Қолма қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 12:17, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда нарықтық экономиканың кең етек алуына байланысты, экономикалық іс-шараларға көшу ретінде кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда. Мысалы: жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқалары.

Содержание

кіріспе..................................................................................................................3



I Ақша қаражаттарының сипатымен есеп айырысу нысандары.......................................................................................................5

II есеп айырысудан қолма-қол ақшасыз нысаны

2.1 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.................................................12

2.2 Төлем талаптармен есеп айырысу ..........................................................14

2.3 Есеп айырысудың акредитивтік нысаны...............................................16

2.4 Инкассалық өкімдермен есеп айырысу ..................................................18

2.5 Чектермен есеп айырысу .........................................................................19

2.6 Вексельдермен операциялар ..........................................................…......32

2.7 Банктік карточкалармен есеп айырысу ..................................................38

III КОЛМА – ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ............................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................

Работа содержит 1 файл

ҚОЛМА ҚОЛ АҚШАСЫЗ.doc

— 249.50 Кб (Скачать)

- вексель бойынша төлеушінің, вексель төлем немесе акцепт бойынша ұсынылатын тұлғаның аты;

- төлеуші банктің аты (егер бар болса);

- вексель бойынша төлеушінің немесе домицильдің пошталық мекен-жайы (жеке тұлғалар мекен-жайы немесе заңды тұлғаның орны);

- вексель бойынша төлем мерзімі;

- төлем орны;

- акцептің болуы немесе акцепті алу қажеттілігі;

- вексель бойынша міндетті басқа да тұлғалардың аты-жөні, мекен-жайы және орны;

- сенушінің төлем алу немесе акцепт туралы тәртібі мен тәсілі туралы нұсқау;

- вексель бойьшша акцептсіздік немесе төлемсіздік жағдайында қарсылық немесе басқа да әрекет қатынасындағы арнайы нұсқаулар.

Инкассолауды жүзеғе асыруға қажетті басқа да мәліметтер. Вексельді  инкассоға қабылдау  банк  атына  жазылған  индоссаментте келесі сөздерді жазумен рәсімделеді: «валюта алуға», «инкассоға» немесе басқа да сөздермен, яғни төлем алу түріндегі тапсырманы немесе төлем алынбаған жағдайда вексель қарсылығын жүргізуге. Егер инкассоға тапсырманы орындау үшін инкассолаушы банктің катысы талап етілсе, ремитент-банк вексельде инкассолаушы банк есебіне қайта тапсырма индоссаментін белгілеп, сенуші жазған инкассолық тапсырманы вексельмен бірге жолдайды. Векселъ инкассоға алынған соң, инкассат вексельде немесе инкассоға тапсырмада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, жазбаша түрде құжаттың инкассоға түскені туралы төлеушіні хабардар етуге міндетті. Егер вексельді инкассоға жолдауда ұсыну бойынша мерзімі немесе анықталған мерзімде инкассоға тапсырманы ұсыну бойынша ұсыну мерзімдері туралы нұсқау болмаса, онда инкассат вексельдің түскені туралы хабарламаны төлеушіге немесе жай вексель бойынша инкассоға вексельді қабылдаған күннің келесі операциялық күнінен кешіктірмей вексель берушіге жолдауы тиіс.

Инкассат вексель бойынша толық төлемді алған соң вексельді төлеушіге жолдауға міндетті, ал бөлшектеп төлеу кезінде вексель төлеушіге жіберілмейді. Инкассолаушы банк қандайда бір себептермен инкассоға тапсырысты толық немесе жартылай орындай алмаса, ремитент банкті жедел хабардар етуі тиіс.

Вексельде көрсетілген мерзім жеткен соң, инкассолаушы банк вексельді төлем үшін төлеушіге немесе домицильшіге ұсынуы тиіс. Инкассолаушы банк төлем мерзімі ұсыну бойынша немесе ұсынылғаннан кейін анықталған мерзімде төленетін вексельді алысымен, егер келісімде басқа шарт қаралмаса, келесі операциялық күннен кешіктірмей вексельді төлемге ұсынуға міңдетті. Вексель бойынша соманы алысымен инкассолаушы банк ремитент банкке көрсетілген ақша сомасына аударып жасауға міндетті.

Ремитент-банк өз кезегіңце аталған сома төлемін сенуші есебІне жүргізуі керек. Инкассат инкассо бойынша қызмет көрсете отырып, комиссиялық ақы алады, мұңца төлем алу бойынша инкассат шығыңдары және көрсеткен қызмет үшін инкассатқа сыйақы есептеледі.

Егер инкассоға тапсырмада көрсетілген мекен-жай бойынша төлеуші немесе домицильдеушіні табу мүмкін болмаса, бұл туралы инкассолаушы банк ремитент банкті хабардар етуге міндетті. Ремитент-банк өз кезегІнде сенушіні хабардар етеді және одан әрі қарай нұсқау алады. Егер вексельде төлеуге белгіленген соңғы күнде сенуші немесе ремитент банктен ешқандай нұсқау түспесе, инкассолаушы банк өз каржысы есебінен төлеуші немесе домицильдеушіні іздестіру шараларын қабылдауға құқы бар, бұл қаржылар соңынан сенуші немесе ремитент-банк есебінен қалпына келтіріледі. Банк клиентпен жасалған тиісті келісім негізінде домицильдеуші есебінде қызмет ете алады. Бұл кезде клиент вексельдің төлем орны ретінде домицильдеуші банктің немесе оның филиалының мекен-жайын көрсетеді. Домицильдеушіні керекті ақша сомасымен қамтамасыз ету клиент пен домицильдеуші банк арасындағы көлісімде анықталады. Клиент домицильдеушіге вексель бойынша төлемді қамтамасыз ету үшін өзінің банктік шотынан ақшаны акцептсіз алу құқын бере алады. Егер домидильдік векселъді төлеу кезінде клиенттің банктік шотында қаржы жеткіліксіз болса, онда банк мыналарға  құқылы:

- төлемге карсылық білдіруге, мұндай жағдайда вексельге вексель ұстаушы тарапынан қарсылық жасалып, жай вексель бойынша төлеушіге немесе вексель ұсынушыға талаптар қойьшады;

- домицильдік банктік шотында бар қаржы көлемінде вексель сомасының жартысына төлем жасалынады.

Егер вексель ұстаушы вексель бойынша төлемнін барлық сомасына алса, оңда вексельді домицильдеушіге беруге міндетті. Бұл кезде толық төленген вексель клиентке жіберіледі. Егер вексель бойынша төлем жартылай жүргізілсе, вексель домицильдеушіге жолданбайды.

Вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының жартысына аваль арқылы қамтылуы мүмкін. Аваль вексельдің өзінде немесе қосымша парақта беріліп, «авальға есептеу керек» деген сөзбен көрсетіледі немесе басқа түсінікті белгімен беріледі. Онда ол кімнің есебіне берілгендігі көрсетілуі тиіс, мұндай жазу болмаса, ол жай вексель бойынша вексель ұсынушы есебінен немесе аудармалы вексеяь бойынша төлеуші есебінен берілген болып есептеледі.

Авальшы банк аваль берілген тұлғамен бірдей жауаптылықта болады. Авальшы банк міндеттемесі, ол кепілдік жасаған міндеттемені қандайда бір негіздемемен, нысан ақауымен жарамсыз деп санаған жағдайда да, жарамды болып табылады. Вексельді төлеу кезінде авалыпы банк аваль берген тұлғаға қарсы және аваль берілген тұлға есебіне вексель бойынша міндетті тұлға алдында талаптар қоюға құқылы.

Авальшы банк аваль ұсынғанға дейін аваль берілген тұлғадан кепілдік немөсе басқа да қамтамасыздықты талап ете алады. Коммерциялық несие вексель есебі мен кепілдік арқылы банктік несиеге ауысады, коммерциялық несие базасында жанама банктік несие пайда болады.

Коммерциялық несиенің қалпына келтірілуі мен дамуы жәңе қарызды ақша нысанында вексельмен рәсімдеу берешек қарыздың тез өсуіне және тауармен қамтылмаған ақша жиынтығына өсіміне әкелмейді, өйткені коммерциялық және өзара байланысты шаруашылықтық несиенің банктік несиеге ауысуы бір несие нысанының басқа нысанға айналуына әкеледі, бұдан ешқандай инфляциялық салдар болмайды, өйткені коммерциялық, вексельдер есебі мен кепілдік банкте жаңа қарыз капиталының шоғырлануына әкелмейді.

 

2.7. Банктік карточкалармен есеп айырысу

 

Банктік карточкаларды қолдану бойынша қатынастың негізгі субъектілері: эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйымы, есеп айырысу банкі.

Банктік карточка эмитенті - бұл банктік карточканы шығарған және ұстаушыға берген несиелік ұйым. Банктік карточканы ұстаушы - оны қолданушы жеке тұлға. Сауда ұйымы - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер, олардың және эквайрердің арасындағы келісімғе сәйкес, эквайрердің тауар (қызмет) ұстаушыға банктік карточканы қолданып кезекті төлеу үшін тапсырылған құжаттары бойынша жауаптылықта болады. Эквайрер - банктік карточканы қолданып жүргізілғен операция бойынша сауда ұйымдарымен ессп айырысатын және ұстаушыға қолма-қол ақша қаржыларын беретін иесиелік ұйым болып табылады.

Төлем ұйымы - төлем жүйесі шегінде банктік карточкалармен операция бойынша ережелерді бекітетін занды тұлға болып табылады. Төлем жүйесі-анықталған түрдегі банктік карточкалармен операцияларды демейтін коммуникация және арнайы құрылғылар жүйес. Төлем ұйымдары әдетте банктік карточка түрлерін сәйкестендіретін қызмет көрсету белгілерінің құқына ие болады. Төлем ұйымы сондай-ақ тиісті төлем жүйесінің техникалық қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Есеп айырысу банкі немесе есеп айырысу агенті - төлем ұйымымен жасалған келісім негізінде эмитент пен эквайрерлер арасындағы өзара есеп айырысуды жүргізетін несиелік ұйым.

Банктік карточканы алу үшін клиент бекітілген нысандағы өтінішті ұсынады және банк онымен келісім жасайды. Банктік карточкалар негізгі екі операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тауарларды төлеу және банкоматтар - арнайы автоматтық құрылғылар немесе ҚАА (ПВН) - қолма-қол ақша қаржыларын алу. Қазіргі кезде аталған операцияның екеуін жүзеге асыратын карточкалар «әмбебап карточкалар» кең тараған, алайда тек қолма-қол ақша қаржыларын алуға немесе тек тауар немесе қызметтерді төлеуге негізделген карточкалар да қолданылуда.

Банктік карточкалар екі негізгі типте болады: кредиттік және дебеттік. Халықаралық төлем ұйымдарының кредиттік карточкаларының дебеттіктен айырмашылығы операция жүргізу технологиясына байланысты. Дебеттік карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады, кредиттік карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды. Осындай ерекшеліктеріне байланысты дебеттік карточкаларды эмитенттер банктік шотта бар қаржы қалдығы көлеміңде операцияларды жүзеге асыруға қолданылады, ал несиелік карточкалар бойынша шоттағы бар қаржы көлемінде операция жүргізуге, сондай-ақ несие ұсынуға болады, әдетте тәжірибеде бұл қарызшыға несиелік желі ашу жолымен жүзеге асырылады.[6]

Банктік карточканы қолданып тауар немесе қызметті төлеу кезінде ұстаушы карточканы сауда ұйымының кассиріне береді. Кассир авторландыру рәсімін өткізуі керек, ол үшін карточка эмитенттері мен бұл орталықта карточка ұстаушының банктік шотының жағдайы туралы деректер базасы жүргізіледі. Авторландырудың негізгі қызметі-карточка ұстаушының төлем кабілетіне көз жеткізу. Авторландыру екі әдіспен жүзеге асырылады: дауыстық және электрондық.

Дауыстық авторландыру кезінде кассир эквайрер-банкінің іс жүргізу орталығына телефон соғып, ондағы қызметкерге келесі деректерді хабарлайды: карточка нөмірін және оның әрекет ету мерзімін, операция сомасын және сауда ұйымының сәйкестендірушісін. Эквайрердің іс жүргізу орталығының қызметкері тиісті төлем жүйесінің байланыс арнасы арқылы эмитенттің іс жүргізу орталығымен байланысады. Егер қызмет мақұлданса, онда көрсетілген тізбек бойынша, бір-ақ кері бағытта аталған авторландырушылық сұрауды сәйкестендіретін «авторландыру коды» хабарланады.

 


Қорытынды

 

Қорытындылай келгенде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нарықтық экономиканың кең  етек алуына байланысты, экономикалық іс шараларға көшу ретінде кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда, яғни ашық акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктіктер, шаруашылық бірлестіктер және тағы басқалары.

Әрине бұл салада есеп саяасатының жүзеге асыуы әртүрлі деңгейде болады. Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік құжаттарының дұрыс толтырылуына бақылау жасаған дұрыс және міндетті болып отыр.

Қаржылық есеп беруде әрбір мекеменің балансында оның көрсетіліуі тиімдірек нәтижеге жетелейді. Әлемдегі жетістік денгейіне көтерілген көптеген кәсіпорын түрлері қалыптасып, біршама жіктеулер арқылы топтасып, өзінің қызметін табыс табыу мақсатына негіздеп отырған мәлім.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу-төлем төлеушінің есеп айырысу шотынан белгілі бір соманы алушының есеп айырысу шотына аудару немесе талаптарды ақшасыз өзара есепке жатқызу.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрі несие мекемелері арқылы немесе солардың бақылауымен жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістер қолданылады: қолма-қол ақшаны аудару, төлем тапсырмаларын ұсыну, чектерді беру, векселдерді немесе олардың индоссменттері арқылы беру, төлем карточколарын пайдалану, тікелей дебеттік банк шоттарына аудару, тапсырма-талап төлемінің ұсыну, инкассалық жарлығын ұсыну, Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген басқада әдістерін пайдалану.

    Бұл есеп-айырысу түрінде қолданылатын негізгі төлем құжаттарының түрлері:

-  төлем талаптары

-  төлем тапсырыстары

-  чектер

-  вексельдер

-  акредитив

-  инкассалық нұсқаулары

-  кеден органдарың инкассалық нұсқаулары

Төлеуші мен алушылардың өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтацды, сондай-ақ олардың арасында болатын тараптары мен міндеттің есепке алуды да жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША А

Экономика секторларының кодтары

 

Кодты сипаттау

 

1

Орталық үкімет

Орталық мемлекеттік басқару органдары

2

Басқарудың аймақтық және жергілікті органдары

Басқарудың аймақтық және жергілікті органдары

3

Орталық банкі

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі

4

Басқа депозиттік ұйымдар

Екінші деңгейдегі шетелдік банктер

5

Басқа қаржылық ұйымдар

Банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру компониялары, құнды қағаздар рыногы, брокерлік және траст компониялары және т.б.

6

Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар

Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар

7

Мемлекеттік емес, қаржылық емес ұйымдар

Мемлекеттік емес, қаржылық емес ұйымдар

8

Үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес мекемелер

Партиялар, кәсіпорындық  ұйымдары, қоғамдық қозғалыстар, қайырымдылық қорлары және т.б.

9

Үй шаруашылығы

Тұрғындар, заңды тұлға болмайтын жеке кәсіпкерлер және дербес еңбек ету формалары

Информация о работе Қолма қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері