Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:00, курсовая работа
ЭОсындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды
Кіріспе
1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
1.2 Нарықтың қызметі және құрылымы
1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен насиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтық механизм «санациялық» (сауықтыру) қызметті де атқарады. Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан тазалап,үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың 50-70% олардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың күй-жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен байланысады және өнімді шығаруға қызығы түсіп, қызметке белсенді кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.
1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элеметтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады – біреулері тауарды өндіреді., екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шеғындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан, сұраныс және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздеоініңқара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.
Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
- маржиналдық (шекті) талдауға;
- балама таңдау шығындарына;
- экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимыл жүріп оырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа, шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына тікелей шығындар, және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынады: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндіушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі – табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар – капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді қолдануға негізделеді – бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін күнмен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша, сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.
1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды.
Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткере (өткізу) отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісіне қажетті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.
Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.
Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткеруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б.
Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы және құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнетақы, табыс аздарға көмекақы, жұмыссыздарға жәрдемақы) төлейді. Құқықтықнегізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеіледі. Түпкі есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.
Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі инфрақұрылым болып табылады.
Инфрақұрылым – бұл институттар ( ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.
Нарықтық инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б. жатады.
Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құрылған объектілер қалыпты экономикалық нарықтық қызметті қамтамасыз етуге тиіс. Оларға:
- топтасқан тауарларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы;
- бағалы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы;
- өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын сату үшін коммерциялық көтерме сауда кәсіпорындары;
- акционерлік кәсіпорын мен бірлестіктер қаржысына құралған қоймалар, элеватор, тоңазытқыш, транспорт шаруашылықтары;
- коммерциялық банктердің коммерциялық несиелер арқылы қызмет жасауы, ол несиелер құрылтайшы-кәсіпорын пай жарнасынан немесе акционерлік негізде құрылуы керек;
- коммерциялық ақпараттық орталықтар және кәсіпорындағы маркетингтік бөлімдер. Нарық конъюктурасы мен сұранымды зерттеу орталықтары;
- жарнамалық сипаттағы қызмет үшін құрылтайшылар;
- сервистік, ремонттық, консультациялық, банктік және құқықтық қызметтер жатады.
2. Нарық жағдайында «Роса» АҚ қаржылық жағдайын талдау
2.1. «Роса» АҚ-ның қысқаша сипаттамасы
«Роса» АҚ ҚР-да мемлекетсіздендіру жәнежекешелендіру Ұлттық бағдарламасының екінші кезеңінде «Павлодарлық сыра жасайтын зауыты» мемлекеттік кәсіпорынынан қайта құрылды, және 12.05.1996 тіркелді, «Роса» АҚ болып 22.01.1999 қайта тіркелді.
Компания меншігінің нысаны – жеке;
Компанияның мекен жайы: 637025, Павлодар қаласы, Орталық промрайон 1180.
Компания қызметкерлерінің саны 240 адам құрайды.
Компанияның негізгі қызмет түрлері:
- сыра, минералды су және алкагольсіз сусындарды өндіру мен өткізу;
- арақ-шарап өнімдерін өндіру;
- коммерциялық делдалдық қызмет;
- маалшылық үшін консервленген азық шығару;
- дүкендер, дүнгіршектер ашу және онда тауарлар сату;
- сыртқы экономикалық қызмет;
«Роса» АҚ – Қазақстанның Солтүстік - Шығысындағы ең ірі сыра,
салқындатқыш сусындар және минералды су өндіруші. Қазіргі уақытта компания кең өнім ассортиментін шығарады. Ең алдымен бұл «Павлодарлық» сырасы.
Алкогольсыз сусындар «Дайт» және «Роса» серияларымен ұсынған.
Компания «Павлодарлық» емді-асханалық минералды суын өндіреді.
2.2. «Роса» АҚ қаржылық жағдайын талдау
«Роса» АҚ иелері өз капиталының табыстылығын жоғарлату және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржылық есеп жүргізу «Роса» АҚ қаржылық қызметі туралы ақпараттардың негізгі көзі оның бухгалтерлік есебі болып табылады.
«Роса» АҚ бухгалтерлік қаржылық есебінің негізгі нысаны бухгалтерлік баланс болып табылады. Себебі кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланс негізгі роль атқарады. «Роса» АҚ қаржылық жағдайы және оның тұрақтылығы кәсіпорынның мүлігі қандай және оның капиталы қандай активтерге салынғанын және ол қандай табыс әкелетініне тәуелді.
«Роса» АҚ активтерін талдау барысында біріншіден олардың құрамы мен
құрылымындағы өзгерістерді зерттеп және оларды бағалау қажет (1кесте).
«Роса» АҚ балансының құрылымын талдағанда ұзақ мерзімді активтер активтер құрамында үлкен үдемелі салмақты құрайды, жыл соңында олардың көлемі 80,6% болды. Ағымдағы активтер 19,4% .\Ұзақ мерзімді активтер құрамына негізгі қаражаттар кіреді, олар жыл соңында 17475202 теңгеге кеміді. Сонымен қатар аяқталмаған капиталдың құрылыс сомасы 8529574 теңгеге қысқарды. Ұзақ мерзімді инвестициялар 54202846 теңгеге қысқарды. Егер ұзақ мерзімді активтер бойынша төмендеу байқалса, ағымдағы активтер бойынша көбееді.
Жыл соңында материалдар сомасы 38823487 теңгеге өсті. Сонымен қатар ағымдағы активтерге дебиторлық борыш 12810715 теңгеге өсті. Дебиторлық борыш өсімінің мәні: сатып алушылар кәсіпорынмен дұрыс есеп айырыспайды, ал кәсіпорын өз өнімін қарызға бере береді. «Роса» АҚ баланс активінің құрылымы 1-суретте корсетілген.