Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 11:27, реферат
Нарықты реттеу екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі.
Нарықты мемлекеттік реттеу, қаржылылқ реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан терең экономикалық қайта ұйымдастырулар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізінде жатқан постулаттар мен қалыптасқан стереотиптерге сынмен қарауға мәжбүр етті. Нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдылықтарын зерттеу экономикалық қызметті басқарудың тиімді әрекет жүйесін құруға жол ашты.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1. Мемлекеттің мәні және нарықтағы мемлекеттің рөлі.............................4
2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің нарықты реттеу тәсілдері және шегі........................................................................................................6
3. Қазақстанда экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері..................12
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................20
Әкімшілік реттеу әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады, мысалы, қоғамдық, қолдану салаларын реттеу, қор биржасы мен несие банк мекемелеріне әкімшілік бақылау, жеке бәсекелестіктің ережесін сақтауды бақылау.
Қысқа
мерзімді реттеудің негізгі мақсаты-
Тікелей әсер ету тәсілі мемлекет тарапынан келесідей реттеуді ұсынады, яғни бұл ретте экономиканың субъектілері, ерікті экономикалық таңдауға емес, мемлекеттің жазбаша өкіміне негізделген шешімге келуге мәжбүр. Жанама әсер ету тәсілінде мемлекет қабылданатын шешімге тікелей әсер етпейді, тек алғышарттарды ұсынады. Тікелей тәсілге субвенциялар, демеу қаржылар, мемлекеттік тапсырыстар, бағалар, инвестициялар және т.б.жатады. Жанама тәсілге - қаржылық, салық реттегіштері жатады. Әкімшілік тәсілдер тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу шараларына бөлініп, мемлекеттік билік күшіне негізделеді. Экономикалық тәсілдер қаржы-несие қаражаттары және бюджеттік саясат болып бөлінеді. Әкімшілік иінтіректердің жиынтығы құқықтық инфрақұрылымды қамтамасыз етумен байланысты реттеуші іс-әрекеттерді қамтиды. Әкімшілік шаралар тыйым салу, рұқсат беру және мәжбүрлеу болып бөлінеді. Олардың қызметі - іскерлік жағдайда өмір сүру үшін тұрақты заңды жай-күйді қамтамасыз ету, бәсекелес ортаны қорғау, меншік құқын және экономикалық шешімдерді еркін қабылдау мүмкіншіліктерін сақтау. Институциондық шараларға мыналар жатады: мемлекеттік биліктің атқарушылық құрылымдарын қалыптастыру, экономикалық бағдарламаларды және болжамдарды дайындау, экономиканың түйінді мәселелері бойынша сараптау кеңестері және кеңесшілері институттарының қызмет етуін қамтамасыз ету, экономиканың түйінді мәселелері бойынша зерттеу орталықтарына, басқа да экономикалық акпарат институттарына қолдау көрсету. Көлік жиынтығында тікелей қолданылатын мемлекеттік реттеудің тәсілдерін сараптау кезінде, жоғарыда керсетілген тәсілдердің жіктелуімен қатар жалпы қабылданған әдістердің түрін біршама өзгертетін өзге тәсілдер ұсынылады. Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жұріп отырады.
Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады.Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін қүрайды.Екінші жағдай , тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде , жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады , өндіріс тауарлық өндіріске айналады.
Осы қатынастардың мазмұны неде? Экономикалық әдебиеттерде бүл сұраққа жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық әдебиетте жиі қолданылатын нарыққа анықтаманы француз экономисі А.Курно (1801-1877ж.ж), экономист А.Маршал (1842-1924ж.ж) береді. «Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі нақты нарық алаңы емес , ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін, кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі» . Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын
экономисі У.Джевонс(1835-
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (market) деген түсінік, бұл айырбас айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын, қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген, экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен катар, нарық қатынастарына мыналар жатады:
—
екі субъектің өзара
— еңбек биржасы арқылы жүмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
— шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;
—
белгілі процентке несие
Нарықтык кызметтерінің белгілі шарттары болады . Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық күрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.
Бүгін шектеулер жойылды-мыс болып отыр. Бірақ олардың орнына басқа шектеулер , кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу , криминалдық әрекеттердің жандануы - рэкет , мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік -шаруашылық іс - қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.
3.
ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК
РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндіріспен капиталды, технологиямен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын қүлашпен бір сермеп түзетуге болмайды. Дүние жүзілік тәжірибе жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының өндіруші өнеркәсіптің, үлесін ұдайы кеміту және, керісінше өңдеуші өндірістің ең алдымен ғылымда қажет ететін, косылған құны жоғары өндірістерді сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға салатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетіп отыр .
Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақүрылымдык мұнай мен газ өндеуді, химия мен мұнай химиясын , машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері карқынмен дамытуға тиіспіз .
2010
жылга дейінгі бастапқы
Экономикалық өрлеуден еліміздің дамуы үшін каншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектеп тер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз. Сондытан бүл басымдық бүгіде, ертеңде және алдағы жылдарда да ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қала береді. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес.
Осы
жылдардың ішінде кедейшілікпен
жұмыссыздыққа карсы күрес
-
кіші кредиттер жүйесін
- шағын және орта бизнесті дамытуға;
- еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді таратуға;
- шарттар мен контрактар жіне бюджеттік сатып алулар кезінде жұмыспен қамту проблемаларга қатаң тұрғыдан келуге;
- қогамдық жұмыстарды ең
- жеке кәсіпкерлікті дамыту
Президент еліміздің соңгы жылдары адам танымастай өзгергенін, оның тұрақты дамып отырганын және саяси экономикалық, әлеуметтік салаларда аршынды адымдармен алға басып келе жатқанын айтады. "Біз үгін ТМД арасында көп елдерден әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерімізбен адамдардың тұрмыс жағдайы жағынан алдамыз. Сондай-ақ олардың барлығына дерлік даму қарқыны жөнінен алдамыз. Бізде 1994 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ өнімінің көлемі бойынша 700 долар құрса, 2010 жылы 5800доллар, ал 2015 жылы 9000 доллар құрайды",-деді Президент. Сондай-ақ соңғы он жылда ең төмен жалақы деңгейі 25 есеге өсті, зейнетақының орташа көлемі 4,6 есе өсті, ал жеке салымшылардың банктердегі қаржы көлемі 36 есе өсті.
Қазақстан осы жылдар ішінде тартылған 40 миллиярд долларға жуық тікелей инвестиция қаржы еліміздің экономикасы ұшін өте тиімді түрде жүмыс істеп жатыр.
Нарықты мемлекеттік реттеу - нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет. Ірі көлемдегі әлеуметтік, саяси және экономикалық реформа жүргізілді, жүріп те жатыр. Белгілі ұзақ мерзімді мақсаттар нәтижелері әзірге нашар болса да, оның қайсыбір бағыттары бойынша жетістіктерге қол жетуде. Республиканың экономикасы тұрақтана бастады. Бізде бұрынғы 70 жылдан астам өмір сүрген саяси және экономикалық жүйеден түбірінен өзгеше саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде.
Өтпелі кезеңде Қазақстан азаматтары көптеген ауыртпашылықты басынан өткізді әрі көп нәрсені құрбан етті. Бірақ мұның бәрі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың игілігі үшін іске асырылуда.
Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі төмендеуіне әсер еетпей қоймайды. Технологиялық тұрғыда артта қалған және шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмаған, бәсекеге қабілетсіздікке және көптеген кәсіпорындарының тұралап қалуына, дәстүрлі рыноктарын жоғалтуға, өндірістің құлдырауына алып келген негізгі факторлар, міне, осылар. Осының салдарынан біздің елімізде соңғы 8 жылда өндіріс деңгейі екі еседен артық қысқарды, ал бюджеттік түсім азайды.
Экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс ұлттық жинақталымдардың ұлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жекеше капиталға, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан әрі тәуелді бола түсті. Экономиканы әрі қарай сауықтыру инвестицияларының зор көлемде келіп құйылуына байланысты, мұның өзі инвестициялық ахуал едәуір жақсартылса ғана мүмкін болады.
Бүгін Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Азияның ең кедей елдерінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын дүние жүзі халқы біледі. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылды. Қазақстанның көршісі Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Үндістан мен Бразилия да өз қуатын еселей түсіп келеді. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.
“2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін”, - деді Н.Ә.Назарбаев.
2030
жылғы осындай Қазақстан
2030 жылғы Қазақстан Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.
2030
жылғы Қазақстан күрделі
Информация о работе Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу