Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 12:17, курсовая работа
Қазіргі таңда нарықтық экономиканың кең етек алуына байланысты, экономикалық іс-шараларға көшу ретінде кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда. Мысалы: жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық бірлестіктер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және тағы басқалары.
кіріспе..................................................................................................................3
I Ақша қаражаттарының сипатымен есеп айырысу нысандары.......................................................................................................5
II есеп айырысудан қолма-қол ақшасыз нысаны
2.1 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу.................................................12
2.2 Төлем талаптармен есеп айырысу ..........................................................14
2.3 Есеп айырысудың акредитивтік нысаны...............................................16
2.4 Инкассалық өкімдермен есеп айырысу ..................................................18
2.5 Чектермен есеп айырысу .........................................................................19
2.6 Вексельдермен операциялар ..........................................................…......32
2.7 Банктік карточкалармен есеп айырысу ..................................................38
III КОЛМА – ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ............................................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................
1) жазумен жазылған сома санмен жазылған сомаға сәйкеспесе;
2) чектің қолданылу мерзімі өтіп кетсе;
3) чекте түзетулер және/немесе жөндеулер болса;
4) чектегі жазу мен сияның түсінде айтарлықтай айырмашылық болса;
5) чекте бір немесе бірнеше қорғау дәрежесі болмаса;
6) чек деректемелерінде қателіктер болуы;
7) чекте қойылған кол мен кұжаттағы чек берушінің қойған қолының үлгісі немесе чөк беруш чек кітапшасына иелік етуге өкілеттік берген тұлғаның қол үлгісі және чек берушінің мөртаңбасының сәйкеспей қалуы;
8) жабатын соманың жетпейтіндігі, несие сомасының асып кетуі немесе кепілдік сомасының асып кетуі (кепілдігі бар чектер бойынша);
9) жалған немесе ақауы бар чектің табылуы;
10) чектерді пайдалану туралы шарттарда көзделген басқа себептер.
Талаптарда бұзып жазылған, сондай-ақ деректемелерді толтырғанда кате немесе және түзетулер жіберілген чектер ақауы бар деп саналады және оларды банктер қабылдамайды.
Чектер мына жағдайда жалған деп саналады:
- төленуге ұсынылған чек осы чекте көрсетілген банк бермеген чек кітапшасынан жазып берілсе;
- чек бланкі қойылатын талаптарға сәйкес болмаса;
- чек берушінің немесе чек беруші өкілеттік берген тұлғаның қойған қолы құжаттағы чек берушінің койған қолынын, үлгісімен немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген адамның қойған колының үлгісімен бірдей болмаса;
- чек берушінің мөрінің бедері құжаттағы чек берушінің мөрінің бедерінің үлгісімен сәйкесдесе, жасанды немесе ақауы бар чек табылған жағдайда банктің өкілетті тұлғасы бұл туралы банк бухгалтеріне сол мезетте жеткізуге міндетті.
Мұндай жағдайда олар жалған немесе ақауы бар чек табылғаны туралы акт жасайды. Акт бекітілген нысанда 4 данада толтырылады және банктің немесе оның филиалының жетекшілері бекітеді, Актінің бірінші данасы банкте қалады. Екінші данасы жалған чекті қоса бірден ішкі істер органына жіберіледі. Бұл кезде жалған чектің көшірмесі алынып, сыртқы бетінде анықтау және тергеу органдарының өкілетті лауазымды тұлғаларының қолы қойылады. Бас бухгалтер чектердің клирингі бойынша таза позиция шығарғанға дейін телефон немесе байланыс құралдары арқылы клиринг палатасына жалған немесе акауы бар чектердің табылғаны туралы тез хабарлауға тиіс, хабарлағанда осьшдай чектердің мәліметтерін және олардың клиринг палатасына тапсырылған жазбаша тізбесін көрсетеді. Клиринг палатасы банктен жоғарыда көрсетілген хабарды алысымен аталған чектер бойынша ақпараттьі өңдеу үрдісін сол мезетте тоқтата тұруы тиіс.
Егер айырма жағымсыз болса, онда клирингке қатысушы дебеттік таза сальдоға, егер жағымды болса кредиттік таза сальдоға ие болады. Күн ішінде актінің бір данасы күн қорытындысы бойынща ақпаратты есептемеу үшін клиринг палатасына жіберіледі. Жалған чектің куәландырылған көшірмесі және төртінші данасы чек берушінің банкіне жолданады.
Акауы бар чек актінің екі данасымен чек ұстаушының банкіне немесе жалған чек табылған күннің ертеңгі күнінен кешіктірілмей чек үстаушының өзіне жіберіледі. Чек ұстаушы банк немесе чек ұстаушы қайтарылған ақауы бар чектер мен жалған чектердің көшірмелерін қоса тіркелген актілерімен бірге қабылдауға міндетті.
Чек кітапшасын қайтарғанда немесе толық пайдаланғанда чек кітапшаларын тіркеу журналында тиісті белгі жасалады. Чектерді толық пайдаланса, чек сомасы бітпеген жағдайда, клиентке соманың қалдығына жаңа чек кітапшасын беруге болады. Чек кітапшасы жоғалған жағдайда, чек беруші бұл туралы чектердің қолданылмаған нөмірлерін көрсете отырып, чек берушінІң банкіне тез арада хабарлауы тиіс. Мұндай чектердің деректемелері чек беруші банкінен басқа банктерге және клиринг палатасының назарына жеткізілуі тиіс. Егер зиянкестік немесе төлеушінің абайсыздығын пайдалану мақсатында чектін төленгендігі дәлелденбесе, жоғалған немесе ұрланған чектер бойынша төлеушіден болған зиян чек берушіден өндіріледі.
Жоғарыда аталғандар, чек айналымында банктер арасындағы бір-біріне деген түсінбестігін туғызады. Мысалы: А. банкінің клиенті, Б. банкінің сол қаладан клиентіне 550000 теңге көлемінде чекпен төледі. Ол чекті Б. банкі инкассоға тапсырды. Бір мезетте Б. банкінің клиенті А. банкі клиентінің есебіне 540000 теңге көлемінде чек жазады және соңғысы өндіріп алу үшін өз банкіне жолдады. Бұл кезде өзара келесі талаптар туындайды:
А. банкі Б. банкіне 550000 теңге, Б. банкі А. банкіне 540000 теңге төлеуге міндетті. 540000 теңгені екі жақ та өзара есепке алып, 10000 теңге төлеумен шектелуіне болады. Тәжірибеде мұндай есеп үлкен техникалық қиындықтармен байланысты, өйткені үлкен қаржылық орталықта ондаған және одан да көп банктердің бір-біріне талаптары бар. Бұл кезде арнайы есеп айырысу ұйымының қажеттілігі туындайды, сол себепті банктердің бір-біріне өзара талаптарын орындайтын клирингтік ұйымдар кұрылады.
Клиринг ұйымы. Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес құрылтай құжаттары негізінде құрылады және клирингтік қызмет лицензиялауға жатады. Клирингтік операцияларды жүргізуге лицензия беру, тоқтату және жою Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітіледі. Лицензия алу үшін клиринг ұйымы ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерінде қаралған банк операцияларын лицензиялау мәселесін реттеуші құжаттарды Ұлттық банкке ұсынуы тиіс, сондай-ақ келесі құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
• клирингті жүзеге асырудың экономикалық негізі;
• клиринг ұйымының жоғары басқару органында бекітілген клирингті жүзеге асыру ережесі;
• клиринг қатысушыларымен тилтік келісім;
• клирингті жүзеге асыру үрдісінде қолданылатын бағдарлама, техникалық құралдар туралы мәліметтер.
Клиринг ұйымы мен клиринг катысушылары арасындағы қатынас келесі міндетті шарттардан құрылатын келісіммен бекітіледі:
• төлем кұжаттарымен және басқа да төлем туралы ақпараттар алмасу тәсілі және тәртібі;
• клирингті жүзеге асыру және оның нәтижесі бойынша ақша аударымы кезіндегі қатысушылардың құқы мен жауапкершіліктері;
• ақпарат кұпиялығының шарттары және оны сақтамағаны үшін жауаптылық;
• клиринг нәтижесі бойынша ақша аударымын жүзеге асыру тәртібі және мерзімдері;
• клирингті жүзеге асыру және оның нәтижесі бойьгаша акша аударымы кезінде қолданылатын тәуекелділікті басқару әдістері;
• өз міндеттемелерін орындамаған клиринг қатысушыларына қолданылатын әсер ету шаралары;
• клирингті жүзеге асыру бойынша өз міндеттемелерін орындамаған клиринг ұйымының жауаптылығы.
Клиринг ұйымы мен клиринг қатысушысы арасындағы келісімде Қазақстан Республикасыньщ заңцылығына кайшы келмейтін басқада шарттар көзделуі мүмкін. Чектердің негізгі клирингін жүзеге асыру тәртібі бойынша басында чек клирингіне қатысушы банктер тіркеледі, одан сон оның өкілдері өздеріне бөлінген орындарға жайғасады, өкілдер пакет алмасады және өздерінІң колын қойып тізбелерді және жалған (ақауы бар) чектерді анықтау туралы актілерді куәландырады, клиринг ұйымының қызметкерлеріне жолдайды. Одан соң қатысушы банктер және клиринг ұйымы арасында құжат алмасу аяқталады, чек алмасу бойынша қорытынды анықталып, чектердің негізгі клирингіне қатысушы банктердің таза позициясы аныкталады. Клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау барлык катысушылардьщ төлем құжаттары бойынша ақшалай міндеттемелерін клирингтің бір қатысушысына қатысты және клирикгтің аталған қатысушысының ақшалай міндеттемелер бойынша сомаларын клирингтің қалған қатысушыларына қатысты анықталады. Клиринг қатысушыларының таза позицияларын анықтау кезінде барлық қатысушылардың дебеттік және кредиттік таза позициялардың сомалар айырмасы нөлге теңесуі керек. Егер барлық кредиттік және дебеттік таза позициялар бір-біріне теңеспесе, клирингтік ұйым аталған сомалардың сәйкеспеу себебін анықтап, клиринг қатысушыларының таза позицияларының қайта есебін жүргізеді.
Барлық осы рәсімдерден соң «Чектер клирингінің нәтижесі» деген клиринг есебі толтырылады, ол есепке клиринг ұғымының өкілетті тұлғалары кол қояды, мөр басылады.
Мудделі банктер арасында клиринг палатасының қатысынсыз алғашқы -клиринг өткізіледі, ол негізгіге қарағанда көмекші болып саналады. Негізгі клирингтің жұмысы басталғанға дейін чектердін. бір бөлігін алдын-ала өзара алу және тапсыру негізінде банктер арасында өткізілетін клиринг алғашқы клиринг деп аталады.
Чектердің алғашқы клирингіне қатысатьш банктер клиринг палатасында алдын ала негізгі клиринг басталғанға дейін өзара чектер алмасады, ал клиринг палатасына тізбелер әкелінеді, солардың негізінде чектердің алғашкы клирингіне қатысатын банктердің таза позициясы есептеліп шығарылады. Чектердің алғашқы клирингіне қатысқан банктердің таза позициялары чектердің негізгі клирингінің нәтижесіне қосылады.
Чектермен есеп айырысу жасалған соң шоттардың келесі корреспонденциясы жүргізіледі. Егер чек беруші мен чек ұстаушыға бір банктен қызмет көрсетілсе:
Дт 1070 «Арнайы шоттағы ақша қаржылары»
Кт 1050 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
Егер чек беруші мен чек ұстаушыға әр түрлі банктер қызмет көрсетсе, чек беруші банкте:
Дт 1070 «Арнайы шоттағы ақша қаражаты»
Кт 1030 «Басқа банктермен есеп айырысу»
Чек ұстаушы банкте:
Дт 1030 «Басқа банктермен есеп айырысу»
Кт 1050 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары».
2.6. Вексельдермен операциялар
Вексельдермен операциялар - бұл банк кызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Біздің елімізде соңғы кезге дейІн аталған операциялар басқа банктік операциялармен салыстырғанда, оларды шектеп қолданумен және оларды жүзеге асырудың бірыңғай механизмінің болмауымен байланысты төмен дамыды. Бірақ 1997 жылғы 28 сәуірден Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңының қабылдануымен жай және аудармалы коммерциялық вексельдермен операциялар өткізу тәртібі анықталды. Вексельдер нарығының басты міндеті қысқа мерзімді ақша қаржыларын қайта бөлу, бүл кезде коммерциялык және қаржылык вексельдер нарық объектісі болып табылады: Оның резиденттері бірінші деңгейде несиелік мекемелер және оның клиенттері, ал оның негізіне есептік, комиссиялық және коммерциялық банктер мен басқа да әр түрлі несиелік операциялар жатады. Екінші деңгей субъектілеріне тек несиелік мекемелер жатады: бір жақтан Ұлттық банк, екінші жақтан - банктік жүйенің екінші деңгейлі мекемелері, соның ішінде коммерциялық банктер. Нарықтың аталған деңгейі операцияларының үлкен бөлігін бірінші кластық вексельдерді қайта есептеу және қайта кепілдеу құрайды.
Вексель айналымы әр түрлі салаларды қамтиды - бұл банктік карыз беру кезіндегі банктер мен клиенттер арасындағы қатынас (соло вексельдер); қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас (қазыналық вексельдер), сондай-ақ жеке тұлға мен занды тұлға арасындағы банк катысынсыз қатынас.
Вексельдер шығару негізіне жататын қызмет мақсаты мен сипатына, сондай-ақ қамтылуына байланысты:
- коммерциялық;
- қаржылық;
- тұрақты вексельдерге бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды несиеге сату-сатып алу қызметі негізіндегі айналымда пайда болады, сатып алу кезінде ақшасы жеткіліксіз болса, сатушыға оның орнына баска төлем құралы - вексель ұсынылады.
Осындай ретпен тауарлық вексель вексель ұсынушыға осы вексель көмегімен сатылған тауарлардың сомасын қамтиды. Сатып алушы векселі вексель айналымының негізі болып табылады, өйткені олар нақты мерзіммен және несиеге сатылған тауарлардың сомасымен шектеледі.
Қарыз қызметі ақшалай нысанда қаржылық вексельдермен рәсімделеді. Ақшалай міндеттемені қаржылық вексельмен қалыптастыру, кредиторлар құқын қорғау мақсатында оны уақтылы және дәл қамтудың қосымша әдісі болып табылады. Вексельдің қарыз міндеттемесі ретіндегі ерекше белгісі шартсыз, даусыз міндеттеме болып табылуында, яғни оны ұсынуға байланысты себептерге қатыссыз. Өз айналымдылығына байланысты ол төлем құралы қызметін де орындай алады.
Жалпы банктегі вексельдермен операция келесі нысандарда жүзеге асырылады: банктің вексель ұсынушыға вексельде көрсетілген соманы, қолданбалы есеп мөлшерлемесі бойынша пайыздарды алып тастап төлеуі кезіндегі коммерциялық банктің вексельдер есебі; вексельдер кепілі есебінен қарыз, вексель акцепті, авалі және вексельдермен комиссиялық операциялар.
Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті операцияларды өткізуге құқық беретін лицензиясын иемдене отырып, операциялардың вексельдермен байланысты келесі түрлерін өткізе алады:
- вексельдерді инкассаға қабылдау;
- делдалдық тәртіпте вексельдерді акцептеу;
- төлеушінің инкассоға қабылданған вексельдерді төлеу бойынша қызметтер ұсынуы, сондай-ақ домицильдік вексельдерді төлеу. Бұл операцияларды банктер вексельдермен операцияны жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда жүргізе алады;
- вексельдер есебі.
Бұл операцияларды векселъ есебін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктер жүргізеді. Вексельдерді инкассоға қабылдау үшін инкассат пен сенуші немесе ремитент-банк арасында келісім жасалынады, бұл кезде инкассолау инкассоға жасалған тапсырма негізінде жүзеге асырылады.
Инкассо тапсырмасындағы негізгі мәліметтер:
- инкассоға тапсырма жазу күні;
- сенуші аты;
- ремитент банктің аты, қажет болған жағдайда инкассолаушы банктің;
Информация о работе Қолма қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері