Өндіріс шығындары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:29, реферат

Описание работы

Экономикалық әдебиеттерде «шығындар» «залал» түсініктері қатар пайдаланылады. «Залал» түсінігі материалды, табиғи және т.б. рестуратарды өндіруге жұмсалымдардың расходын білдіреді. «Шығындар» – олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға айналған ресурс заладарын білідіреді. Шығындар – иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем.

Содержание

I. Өндіріс теориясы және өндіріс шығындары
1. Өндіріс пен технология және өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
II. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
1. Өндірістік шығындар жайлы коцепциялар
2. Шығындарды есепке алу тәсілдері
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Ondiris.docx

— 56.34 Кб (Скачать)

Ауқымның  оң нәтижесі (масштабтан үнемдеу немесе өскелең қайтарым) шығарылым өсуіне сәйкес фирманың ұзақ мерзімдік орташа шығындары кемігенде орын алады.

Ауқымның  теріс нәтижесін шығарылатын өнімнің көлемінің өсуіне байланысты ұзақ мерзімдік орташа шығындар өскен жағдайда өндірісті ұйымдастыру мәселелері құрады. Бұның басты себебі – фирманың әр түрлі буындарының қызметін реттеуге бақылау жүргізудің бәсеңдеп кетуі. Басқарушы аппарат өсіп кетеді, жоғары дәрежелі басқарушылар өндірістік проценттен алшақтанады. Бұл басқарудың жеделдігінің айқындығын төмендетеді, өндірістің тікелей және үстеме шығыстарын өсіреді.

Дағдарыс  кезеңінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігін мүмкіндігі жоғары болады. Ауқымның теріс нәтижесінен аулақ болу үшін бұлардың қолданатын мүмкіндіктері мол болады.

Егер ұзақ мерзімдік орташа шығындар шығарылым көлемінен тәуелді болмаса, онда ауқым нәтижесінің қайтарымы тұрақты болады.

Кәсіпорынының тиімділігінің барынша төмен көлемі, фирмаға өзінің ұзақ мерзімдік орташа шығындарын барынша төмендетуге мүмкіндік беретін, өндірістің ең аз көлемі.

Өндіріс көлемі туралы сұрақ қаралғанда тек орташа шығындар мен ғана емес, шекті шығындармен де есептесу қажет.

Шекті шығындар МС – бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзн түссе, онда шекті шығыңдар өнімнің бағасымен теңдескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы – U тәрізді форма алады, Бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты-еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады.

Бастапқыда  шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабтың эффектісімен байланысты.

MC, AC және AVC қисық сызықтардың тәртібі  шекті – орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады. Графикте бұл ереже МС қисық сызығының АС және AVC қисық сызықтарымен, бұлардың минимум нүктесінде түйіскені болып табылады, яғни МС=minAC.

Егер қалыптасқан нарықтық бағаны Р фирма берілген деп және соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді Qont, оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының қисық сызығы SS орташа шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі.

Өнімді  өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал – жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.

Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде – зат немесе құн түрінде – өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін, оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігі айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығындарды  есепке алу тәсілдері бойынша:


 


 

 

 


 

 

 

 

 

 

Жоғарыда келтірілген схемаға  мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

 

  1. Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:



Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді.

Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады.

 Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

  1. Пропорционалды өзгермелі шығындар - егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.
  2. Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.
  3. Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.

 

C                                                                                       C


                                             C


   Vc               Vc



 

Vc

 

 

 Q  Q                           Q


a)                                                     б)                                         c)

 

                                                                                                         

Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.


 

 

 

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы  шығындар өзгермелі шығындардың  сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.

Өндірістің  тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

Өнім өндірісінде бір данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа шығындар есептелуі:

  • орташа тұрақты шығындар;
  • орташа өзгермелі шығындар;
  • орташа жалпы шығындар.

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

  1. Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.
  2. Егер тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.
  3. Егер баға орташа шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да қалмайды.
    1. Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындар МС есептеледі.

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.

Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

  1. МС= ТС, мұнда: МС-шекті шығындар,

 Q Q = өндірілген өнім саны.

2. АС = ТС ,

 Q АС – орташа жалпы шығындар.

 

3. АҒС = ҒС . АҒС- орташа тұрақты шығындар.

 Q

4. АVС = VС АVС – орташа өзгермелі шығындар.

Q

 Фирма тұрақты шығындарын  өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады. Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.

Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан  болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма  өндірісті кеңейте береді.

Қысқа мерзімде шекті шығындардың  қисығы U формада болады, бұл қысқарманы табыстылық заңымен байланысты еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларында қолданылады. Оны төмендегі қисықтан көреміз

Бастапқыда шекті шығындар азаюы  мүмкін, бұл өндіріс масштабының  өсуі табыстылықты өсіретін масштабының  эффектісімен байланысты. МС, АС және АVС  қисық сызықтарының тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың  барынша төмен мағынасына тең  болады.

 

Яғни MC=minAC

Егер нарықтық баға (Р) фирма белгісімен және оған өндіріс көлемі сәйкес деп  есептесек, онда ол өнімді Qont оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіруге болады. Одан ары өндіру тиімсіз.

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек  шығындары мен өндіріс құрал  жабдықтарының шығындарынан тұрады. Фирма өндіретін өнім бірлігі  – зат немесе құн түрінде өндіріс  нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды.

Фирманың  басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

 

  1. Жалпы табыс – ТR = PxQ
  2. Орташа табыс – АR = TR = P
  3. Шекті табыс – MR = ТR

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, материалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірістегі шығындарға тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар – ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. С. Әкімбеков, А. С. Баймұхаметова, У. А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002.
  2. Осипова Г. М., э.ғ.д., профессор. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.
  3. Абдильдина Л.И., Абдильдин С.С. Экономика предприятия. Алматы: КазНауГРУ, 2004.
  4. Жалпы экономикалық теория Ө. Қ. Шеденов, Б. А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы ред басқарған Ө. Қ. Шеденов – Ақтөбе 2004.
  5. Грибов В. Д., Грузинов В. П. Экономика предприятии: Учебн. Практикум. -3-е изд.–М.: Финансы и статистика, 2004.

Информация о работе Өндіріс шығындары