Өндіріс шығындары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:29, реферат

Описание работы

Экономикалық әдебиеттерде «шығындар» «залал» түсініктері қатар пайдаланылады. «Залал» түсінігі материалды, табиғи және т.б. рестуратарды өндіруге жұмсалымдардың расходын білдіреді. «Шығындар» – олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға айналған ресурс заладарын білідіреді. Шығындар – иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем.

Содержание

I. Өндіріс теориясы және өндіріс шығындары
1. Өндіріс пен технология және өндірістік функция
2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
II. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері
1. Өндірістік шығындар жайлы коцепциялар
2. Шығындарды есепке алу тәсілдері
III. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Ondiris.docx

— 56.34 Кб (Скачать)

Жоспар

 

I.  Өндіріс теориясы және өндіріс шығындары

1.  Өндіріс пен технология және өндірістік функция

2.  Изокванта. Технологиялық  ауысу нормасы

II. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері

1.   Өндірістік шығындар жайлы коцепциялар

2.   Шығындарды есепке алу тәсілдері

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Экономикалық  әдебиеттерде «шығындар» «залал» түсініктері  қатар пайдаланылады. «Залал» түсінігі материалды, табиғи және т.б. рестуратарды өндіруге жұмсалымдардың расходын білдіреді. «Шығындар» – олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға  айналған ресурс заладарын білідіреді. Шығындар – иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем.

Тұтынушының тауарды сатып алудағы мақсаты  пайдалылық болса, өндірушінің мақсаты  өндіріс шығындарын азайту.  Шығындар ұсыныс көлеміне әсер ететін негізгі фактор.  Сондықтан, өнімнің қандай көлемін өндіру керектігін анықтағау үшін фирма шығындарын талдауы керек.

Шығындарды  зерттеу оның мәні мен түрлерін анықтап  білу, өндіріс шығындарын азайту және пайданы көбейту, кәсіпорынның жалпы, орташа, шекті табыстарын есептеу  тәсілдеріне көмектеседі.

Экономика ғылымындағы әртүрлі  мектептің өкілдері (К.Маркс, А.Маршалл. Д.Миль, Д.Робинсон) шығындарды зерттеуге  қомақты үлес қосты. 
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. “Шығындар” деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді. 
К.Маркс бағаның құннан ауытқу мәселесін қарастырды. Оның тұжырымдамасы екі маңызды нәрседен тұрады: өндіріс шығыны және айналым шығыны. Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын-ақиқат өндіріс шығындарын-ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу-еңбек шығындарына және капитал шығындарына-бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады. 
ХІХ ғ. соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржинистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржинистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептеледі. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.  

 

 

ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІС  ШЫҒЫНДАР

 

1. Өндіріс пен технология және  өндірістік функция

 

Алдыңғы тақырыптарда біз тұтынушы мінез-құлқын нарықтық қатынастар субъектісі ретінде  талдадық. Енді олардың басқа қатысушысы – өндірушінің мінез-құлқын талдауына  кірісейік. Осыған арналған микроэкономика теориясы өндіріс теориясы деген  атау алды (фирма теориясы). Өндіріс  теориясы методология жағынан тұтыну теориясымен бірдей, бірақ оның айырмашылығы – зерттелетін категориялардың  табиғаты субъективтік – психологиялық емес, объективтік.

Сонымен, өндіріс теориясында қызметі  зерделенетін субъекті – өндіруші. Өндіруші ретінде (рөлінде) кез келген жеке тұлға болуы мүмкін, бірақ  микроэкономикада өндіруші ретінде  әдетте фирма болады.

Фирма (итал. Firma – қойылған қол) – санасыз  нарық аясында адамдардың саналы ұйымдасу орындары. Фирма – пайда  алу мақсатымен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйым. Заң тұрғысынан алғанда, фирма – жеке мүлік және мүліктік құқықтары бар шаруашылық бірлік. Фирманың анықтаулары көп. Ол бірнеше  адамнан ғана тұратын ұсақ кәсіпорын  немесе дүние жүзінде филиалдары бар көпмиллионды бірлестік болуы  мүмкін. Қазір дүние жүзінде 40 млн  аса фирмалар бар, олардың көбі шағын  және орташа бизнес аясына жатады. Фирма  қызметінің негізі – өндіріс үдерісі. Өндіріс – қорларды экономикалық игіліктерге айналдыру үдерісі. Ол игіліктер тура немесе жанама түрде  қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Өндіріске кіретін қорлар өндіріс факторлары болып келеді. Неоклассиктер оларды 4 негізгі топқа бөледі:

  1. Жер – табиғи ресурстары
  2. Еңбек – өнідіріс үдерісіне кіретін адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттілігі
  3. Капитал – құнды құруда тікелей қатысатын өндіріс құралдары
  4. Кәсіпкерлік қабілеттілік (қызмет) пайда табу мақсатымен өндірістің басқа факторларын шоғырландыруы бойынша қызмет

Өндірістің  әр нақты үдерісі (процесі) технологиясымен  –факторлардың белгіленген тұрақты  қисынымен сипатталады. Ескеретін  жәйт: кейде өндірістің 1 процесі (үдерісі) әр түрлі технологиялардың көмегімен  іске асырылады. Өндіріс технологиясы (оның жетілдіруі) қорлардың нәтижелі пайдалануын қамтамасыз ететін негізгі  факторы болып табылады. «Нәтижелілік»  категориясын анықтауында 2 амалды айырады: экономикалық және технологиялық нәтижелілік. Факторлардың аз санын пайдалана (тарта) отырып, тапсырылған шығару көлеміне жеткен өндіріс тәсілі технологиялық нәтижелі деп саналады. Экономикалық нәтижелілік – кеңдеу ұғым. Тартылған өндіріс факторларының баламалы құны ең аз болған технологиялық нәтижелі өндіріс экономикалық нәтижелі деп саналады. Жұмсалған қорлар көлемі мен осы технология шеңберінде шығарылған өнім көлемі араларындағы тәуелділікті өндірістік функция көрсетеді. Оның жалпы түрі келесі: Q = f(Х1, Х2, Х3,…Хn)

Онда  Q – шығару көлемі

Х1, Х2, Х3,…Хn – өндіріс факторлары

Барлық өндірістік функциялар жалпы  қасиеттерге ие:

1. Әр  қайсысы нақты өндірістік процесті (үдерісті) баяндайды, технологияның  өзгеруі өндірістік функцияның  түрін өзгертеді.

2. Функцияның  ішіндегі өндіріс факторлары  өзара ауыстыралады – бұл неоклассикалық  экономика теориясының негізгі  қағидаларының бірі.

3. Өндірістік  функция факторлардың тек қана  технологиялық нәтижелі қисындарын  баяндайды.

4. Өндірістік  функция шығарудың тек қана  ең жоғары мүмкін болатын мағыналарын  көрсетеді. Өндірістік теориясында  әдетте 2 факторлы өндірістік функциясы  (Кобба – Дуглас функциясы)  пайдаланады, онда өндірістің 2 факторын  – еңбек пен капиталды тарту  есебінде шығару іске асырылады.

Q = f(L,K),мұнда 

L – еңбек

К – капитал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Изокванта. Технологиялық ауысу  нормасы

 

Өндірістің  кез келген технологиясы өнімнің  тапсырылған көлемін өндіру үшін екі фактордың ең аз жиынын сипаттайтын  нүкте түрінде графикте көрсетілуі мүмкін. Осы нүктелерді қосып өндірістік функцияны бейнелейтін қисық  сызығын (изоквантаны) – isoguanta аламыз.

Изокванта – бірдей (тұрақты) шығару көлемін  беретін өндірістің екі факторының барлық мүмкін амалдарын көрсететін қисық сызық.

 

       K


        3

          

        2                              

        

        1

                                                   L

                1      2      3

             Изокванта

 

Еңбек пен  капитал санының әр түрлі амалдарында  изоквантада орналасқан кез келген нүктеде өндірістің бір ғана көлемі жетіледі. Изоквантаны салу тұтыну теориясындағы парықсыздық қисық  сызығын салумен методологиялық жағынан бірдей. Олар анықтама жағынан  да жақын: парықсыздық қисық сызығы тұтынушының бірдей (ең жоғары) пайдалылық деңгейімен тауар таңдауының балама нұсқаларын көрсетеді, ал изокванта  бірдей (ең жоғары) шығару көлеміне жетудің  өндіріс факторлар шығындарының балама нұсқаларын. Факторлардың кез  келген жинағында өнімнің ең жоғары шығаруын көрсететін изокванталар жиынтығы.

 

 

 


      K            

                 Q3

          Q2

 

         Q1

                                                       

                                              L

        

  Изокванталар картасы

 

Изокванта картасының мәні парықсыздық сызығының  мәніне сәйкес. Координата басынан  изокванта неғұрлым алшақтау, шығарудың  соғұрлым көп көлемін көрсетеді. Изокванталардың еңкіштігі теріс, түрі ойыс және де олар қиылыспайды.

Технологиялық ауысу нормасы (MRTSLK) – басқа факторлардың өзгерістеріне байланысты бір фактордың қажет сандық өзгерістерін көрсететін шама (тұрақты шығару көлемінде) (marginal rate of technical substitution):

MRTSLK = – ΔК/ ΔL Q = const шартында.

Технологиялық ауысудың шекті нормасы факторлардың шекті өнімдерімен тікелей байланысты – норма олардың кері өзара  қатынасына тең.

MRTSLK = (– ΔК/ ΔL) (МРL/МРK), мұнда

МРL – еңбектің шекті өнімі (marginal product), еңбекті пайдаланудың бірлікке өзгеруінің нәтижесінде жиынтық өнімнің өзгеруі:

МРK – капиталдың шекті өнімі – капиталды пайдаланудың бірлікке өзгеру нәтижесінде фирма жиынтық өнімінің өзгеруі. Бұл капиталдың еңбекпен ауысу барысында шекті өнімінің өсіп, ал еңбектің шекті өнімі түсетінін, яғни капитал бірлігінің қайтарымы өсіп, еңбек бірлігінің қайтарымы түсетінін білдіреді. Демек, MRTSLK шамасы төмендейді де, изокванта түзеледі. Сәйкес ахуал капиталды еңбекпен ауыстырғанда пайда болады. Бұл құбылысты классикалық мысалдың көмегімен көрсетуге болады: өнімнің белгіленген көлемін өндіру үшін еңбек бірліктерінің біршама саны және капитал бірліктерінің біршама саны қолданады. Капиталды еңбекпен ауыстырғанда (станоктар санын көбейтіп, жұмыскерлер санын қысқартқанда), капитал бірліктерінің өнімділігі (қайтарымы) азаяды, ал еңбек бірліктерінің (жұмыскерлердің) өнімділігі өседі және керісінше. MRTSLK = (– ΔК/ ΔL) (МРL/МРK) теңдігінен шығатын екінші маңызды түйін: изоквантаның кез келген нүктесінде бір фактордың екіншісімен ауысуының шекті нормасы осы нүктедегі изоквантаға жанаманың еңкіштігіне тең. MRTSLK маңызына байланысты өндірістік функциялардың әр түрлерін айырады:

1. Егер  өндіріс факторлары мүлде өзара  ауыстырылатын, яғни бірі екіншісін  толық ауыстырса (мысалы, балмұздақты  сатушы немесе автомат арқылы  сату), MRTSLK маңызы = 1 және де изоквантаның барлық нүктелерінде тұрақты түрде изокванта тура сызық түрде болады(а).

2. Егер  өнідіріс факторлары мүлде өзара  ауыстырылмайтын болса, MRTSLK маңызы = 0, изокванта 2 перпендикуляр кесіндіден тұрады.

  K                                      K  


 

 

 

             

 

 

                                      L                                       L

а)                                              б)                                           

Изокванталар  типтері

3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері.

 

Пайдаланатын  факторлар санының өзгеруі талданатын үдерістерге (процестерге) қандай ықпал  жасайтынын көрейік. Мұнда (әдетте факторлар  санының өзгеруі жөнінде айтылғанда), уақыттық кезеңдердің шектеуі қажет. Қысқа мерзімді кезеңде бір фактор тұрақты болып қалады. Ұзақ мерзімді кезеңде 2 фактор да ауыспалы.

Қысқа мерзімді кезеңдегі өндірістік функцияның түрі:

Q = f (NL,K), егер еңбек ауыспалы фактор  болып тұрса, (оның қолдануы көбееді/азаяды), ал капитал тұрақты болып қалады.

Немесе Q = f (L, NK), егер ауыспалы фактор – капитал, ал тұрақты – еңбек болған жағдайда.

Ауыспалы  фактордың өсу сызығы оның өсіне  жараспалы параллельді сәуле  тәрізді көрсетіледі.

          K


 

      K*                      K*

 

 

               L     2L               L

                                    

 Қысқа  мерзімді кезеңдегі өндіріс факторлары

 

Сәулені бойлай оңға қарай қозғалыста K/L ара  қатысы азаяды, солға қарай –  көбееді, өйткені капитал бірлігінің белгіленген саны еңбектің көптеу не аздау санына келеді. Демек, қысқа  мерзімді кезеңде факторлардың шамасы шығару өзгерістердің ықпалымен  өзгереді. Осы ықпалдың дәрежесін  анықтау үшін бір қатар категориялар пайдаланады:

1. Жиынтық (жалпы) өнім ТР (total product) – шығарудың жалпы көлемі;

2.Орташа өнім АР (average product) – жиынтық өнімнің ауыспалы фактор санына қатынасы. АРL = TP/L; APK = TP/K (АРL уақыт бірлігінде өнім шығаруды сипаттап, еңбек өнімділігі деп аталады; APK – капиталдың (негізгі қордың) пайдалану нәтижелілігін сипаттайды да, қор қайтарымы деп аталады.

3. Шекті өнім МР (marginal product) – ауыспалы фактор бірліктерінің қолдануын көбейтуден алынған жиынтық өнімнің өсімі. MPL =ΔTP/ΔL; MPK = ΔTP/ΔK

1. Жиынтық,  орташа және шекті өнімдердің  графиктері көрсетілген.

Информация о работе Өндіріс шығындары