Нарық

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:00, курсовая работа

Описание работы

ЭОсындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды

Содержание

Кіріспе
1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
1.2 Нарықтың қызметі және құрылымы
1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы

Работа содержит 1 файл

kyrsovaya.doc

— 134.50 Кб (Скачать)

Талдаудың келесі деңгейі активтердің құрылу көздерін талдау болып табылады. Осы кезде кәсіпорынның мүлкін құру және оның келіп түсуі өзіндік және тартылған капитал есебінен жүзеге асырылады, олардың өзара байланысы кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнән көрсетеді. Талдау көлденең және тікелей талдау әдістерімен жүргізіледі.

Нарықтық қатнастар жағдайында «Роса» АҚ қызметі және оның дамуы өз-өзінт зерттеу арқылы, яғни өзіндік капитал есебінен жүзеге асырылады. Тек өзіндік қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі жағдайында ғана қарыздық қаражаттар тартылады. Бұл жағдайда сыртқы қарыздық көздерден қаржылық тәуелсіздік маңызды орын алады. Сондықтан қаржылық есептің ағымдағы активтерінің құрылу көздерін шектеу қажет. Олардың минималды бөлігі өндірістік бағдарламаны (норматив) қамтамасыз ету үшін таза айналым капиталы (өзіндік айналым қаражаттар) есебінен құралады. Белгілі бір кезеңдерде минималды қажеттіліктен тыс ағымдағы активтерге қосымша қажеттілік банк несиелері мен несиелік қарыздармен жабылады. Олардың екеуі де қарыздық қаражаттарға жатады.

Кәсіпорынның қаржылық есебінің активтері құрылу көздерін талдау процесінде өзіндік және тартылған нақты мөлшері бекітіледі. Осыған байланысты өзіндік капитал маңызды орын алады, өйткені өзіндік қаражаттар көздерінің запасы – бұл қаржылық тұрақтылық запасы.

«Роса» АҚ қаражаттарының құрылу көздерін талдау үшін 2-кесте құрылған. Бұл кестенің мәліметтері кәсіпорын активтерінің құрылу негізгі көздерін көрсетеді. 2004 жылдың басы мен аяғына 2-суретте «Роса» АҚ балансының пассив құрылымының диаграммасы көрсетілген.

Кәсіпорынның құрылу көздерін бағалау кезінде 2004 жылы өзіндік капитал 56411944 теңгеге өскенін байқауға болады. Бұл өсім өткен жылдардың өтелмеген шығыстарының төмендеуі есебінен пайда болды. Қосымша несиелер тартылғандықтан ұзақ мерзімді міндеттемелер 103839321 теңгеге өсті. Ал ағымдағы міндеттемелер керісінше 188380993 теңгеге қысқарды. Бұл кәсіпорын басқармасының қарыздарды уақытылы өтеуге тартатынын көрсетеді. 2003-2004 жылдары «Роса» АҚ қызметін талдау негізінде кәсіпорын қаржылық жағдайының нақты көрінісі және жыл бойында оның өзгерісі қалыптастырылды. Жасалған талдау негізінде келесі қорытындылар жасауға болады:

«Роса» АҚ қаржылық тұрақтылығына талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайы саластырмалы тұрақты және ол жақсарып келе жатқанын көрсетті. Бұл кәсіпорынның өзіндік капиталы мен өзіндік айналым қаражаттарының өсуі нәтижесінде болды. Бірақ сонда да өзіндік айналым қаражаттарына қажеттілік өте үлкен. Бұл жағдайдан шығу үшін «Роса» АҚ басқармасына өнім өндірісіне кететін шығындарды азайту, сонымен қатар ішкі және сыртқы көздер есебінен өзіндіук айналым қаражаттарын толтыру керек.

«Роса» АҚ қаржылық жағдайын тұрақтагдандыру үшін келесі шаралар өткізілу ұсынады:

-         өндірісті басқаруды өзгерту қажет;

-         кәсіпорынды басқарумен байланысты шығыстарды азайту;

-         басқару құрылымын жетілдіру;

-         баға құру саясатын дұрыс ойластырып жоспарлау;

-         өндіріске кететін шығыстарды азайту бойынша резервтерді іздеу;

-         өнім өндіріс көлемін арттыру;

-         өндірілетін өнім сапасын жақсарту;

-         өнім өткізу нарығын кеңейту;

-         кәсіпорын қаржысын басқаруды жоспарлау және болжаумен белсенді айналысу.                  

«Роса» АҚ активтерінің құрылу көздерін сапалы бағалау үшін ағымдағы міндеттемелер құрылымын толық қарастыруы керек, оның ішінде несиелік қарыз құрылымы (кесте 3, сурет 3). Есеп беру кезеңінің басына несиелік қарыз құрылымын талдағанда, несиелік қарыз құрылымында үдемелік салмағы ең үлкен төленуге тиісті шоттар мен вексельдер болып табылады, олардың үлесі 83 % құрайды. 11% салық бойынша қарыз. Несиелік қарыз құрылымында 3%  алынған аванстар мен төленуге тиісті дивиденттер құрайды. Және 1% кем – басқа да несиелік қарыз және төленуге тиіс шығындар. 2004 жылдың соңына несиелік қарызды талдау кезінде несиелік қарыз сомасы 188380993 теңгеге төмендегенін айта кету керек. Мұның себебі кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыстың өсуі нәтижесінде ақша қаражаттар пайда болуы және өз мінднттемелері бойынша есептесе алуы.

Несиелік қарыз сомасының төмендеуі келесі баптарда көрінеді:

Төленуге тиісті шоттар мен вғексельдер – 156506372 теңгеге;

Алынған аванстар – 11825597 теңгеге;

Салықтар бойынша қарыз – 25623001 теңгеге.

Несиелік қарыздың өсуі келесі баптарда көрінеді:

Төленуге тиіс дивиденттер – 1652174 теңгеге;

Басқа несиелік қарыз – 960440 теңгеге;

Төленуге тиіс шығындар – 2961363 теңгеге.

7 суретте есеп беру кезең соңына несиелік қарыз құрылымы ұсынылған. Жыл басымен салыстырғанда несиелік қөарыздың баптарының үдемелі салмағы өзгермеді және бұрынғы деңгейінде қалды.

Баланс өтімділігі – бұл  кәсіпорынның өзінің қысқа амерзімді міндеттемелерін төлеу алуы; ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

Ко.л = (а1А1+а2А2+а3А3)/(а1П1+а2П2+а3П3),                               (1)

мұндағы Ко.л. – жалпы өтімділік коэффициенті;

а1, а2, а3 – салмақтық коэффициенттер;

А1, А2, А3 – баланс активі бойынша сәйкес топтардың барлығы;

П1, П2, П3 – баланс пассиві бойынша сәйкес топтардың барлығы;

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші өтімді қаражаттар және төлемді міндеттемелердің түрлі топтары салмақты коэффициенттердің сомасына ену шартында кәсіпрынның барлық өтімді айналым қаражаттары сомасының барлық төлемді міндеттемелер қатынасын көрсетеді. Келесі салмақтық коэффициенттер жиынтығын қолдануға болады: а1=1; а2=0,5; а3 =0,3; ол өтімділіктің жалпы көрсеткішінің келесідей бейнелейді:

Ко.л. = (А1+0,5*А2+0,3*А3)/(П1+0,5*П2+0,3*П3).                          (2)

Абсалютті өтімділік коэффициенті (Ка.л.) ақша қаражаттары мен өткізілетін бағалы қағаздардың міндеттемелердің жалпы сомасына қатынасымен есептелінеді:

Ка.л. = (ақша қаражаттары + қысқа мерзімді бағалы қағаздар)/(қысқа мерзімді (ағымдағы) міндеттемелер сомасы).                                     (3)

Өтеудің аралық коэффициентін (Кп.л.) есептеу үшін ақша қаражаттар құрылымына жоғарда көрсетілген көрсетілген көрсеткіш санына дебиторлық қарыз және басқа да активтер. Сонымен, көрсеткіш санында өтімді қаражаттардың көлемі активтің III бөлімінің барлығына тең болады, келесі формуламен есептелінеді:

Кп.л. = (ақша қаражаттары + қысқа мерзімді бағалы қағаздар + дебиторлық қарыз)/(қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы).                   (4)

Бұл көрсеткіштің қалыпты мәні ≥ 0,8 - 1,0.

Өтеудің жалпы коэффициенті өзімен бірге барлық ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын ұсынады:

Кт.л.= (ағымдағы активтер – болашақтағы шығындар) / (ағымдағы пассивтер – болашақтағы табыстар),                                                        (5)

мұндағы  Кт.л. – ағымдағы өтімділік коэффициенті.

Бұл көрсеткіштің қалыпты маәні ≥ 1,5-2.

Төлем қабілеттілік коэффициенті (Кпл) өзімен бірге белгілі бір күнге немесе болашақтағы кезеңге қолда бар ақша қаражаттардың жедел төлем сомасына қатынасын ұсынады:

Кпл = қолда бар ақша қаражаттар сомасы/ жедел төлемдер сомасы.  (6)

Егер төлемқабілеттіліккоэффициенті ≥1, онда кәсіпорын төлем қабілетті.  

Егер коэффициент ≤1, онда талдау барысында төлем қаражаттарының жетіспеушілік себептерін анықтау қажет.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау кезінде барлық көрсеткіштерді кешенді және өзара байланысты қарастыру қажет. Бұл «Роса» АҚ қаржылық жағдайын объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

2004 жылы «Роса» АҚ баланс өтімділігін талдау 4 кестеде көрсетілген.

Ко.л.(жыл басы) = (2274160 + 0,5*95076525 + 03*75017672) / (471716220+0,3*415493679)= 0,12.

Ко.л. (жыл соңы) = (5451373+0,5*107887240+0,3*113841159) / (283335227+0,3*519333000) = 0,21. (2) формуласы арқылы есептелінді.

Ка.л. = А1/П1+П2.

Ка.л. (жыл басы) = 2274160/471716220 = 0,005.

Ка.л. (жыл соңы) = 5451373/283335227= 0,02.

Кп.л. (жыл басы) = (2274160+95076525)/471716220=0,2.

Кп.л. (жыл соңы) = (5451373+107887240)/283335227= 0,4. (4) формула арқылы есептелінді.

Кт.л. (жыл басы) = (175147443-2779086)/471716220= 0,36.

Кт.л. (жыл соңы) =(227490184-310412)/283335227 = 0,8. (5) формула арқылы есептелінді.

Баланс өтімділігі көпсеткіштері (4 кесте) бағалау негізінде «РОСА» АҚ балансын жыл басында абсалютті өтімді емес, жыл соңына бұл жағдай жақсарды. Мұның себебі баланс құрылымында өтімді лігі жоғарылау активтердің үдемелі салмағы артты, ал жедел міндеттемелер үдемелі салмағы керісінше қысқарды. Сонымен қатар тез өтімді активтер мен баяу өтімді активтер өсті, бірақ қиын өтімді активтер саны төмендеді.

3 кестенің мәліметтері бойынша «РОСА» АҚ-да ағымдағы өтімділігі    өте төмен, яғни төлем қабілеттілігі төмен.

Абсалютті өтімділік коэффициенті қалыпты мәнінен төмен

-0,2 болғандықтан, кәсіпорын жақын уақытта қысқа мерзімінің қарызының шағын бөлігін ға,на өтей алатындығын көрсетеді.

Аралық өтімділік коэффициенті де төмен  -0,4.

Төлем қабілеттілік жалпылау көрсеткіші болып ағымдағы өтімділік коэффициенті табылады. «Роса» АҚ бұл коэффициент жыл соңында шамамен  2 есеге артты, бірақ жыл соңында да қалыпты мәнінен төмен.

«Роса» АҚ өтімділігін қамтамасыз ету себебі өтелмеген дебиторлық

қарыздың болуы, клиенттер алдында міндеттемелерді бұзуы, ақша қаражаттарының жеткіліксізжігі, шаруашылық қызметтің төмен тиімділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығының баяулауы.

Өтімділіктің абсалютті көрсеикіштерінен басқа өтімділіктің салыстырмалы көрсеткіштерінде қарастыру қажет (5 кесте).

5 кестеде құжатталған есептеулер «Роса» АҚ маңызды өзгерістер болғанын көрсетеді. Мұны барлық 4 көрсеткіштер деңгеінің өсуі куәландырады.

2003-2004 жылдың «Роса» АҚ табыстарын бағалау үшін 6-кестені құрамыз.

2003-2004 жылы 6-кестеде көрсетілген «Роса» АҚ көрсеткіштерін талдағанда 2004 жылы өнімді өткізуден табыс 914716890 теңгеге төмендегенін көруге болады. Сонымен қатар осы жағдайда берілетін өнімнің өзіндік құны 163426857 теңгеге төмендеді. Оның себебі өнімнің аз көлемі өндірілгені болып табылады. Сонымен қатар 2004 жылғы жалпы табыс 31079033 теңгеге төмендеді.

«Роса» АҚ өзінің таза табысын арттыру үшін өз қаражаттарын үнемдеуі салдарынан 2004 жылғы кезеңінің шығыстары 36779371 теңгеге төмендеді.

2004 жылы салық салудан бұрын табыс 1048986 теңгеге қысқарды, өткен кезеңмен салыстырғанда өткізуден табыс төмен болғандықтан.

2004 жылы салық салудан бұрын табыс төмендеген соң, олай болса корпоративтік табыс салығының сомасы 49412409 теңгеге төмендеді. Бірақ корпоративтік табыс салығы сомасына 2001 жылы шығыс болғандықтан, осы кезеңнің корпоративтік табыс салығы сомасы төмен болды.

2004 жылда өткізуден табыс төмендегенге қарамастан, «Роса» АҚ осы кезеңде 43905253 теңге мөлшерінде табыс алды. Мұның себебі шығыстардың қысқарғаны.

«Роса» АҚ табыстылығының абсалютті көрсеткіштерін талдаудан соң, кәсіпорынның табыстылығы салыстырмалы көрсеткіштерін талдауға көшу керек.

7-кесте мәліметтері бойынша 2004 жылда өндірілген өнім рентабельділігі 5% құрады, өткен жылмен салыстарғанда 1% жоғарырақ.

2004 жылы негізгі капиталдың рентабельділігі 4%, 2003 жылғымен салыстырғанда 4,4 % жоғары.

Өзіндік капитал табыстылығы нормасы жоғарылау беталысын алды. Өзіндік капитал рентабельділігі өткен жылмен салыстырғанда 13% артып, 2004 жылы 12% құрады.

Жалпы алғанда, 2004 жылы кәсіпорын рентабельділігі өскенге қарамастан «Роса» АҚ әлі де рентабельділігі аз болып қала береді, яғни оның жағдайы не жақсы, не жаман жаққа ауысуы мүмкін, барлығы да кәсіпорынды білікті басқаруға тәуелді.

   

 

2.3. «Роса» АҚ қаржысының стратегиясы

 

 

«Роса» АҚ қаржылық жағдайын талдаудан соң, оның қызметінің  тиімділігі туралы және оның қаржылық қызметін жақсарту бойынша кепілдемелермен қорытынды беруге болады.

Зерттеулер кәсіпорынның қызметі қарыздық қаражаттар есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Кәсіпорынның балансы жеткілікті мөлшерде салыстырмалы өтімді болып санауға болады, өйткені кәсіпорынның ақша қаражаттарына жеткіліксіздігін әрқашан сезінеді (кәсіпорынның жағдайын қиындататын фактор). Ағымдағы активтердің элементтерінің айналымдылығын есептеу, «Роса» АҚ –ң  басқармасы айналым жылдамдылығының қарқынын  жоғарлатуға тырыспайды және ол  кәсіпорынның өндірістік – техникалық потенциалының төмендеуіне әкеледі.

Зерттеу сонымен қатар 2002 жылдың меншікті капиталының табыстылығының өскенін көрсетеді. Бұл жағдай 2001 жылы салынған қаражаттардың, әрбір теңгенің қайтарымдылығының өсуіне әкелді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеу беталысы орын алады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін келесі шаралардың жүргізілуін ұсынады:

-         ең алдымен өндірісті басқаруға қатынасын өзгерту,

-         кәсіпорынды басқарумен байланысты шығындарды қысқарту,

-         басқару құрылымын жетілдіру,

-         баға құру саясатын дұрыс жоспарлау және оны дұрыс ойластыру,

-         өндірістің шығыстарын төмендету бойынша резервтерді іздеу,

-         кәсіпорын қаржысын басқаруды жоспарлау және болжауды белсенді жүргізу.

Активтердің құрылымы, құрамы және оларды орналастыруды талдау және   есеп беру жылында ұзақ мерзімді активтердің құны төмендеді. Жыл бойынан ағымдағы активтің саны жоғарлады, оның себебі тауарлы – материлдық құндылықтар мен дебиторлық қарыздардың артуы, оның салдарынан кәсіпорынның шаруашылық айналымынан, ақша қаражаттарын аудару жүргізілетіндіктен кәсіпорын қызметіне қайшы келді.

Активтерді құру көздерін талдау, менщік капиталының міндеттемелерден аспайтынын көрсетті. Кәсіпорын қиын жағдайда өзінің барлық міндеттемелерін өтей алмайды. Бұл жағдай кредиторлар мен жабдықтаушылар өзара қатынасына теріс ықпал етуі мүмкін, себебі олар несие беру және шикізаттар мен материалдарды жабдықтаудан бас тартуы мүмкін. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерінің төлем қабілетсіздік нәтижесінде болуы мүмкін, өзіне қосымша тәуекелді ешкім алғысы келмейді (өз ақшасын алалмау).

Құру көздерінің запастары мен шығыстарын қамтамасыз етуді бағалау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетті. Бірақ бұл тұрақтылыққа негізінен, қаржылық меншікті көздерінен емес, капиталды  ұзақ мерзімді тарту есебінен жетті. Бұл жағдай  «Роса» АҚ қызметі үшін меншікті қаражаттары жеткіліксіз екенін куәландырады.

Информация о работе Нарық