Нарық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:00, курсовая работа

Описание работы

ЭОсындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды

Содержание

Кіріспе
1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
1.2 Нарықтың қызметі және құрылымы
1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы

Работа содержит 1 файл

kyrsovaya.doc

— 134.50 Кб (Скачать)

Баланс өтімділігі және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау, жыл бойына жағдай жақсарғанға қарамастан, өтімді баланстан өзге балансты иеленетінін көрсетті. Кәсіпорында бухгалтерлік баланстың баптары бойынша қаражаттарды біркелкі бөлу жүрмейді, яғни жалпы өтімділік, бір бап бойынша шығыстарды басқа бап бойынша жеткіліксіздікті өтеуімен қол жеткізеді. Бірақ кәсіпорынның барлық мүлігі абсалютты өтімділікпен  иеленбейтіндіктен , бұл жағдай оның төлемқабілеттілігінде көрінуі мүмкін.

Біріншіден «Роса» АҚ басқармасы өз меншік капиталын арттыру керек. Оның артуы міндеттемелердің негізгі бөлігін болса да, меншік капиталымен өтелуге әкеледі. Бұл өзгеріс кәсіпорындағы қаржылық тұрақтылықтың бекітілуін қамтамасыз етеді.

Меншікті капиталды арттыра отырып кәсіпорынның негізгі құралдарын арттыру қажет. Материалдық – техникалық базаны толықтыру «Роса» АҚ өндіретін өнімінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоғарғы саналы жабдық, кәсіпорын өндіретін өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жоғрғы сапалы жабдықты қолдану, оған сәйкес өнімнің өзіндік құны төмендейді, ал бұл өз кезегіне кәсіпорын өз қызметінен алатын табысын арттыруға әкеледі.

«Роса» АҚ басқармасына материалдық – техникалық базаны толықтырудан басқа, дебиторлық қарызын қайтаруға көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар тауарлы – материалды запастарды  қолдануды жақсарту бойынша шаралар жүргізілуі керек, яғни басқарма қоймаларда материалдар, құралжабдықтардың  тұрып қалмауын бақылауы керек. Сондықтан қоймадағы материалдар мен құралжабдықтарды толық қолдану , құралжабдықтарды үлкен партиялармен әкелу және артық құралжабдықтардың құрылуын болдырмау қажет. Бұл кепілдемелерді орындап кәсіпорын кризистен шығуы және өз төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, баланс құрылымын жақсарту мүмкіндігіне иеленеді. Оның нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында сапалы өзгерістер орыналады.      

 

 

 

3. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың даму проблемалары мен перспективалары

 

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың дамуы мен өмір сүруін қалыптастырудың негізгі проблемалары бар. Нарықтық экономика:

1. табыс алуға кепілдік бермейді;

2. толық жұмыс бастылыққы кепілдік бермейді;

3. қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

4. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;

5. ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз атпейді.

Нарықтық экономика жағдайын қалыптастыру жағдайын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ:

-         меншіктің сан қырлы нысандарын іске асыру қажет (жеке кооперативті, акционерлік, мемлекеттік);

-         мемлекеттік реттеуіштерді сақтаған жағдайлардағы өндірісті демократизациялау керек. Бұл кезде нарықтық экономиканың өзі шексіз даму қабілеті бар өзін-өзі реттеуші жүйе емес екенін есте ұстау керек;

-         тауарлар мен қызмет көрсету нарығы, өндіріс факторлары және қаржы нарығы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін нарықты инфрақұрылымды құру қажет.

Екінші топқа құқықтық заңдарды дайындау және шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесі жатады.

1. Ресурстарды ұрлаумен тиімсіз пайдалануға жол бермейтін меншік пен шаруашылықты жүргізудің көп қырлы нысандарын қалыптастыру мен игеру жөнінде анық шаралары қажет;

2. Экономикадағы басым салаларды құрылымдық қайта құру арқылы тапшылықты игеру;

3. Экономиканы, шетелдік капитал тарту және аралас кәсіпорындарды құру арқылы ашық жүйеге айналдыру.

 

 



Информация о работе Нарық