Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 15:12, курсовая работа
Мақсаты:Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғаламдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, теориалар жасауға болжам жасауға әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алайда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққа шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында да дүниетанымға білім саны («нормативтік сараптық») ықпал жасайды , бірақ соңғысының қалыптасуы негізін дүниетаным , яғни «позитивті» білім қалайды.
Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ресейден сатып алынатын тауарлар, республиканы бірқатар маңызды тауарлармен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. 2010 жылы Ресейден алынатын импорттың негізгі баптары: минералды өнімдерді, мұнай және мұнай өнімдерін (Қазақстанмен енгізілген барлық көлемнің 78%). соның ішінде ресей коксының 70%, мүнай өнімдерінің 88%, электр қуатының 66%. табиғи газдың 52%, жағар майлардың 49% болды.
Қазақстанға енгізілген жеңіл автомобильдердің 14%-ы, жүк көліктерінің 42%-ы және арнайы автомобильдердің 52%-ы Ресейден сатып алынды. 2010 жылы республикаға енгізілген сүт өнімдерінің жалпы көлемінен 55%-ы. шоколад лен құрамында кокао бар басқа да тағам өнімдерінің 59%-ы, қанттан жасалған кондитерлік бұйымдардың 32%-ы, өсімдік майының 23%-ы Ресейден импортталды.
Әлемнің басқа елдерінен енгізілген имлорт үлесі 53,1 пайызды құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 38%-ға көтерілді және 9218,6 млн. АҚШ долларын құрады.
Әлемнің басқа елдерінен Қазақстан Республикасына өнгізілген импорттың серпіні
Елдің аттары | 2000 | 2005 | 2010 |
Барлығы | 1154,0 | 2308,3 | 9218,6 |
Еуропа | 690,0 | 1258,5 | 4622,9 |
ЕО елдері | 491,9 | 1025,2 | 4287,8 |
ЕО – дан тыс елдер | 198,1 | 233,3 | 335,1 |
Азия | 348,5 | 612,8 | 2883,8 |
Америка | 110,8 | 403,5 | 1621,1 |
Африка | 1,8 | 26,1 | 55,0 |
Австралия және Океания | 3,1 | 7,4 | 35,9 |
2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы Еуропа елдерінен енгізілген импорт үлесіне, импорттық түсімдердің жалпы көлемінен 27 пайызы келеді және ол Германия мен Италиядаи әртүрлі машиналарды, жабдықтарды және оларға қосалқы бөлшектерді әкелу және Германия мен Ұлыбританиядан жеңіл және жүк автомобильдерін, құбырлар мен сорғыларды жеткізу арқасында 25%-ға өсті.
Азия елдерінен импорт көлемінің өсіміне (2009ж. деңгейіне 43%-ға) Жапониядан автомобильдерді, Қытай мен Жапониядан құбырларды, қытай жиһазын, киімі мен аяқ киімін жеткізудің көтерілуі ықпал етті.
Америка континенті елдерінен импорт көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 83%-ға өсті. Тауарлардың негізгі бөлігі АҚШ-тан жеткізіледі.
Қазақстан Республикасы импортының географиялық құрылымы
2000
2010
2.2.
Сыртқы сауда операцияларының
ұйымдық нысандары
Халықаралық тәжірибеде сатып алу-сату келісімшарты бойынша жүзеге асырылатын сатудың екі негізгі әдісі - тікелей (divect Selling) және жанама (indivekt Selling) әдістері қолданылады.
Тікелей (тура) әдіс - тауар өндірушілер мен оны тұтынушылар арасында тікелей байланыстарды орнатуды ұйғарады. Аталған жағдайда экспорттаушы өзінің тауарына нарықты өзі тауып, осы нарыққа делдалдың қатысуынсыз-ақ шығады. Ережеге сәйкес, бұл тұтынушылар мен жабдықтаушылардың саны шектеулі, ал тауарға деген сұраныс бұқаралық сипатқа ие болмаған жағдайда жүреді. Жанама сату әдісі -коммерциялық (сауда-саттық) қызметі делдал арқылы жүзеге асыруды ұйғарады.
Халықаралық тәжірибеде тікелей сату әдісі мынадай жағдайларда қолданылады:
- ірі өнеркәсіптік объектінің құрылысы барысында, яғни делдал-фирмалар белгілі және тапсырыс беруші осы делдал-фирмалардың бірімен келісімшарт жасауға қабілетті болса;
-
дайын өнімді бірлесіп шығару
үшін екі немесе бірнеше
-
ұзақ мерзімді
-
ауылшаруашылық шикізаттарының
ірі партиясын өндіруші
-
меншікті өткізу тораптары
Жанама сату әдісі мынадай жағдайларда қолданылады, егерде:
- тауар жаппай сұранысқа ие болса, яғни тұтынушылар көп болып, тауар өндіруші өз бетінше оңтайлы сатып алушыны анықтай алмаса;
- тауар өзінің өмірлік циклының соңғы кезеңінде тұрса, әрі оны өткізу (сату) үшін делдалға көмек қажет болса;
-
аталған тауар нарығы сыртқы
сауда шектеулерінің болуымен
немесе ұлттық
Жанама тәсілдің артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
-
тауарды барынша қысқа
-
жергілікті делдал арқылы
-
делдалдардың білімін
-
тауарларды сатудан кейінгі
-
қосымша пайда алу және
Жанама әдістің кемшілігі мыналар:
-
екі ортада делдал
-
өткізу нарығындағы сатушы
Өндірістік бірлестіктер өнімдерінің бөлшектерін жалпы нарық үшін емес, нақты бір тапсырыс берушінің тапсырмасы мен техникалық талаптары бойынша жасап шығаратын бірлестік түрін білдіреді. Осындай өнімдерді жеткізу үшін жасалатын сыртқы сауда келісімшарттары мердігерлік сипатта болады. Мердігерлік келісімшарттың мәні мынада: бір тарап басқа бір тараптың тапсырмасы бойынша өзіндегі материалдармен (немесе тапсырыс берушінің материалдарымен) белгілі бір жұмыстарды өзінің тәуекеліне ала отырып атқаруға міндет алса, басқа тарап атқарылған істі қабылдауға және төлеуге міндет жүктейді. Мысалы, бір тарап екіншісіне кәдімгі сериялық электрқозғаушыларды сататын болса, онда олардың осы қатынастары сатып алу-сату келісімімен құжатталады, ал тараптардың біреуі арнайы электрқозғаушыларды жеке талаптар бойынша жасауға тапсырма берсе, бұл жағдайда мердігерлік келісім жасалады. Мердігерлік келісім-шарттар мердігер міндеттемелерінің кең өрісін қамтиды, бұған ізденіс және жобалық-конструкторлық жұмыстар, жеке тапсырмалар бойынша машиналар мен құрал-жабдықтарды жасап шығару, өнеркәсіптік және басқа да объектілердің ғимараттары, кеңес беру және басқа да жеке қызметтер көрсету кіруі мүмкін. Мердігерлік келісімшарттарда мердігер орындайтын жұмыс көрсетіледі және мұндай келісімшарттарда бұл жұмыстың қандай нысанда атқарылатыны бекітіледі.
Мердігерлік
келісімшарт бойынша
-
кооперацияланатын өнімді
-
бұл шарттар машиналарды
-
кооперацияланатын өнім
-
әдетте, мұндай келісімшарттарда
егерде жабдықтаушы өнімді
-
мұндай келісімшарттарда
-
айыппұл шаралары төлене
Халықаралық саудада қысқа мерзімді (рейтинг), орта мерзімді (хайринг) және ұзақ мерзімді жалға беру қолданылады. Жалға деген келісімшарт бойынша мүліктік жал қатынастары мына жағдайларда жасалады, егерде бір елдің жалға берушісі келесі бір елдің жалға алушысына келісілген ақы бойынша мүлікті уақытша пайдалануға берсе. Мұндай келісімшарттар тараптардың құқықтары мен міндеттемелерінің кең ауқымын қамтиды, Рейтингтік келісімшарт әлемдік тәжірибеде өте сирек жасалады. Бұл келісімшарттарда көлік құралдары, туристік тауарлар және қысқа мерзімді қолданыстағы басқа да тауарлар қолданылады. Әдетте, мұндай келісімшарттар жалға берушінің сақтандыру мен жалға берілетін заттың техникалық қызмет көрсету міндеттемелерін қарастырады.
Ренталық мөлшерлемелер әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Көлік құралдарын экипажымен және жүргізушісімен қоса жалға алудың келісім-шарттары „тайм-чартер" деп аталса, экипажсыз жалға беру „бербоут" деп аталады. Халықаралық тәжірибеде орта мерзімді жалға беру үшін жасалатын келісімшарттар өте жиі қолданылады. Мұндай келісімшарттарда көлік құралдары, жол-құрылыс машиналары, құрал-жабдықтарды құрастыру, ауыл шаруашылығы машиналары қолданылады. Орта мерзімдік жалдың ставкалары нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен қалыптасады. Келісімшартқа сәйкес сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші немесе жалға алушы жүзеге асырады. Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімді жалға беру кеңінен қолданылады. Лизингтің негізінде кеңсе, құрылыс-монтаждық және технологиялық құрал-жабдықтар жатыр. Лизингке тұтастай өнеркәсіптік кәсіпорындар жалға беріледі.
Қарама-қарсы сыртқы сауда операциясының сипатты белгісі мынада: әріптестердің негізгі және қарама-қарсы міндеттемелері бір құжатта, яғни келісімде немесе келісімшартта тіркеледі. Қарама-қарсы сатып алу (халықаралық жіктеу бойынша «бай-бек» операциялары) импорттаушы елдегі тауарды белгілі бір сомаға сатып-алуға жасалған экспорттаушылардың міндеттемелерін білдіреді. Мұндай міндеттемелер, әдетте келісімшарт құнының белгілі бір бөлігін құрайды. Бұл операция бартерлік келісімшарт сияқты импортгаушыға жасалған жеңілдік болып саналады. Сыртқы саудалық қарама-қарсы сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мынадай:
Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері