Қолма қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 12:17, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі таңда нарықтық экономиканың кең етек алуына байланысты, экономикалық іс-шараларға көшу ретінде кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда. Мысалы: жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқалары.

Содержание

кіріспе..................................................................................................................3



I Ақша қаражаттарының сипатымен есеп айырысу нысандары.......................................................................................................5

II есеп айырысудан қолма-қол ақшасыз нысаны

2.1 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.................................................12

2.2 Төлем талаптармен есеп айырысу ..........................................................14

2.3 Есеп айырысудың акредитивтік нысаны...............................................16

2.4 Инкассалық өкімдермен есеп айырысу ..................................................18

2.5 Чектермен есеп айырысу .........................................................................19

2.6 Вексельдермен операциялар ..........................................................…......32

2.7 Банктік карточкалармен есеп айырысу ..................................................38

III КОЛМА – ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ............................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................

Работа содержит 1 файл

ҚОЛМА ҚОЛ АҚШАСЫЗ.doc

— 249.50 Кб (Скачать)

 

2.5. Чектермен есеп айырысу

 

Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға болады. Чек банк клиентінің (чек берушінің) банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы (чек ұстаушы) шотына аудару туралы арнайы бланкте жазылған жазбаша талсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.

Батыс тәжірибесінде чек кімнің есебіне жазылғандығына байланысты бірнеше түрге бөледі:

-  арнайы - тек осы кісіге төлеңіз;

-  ордерлік - осы кісіге немесе оның бұйрығы бойынша төлеңіз;

-  ұсынушы - ұсынушыға төлеңіз.

Ордерлік чек - ұстаушыға индоссамен - жолдау жазу көмегімен басқа тұлғаға ақшаны алу құқығын ұсынуға мүмкіндік береді.

Индоссаменттің 4 түрі қарастырылады:

- банктік индоссамент. Чек ұстаушы чектің сыртына өз қолын қояды, оның нәтижесінде чек ұсынушы құжаты болып табылады және әрбір занды иесі ол бойынша банктен ақша алады;

- атаулы индоссамент. Ұстаушы чек сыртына өз қолын қояды және чек бойынша ақша алу құқын алатын тұлға атын жазады;

- мақсатты индоссамент. Чек ұстаушы чек сыртында чекті басқа тұлғаға ұсыну мақсатын көрсетеді және чек бойынша ақша алу мүмкіндігін шектейді;

- ашалымсыз индоссамент. Егер чекті ұстаушы чек төленбеген   жағдайда   арыз   жасау   мүмкіндігін   болдырмауды   немесе шектеуді қаласа, индоссамент мәтінінде «айналымсыз» деген сөзді қолданады.

Әр елде чек мазмұны бірыңғай. Заңды құрамында мыналар белгіленеді:

- «чек» сөзі;

- анықталған соманы төлеу бойынша шартсыз міндеттемесі;

- банк трассат;

- төлем орны;

- шығарылған орны және күні;

- трассант қолы.

Коммерциялық құрамы:

- чек нөмірі;

- трассат шотының нөмірі;

-  трассат банктің коды;

- чек сомасының санмен қайталануы;

-  бенефициар;

- кодтау желісі.

Біздің республикамызда чекті қолдану 2002 жылғы 13 мамырда ҚРҰБ Басқармасы бекіткен Қазақстан аумағында чектерді қолдану Ережесімен реттеледі.

Чек беруші мен чек берушІ банктің арақатынасы чекті қолдануға байланысты чекті қолдану туралы келісіммен реттеледі. Чектерді қолдану туралы келісім жасалмастан бұрын банктер чектермен операция өткізу бойынша банктік қызмет тарифтері туралы ақпарат алуға клиенттер құқығын және чектерді қолдану туралы келісімнің міндетті шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.

Бұл келісімде көрсетілген негізгі деректемелер төмендегідей:

чек кітапшасындағы чек бланктерінің саны және олардың қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптар туралы мәліметтер;

чектерді дұрыс толтыру талаптары, атап айтқанда:

-  чек бланктерінің реттік нөмірін сақтау;

-  чек сомасын санмен және жазба көрсету;

- «бұйрық, бойынша төлеңіз» деген сөздерден кейінгі бағанада чек жазып берілетін адамның аты-жөні немесе заңды тұлға атауы көрсетіледі;

-  чек жазып берілген күннің қойылуы (күні және жылы-санмен, аиы жазумен);

- чек беруші  қолының қойылуы  және  занды  тұлға үшін мөрдің басылуы, олар чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген  тұлғаның  қолының  және  мөртаңбасының  (занды тұлғалар үшін) үлгісі құжаттағы үлгіге сәйкес болуы тиіс;

- чектің түбіртегінде  операция жасалғанға   дейінгі   сома қалдығының чек сомасының және чек кітапшасы бойынша жаңа қалдықтың көрсетілуі (қалдық санмен және жазумен) беріледі, сондай-ақ  чек  жазып  берілген   күн  және  чек берушінің немесе чек кітапшасына ие болуға өкілетті тұлға қолы  және  чек  берушінің  мөрі  (заңды  тұлғалар  үшін) қойылады;

- Чекпен операция жасалған кездегі чек берушінің банкі мен чек беруші арасындағы өзара төлемдер тәртібі;

- Чек кіташпасын қолдану мерзімдері;

- Чек берушінің чектің қолданылмаған бланктеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету тәртібі;

- Чек беруші банктің төленген чектерді есепке алу тәртібі;

- Чек   берушінің   жоғалған   немесе   ұрланған   чектер,   чек кітапшалары,  чекке  қол  қоюға  өкілеттілігі   бар  тұлғалар құрамының   (заңды   тұлғалар   үшін)   өзгеруі   туралы   чек берушінің банкті хабардар ету тәртібі;

- Чек беруші банктің чектерді төлеуден бас тарту, сондай-ақ ақауы   бар   және   жалған   чеісгер туралы чек берушіні хабардар ету тәртібі;

- Чек беруші банктін чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін чек берушінің төлеуі жөніндегі шартгары;

- Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі;

- Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына талап қою тәртібі және тараптардын жауалкершілігі.

Егер олар заңмен қарастырылған болса және чектен жасалатын операцияларды өңдеу үшін қажет болса, онда чек беруші банкі чекте қосымша деректемелерді талап етуге құқылы.

Чектерді қолдану туралы келісімде басқа да шарттар қарастырылуы мүмкін[4].

Қазіргі кезде Ұлттық банк нұсқауы бойынша есеп айырысуда тек депонирленген чектерді қолдану қарастырылуда. Қаржыларды депонирлеу чек беруші клиентпен банктік 1070 «Арнайы шоттағы ақша қаржылары» шотында жүргізіледі, бұл аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді. Чек кітапшаларын рәсімдеу кезінде чек жіберуші банктің өкілетті тұлғасы төмендегілерді орындауға міндетті:

Чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге;

Чек   кітапшасының   мына  мәліметтер   көрсетілген   немесе қойылған сыртқы бетін толтыруға:

- чек берушінің аты-жөні немесе атауы;

- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе онын мүддесін көздейтін тұлғаның   (заңды тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі, кім және қашан бергені;

- чек беруші банктің жеке банктік коды;

- чек бланктерінің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін);

- чек ютапшасын колдану мерзімі;

- чек кітапшасындағы санмен және жазумен;

- чек кітапшасының берілу күні;

- өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктІң мөрі;

Чек кітапшасының әрбір бланкіне:

- мөртаңбамен керсетіп чек берушінің банкінің банктік жеке кодын және оның атауын қоюға;

- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін  тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;

-  салық төлеушінің - чек берушінің тіркеу нөмірін кою;

- Чек берушінің немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлға қолының және мөр бедерінің үлгілері бар құжатты қабылдауға;

- Чек   кітапшаларын   тіркеу   журналына   тиісті    жазбалар жасауға;

- Чектерді колдану туралы келісімде көзделген жағдайларда бір мезетте бірнеше чек кітапшаларын беруге рұқсат етіледі.

Есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін клиент банкке бекі-тілген үлгідегі, чек саны және чектермен есеп айырысуда кажетті жалпы сома көрсетілген өтінішті ұсынады. Осы деректер негізінде әр чек сыртында көрсетілген бір чек лимиті қойылады. Чек алуға өтініш кәсіпорын жетекшісінің аға бухгалтердің қолымен және мөрмен бекітіледі. Сонымен қатар, өтінІшпен қоса клиент банкке аталған ақша сомасын өзінің есеп айырысу шотынан 1070 «Арнайы шоттағы ақша қаржылары» шотына қосу үшін төлем тапсырысын әкеледі, бұл қаржылар депонирленген соң клиент бұл чектерді ала алады.

Бұл кезде мынадай өткізбе құрылады:

Дт 1070 «Арнайы шоттағы ақша қаржылары»

Кт 1050 «Жинақ шоттағы қаражаты»

Чек заңды және жеке тұлғалармен өзара есеп айырысу кезінде алынған тауарлы-материалдық кұндылықтар және көрсетілген қызметтер, сондай-ақ басқа да жағдайлар үшін қабылданады.

Чектер келесі түрлерге бөлінеді:

- есеп айырысу чек кітапшаларының чектері;

- аманатшының чек кітапшаларынын чектері.

Есеп айырысу чек кітапшаларының чектері заңды тұлғалар арасында өзара есеп айырысу үшін қолданылады.

Аманатшының чек кітапшасы жеке тұлғалардың олармен ақшасыз есеп айырысуы және нақты ақша алуы үшін қолданылады. Чектік кітапша егер клиентке банктен алты айдан көм емес уақыт қызмет көрсетілген болса және банк клиенттің әділдігі мен жауаптылығына сенімді болуына негіз болғанда ғана беріледі.

Қазақстан Республикасында чек беруші барлық банктің чектері қабылдауы мен төлеуіне және клиенттеріне тиесілі. Чек бланктері ҚР Ұлттық банктің өндірістік кәсіпорындарында дайындалады. Қауіпсіздік деңгейі Ұлттық банктө бекітіледі.

Банк өз клиентіне чектерді ұсынбас бұрын, оны толтырып, келесілерді қоюы қажет:

- чектің жоғарғы сол жағында банктің аты және мекен-жайы, ал егерде чекті банк филиалы беретін болса, онда филиал аты және чектің жоғары оң жағынан филиалдың мекен-жайы жазылуы керек;

- чек берушінің дербес шотының нөмірі. Ол чектің төменгі бөлігінде тиісті орында, сондай-ақ чек мәтінінде қойылуы керек;

-  заңды  тұлға  аты  немесе  жеке  тұяғаның  аты-жөні,  шот нөмірлері. Бұл деректер чектің төменгі сол жағында жазылады;

- чектің сыртқы жағында жазбаның піекті сомасы.

Банк клиентке чекпен қоса сәйкестендІрме карточка (чектік карточка) ұсынады.

Чектік карточка клиентке санына қарамастан чек берілген әр кезекте бір данада беріледі және әрбір берілген чек бойынша чек берушіні сәйкестендіреді.

Егер кезекті чек беру кезінде лимит сомасы чек кітапшасында бұрын көрсетілген сомадан аспаса, онда жаңа чек кітапшасы берілмеуі мүмкін.

Карточкада мынадай деректер болуы қажет:

Оң бетінде:

а)  банк аты және оның мекен-жайы;

б) «№ чектік карточка» атауы;

в)  жеке тұлғаның аты-жөні және заңды тұлға аты;

г)  чек берушінің қолы;

д) чек   берушінің   төлқұжат   деректері.   Чек   карточкасына төлқұжат деректерін қою жеке тұлғалар үшін міндетті;

е) чек берушінің  шот нөмірі.

Сыртқы бетінде:

Бізге трасталған келесі жағдайларды сақтағанда чек төлеміне кепіл береміз:

а) чек оның сыртқы бетінде  және  чек кітапшасында көрсетілген сомадан аспайтын сомаға жазылуы керек;

б) чек беруші қолы чек кітапшасында берілген қол үлгісіне сәйкес келуі тиіс;

в) чекте көрсетілген чек берушінің  шот  нөмірі, чек карточкасында көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс;

г) чек берушіні сәйкестендіру оның төлқұжаты деректерін чек карточкасында берілген деректермен салыстыру арқылы жүргізіледі;

д) чек жазылған күннөн 10 күн ішіде төлемге ұсынылуы тиіс;

е) чек, онда көрсетілген толық сомада, ешқандай комиссиясыз төленуі тиіс;

ж)  банктің жауапты қызметкерлерінің қолы және мөрі болуы тиіс.

Чектерді қолданып төлем жасау және басқа да операциялар тәртібі төмендегідей. Чек беруші заңды тұлға жазған чектерге чек кітапшасын жүргізген өкілетті тұлғалардың қолы қойылып, чек беруші мөрінІң таңбасы басылуы тиіс.  

Чек ұстаушы чекті төлеуге қабылдап тұрған чектің чекті төлеуге кабылдау туралы чек ұстаушының белгісі деген бағанына және оның түбіртегіне аты-жөнін, сондай-ақ қолын немесе мөртаңбасын немесе чек ұстаушының атауы көрсетілген мөрін және чек ұстаушы өкілеттік берген адамның қолын қояды. Занды тұлғалар арасында чектермен төлем жасалғанда «мәні» деген баған төлем тапсырмсындағы осы деректерге қойылатын талаптарға сәйкес толтырылады. Жеке тұлғалар арасында чектермен телем жасалғанда «мәні» деген бағанды толтыруға болады, ал қалған бос орын тұтас сызықпен сызылады.

Чекте түзетулер және жөнделген жерлер болса, чек жарамсыз деп саналады. Чек бланкін толтырған кезде чек беруші қате жіберіп қойса, онда осы бланкте және оның түбіртегінде чек беруші «бүлінген деп жазып, күнін және қолын қоюға тиіс. Чек беруші жазып берген чекті чек ұстаушыға беру үшін түбіртегінен айырады, чек ұстаушы чектің дұрыс толтырылғанын тексеруге міндетті. Чекте түзетулер мен жөндеулердің болған-болмағаны, чек деректемелерінің дұрыс толтырылуы, чек түбіртегіндегі шығарылған қалдықтың дұрыстығы, чек түбіртегінің нөмірленуі тексеріледі. Сондай-ақ жеке куәлік немесе оның орнын ауыстыратын құжат бойынша чек жазып берген тұлғаның жеке басының кім екеніне көз жеткізуге, чек берген адамның қолын чек кітапшасының сыртқы бетіндегі қолдың үлгісімен салыстырып тексеруге тиіс[5].

Чектің қолданылу мерзімі оны жазып берген күнді санамағанда. жазып берген күннен бастап күнтізбелік 10 күн болады. Чекті чек ұстаушы оны жазып берген күні қабылдап алады және чек ұстаушы чекті чек берушінің банкіне немесе чек ұстаушының банкіне ұсынады. Чек бойынша жартылай төлем жасалған жағдайда чек ұстаушының банкі немесе чек берушінің банкі осындаи төлем туралы чекте белгі жазьтп, чек ұстаушыға чек бойынша соманың калдығына қолхат беруге тиіс.

Чек берушінін банкі немесе чек ұстаушының банкі чекті төлеуге ұсынғанда қолма-қол ақша берген жағдайда чек ұстаушыдан осы чекті және ақша алғаны туралы қолхат талап етуге тиіс. Чек ұстаушы немесе чек берушінің банкіне ұсынылған чектерді өкілетті тұлғалар олардың деректемелерінің дұрыс толтырылуы және олардын, қолдану мерзімінің сақталуы жөнінде тексереді. Банк төмендегі себептерге байланысты чекті қабылдаудан бас тарта алады:

Информация о работе Қолма қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері