Нарықтың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары, нарықтық экономика институттары, нарық және мемлекеттік басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:23, курсовая работа

Описание работы

Берілген курстық жұмыс кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде адамзат өзінің өмір сүрген тарихының көп бөлігін нарықсыз өткізгенін, тек табиғи шаруашылық дамығанын көсетіледі. Кейін тауар шаруашылығы өтіп кетті, нәтижесінде экономикалық субьект жеке мүдделеріне жетуге тырысуға бастады және олар өзара еңбекті тауар өндірушілер арасында бөлді. Алғашында айырбас дамыды, оның дамуы нарық құрылуына алып келді. Нарық өзіне тән бәсекелестік арқылы тауар шаруашылығына берік негіз бола білді.

Содержание

Кіріспе. 2
1. Нарық,тауар құны туралы түсінік.Құн заңы.
1. 1. Нарық түсінігі. 3
1. 2. Нарыќ шаруашылығының ќазіргі заманғы моделдері. 4
1. 3. Нарық пен айырбастың пайда болу тарихы. 6
2. Нарықтың маңызы туралы түсінік.
2.1.Нарықтың маңызы 7
2. 2.Нарықтың құрылымы. 9
2. 3. Нарықтың түрлері. 12
3. Нарықтың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары, нарықтық экономика институттары, нарық және мемлекеттік басқару
3. 1. Нарық артықшылықтары 15
3. 2. Нарық жетіспеушіліктері 16
3. 3. Нарықтық экономиканың институттары 16

Қорытынды 18

Пайдаланылған әдебиеттер 20

Работа содержит 1 файл

Нарықтық экономика туралы түсінік.docx

— 52.31 Кб (Скачать)

       Қандай-да  болсын нарықтық жүйеге мынадай  шарттардың болуы қажет: жеке  меншік иеленуге құқық, келісім  жасауда тәуелсіздік, тұтынушылық  бәсекелестіктің де болуы, баға  құрылуы мен мамандықты, білім  алу және жұмыс орнын таңауда  толық тәуелсіздік. 

       Өзінің  тиімділігін ұзақ уақыт бойы  дәлелдеп келген осы жүйенің  негізін нарық құрайды, оның  тиімділігі жоғары шаруашылықты  ынталандыруда болады. 

 

3. 2. Нарық жетіспеушіліктері 

Нарықтың жайлы функциялары  оны тиімді жүйеге айналдырады. Бұл нарықтық қатынастардың жеткілікті болуын және барлығында қоғамның жайлы дамуын қамтамасыз етуді білдіреді. Нарықтық шаруашылықта өзінің кемшіліктері де бар. Біріншіден, нарықтық жүйені атқару экономикалық реттеушілердің іс- әрекетіне байланысты. Осы жағдай экономикалық тұрақсыздықты жеңеді. Бірқалыптылықты қамтамасыз ету кризистерінен басқа да жағдайларымен де жүзеге асып отырады. Екіншіден, нарықтық ортаның бақылаусыздық негізінде бәсекенің еркіндігін шектейтін монополизацияланған құрылымдар пайда болады.

Үшіншіден, нарықтық қызмет етуші механизм экономиканы көптеген қоғамдық қажеттіліктермен қамтамасыз ете отырып, бизнеспен байланысты емес қоғамның жетіспеушіліктерін қамтамасыз ету мақсатында ішкі қорлы құрылымды  қажет етпейді. Ең алдымен, осы әлеуметтік Бұл экономикалық трансферттерді (зейнетақы, степендия, төлемақы) денсаулық сақтауды қолдауды, білім-ғылымды, мәдениетті, спортты  және т.б. құру болып табылады. Төртіншіден, нарық жұмысқа жарамды халықты  кепілденген еңбектік төлемақымен  немесе тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Әрбір адам қоғамдағы  белгілі бір орын алуына өзі ғана әсер ете алады, мұның барлығы  қалай болса да әлеуметтік жағынан  қабаттануға, әлеуметтік топтарға, яғни кедей мен бай етіп бөлінуге мәжбүр болады. Нәтижесінде әлеуметтік жағдай күрделене түседі. Нарықтық қатынастар арам ниеттердің пайда болуына жағдай жасайды, алдауды, коррупцияны, рэкетті, есірткі және қоғамға қарсы заттарды сатуды алып келеді. Нарықтың барлық қарама-қайшы  функциялары экономиканың өтпелі кезеңінде  көрінеді. Сонымен, нарықтың жетіспеушілік  ерекшеліктеріне кішкене болса  да, ойластырылған экономикалық саясат жүргізе отырып әсер етуге болады. Мұнда шаруашылықты мемлекттік жолмен реттеу аса маңызды рөлге ие. Мемлекет өзін нарықтық қатынастар арқылы қамтамасыздандыра  алмайтын қоғамдық өмірдің кейбір салаларына қаражатты бөле отырып жоғарыда аталған  саясатты жүзеге асырады.

 

3. 3. Нарықтық экономика  институттары 

Экономикалық жүйенің  жұмыс атқаруы, оның тепе-теңдігі  мен динамикасы «нарықтық институттардың»  іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық институттар – арнайы нарық шектеуінде жұмыс атқаратын арнайы мамандандырылған мекемелер. Қазіргі таңда бұлинституттар бір-бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелді болып келеді. Тауарлар және қызмет көрсету нарығы ұсынады: тауар биржалары, көтерме және бөлшектік сауданың кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен аукциондар, нарықтық қатынастарға қатытсатындады ақпаратпен қамтамасыз етумен (жарнама, маркетинг, түрлі делдалдық мекемлер, сервистік орталықтар және т.б.) айналысатын фирмалар. Тауар нарығының ифрақұрылымының осы буындарының барлығының іс-әрекеті экономикалық «кеңістікті» өзіндік «полюстермен» толтырады (тұтынушылар мен өндірушілер). Тауар нарығы инфрақұрылымының негізгі функциясы қоғамдық өндірістің барлық сфераларын өзара байланыстыруда болып келеді. Капитал нарығы екі бөліктен құралады: «несиелік нарық» және «бағалы қағаздар нарығы». Несие нарығы – бұл жалға алу капиталы нарығы; оның жұмысы бос қаражатты жинақтап, оны несиелерге айналдыра алатын банктер, сақтандыру компаниялары, түрлі қорлар арқылы қамтамасыз етіледі. Бағалы қағаздар нарығында негізінен кәсіпорынды иелену үлестері сатылады. Бұл жеке капитал нарығы болып табылады, оның негізгі институты – «биржа қоры». Еңбек нарығы өндіріс факторлары нарығының көлемді бөлігі ретінде капитал нарығымен бірге жұмыс атқарады. Еңбек нарығында еңбек күші сауда-саттық арқылы бөлінеді. Ол еңбек биржасы ретінде құрылған. Мемлекеттік қаржы нарық құрылымының аса маңызды элементі болып табылады. Олар өзіндік функцияларын орталық немесе жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырады. Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы акционерлік қоғам тәрізді кәсіпорынның белгілі бір формасының бекітілуіне байланысты. Олардың пайда болуы өндірістің техникалық негіздері өзгерген кезде оның көлемі өскен кезде, кәсіпорындардың саны ұлғайған кезде, кәсіпорынның табиғиөсу нәтижесі болады. Ірі кәсіпорындар шағын кәсіпорындардың қасында өзінің жоғары деңгейін көрсеткен соң, инвестицияға қажетті біршама капитал массаларын қажет етті. Алғашқы капитал мөлшері, яғни өндірісті ұйымдастыруға қажетті қаражат өсіп кетті. Бөлек кәсіпорындарға жаңа өндірістер ашуға немесе барды жетілдіруге мүмкіндік болған жоқ. Сондықтан, олар өзіндік каптиалдарын біріктіріп, акционерлік қоғамдар ұйымдастыруға мәжбүр болды. Акционерлік қоғам – кәсіпркерлердің, яғни акционерлер капиталдарының бір бөлігінде құрылған кәсіпорын. Акционерлер кәсіпорынның қарыздарын жауапкершілікке алмайды. Жауапкершілік қоғамдық сипат алады, тәуекелге акционерлердің жеке меншігі емес, тек кәсіпорынға еңгізген қаражат қана барады. Осылайша, арнайы нарық аумағында жұмысын атқаратын өзара байланысқан институттардың жиынтығы нарықтық экономиканың инфрақұрылымын құрайды. Нарықтық инфрақұрылымның классификациясы, оның ерекше мазмұны нарық ерекшеліктерімен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

  Жалпы түрінде  нарық – экономикалық  қатынастардың жүйесі, олар өндіріс процесінде, тауар қабылдауында  және таратуында, сонымен қатар  ақша массаларының  қозғалысымен құрылады. Нарық тауар айырбасқа  тек қана өндірістік  өнімдерді ғана  емес, еңбек нәтижесі  болмайтын өнімдерді  де еңгізе отырып (жер,  орман), өндірісінің  дамуымен қатар  дамиды. Нарықтық  байланыстардың басқару  шарттарына байланысты  адамдардың барлық  қарым-қатынастары  сауда-саттықпен  байланысты болады. Нарық айырбас  сферасын да ұсынады,  мұнда тауар өндірушілер  мен тұтынушылар,  өндіріс пен тұтыну  арасындағы байланыс  қамтамасыз етіледі.  Нарық өндіріске  қызмет етеді:  айырбастайды, таратады, тұтынады. Өндіріске  нарық қажетті  ресурстарды жеткізеді  және оның өнімін  өткізеді, сонымен  қатар оған сұранысты  да анықтап береді. Айырбас үшін нарық  ең негізгі тауар  мен қызметтерді  өткізу және сатып  алу өзегі болады. Тарату үшін арналған  нарық механизмі  ресурс иелеріне  нарықтағы сауда  арқылы алынатын  табыс көлемін  анықтайды. Ал  тұтыну үшін нарық  тұтынушыға қажетті  игіліктердің негізгі  өзегі, көзі болып  табылады. Нарық –  нарықтық экономиканың  негізгі индикаторы  болып саналатын  бағаны да анықтайды. 

      Нарық түрлі функцияларды  атқарады, олар оның  алдындағы мақсат- міндеттерге байланысты  болады. Нарықтық  механизм үш негізгі  сұраққа жауап  беруге арналған:

      1. Нені өндіру  керек, яғни қандай  тауарлар мен қызметтер  тұтынушыға ұсынылуы  керек? 

      2. Қалай өндіру  керек, яғни қай  өндіру әдіс-тәсілін  қолданған ең дұрыс  шешім болады?

      3. Кімге осы тауарлармен  қызмет түрлерін  көрсету керек,  яғни кім оларды  өз меншігіне алуға  талап ете алады? 

     Осы сұрақтарды  шешу үшін нарық  бірнеше функцияларды  іске асырады,  осылар арқылы  экономиканың негізгі  мәселелері шешіледі. Бірақ, нарық функциялары  шектелген. Қоғамның  осындай әлеуметтік- экономикалық мәселелерін  шешуін нарық қамтамасыз  ете алмайды. Осы  мәселелермен мемлекет  айналысуы тиіс. Ол  тек нарық іс-әрекетінен  алшақ жатқан қоғамдық  өмірдің салаларын  (әлеуметтік сала, мемлекеттік басқару  және құқық қорғау, елдің қауіпсіздігі) бақылап қана емес, нарықтық механизмнің  өзін де реттеуге  міндетті. Мемлекеттік  реттеу өзінің  әсерін экономиканың  түрлі салаларына  жеткізеді. Нарықтық  экономика шарттарына  байланысты, егер  ол мемлекттік  реттелудің түр-  түрімен қамтамасыз  етілсе де ол  біршама шекетеулі  болып келеді. Кәспорындарда,  кәсіпкерлерде, азаматтарда  өзін-өзі басқаруға  біршама мүмкіндіктер  қалады, мемлекеттің  қолы бармайтын  басқару әсері  аймағы да сақталып  қалады.

      Мемлекет экономикаға  шектен тыс әсерін  тигізсе, нарықтық  механизм іс-әрекетін  өзгертіп тастауы  мүмкін, нәтижесінде  өндірісті жетілдіруге  ынталандыру жойылып  кетуі мүмкін.

      Экономикалық теорияда  нарықтың бірнеше  түрлерін ажыратады,  олар өзінің қажеттіліктерін  қамтамасыз ететін  өзіндік инфрақұрылымына  негізделеді. Сонымен  қатар, нарықтық  экономикаға институттар  қызмет көрсетеді,  олар нарықтарды  біріктіреді. Нарықтық  жүйенің әрбір  элементінің өзінің  жеке мағынасы  бар, бірақ нарықтық  экономиканың дұрыс  жұмысы мемлекеттік  шарттар шеңберінде  тек барлық оның  бөліктерінің ойластырылған,  әрі нақты жұмысы  арқылы жүзеге  асады. Қоғамдық  өндірісте нарықытң  маңызы аса зор:  ол өндіріске сигнал  береді – нені, қандай мөлшерде, қандай құрылыммен  өндіру керек;  сұраныс пен ұсынысты  теңестіреді; экономиканың  тепе-теңдігін қамтамасыз  етеді; олардың  жұмысының тиімділігіне  және нарықтық  сұранысты қамтамасыз  етуге мақсатын  қобына байланысты  тауарөндірушілерді 27 дифференцияциялайды,  бәсекелестік деңгейі  төмен кәсіпорындарды  «алып тастайды»  да ескірген өндірісті  жаңартады. 

       Нарықтық экономикада  әрбір субьектінің  байлығы, оның  нарықта өндірген  тауарынын қандай  мөлшерін өткізе  алуымен есептеледі. Тұтынушыларға ең  тиімді тауарды,  ең тиімді шарттармен  ұсынған адам бәсекелестік  күресінде жеңімпаз  атанады. 

       Қазіргі таңдағы  нарық қаншама  жинақталғанымен,  қаншама реттелгенімен,  оның табиғаты  негізінен өзгермейді  – бұл шаруашылық  әрекеті толығымен  тәуелсіз сатушы  мен сатып алушының  байланысы, сондықтан  экономиканың негіхгі  сұрақтарын өздері  шешетін: нені  өндіру? Қалай өндіру? Кімге жіне қандай  бағамен сату? Табысты  қайда жұмсау? Как  не упорядочен, как  ни регулируем  современный рынок,  его природа     

       Сонымен, экономикалық  дамудың тағы бір  рецептін де құруға  болады: елдің дамуы  үшін нарықтық  механизмдердің дамуын  қолдау және олардың  жұмысының нәтижесі  игілік болуын  бақылау керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиетер тізімі:

 

       1. Базылева М. Н.  Экономикалық теория. – Минск: БГЭУ, 1999, 385 бет   

       2. Борисов Е. Ф.  Экономикалық теория. Лекциялар курсы.  – М.: 1997, 266 бет. 

       3. Булатов А. С.  Экономика. М., 1999, 786 бет. 

       4. Дискин И. Е.  Өтпелі экономиканың  әлеуметтік құрылымы // Қоғам және экономика. 1997. № 1-2, бет. 12

       5. Иохин В. Я.  Экономикалық теория: нарық және микроэкономикалық  анализ туралы  түсінік. – М.: 1997, 391 бет 

       6. Котлер Ф. Маркетинга  негіздері. М., Прогресс 1990, 613 бет 

       7. Макконнелл К.  Р., Брю С. Л.  Экономикс: принциптер, мәселелер және  саясат. М., Республика. 1992. т. 1, 348 бет. 

       8. Мамедов О. Ю.  Қазіргі таңдағы  экономика. Ростов  н\Д., 1998, 633 бет.  

       9. Микульский К.  И. Әлеуметтік-бағдарланған  нарықтық экономика. // Қоғам және экономика. 1997. № 1-2, 8 бет 

      10. Николаева И.  П. Экономикалық  теория. – М.: «Проспект», 1998, 511 бет. 

      11. Раицкий К. А.  Кәсіпорын экономикасы:  Оқу құрылы. М., 1999, 625 бет. 

      12. Райзберг Б.  А. Экономика курсы.  – М.: ИНФРА-М, 1999, 718 бет. 

      13. Самуэльсон П.  Экономикалық ғылымдар. – М 1990, 282 бет. 

      14. Самуэльсон П., Нордхаус В. Экономикс.  М., Республика. 1990, 687 бет. 

      15. Сажина М. А., Чибриков Г. Г.  Экономикалық теория. – М.: 1998, 405 бет. 

      16. Смит А. Халықтардың  байлығының табиғаты  және себептері  туралы зерттеу.  М., 1962, 535 бет. 

      17. Фишер С., Дорнбуш  Р., Шмалензи Р.  Экономика. М., 1993, 483 бет. 

      18. Экономикалық теория (политэкономия)/ Видяпин В. И., Журавлева  Г. П. редациясымен  – М.: 1997, 561 бет.

 


Информация о работе Нарықтың жетіспеушіліктері мен артықшылықтары, нарықтық экономика институттары, нарық және мемлекеттік басқару