Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 11:55, курсовая работа
2010ж. бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік – қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ.............................3
1.1 Инвестиция мәні, түсінігі және жіктелуі .........................................................5
1.2 Инвестициялық саясатты ұйымдастыру...........................................................9
1.3 Инвестициялық саясаттың шетелдік тәжірибесі ...........................................10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ................................................................14
2.1 Инвестициялық саясатты мемлекеттік реттеу...............................................14
2.2 Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың режимі.........................16
2.3 Инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуі.......................................19
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................26
Ұзақ мерзімді инвестицилар деп бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады.
Меншік түріне қарай жеке меншік инвестициялары және мемлекеттік инвестициялар деп бөлінеді.
Жеке меншік инвестициялары- жеке және заңды тұлғалар есебінен салынатын салымдар.
Мемлекеттік инвестициялар- бюджеттік, бюджеттік емес және несие қаражаттары есебінен орталық және жергілікті билік және басқару органдарымен, сонымен қатар, унитарлы кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың жеке қаржылық көздерін мобильдендіру мақсатында салатын қаражаттары.
Аралас инвестициялар- мемлекет, аймақ, муниципалды білім беру сонымен қатар, заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын үлестік салу.
Шетелдік инвестиция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Біріккен инвестициялар - өз мемлекеті субъектілері мен шетел мемлекетінің бірігіп салған инвестициясы.
Интеллектуалдық инвестициялар- ғылыми мекемелердегі мамандарды дайындауға, тәжірибе жинауына, қайта даярлануына және т.б. интеллектуалдық мүмкіндіктерге салынатын салымдар.
Өкінішке орай, Қазақстанда инветициялық қызмет статистикасы тек материалдық шығындарды есептейді, ғылыми зерттеуге, білімге деген интеллектуалдық салаларға инвестициялар ескерілмейді. тек материалдық компоненттерді есептеу инвестициялардың нақты көлемін көрсетпейді. Мысалы, дамыған мемлекеттерлің фирмалары мен корпорациялары кадрлармен жұмысты ғылым мен техниканың және экономиканың дамуының маңызды факторы ретінде қарастырады. АҚШ- тағы жеке меншік компанияларының мамандарды қайта даярлауға, персоналды оқытуға, квалификациясые көтеруге кететін шығындары жылына 5 млрд.доллаға жетеді екен.
Бөлінген инвестициялар және оны іс жүзінде игерудегі қызметтер жиынтығы инвестициялық қызметті білдіреді.
Қазақстанда
инвестиция нақты және қаржылық
түріндегі қысқа, орта және ұзақ мерзімді
капитал салымы ретінде кең таралған,
мұнда нақты инвестициялар
Нақты инвестициялау объектілерінің нарығы инвестиция қызметінің болашағы бар және тиімді бағыты болып табылады. Нақты инвестициялау объектілерінің нарығының маңызды факторлары: жылжымайтын мүлік нарығы (ғимараттар, құрылыстар, жер телімдері, аяқталмаған құрылыс, көпжылдық егістер, тұрғын үйлер), тікелей капитал салымдарының нарығы (жаңа құрылыс, қайта өңдеу, техникалық қайта салу), нақты инвестициялаудың басқа да объектілерінің нарығы (көркем құндылықтар, бағалы металдар мен өнімдер, басқа да материалдық құндылықтар).
Инвестициялық нарықтың маңызды құрамдас бөлігі қаржы инвестициялар нарығы болып табылады. Өз кезегінде ол несие және құнды қағаздар немесе қор нарықтарына, валюта және алтын нарықтарына бөлінеді.
Қазақстандық
банктердің қаржылық қызметінің маңызды
салалары мемлекеттік құнды қағаздар
мен валюталық форвардтық келісім-
шарттармен жүргізілетін операциялар
болып табылады. Пайыз мөлшерлемелерінің
өсуі нақты секторды теңгемен несиелеу
механизмін үзіп, валюталық несиелер үлесі
теңгелік несиелерден асып түсті де жеке
банктерде 70% құрады.
1.2 Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Мемлекеттің инвестициялық саясатының стратегиялық мақсаты- ұйымдастырушылық механизмді құру болып табылады. Ол экономикалық өсудің нақты, тұрақты, ұлғаюшы қарқынын, құрылымдық алға жылжуларды, өндірістің жаңалануын, әлеуметтік мәселелер мен экономикалық қауіпсіздік мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Теория
жүзіне келетін болсақ, инвестициялық
қызметті ұйымдастыру дегеніміз
өңделген инвестициялық жобаларды
және бағдарламаларды белгілеген мерзімде,
ресурстар шектеулілігін ескере отырып,
қарастыру, қабылдау және нәтижелі жүзеге
асыруға бағытталған шаралар жиынтығы
болып табылады.
|
Сурет 2. Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Қайнар
көзі: А.Р.Алипов, Механизм налооблажения
предпринимательства в
Жобалардың және бағдарламалардың мақсаттарына және мазмұнына қарамастан инвестициялық қызметті ұйымдастыру жалпы 2 - суреттегідей түрде болып келеді [5]
Инвестициялық
қызметті негізді және орнықты ұйымдастыру
инвестициялық бағдарламалар
Қазақстан
экономикасын реформалау жағдайында инвестициялық
саясаттың тиімділігіне екі деңгейден
тұратыр органдардың
1.3 Инвестициялық қызметтің шетелдік тәжірибесі
Инвестицияны жүзеге асыруға әлемнің көптеген мемлекеттері қызығушылық танытады. Себебі олар:
Әлемдік инвестициялық тәжірибе көрсекендей, ауқымды инвестициялардың салымы экономикалық өсудің кепілі бола алмайды. Маңызды рөлді инвестициялардың құрылымы мен сапасы және адами капитал мен техникалық біліктілік алады. Тәжірибе жүзінде шетел капиталын тиімді пайдаланып отырған дамушы мемлекеттерге тоқтала кету керек. Олардың ішінде жоғары дәрежеде экономикалық өсуі тікелей шетел инвестицияларын тартуға байланысты болған, әлемде қысқа мерзім аралығында таң қаларлық нәтижеге жеткен Азияның жаңа индустриалдық елдерін қарастыруға болады.
Жалпы алғанда, бұл елдердегі инвестициялық климат жағымды деп айтуға болады. Шетел инвестицияларын тартуда бұл елдерде « ынталандыруды шектеулермен үйлестіру» қағидасы қолданылады. Бір жағынан шетел инвестициясын тартуда саяси- экономикалық жеңілдіктер мен шаралар жасалады, шетел инвесторларының заңды құқықтары мен көзқарастары қорғалады- бұл ынталандыру шаралары болса, екінші жағынан шетел инвестицияларына көпжақты шектеулер қойылады, яғни ұлттық өнеркәсіп және елдің экономикалық ресурстары қорғалады. Шетел капиталына қатысты саясаттың нәтижелілігі бұл екі факторды тиімді үйлестіре білуде болып табылады.
Жеңілдікті
салықтық саясаты шетел инвестициясын
елдің экономикалық стратегиясы
және салалық саясатты ескере отырып
ынталандыру негізінде
Сингапур
елінде шетел инвесторларының
Таиландта
шетел кәсіпорындары
Филиппин
аралдарында шетел
Малайзияда жаңа өнеркәсіптік салаларда немесе жұмысбастылықты көбейтетін салаларда қызмет ететін шеел компаниялары қызмет мерзімінің алғашқы 2 - 5 жылында табыс салығынан босатылады. Сонымен қатар өнімдері экспортқа бағытталған кәсіпорындарға бұл мемлекетте негізінен 3 жеңілдік түрі беріледі, олар: 1) табыс салығы табыстың белгілі бір бөлігінен ғана алынады; 2) амортизацияға жеңілдік (40٪- ға дейін); 3) экспорттан алынатын табыстың бір бөлігі экспортты ынталандыруға бағытталады.
Инвестициялық саясаттың нәтижелі жүргізілуіне Вьетнам мемлекеті жақсы мысал бола алады. Өткен ғасырдың 90- жылдарының ортасына қарай ұлттық капитал әлсіз және өнімділігі төмен болғанда экономикалық өсудің тұрақты дамуында шетелдік инвестициялар шешуші рөлде болды. Вьетнам мемлекетінде әлеуметтік бағытталған экономикалық стратегия, шетелдік инвестицияларды тартуға тиімді алғышарттар жасады. Вьетнамда шетел инвесторлары ішінде маңызды орында АСЕАН мемлекеттері, Жапония мемлекеті, Азия НИСі, кейін келе Қытай, Европа Кеңесі, АҚШ мемлекеттері орын ала бастады. Сонымен қатар, Шығыс Азия мемлекеттері- Сингапур, Тайвань, Жапония, Корея Республикасы және Гонконг мемлекеттері де Вьетнамға қызығушылық танытып отырған инвесторлар болып табылады. Олар жалпы Вьетнамдағы шетел мемлекеттерінің салымдарының 2/3 бөлігін алады. Жиырма бірінші ғасырдың басынан бері Вьетнам Социалисттік Республикасы 40 - қа жуық мемлекеттен инвестиция тартады, оларға деген қажеттілік 2009- 2010 жылдары 17,1% құрап, жалпы көлемі 138,6 млрд. АҚШ долларына тең болмақ деп вьетнам үкіметі есептеп отыр. Вьетнам мемлекеті көлемді шетелдік инвестицияларды тарту арқылы жылына ЖІӨ көлемін 7-8% кем емес деңгейде ұстап отыруды көздейді.
Вьетнам Социалисттік Республикасы тікелей шетелдік инвестицияларға көп көңіл бөледі, себебі қор рыногі дамымаған, мемлекеттік секторды жекешелендіру баяу жүзеге асырылып жатыр және портфельдік инвестициялар көлемі қаржылық капиталдың көлемінен 2% ке аспайды. Шетел компанияларымен 5236 жобаларға қол қойылды, жалпы инвестиция көлемі 40,8 млрд. АҚШ долларына тең. Олардың ішінде 4328 жобалар іске асырылып жатыр инвестиция көлемі 24,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Шетел инвесторлары Вьетнам мемлекетінің халықшаруашылық кешенін жаңарту және дамытуға белсенділік танытуда. 2010 жылы Вьетнамға келіп түскен шетелдік тікелей инвестициялар көлемі бойынша алдағы қатардағы мемлекеттер: Тайвань- 16%, Сингапур- 10%, Жапония- 12%, Оңтүстік Корея- 10% болған. Европалық Кеңеске 11%, ал Америка Құрама Штаттарынан тек 3% келген. [6,48 б.]
Шетелдік капиталды пайдалана отырып, Вьетнам Азиядағы экономикасы тұрақты дамып отырған мемлекетке айналды. Мысалы, 2005- 2010 жылдары ЖІӨ көлемі 7,5%- ды құрап отырды. Вьетнам нәтижелі және жедел даму фазасында жүр деп айтуға болады, оған мынадай макрокөрсеткіштер мысал бола алады: инвестицияның, мемлекеттік бюджеттің және ЖІӨ-ге келетін экспорттың орташа дамыған мемлекеттермен салыстырғанда жоғары көлемі.
Тәжірибе дәлелдегендей, жағымды инвестициялық климаттың маңызды факторы ретінде заңнамалық базаның үнемі жетілдіріліп, дамып отырылуы қарастырылады. Мемлекет 1986 жылы нарықтық ашық социалисттік экономикаға көшу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап кәсіпкерлік туралы, мемлекеттік кәсіпорын туралы, жеке кәсіпорын туралы, сауда туралы, банктер туралы, жер туралы көптеген заңдар шығарыла бастады. Заңнамалық базаның жетілдірілудегі үкіметтің белсенділігі 2008 жылы ерекше болды. «Біріңғай инвестиция туралы» заң, «Біріңғай кәсіпорын туралы» заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң, «интеллектуалды жеке меншік турал» заң, «тендірлер жүргізу туралы» заң, «арнайы сатулар туралы» заң, «трансакция туралы» заң, «коммерция туралы» заң, жақсартылған «кеден туралы» заң, саудалық салық туралы заңдар қабылданды. Мұндай заңнамалық актілердің молдығы бірінші кезекте ДСҰ-ның талаптарына байланысты болды. Заңдардың қабылдануы елге шетелдік капиталдың келуін одан әрі жетілдірді.