ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 15:12, курсовая работа

Описание работы

Мақсаты:Жаратылыстану ғылымдарындағы сияқты, экономикада және өзге де қоғамдық ғаламдарда белгіленген ақиқаттар мүлдем жоқ, теориалар жасауға болжам жасауға әрекеттер ғана бар, оларды дәлелдеуге болмайды, алайда олар қайсыбір мезетте эксперимент арқылы жоққа шығарылуы мүмкін.
Қоғамдық ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында да дүниетанымға білім саны («нормативтік сараптық») ықпал жасайды , бірақ соңғысының қалыптасуы негізін дүниетаным , яғни «позитивті» білім қалайды.

Содержание

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге
асыру құралдары....................................................................5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен
нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін
факторлар............................................................................20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38
ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы
және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)

    Бірқатар  тауарлар үшін кедендік баж салығы импортталатын тауардың көлемі немесе салмақ бірлігіне қатаң сома ретінде  белгіленеді. Бұл тариф ерекше деп аталады. Тарифтің бұл түрі бұрынырақта кеңінен қолданылды және әлемдік сауданың негізгі бөлігі шикізатқа тиесілі болды.

    Бірқатар  тауарлар үшін кедендік баж салығы адвалорлы және ерекше тарифтердің  үйлесімділігі жолымен белгіленеді. Бұндай тарифті аралас деп атайды.

    Тарифтерді енгізудің экономикалық салдарлары әртүрлі: ол өндіріске, тұтынуға, елдін сауда айналымы мен әл-ауқатына әсер етеді.

    Экономикалық  мазмұны бойынша кедендік баж  салықтары төмендегіше бөлінеді:

    1) Фискалды, мемлекеттік бюджеттің  кірісін ұлғайтуға арналған. Фискалды баж салықтары шексіз емес, өйткені мемлекеттің кірісі бұл жағдайда белгілі тауармен сауда көлеміне тарифтік ставка туындысы ретінде анықталады.

    2) Протекционистік баж салықтары  ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестік  қабілеті жоғары шетелдік өнімнен қорғау мақсатында белгіленеді. Олар көбінесе жекелеген салаларды индустриализациялау мен дамыту сатыларында қолданылады. Оны ұзақ пайдалану тоқырауға әкелуі мүмкін.

    3) Преференциалды жарналы баждар  белгілі елдерден әкелінетін  бірқатар тауарлар үшін қолданылады.

    4) Жеңілдікті баждар, жекелеген елдер  үшін қайсыбір тауарлардың импортын  ынталандыру мақсатында пайдаланылады.

    5) Теңестіруші, яғни импорт тауарларының  бағасын ұлттық өндіріс тауарларының  бағасымен теңестіру үшін қосымша  негізгі енгізу баждары.

    6) Компенсациялық, олар импортталатын тауарлар өндірісі кезінде немесе экспорттаушы елдің экспорттау кезінде мемлекеттік субсидиялар берілгенде қолданылады.

    7) Демпингке қарсы, өзінің кәіпкерлеріне  экспорттық сыйлар берген елдердің  импортына қарсы тұру үшін  қолданылады.

    Ішкі  нарықта монопольды бағаны белгілеудегі жоғарғы импортты баж салықтары  экспансиондық сипатта болуы  мүмкін, өйткені ол капиталдың демпингі мен экспортына ықпал етеді.

    Тарифтік  емес кедергілер. Тарифтер халықаралық  сауда сферасын жургізудің жалғыз тәсілі емес. Сыртқы сауда шектеулерінің басқа да түрлері бар, олар тарифтік емес кедергілер.

    Тарифтік  емес кедергілер әкімшілік, қаржылық, несие және басқа да шаралар арқылы жүзеге асырылады.

    Тарифтік  емес кедергілерді үш топқа бөлуге болады: 1. Ұлттық өндірістің белгілі салаларын қорғау мақсатында импортты тікелей шектеуге бағытталған шаралар: квоталар, лицензиялар, компенсациялық алым, импорт депозиттары, демпингке қарсы және компенсациялық баж салықтары және т.б.

    2.Төмендегі  нәтижелерге әкелетін сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған әкімшілік сипатындағы шаралар: кедендік формальдылық техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, қаптау мен маркілеуге қойылатын талаптар және т.б.

    3.Сыртқы  сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған,  бірақ әрекеті көбінесе осы нәтижеге әкелетін шаралар.

    Тарифтік  емес кедергілерді әрекет ету механизмі  бойынша жіктеу кеңінен тараған, барлық тарифттік емес кедергілер жеті категорияға бөлінеді:

    - тарифті шаралар - шетелдік тауарларды  әкелуде алынатын кедендік алымдар, ішкі салықтар, арнайы мақсатты алымдар;

    - бағаны бақылау шаралары, ұлттық  тауар өндірушілер мүддесін қорғауға  бағытталған (компенсациялық және  демпингке қарсы шаралар мен  баж салықтары);

    - қаржылық шаралар сыртқы сауданы  реттеу үшін валюта операцияларын жетілдірудің ерекше тәртіптерін қарастырады;

    - сандық реттеу, яғни тауарды шығару  мен енгізуге сандық шектеулер  қою;

    - автоматты лицензиялау-тауар ағынының  көлемі мен бағыттарын бақылау  (мониторинг);

    - мемлекеттік монополияны тұтасымен  сыртқы саудаға немесе жекелеген тауарларға жүргізу;

    - техникалық кедергілер, яғни импортталатын  тауарлардың ұлттық стандартқа  сәйкестігін бақылау.

    Kвота. Импорт квотасы немесе контингент халықаралық сауданы шектеудің тарифтік емес кедергісінің ең көп тараған түрі. Ол елге импотталатын тауардың белгілі уақыт аралығындағы максималды сомасын немесе санын белгілейді.

    Квоталауды  үкімет органдары лицензияларды  беру негізінде жүзеге асырады. Лицензия елге берілген квота шеңберінде енгізуге болатын тауардың белгілі санына рұқсат беретін құжат.

    Лицензияны  бөлудің ең тиімді тәсілі-ашық аукцион. Импорт квотасын конкурсты негізде  сату мемлекетке кіріс әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар парақорлық пен коррупцияға жол бермейді.

    Лицензняның келесі негізгі түрлері бар:

    а) белгілі уақыт аралығына сәйкес тізімге ілінген тауарларды енгізу мен шығаруға рұқсат беретін автоматты немесе бас лицензия;

    б) белгілі тауарды импорттау немесе экспорттау, оның санын, құнын, шығарылған елі немесе бағыты қайсыбір кездерде экспорт немесе импорт жүзеге асатын кеден бекеті көрсетілген автоматты емес немесе бір жолғы лицензия.

    Халықаралық саудада денсаулықты сақтау мен  қоршаған ортаны қорғау кедергі болып  есептелмейді, бірақ жанама түрде  осы мақсаттарға пайдалануы мүмкін. Ол кезде импортталатын тауарларға ерекше техникалық талаптар қойылады, ол технологияның өзгерісі мен санның сәйкес сертификатық алумен байланысты қосымша шығындарға әкеледі. Қосымша төлемдерге әртурлі әкімшілік, кедендік, гербтік, статистикалық алымдар жатады. Олар импортпен шектеуге ықпал етеді. Олар баж салықтарын пайдалану саяси тұрғыдан тиімді болмаған жағдайда пайдаланылады және негізінен келісімді түрде болады.

    Халықаралық сауда ұйымы. 1994 жылы Халықаралық сауда ұйымын құру туралы келісімге қол қойылды, ол өз қызметін 1995 жылы бастады және алдыңғы шешімдерді Уругвайлық раунд шешімдерімен біріктіретін және ГАТТ-тың бақылауымен қабылданған барлық келісімдерді біріктіретін жалпы институционалды шеңберді құруды қарастырады. Өз қызметі барысында жаңа ұйым таластарды реттеу тәртібі туралы Меморандум мен сауда саясатын қайта қарау механизмін басшылыкқа алуы тиіс.

    Бұл жерде ГАТТ туралы ең алдымен айта кеткен дұрыс. Тариф пен сауда  жөніндегі Бас келісім (ГАТТ) халықаралық  сауданы реттеуде маңызды орынды алды. Ол қатысушы-мемлекеттер арасындағы сауда қатынастары негізделетін құқықтық нормалар жиынтығын қамтитын көп қырлы халықаралық келісімді көрсетеді. Келісімге Женева қаласында 1947 ж. 30 қарашасында қол қойылып, 1948 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

    ГАТТ  үш қызметті атқарды:

    1. Мемлекеттің сауда саясатына әлемдік сауда тәртіптерін жасау жолымен әсер ету;

    2. Сауданы либерализациялау жөніндегі  келісімдер жасау форумы;

    3. Таластарды реттеу.

    ГАТТ-ң  негізгі мақсаты халықаралық  сауда қатынастарының қауіпсіздігін  қамтамасыз ету.

    1994 жылға дейін әлемдік сауданы одан әрі либерализациялауды және сауда кедергілерін жоюды мақсат етіп қойған сауда раундтарының 8-і өтті. Осылардың соңғысы 1986-1993 ж. өткен Уругвай раунды. Оның барысында ұйымдастыру құрылымы келісілді, келісім топтары жұмысының жоспары мен тәртібі болжанды, қатысушы-мемлекеттердің тауар шектеулерін енгізбеу туралы міндеттемелерінің орындалуына бақылау жасайтын арнайы орган құрылды және қазіргі бар шектеулерді бірте-бірте алып тастау қарастырылды. Кедендік тариф, тарифтік емес кедергі, табиғи тауарлар, текстиль мен киім, ауыл шаруашылығы өнімдері, тропикалық тауарлар, субсидиялар мен компенсациялық баж салықтары, интеллектуалды меншік құқы саудасы, саудадағы қорғаныс шаралары, ГАТТ жүйесінің қызметі, ГАТТ шеңберіндегі келісімдер, таластарды шешу шаралары, қызметтер саудасы жөніндегі 15 келісім тобы құрылды.

    Уругвайлық  раундтың нәтижесі халықаралық көп  жақты жүйесін құру және ГАТТ-ы  Халықаралық сауда ұйымымен алмастыру  болды.

    Халықаралық сауда ұйымының басты мақсаты  мемлекет мүшелердің өмір сүру деңгейін көтерудің коммерциялық және экономикалық бағыты, ол төмендегі жолмен жүзеге асырылады:

    - толық жұмыспен қамту;

    - тауар мен қызмет өндірісі  және тауар айырбасының өсуі;

    - шикізат қайнар көздерін ұзақ  мерзімді даму, қоршаған ортаны  қорғау мен сақтау мақсатында тиімді пайдалану;

    Халықаралық сауда ұйымы келесі құрылымға  ие:

    1. Министр конференциясы (екі жылда  бір рет)

    2. Жалпы кеңес:

    - келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі  комитет;

    - сауда саясатын қайта қарау Комитеті;

    3. Көмекші органдар:

    - қызмет бойынша кеңесі;

    - тауар бойынша кеңес;

    - интеллектуалды меншік құқығын қорғаудың сауда аспектілері бойынша кеңесі;

    - сауда мен даму бойынша Комитет;

    - бюджет сұрақтары бойынша Комитет.

    Қазақстан Халықаралық сауда ұйымының мүшесі емес, сондықтан да басқа елдермен сауда қатынасы Халықаралық сауда ұйымының сәйкес құжаттарына негізделмеген, ол екі жақты сауда келісімдеріне негізделген. 

    1.3. Халықаралық сауда теориялары 

    Абсолюттік  және салыстырмалы артықшылықтары. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезендерде өз жауаптарын беруге тырысқан.

    Сол ғалымдардың бірі - ағылшын саяси  экономиясының классигі А.Смит "Табиғатгы  зерттеу және халықтың баю себептері" деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда біз үшін өз өнеркәсібіміздің еңбегінің бір бөлігіне сол елдің тауарын сатып алған анағұрлым тиімді болар еді", - деп атап көрсетті А. Смит өз еңбегінде.

    А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада "Абсолюттік артықшылық теориясы" деп аталып кетті.

    Бұл теориядағы негізгі идея - еңбек  бөлінісі ұлттық байлықтың негізі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек  бөлінісіне белсене қатысты тиіс екендігі.

    Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады десек, мамандардың көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді? Осы кезде "экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек?" деген сұрақтар туындайды.

    А. Смит Франция, Португалия, Шотландиа елдеріндегі шарап өндірісін мысалға келтіреді. Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады.

    Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары  аз болғандықтан, Шотландияда шарап өндіру тиімсіз болатындығы анық.

    А.Смиттің  теорясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Солардың ішіндегі артықшылықтарды  атап көрсетейік:

    • біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері, сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады;

    • екіншден, егер табиағи артықшылықтарға  жаңа технологиялардың жетістіктерін  қоссақ, оңда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.

    • Сонымен қатар бұл теорияның  кемшіліктері де бар:

    • біріншіден, әдістемелік жолдардың  шартты түрде болуы. Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады, бірак та шын мәнінде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес

Информация о работе ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері