Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:29, реферат
Экономикалық әдебиеттерде «шығындар» «залал» түсініктері қатар пайдаланылады. «Залал» түсінігі материалды, табиғи және т.б. рестуратарды өндіруге жұмсалымдардың расходын білдіреді. «Шығындар» – олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға айналған ресурс заладарын білідіреді. Шығындар – иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем.
I. Өндіріс теориясы және өндіріс шығындары
1. Өндіріс пен технология және өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
II. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
1. Өндірістік шығындар жайлы коцепциялар
2. Шығындарды есепке алу тәсілдері
III. Қорытынды
TP TPmax
AP, MP AP
MP
Жиынтық, орташа және шекті өнімдер
Графикте жиынтық, орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері арасында өзара қатынас бар екендігі көрінеді.
2. шекті өнім орташа өнімнен асқан жағдайда, орташа өнім көбееді (МР>АР);
3. орташа өнім шекті өнімнен асқанда, орташа өнім азаяды (МР<РР);
4. орташа
өнім шекті өнімнің қисық
Егер
шекті өнім нольге тең болса, жиынтық
өнім өзінің ең жоғары маңызына жетеді.
Жоғарыда қаралған факторлардың ауысу
мысалын бір фактор ауыспалы, ал
екінші тұрақты болатын ахуалға
көшіруге болады: ауыспалы фактордың
қайтарымы түседі, яғни ауыспалы фактордың
шекті өнімі де қысқарады (оны
жұмыскерлер мен станоктар
Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндірістік функцияның түрі:
Q = f (NL, NK).
Екі фактор
ауыспалы болып, олардың ара қатысы
көбею жағдайында да өзгермейді. Сондықтан,
шекті өнімділік кемушілік
Ауқым әсері – өндіріс факторлар шығын шамасының салыстырмалы өзгеруі мен шығару көлемінің салыстырмалы өзгеруінің ара қатысы.
Өндіріс факторларының N есе өзгеруі шығаруды да N есе өзгертеді, ол ауқымның тұрақты қайтарымын немесе ауқымның тұрақты әсерін білдіреді. Өндіріс факторларының N есе (өсуі) шығарудың N есе аздау өсуі ауқымның қайтарым кемушілігі немесе ауқымның теріс әсері болады. Егер өндіріс факторларының N есе өсуі шығарудың N еседен көп өсуіне әсер етсе, оны ауқымның өсу қайтарымы немесе ауқымның оң әсері деп айтады.
Изокванта картасын талдай келе, ұзақ мерзімді кезеңде ауқым әсерінің білінуін көруге болады. Егер шығару көлемі тең шамада өскенде изокванталар тақалса (а), ол ауқымның оң әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі факторлардың аз шығындарын талап етеді. Ал изокванталардың алшақтауы (в) ауқымның теріс әсерін көрсетеді – шығарудың көбеюі көптеген шығындарды талап етеді. Оған сәйкес, егер изокванталар сол калпында қалса (б), ауқым әсері тұрақты болады.
K K K
L L L
а)
Изокванта картасындағы ауқым әсері
Шығару
көлемінің өсуінде (ол фирманың өсуіне
тең) ең алдымен ауқымның оң әсері
орын алады, сонан соң ол ауқымның
тұрақты әсерімен, соңында ауқымның
теріс әсерімен ауысады. Тәжірибеде
ұйымдастыру факторы ауқым
ЕL = MPL/AP
EK = MPK/APK
Өндірістік шығындар жайлы коцепциялар
Шығындар туралы сан түрлі тұжырымдар мен концепциялар бар, оларды зерттеумен саяси экономиканың классиктері де айналысқан. Абсолюттік шығындар туралы түсінікті енгізген А. Смит болды, ал салыстырмалы шығындар туралы түсінікті Д. Рикардо енгізген. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
Марксистік
концепция бойынша өндіріс
19 ғасырдың
соңында бірнеше жаңа
Австриялық
теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер
шығындарының субъективтік теориясының
авторы. Осы тауардың нақты өндіріс
шығындары, өндіріс ресурстарын
басқаша пайдаланғанда
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж. К. Кларк және Джон А. Гобсон. Кларк қосымша шығындар (overhead costs) мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неокласикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады-тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р. Коуз енгізді. К. Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционерлер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді.
Өндірістік шығындардың
Өндіріс
шығындарын топқа және типке бөліп
қарастыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық
бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық
және кәсіпорындық болып бөлінеді.
Қоғамдық шығындарға дайын өнімнің
құнына көшкен жанды еңбек және заттүрін
алған еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындарына
Айқын шығындар (expliсit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Мысалға жалақы төлеуді, көлік шығындарын, коммуналдық төлемдерді жатқызуға болады.
Айқын емес шығындар(implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығының) атайды және өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда пайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі. Мысалға ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Айырылып қалған мүмкіндіктерді есепке алу – нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі.
Айқын (бухгалтерлік) шығындар плюс айқын емес шығындар – бұл экономикалық шығындар.
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындарды ғана емес, сонымен бірге өз ресурстарын аса қолайлы кәсіпкерлік салаға жұмсап, одан алуға болатын табысты да қамтиды.
Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұрақты және айнымалы.
Тұрақты шығындар (fixed costs FC) – осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, т.б.
Тұрақты
шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық
(қалған) шығындар деп бөлінеді. Қалдық
шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі
бір уақытқа толық
Айнымалы шығындарға өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Бұған жұмыскерлердің еңбекақысы, шикізатқа, қуатқа, көлік шығындарына жұмсалған шағындар және т.б. жатады. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындардың өтелуі тиіс, ал айнымалы шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып басқара алады.
Өндірістің
тұрақты және айнымалы шығындардың
қосындысы «өндірістік
Өнім
шығарудың әртүрлі шығын
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп (total costs) ТС – оның тұрақты және айнымалы шығындарының сомасы түсініледі.
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар айнымалы шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады.
Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілетін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа , негізгі және көмекші материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген түрлеріне шығындар, т.с.с.
Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффиценті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды. Шығыстардың басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорнының әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорынның тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілемейтін шығыстар деп атайды.
Әдетте уақыт мерзімі қысқа және ұзақ мерзім болып бөлінеді. Ұзақ мерзімде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Мысалы, егер жұмыстан босату мерзімі жұмыскерлер үшін бір апта болса, онда жалақыға жұмсалатын шығындар жұмыскерлер үшін бір апта бойы тұрақты болады. Қызметкерлер үшін бұл мерзім 6 жұма, 3 ай және одан артық. Егер уақыт мерзімін бір жыл деп алсақ, онда еңбек үшін төлем шығындарының барлығы өзгермелі болады.
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар (мысалы, лизинг шарты, жолдау шарты, арендалық шарт және т.б.) нәтижесінде пайда бола алады. Шығындарды мән жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ. Шығындардың Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің (тұрақты немесе өзгермелі) сипаты шешім қабылданған ситуациядан тәуелді деп тұжырымдалды.
Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар әсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгігі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан тәуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтылығынан (шешім қабылдауға қажет) және өндірістік факторлардың бөлінісінен.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығару үшін жұмсалған шығындар, яғни орташа шығындар туралы информация, өте маңызды. Орташа шығындар АТС-бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:
ATC=TCQ
Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі.
Ұзақ мерзімде кәсіпорнының масштабының және оның өндіріс көлемінің орташа шығындар динамикасына ықпалы оң шамада немесе теріс шамада болуы мүмкін. Әдетте, ұзақ мерзім кезеңінде шығындар, кәсіпорнының кеңеюіне сәйкес, алғашында төмендеп минимумға жетеді, осыдан кейін қайтадан өседі. Бұл жағдай қайтарымның кему заңымен емес, өндіріс масштабының өсуінің оң немесе теріс эффектісімен (ауқым нәтижесімен) дәлелденеді.