Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:11, реферат

Описание работы

Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады.

Содержание

Кіріспе
1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
1.2 Нарықтың қызметі және құрылымы
1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы

Работа содержит 1 файл

kyrsovaya нарықтық экономика.docx

— 45.00 Кб (Скачать)

      ә) олигополиялық нарықта ез ғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;

      б) монополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәсекелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.

      «Сатушы нарығы» және «сатып алушы нарығы»  болып та жіктеледі. «Сатушы нарығы»  деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы  жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер  монополиясының еркін нарықта сипат  алуымен түсіндіріледі. «Сатып алушылар нарығы» деп сатып алушылар көп  билікке ие болып, нарықтың субъекті «белсенділігін» сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.

      Атқарылап жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен  нарықты былай жіктейміз: ресми  және ресми емес.

      Нарықты ірі тауар топтарына қарай  – азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім, телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады: нан өндіру нарығы, үй және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз: тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты.

      Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес, қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы ұлттық ішкі нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады.

      Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары - өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.

      Нарықтың  ролі жалпы түрде оның қызметі  арқылы ашыла түседі.

      Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы болып  табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік  басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады.

      Нарықтың  келесі қызметі – ақпараттық. Тауар  бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен насиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі  нарықтық экономиканың борометріне  әрі айнасына айналдырады. Нарық  өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы  жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі  сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық  хабар жеткізеді.

      Нарықтық  механизм «санациялық» (сауықтыру) қызметті де атқарады. Бәсекенің көмегімен  ол қоғамдық өндірісті тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан тазалап,үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.

      Біздің  нарық терең монополияланған. Нарықтағы  барлық тауардың 50-70% олардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың күй-жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен байланысады және өнімді шығаруға қызығы түсіп, қызметке белсенді кіріседі.

      Нарықтың  қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбекті  материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз. 

  1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері 

      Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элеметтерінің болуын талап  етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.

      Нарық экономикасының бірінші және өте  маңызды элементі - өндірушілер мен  тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек  бөлінісі процесінде қалыптасады –  біреулері тауарды өндіреді., екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс  процесін әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен  тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін  айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық  шаруашылығында бұл байланыстар  тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.

      Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс  орындарының

корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің  жеке немесе аралас формаларымен болжанған  экономикалық оңашалану құрайды.

      Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен  ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы  географиялық ауданда өндірілген тауарға  нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шеғындары болжайды.

      Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны  – екі құрылымнан, сұраныс және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс  тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан  бағамен ақшалай табыстарына  сатып алады. Сұраныс өндірудің  ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды  тиімді пайдаланудың стимулы болып  табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.

      Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздеоініңқара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

      Нарықтың  маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар  биржаларының көтерме және бөлшек сауда  құрылымдарының құрылып, қызмет етуін  талап етеді.

      Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі  үш басты принциптерге негізделеді:

      - маржиналдық (шекті) талдауға;

      - балама таңдау шығындарына;

      - экономикалық рационалдыққа.

      Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық  субъектілерінің іс-қимыл жүріп  оырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар  болады. Осының нәтижесінде нарықты  тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы  нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен  және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп  болғанда, олардың әрқайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.

      Балама  таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына тікелей шығындар, және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей  шығындардың жиынтығы жатады. Нарық  экономикасының ерекшелігі мынады: барынша  қолданылмаған мүмкіндіктердің  варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса  да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндіушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.

      Экономикалық  рационалдық принципі табыс пен  шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын  варианттардан жасалады. Осы варианттардың  ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты  қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі – табыс  төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді  көздейді, ал тұтынушылар – капиталды  шектеп пайдалана отырып, барынша  өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы  аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді – бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.

      Сирек кездесу нарық экономикасының өте  маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер  үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті  пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін  зерттеу, белгілі бір тұрғыда  кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

      Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін күнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.

       

       

1.4 Нарықтың экономиканың  субъектілері және инфрақұрылымы 

      Нарықтық  экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен  ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым  жасайды.

      Үй  шаруашылығы материалдық (жер мен  капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткере (өткізу) отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар  өндірісіне қажетті сұраным ресурстарын  талап етеді. Сұраныс пен ұсыныстың  өзара іс-әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға  сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.

      Үй  шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі  бөлігін жинайды (қор) және ресурстар  мен салықты төлеуге жұмсайды.

      Фирмалар  өндіріс ресурстарын біріктіреді  және қозғалысқа келтіріп өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды  ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткеруден түскен табыс)  ресурстарды төлеуге толық  жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б.

      Үкімет  фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету  саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы және құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнетақы, табыс аздарға  көмекақы, жұмыссыздарға жәрдемақы) төлейді. Құқықтықнегізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың  шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеіледі. Түпкі есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.

      Нарықтық  экономиканың қажетті элементтерінің бірі инфрақұрылым болып табылады.

      Инфрақұрылым  – бұл институттар ( ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен  қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.

Информация о работе Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны