Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 11:27, реферат
Нарықты реттеу екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі.
Нарықты мемлекеттік реттеу, қаржылылқ реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан терең экономикалық қайта ұйымдастырулар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізінде жатқан постулаттар мен қалыптасқан стереотиптерге сынмен қарауға мәжбүр етті. Нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдылықтарын зерттеу экономикалық қызметті басқарудың тиімді әрекет жүйесін құруға жол ашты.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1. Мемлекеттің мәні және нарықтағы мемлекеттің рөлі.............................4
2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің нарықты реттеу тәсілдері және шегі........................................................................................................6
3. Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері..................12
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................20
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өткен кезеңді қорыта келіп, ұзақ мерзімге арналған басым мақсаттар мен оларды іске асырудың стратегияларын анықтады. Ұзақ мерзімді жеті басым бағыт анықталды, олар өзара байланысты. Олардың ішінде үш басым бағыт экономика саласына арналады. Экономикалық асу – экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу. Энергетика ресурстары – мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту. Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал кейіннен бесжылдық жоспарлар жасалады.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шет ел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол он принциптен тұрады. Мелекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанның экономикалық стратегиясы макроэкономиканы тұрақтандыру болды. Бірақ бүгінгі табыс тоқмейілсуге негіз бола алмайды.
Бірінші азиялық барыс болу үшін біздің басым бағыттардың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс.
Құнсыздануды қолайлы деңгейге түсіре отырып, Республика стратегиялық күшті экономикалық ілгерілеуге бағыттайды.
Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтылады.
Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталды. Енді оны ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың айналымы процесін дәл реттеу қажет. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болды. Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстыпушы буын ретіндегі Қазақстанның жағдайы ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етіп отыр.
Қазақстанның энергетикалық және өзге де ресурстарын игеру жалғаса береді.Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау және пайдалану бірінші кезектегі мәселелердің бірі. Қазақстанның инвестициялық ахуалы неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшіні саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін республикамыз асқан шеберлік танытуы керек.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр.
Қазақстанның
міндеті отандық-коммуникация кешенінің
бәсекелестік қабілетін және аумағымыз
арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын
қамтамасыз етуде жатыр. Бұл сала ұзақ
мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына
ілесуге тиіс, ол ұлттық рынокты жан-жақты
жетілдіруге жәгне жаңа рыноктар іздеуге
мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өтпелі кезең киын да ұзақ та болуы мүмкін . Халық шаруашылығының барлык салаларында дағдарыстың үдеуі өтпелі кезендегі дағдарыска карсы шаралар қолдалынуын қажет етіп отыр , олар мыналар :
- нарықтык катынастарға бейімделген экономиканың барлык деңгейлерінде оны басқару реформалау және меншік нысандарының ара қатынасы қажет . Барлық басқару органдарының рөлін , міндеттерін және функцияларын жаңаша белгілеу және оларды нарықтық жағдайларға сәйкестендіру маңызды . Басқарудың әлі де болса сақталып отырған бұрынғы нарықтық емес әдітерінен түбегейлі бас тарту және XXI-ші ғасырға жаңа экономикалық құрылысқа бара- бар болатын , орын алып отырған дүние жүзілік тэжәрибені ескеретін жаңа баскару жүйесімен қадам басу үшін мүмкін болғанның бәрін істеу қажет ;
- ұсынылып отырған жаңа экономикалық саяси конденциясы отандық тауар өндірушілерге іріктеп қолдау көрсетудің объективті қажеттілігінен туындайды . Елдің шаруашылық өміріне мемлекеттің араласуы экономиканы XXI -ші ғасырда дағдарыстан шығаруға және оны нарықтық өзін - өзі басқаруға эзірлеу мүмкіндігін беретін нарықтық экономикалық индикаторлар, тұрақтандырғыштар , реттегіштер секілді тетіктердің шектеулі санымен жүзеге асырылуға тиіс ;
- нарықтық қалыптастар калыптастырудың монографияда ұсынылған жекешелендіру мен жекешелендіруден кеиінгі саясат, қор нарығын дамыту сияқты және басқа жаңа нысандары мен әдістерін тиімді пайдалану Қазақстанның нарықтық қатынастарға тез енуіне , XXI ғасырда ТМД елдері арасында жетекші жағдайға жетіп , дүние жүзілік коғамдастыққа лайықты орын алуына мүмкіндік береді ;
- нарыктық экономиканың ерекше саласы болып табылатын шагын кәсіпкерлікке ерекше көңіл бөлу керек , әсіресе оған шетел инвестициясын тарту қажет . Ол қоғамда және оның жекелеген косымша жүйелерінде маңызды әлеуметтік - экономикалық функциялар атқарады . Ол «шағын» ресурстық потенциялды бос және ескірген негізгі қорларды , қайталама ресурстарды , қалдықтарды және өзіндік ресурстарды пайдалануға ерекше тиімді. Мемлекеттік және аймақтық деңгейде шагын кәсіпкерлік жөніндегі қолдаушы және реттеуші қызметті ұштастыру қажет .
Біз каншалықты нарықтық экономиканың тетіктерін игергенімізбен егер білім мен ғылымды және мэдениетті алға ұстамасақ, оларға басымдылық бермесек, ұзаққа шаба алмаймыз . Сол себептен білім мен гылымның жаңа технологиялық өтпелі кезеңге сай дамуының тактикасы мен стратегиялық бағдарламасын жасап іске асыру кажет .
Экономикалық
реформалардың табысты болуы
мен олардың жекелеген
Алайда,
нарық әзірше әлсіз және дамымаған
жерлерде, нарықтық қатынастар әкімшілік
жүйенің сынықтарымен бастырылып жатқан
жерлерде, нарықты дамыту үшін және
кеңістікті тазарту үшін мемлекет араласуы
қажет. Әзірше экономика тұрақсыз даму
кезеңінде болғандықтан, мемлекеттің
реттеуші ролі мен оның араласуы бір-біріне
парапар болуы керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Әкімбеков.С, Баймұхамедова.А.
2.
Байжомартов. Ү. Жүнісов. ¥.
«Экономикалық теория
3. Дүйсенбиев. Ш. К. «XXI ғасырға кандай экономика мен кіреміз» Алматы: 2001 ж. 119-149 беттер.
4. Мейірбеков. А. Қ. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы: 2001 ж. 5-15 беттер.
5. Назарбаев. Н. Н. «Жүз жылға татитын он жыл» Астана. 2002 ж. 38-47 беттер.
6. Назарбаев. Н. Н. «XXI ғасыр қарсаңында» Алматы: 1996 ж. 6-9 беттер.
7. Сабден. О. С. Акбердин. Р. 3. «Рыночная экономика» Алматы: «Ғылым» баспасы. 2002 ж. 669-680 беттер.
Информация о работе Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу