдау күнінен басталды.
Сарапшылардың баға беруі бойынша «Шетел инвестициялары туралы» ҚР Заңы ТМД-дағы бірден-бір күшті Заң болып табылады, оған себеп заң құрылымында шетел инвесторларына басымды кепілдік беру болып табылады: заң өзгеруіне кепілдік (6-бап); экспропирациядан кепілдік (7-бап); мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың заңсыз іс-әрекетінен кепілдік (8-бап); шетел инвесторларына өтемақы төлеу және шығындырының орнын толтыру (9-бап); кірісті қолдануға кепілдік (10-бап); өз валюталық қаражатын қолдануға кепілдік (11-бап); шетел инвесторлары қызметінің ашықтығы (12-бап); мемлекеттік тексеріс кезіндегі кепілдік (13-бап) [8]
Қазақстан
Республикасының инвестициялық іс-әрекетті
реттеудің тиімділігін жүзеге асыру мақсатында
жаңа Салық кодексі жасалды. Жаңа салық
кодексі бюджеттің кіріс бөлігін тұрақты
түрде өсіруге және салықтық саясатта
әділеттктің мейлінше орнығуына жол ашпақ.
Салық кодексінің қабылдануы Қазақстанда
инвестициялық климатты жақсартады деген
сенімдеміз. Шикізаттық емес секторға
салық машақаттарын төмендету үшін корпоративтік
табыс салығын 2009 жылы 30%-дан 20% дейін, 2010
жылы 17,5% дейін және 2011 жылы 15% дейін кезең
сайын төмендету қарастырылғанын хабарлады.
Бұл қазақстандық кәсіпкерлері үшін оларға
біздің экономикамызға қосымша инвестициялау
үшін біраз айналым құралдарын бөлуге
мүмкіндік беретін жақсы қолдауға айналады.
Жаңа Салық кодексінде патент пен оңайлатылған
декларация негізінде шағын бизнес үшін
арнайы салық режімдері бұрынғы түрінде
сақталған. Сондай-ақ салық есептері нысандарын
қысқарту жөнінде іс-шаралар қатары қарастырылады.
Қазақстан Республикада инвестициялық
іс-әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы
өзгерістер мен толықтырулар, оны белсенді
жүргізілуі ықпал етеді.
2.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі және инвестициялық тартымдылықты қамтамысыз ету
Шетел инвестициясын пайдалану, ел экономикасының халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне қатысуымен және капиталдың кәсіпкерлік үшін бос салаларға құйылуымен анықталатын объективті қажеттілік болып табылады.
90- жылдардың екінші жартысында әлемдегі қаржы капиталы өте үлкен көлемге- 20 трлн.доллар шамасында болды. Бұл ақшалар жер шарын құрсаулап алған әлемдік қаржы нарығының негізі. Бұл қаржыларды Қазақстан экономикасы үшін қалай тарту керек деген мәселе туындайды.
Әлемдік шаруашылық және жеке ұлттық экономикалардың халықаралық көлемде капитал құйылуы және оның белсенді пайдалануынсыз тиімді дами алмайтындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл осы заманғы әлемдік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше маңызды сипаттарының бірі және объективті қажеттілік.
Әлемдік шаруашылыққа интеграциялану мақсатын қоя отырып, ашық экономика идеяларын ұстану қажеттілігін түсініп, Қазақстанға капиталдың құйылу үдерісінің объективті екенін мойындамау мүмкін емес. Шетел капиталын Қазақстанға тарту Республика экономикасын дамытудың конъюктуралық тактикилық емес, стратегиялық міндеттеріне жатады.
Қазақстан Республикасы экономикасын дамыту және экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өте күшті әлеуетке ие. Сарапшылар республиканың жер қойнауынан әлеуетті алынатын минералдық шикізаттар көлемін 8,7 трл. долларға бағалайды. Елдің ішкі инвестициялық ресурстары шектеулі, сондықтан шетел инвестициясн тартуды ынталандыру қажеттілігі туындайды.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 2001 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан Эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал қалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай–химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді-дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.