Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 15:12, курсовая работа
Мақсаты:Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғаламдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, теориалар жасауға болжам жасауға әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алайда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққа шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында да дүниетанымға білім саны («нормативтік сараптық») ықпал жасайды , бірақ соңғысының қалыптасуы негізін дүниетаным , яғни «позитивті» білім қалайды.
Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Саяси диалогті одан әрі ілгерілету, аймақтық ықпалдастықтың (интеграция) механизмдері мен нысандарын жетілдіру, бірыңғай қауіпсіздік кеңістікті қалыптастыруда өзара түсінушілікті тереңдету, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты ұстап тұру жөніндегі бірлескен іс-қимылды жасау, саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ізгілік қатынастарды жетілдіру мақсатында Орталық Азиялық экономикалық қауымдастық (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәджікстан) «Орталық-Азиялық бірлестікке» айналды.
Сыртқы сауданың негізгі көрсеткіштер. Біздің республика саяси және экономикалық тәуелсіздікке ие болып, халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың толық құқықты субъектісі болды: серіктес-елдердің аясын кеңейтті, көптеген дамыған және даму устіндегі мемлекеттермен экономикалық байланыстарды орнатты, бұрынғы әріптестермен қатынастарын қайтадан құрды, әлем рыногына ықпалдасу жолында ілгері басты. Қазақстанның сауда әріптестері қатарында еуропалық елдермен қатар, азия өңірінің, Америка, Африка және Австралия елдері де бар.
1997
жылдан бастап елдің сыртқы
саудасының географиясы шалғай
шетел елдерімен байланыстарды
кеңейту бағытына қарай
2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 5 есеге өсіп, 45201,5 АҚШ долларын құрады (2009 жылы өсім - 37,5%). Экспорт операцияларының өсу қарқыны 2009 жылы 10%-ға, 2010жылы 50%-ға көтерілгеннен кейін 2010 жылы 38.6% құрады. 2010 жылы сыртқы сауда айналымының өсуіне экспорт және импорт операциялары көлемінің көтерілуі ықпал етті
Экспорт. Экспорттың тауарлық құрылымында шикізат тауарлары басым (2-диаграмма). Бұрынғыдай, негізгі тауарлық топтарды, минералды өнімдер мен қымбат емес металдар құрайды, бірак сонымен қатар осы тауарлардың үлес салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда, 2010 жылы Қазақстаннан шығарылған өнімнің жалпы көлеміндегі минералды өнімдер үлесінің (2000 жылғы 29%-дан 2010 жылғы 74%-ға дейін) көтерілгендігі және металлургия өнеркәсібі өнімінің (2000 жылғы 41%-дан 2010 жылғы 16%-ға дейін) төмендегені байқалады.
Минералды өнімдер экспортының 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 50%-ға өсуіне, негізінен, шикі мұнай мен газ конденсатын жеткізу құнының көтерілгендігі әсер етті. Көлемдерді 2009 жылғы деңгейде сақтаған жағдайда, мұнай экспортының орташа құны бір жарым есеге өсті.
Жеке азық-түлік тауарларының (ет және ішек-қарын өнімдері, ұн) жеткізу көлемінің өсіміне қарамастан 2009 жылмен салыстырғанда экспорттық операциялардың нәтижелері бойынша бидай, бидай мен қара бидай (меслина), арпа, күріш жеткізілімі айтарлықтай төмендеді.
Алдағы жылмен салыстырғанда 2010 жылы металлургия өнеркәсібінің өнімін сыртқа шығару 13%-ға көтерілді, бұл темір қорытпаларының, терсек және қара металл қалдықтарының, мыс, мырыш, титан жеткізілімдерінің өсуі есебінен болды, сонымен бір уақытта тегіс темір, қоспаланбаған және қоспаланған тот баспайтын болат жеткізілімі 14%-ға қысқарды.
Қазақстан Республикасы экспортының тауарлық құрылымы
2005
2010
2010 жылы қазақстандық өнімді негізгі сатып алушыларының қатарында Швейцария (19,8%), Италия (15%), Ресей Федерациясы (10,5%), Франция (9,6%), Қытай (8,7%), Нидерланд және Иран (3.2%-дан), Израиль және АҚШ (2,4%-дан), Виргиния аралдары (2%), Канада (1,9%), Румыния және Испания (1,7%-дан), Германия (1,5%), Польша (1,3%), Ұлы Британия (1,2%) болды,
2010 жылы экспорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі 15%-ды құрады (2009 жылы - 20%).
ТМД елдеріне Қазақстан Республикасы экспортының серпіні
млн.АҚШ доллары
Елдің аттары | 2000 | 2005 | 2010 |
Барлығы | 5250,2 | 8812,2 | 27849,0 |
Оның ішінде: | |||
ТМД елдері: | 2883,5 | 2336, | 4066,8 |
Еуразиялық экономикалық қауымдастығы | 2535, | 1882,2 | 3329,7 |
Беларус | 54,2 | 19,9 | 26,5 |
Қырғызстан | 74,9 | 58,3 | 225,5 |
Ресей Федерациясы | 2365,8 | 1751,4 | 2927,2 |
Тәжікстан | 40,4 | 52,6 | 150,8 |
Еуразиялық экономикалық қауымдастығынан тыс елдер | 348,2 | 454,5 | 737,0 |
Әзірбайжан | 23,1 | 46,8 | 129,1 |
Армения | 0,2 | 4,1 | 43,1 |
Грузия | 0,3 | 7,7 | 52,0 |
Молдава | 2,5 | 1,1 | 52,0 |
Түркіменстан | 47,5 | 7,1 | 17,3 |
Өзбекстан | 153,1 | 133,5 | 242,6 |
Украина | 121,5 | 254,2 | 200,4 |
2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ТМД елдеріне экспорт 41%-ға көтерілді, 2009 жылы ТМД елдеріне экспорт 1%-ғa төмендеді және 4066,8 млн. АҚШ долларын құрады. Төмендеу, осы кезеңде Украинаға, Әзірбайжанға және Түркменияға қазақстандық өнімнің жеткізілуінің азаюымен болды. ТМД елдеріне қазақстандык экспорт көлеміндегі Ресей Федерациясының үлесі бұрынғыдай, жоғары болып қалуда, осылай 2000 жылы оның үлес салмағы - 82%, 2005 жылы - 75%, 2010 жылы - 72%-ды құрады.
Ресейге жіберілетін экспорттың тауарлық құрылымында, жалпы экспорттың құрылымындағыдай, энергоресурстар және шикізат тауарлары басым. 2010 жылдың қорытындылары бойынша, 2009 жылмен салыстырғанда Ресей Федерациясымен жасалған жалпы экспорттық операциялар көлемі шамалы көтерілгендігі (3%-ға) байқалды.
Экспорттың
жалпы көлеміндегі басқа
2009 жылмен салыстырғанда, Еуропа елдеріне экспорт жалпы алғанда 1,5 есеге өсті.
Әлемнің басқа елдеріне Қазақстан Республикасы экспортының өсу қарқыны
Елдің аттары | 2000 | 2005 | 2010 |
Барлығы | 2366,7 | 6475,5 | 23782,3 |
Еуропа | 1597,6 | 2744,3 | 17100,8 |
ЕО елдері | 1116,2 | 2063,0 | 10999,4 |
ЕО – дан тыс елдер | 481,4 | 681,3 | 6101,4 |
Азия | 647,6 | 1210,6 | 4887,8 |
Америка | 108,6 | 1499,0 | 1767,9 |
Африка | 12,5 | 19,4 | 16,5 |
Австралия және Океания | 0,4 | 2,2 | 9,3 |
2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда қазақстандық өнімді Азия өңірінің елдеріне жеткізу көлемі 7.5 есеге көтерілді (2009 жылдан бастап - 33%-ға). Қытай Республикасының үлес салмағы (экспорттың жалпы көлемінде 9,8%) бұрынғыдай, өңірдегі ең жоғары болып табылады. Осы өнірдегі негізгі сауда әріптестерімен экспорт көлемінің көтерілуі байқалды: Жапонияға - 4,6 есе, Израильге - 2 есе, Ауғанстанға - 90%-ға, Иранға - 24%-ға, Корей Республикасына - 15%-ға, Туркияға - 7%-ға.
Америка
елдеріне қазақстандық өнім экспорты
2010 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда
32%-ға өсті.
Қазақстан Республикасы экспортының географиялық құрылымы
2000 2010
Импорт. Импорттың тауарлық құрылымында машиналар, жабдықтар, көлік құралдары (импорттың жалпы көлемінен 44%), химиялық және сонымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі, металлургия өнеркәсібінің өнімі, азық-түлік өнімдері мен оны өндіру үшін шикізат басым.
Соңғы жылдары импортталатын- минералды өнімдерінің үлесінің (2000 жылғы 30%-дан 2010 жылы 13%-ға дейін), азық-түлік өнімдері мен оны өндіру шикізаты үлесінің (2000 жылғы 11%-дан 2010 жылы 7%-ға дейін) төмендегені байқалады. Металлургия өнеркәсібі өнімінің үлес салмағының өсімі (2000 жылмен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа) белгіленді.
Қазақстан Республикасы импортының тауарлық құрылымы
2000
2010
2010 жылы импорттың өнімнің негізгі жеткізушілері қатарында Ресей Федерациясы (импорттың жалпы көлемінен 38%), Германия (7,5%), Қытай (7,2%), АҚШ (6,9%), Украина (4,9%), Италия (3,9%), Жапония (3,5%), Ұлыбритания (2,4%), Түркия (2,3%), Франция (1,7%) Швеция (1,5%), Корей Республикасы (1,5%), Өзбекстан (1,5%) Беларус (1,2%) Швейцария(1,2%) болды.
2010 жылы ТМД елдеріне барлық импорттық жеткізілімдердің 47%-ы келді (2009 жылы - 48%). Достастық мемлекеттері Қазақстан рыногына импорт өнімінің негізгі жеткізушілері болып табылады. 2010 жылы ТМД елдерінен жеткізілетін импорт 8133,9 млн. долларды құрады (2009 жылдың деңгейіне 133%).
ТМД елдерінен Қазақстан Республикасы импортының серпіні
млн.
АҚШ доллары
Елдің аттары | 2000 | 2005 | 2010 |
Барлығы | 3806,7 | 5040,0 | 17352,5 |
Оның ішінде: | |||
ТМД елдері: | 2652,7 | 2731,7 | 8133,9 |
Еуразиялық экономикалық қауымдастығы | 2020,6 | 2513,5 | 6934,8 |
Беларус | 77,8 | 39,5 | 208,0 |
Қырғызстан | 31,0 | 30,1 | 148,6 |
Ресей Федерациясы | 1899,7 | 2439,2 | 6591,3 |
Тәжікстан | 12,1 | 4,7 | 17,0 |
Еуразиялық экономикалық қауымдастығынан тыс елдер | 332,1 | 218,2 | 1199,1 |
Әзірбайжан | 25,2 | 9,9 | 21,3 |
Армения | 2,6 | 1,2 | 2,1 |
Грузия | 2,2 | 4,8 | 7,2 |
Молдава | 5,6 | 7,1 | 18,6 |
Түркіменстан | 241,3 | 43,4 | 50,7 |
Өзбекстан | 269,5 | 70,5 | 254,5 |
Украина | 85,7 | 81,2 | 844,7 |
Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері