Мұнай-газ саласының қоршаған ортаға әсерін экономикалық бағалау (Қызылорда облысының мәліметтері негізінде)

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:02, диссертация

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның жер қойнауы минералдық қазба байлықтарына бай. Осы байлығымызды тиімді пайдалану экономикамыздағы ең өзекті басты мәселе. Сонымен қатар минералдық шикізатты өндіргенде, өңдегенде ауаға, суға, жер бетіне қалдықтар шығару арқылы табиғи ортаға зиян келтіріледі. Осы зиянды шектеу, азайту немесе болдырмау өндірістің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Табиғатты пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.

Работа содержит 1 файл

nurkabylova.doc

— 210.00 Кб (Скачать)

 

  1 сурет - Қызылорда облысының мұнайгаз компанияларының үлесі

 

Мұнай өндрісінің көп  үлесі Құмкөл кен орнында екендігі байқалады және онда мына компаниялар жұмыс жасайды: «ПККР» АҚ-мы-30,03%, «Торғай Петролеум» АҚ-мы-30,0%, «Қазгермұнай» БК-ны -26,03%, «Қуатамлонмұнай» БК-ны - 4,97%, «Саутс Ойл» ЖШС-гі - 2,7%, «Кольжан» ЖШС-гі - 0,14%.

Мұнай компанияларының өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясаты өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді айқындауға және оларды жүзеге асыруға негіз болып табылады. Мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым міндеттері қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, компанияның қызметкерлерінің және компанияның өндірістік нысандары жұмыс істейтін аудандарда тұратын халықтың денсаулығын қорғау болып табылады. Бұл мақсатта ISO 14001 халықаралық  экологиялық стандарты, маркетинг және тасымалдау нысандарында қазіргі кезде ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттары ендірілуде.  

Қоршаған ортаны қорғау бойынша қойылған мақсаттарға жету үшін мұнай-газ компаниялары төмендегідей міндеттемелер қабылдайды [36]:

- қоршаған ортаны қорғау  бойынша бағдарламаларды дайындау  мен іске асыру бойынша, мекеменің  алдынан шығатын өнеркәсіптік  және экологиялық қауіпсіздіктің ең маңызды міндеттерін үнемі анықтап әрі шешіп отыруды қамтамасыз ететін пәрменді рәсімдер жасау;

- қоршаған ортаға, қызметкерлер  мен тұрғындарға жасалатын ықпалдың  алдын алуға байланысты жоспарланатын  және іске асырылатын әрекеттер  мен шаралардың осындай ықпалдың салдарларын жою бойынша шараларға қарағанда басымдығын сақтау;

- жүзеге асырылатын  жұмысының, өнімдерінің және көрсетілетін  қызметтерінің қоршаған ортаға, қызметкерлер мен тұрғындарға  жасайтын ықпалының сипаттамалары  мен көрсеткіштерін дәйекті түрде үздіксіз жақсартуға ұмтылу, сондай-ақ табиғи ресурстарды ғылымның, техниканың және қоғамның қазіргі заманғы деңгейіне түгелдей сәйкес тұтыну;

- мұнай, мұнай өнімдері  мен газдың ысырабын азайту, сондай-ақ  олардың қоршаған табиғи ортаға  тап болуының алдын алу бойынша тұрақты, мақсатты жұмыс жүргізу;

- мұнай компанияларының  өнеркәсіптік қауіпсіздігі, еңбекті  қорғау, қоршаған ортаны және  денсаулықты қорғау саласындағы  қызметін реттемелейтін халықаралық,  ұлттық заңнаманың, халықаралық  келісімдердің талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

- кез келген басқарушылық  өндірістік шешімдерді көзделіп  отырған жұмыстың, өндірілетін өнімнің  және көрсетілетін қызметтердің  экологиялық жақтарын міндетті  түрде ескере отырып қабылдау  және іске асыру;

- шаруашылық қызметінің жоспарланатын түрлерінің, өнімдерінің және көрсетілетін қызметтерінің қоршаған ортаға, қызметкерлер мен тұрғындардың денсаулығына жасайтын ықпалын бағалауды іске асыру;

- компаниялардың өндірістік  нысандарының қызметін жүзеге  асырған кезде, жоспардан тыс ысырапты азайту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

- өнеркәсіптік және  экологиялық қатерлерді бағалауды,  оларды азайту, олардан пайда  болған ысыраптың орнын толтыру  бойынша шаралар әзірлеуді жүзеге  асыру;

- компаниялардың өндірістік  нысандары жұмыс істейтін аудандардағы қоршаған ортаның сапасын үнемі жақсартып отыруға ұмтылу.  

 Ластаушы заттардың жалпы  көлемінің ішінде тұрақты ластау  көздерінің шығарулары 29,831 мың тонна құрайды, ол 2009 ж. салыстырғанда 4,489 мың тоннаға аз, жылжымалы ластау көздерінің шығарулары 45,0 мың тонна құрайды, ол алдыңғы 2009 ж. көрсеткішінен 6,5%-ға артық (42,09 мың тонна). 2010 ж. облыстың атмосфералық ауасына түскен жалпы көлемінің ішінде 3,16% қатты заттар, ал газды фракциялар 96,84% құрайды (кесте 1).

 

Кесте 1 – Атмосфераны ластаушы заттардың жалпы көлемі

Ластану туралы ақпарат

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

1. Газды жағу нәтижесінде шығарулардың жалпы көлемі, мың тонна

19,85

18,48

12,312

10,521

2. Атмосфералық ауаға тазартусыз өнеркәсіптік шығарулар көлемі, мың тонна

31,95

33,18

29,831

27,456

оның ішінде: апатты (нормативтен жоғары) шығарулар көлемі, мың тонна

0,071

-

0,0011

0,0011

Ескерту -  Қызылорда  облысының Арал-Сырдарья экологиялық  департаменті мәліметтері бойынша  автордың құрастыруы [37].


 

Өндіру көлемдерінің өсуімен байланысты мұнай өндіру саласының жалпы шығаруларының артуына қарамастан, өндірілген өнімнің 1 тоннасына шығарулар (шамамен 1,22 кг) республика бойынша ең төмен болып қалуда (кесте 2).

 

Кесте 2 – Қызылорда облысының мұнай-газ кәсіпорындарының шығарулар көлемі                                                                                                                                                                                                                             

Кәсіпорын атауы

Рұқсат етілген көлем,

мың тонна/жылына

Нақты көлем, мың тонна/жылына

1. «ПҚҚР» АҚ

6,320

5,437

2. «ҚазГермұнай» БК ЖШС

8,904

8,244

3. «ТорғайПетролеум» АҚ

12,274

5,581

4. «КАМ» БК ЖШС

1,822

1,673

5. «АйданМұнай» АҚ

1,763

0,887

6. «Саутс-Ойл» ЖШС

0,889

0,682

7. «КумкольТранс Сервис» ЖШС

0,515

0,324

8. «Колжан» ЖШС

0,235

0,160

9. «Жанрос» ЖШС

0,460

0,295

10. «Kazpetrol group» ЖШС

0,029

0,0118

11. «КОР» МК АҚ 

0,879

0,510

Ескерту - Қызылорда облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша автордың құрастыруы.


 

Қоршаған ортаны қорғау саласында  өндірістік бақылау қоршаған ортаға объектілердің әсерін анықтау, алдын  алу, және қажет болған кезде қоршаған ортаға зиян келтіріп, бұзушылық орын алған кезде бекітілген тәртіп бойынша  кейбір объектілердің қызметін уақытша тоқтату мақсатында жүзеге асырылады. Облыстың ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында қоршаған ортаға мониторинг және өндірістік бақылау жүргізу бағдарламалары өңделген.

Аймақта қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу мақсатында, соның ішінде мұнай-газ өндіруші компанияларынын залалын жою  мақсатында облыс деңгейінде «Ілеспе  газды қайта жарату» бағдарламасы жүзеге асырылды.  «Ілеспе газды қайта жарату» бағдарламасы бойынша мәліметтер кесте 3 бейнеленген. 

 

Кесте 3 – Қызылорда облысының мұнай компанияларымен ілеспе мұнай газын өндіру және қайта жарату 

Көрсеткіштер

2010 ж.

2011 ж.

Ауытқу (+,-)

Мұнай өндіру, мың тн

10 759,21

10 830,3

+ 71,09

Газ өндіру, млн. м3

1 419,92

1 546,33

+ 126,41

Қайта жарату млн. м3,

оның ішінде:

- меншікті мұқтаждарға;

928,53

 

184,81

1 068,42

 

186,6

+ 139,89

 

+ 1,79

- ГТУ-ға берілді;

- қалаға берілді;

- пластқа айдау;

- факелдерде жағылды.

194,22

120,65

307,66

491,4

223,2

199,2

390,71

469,92

+ 28,98

+ 78,55

+ 83,05

- 21,48

Мұнайдың 1 тоннасына шығарулар, кг

1,75

1,22

- 0,53

Мұнайдың 1 тоннасына қайта жарату, м3

86,3

98,6

12,3

Ескерту - Қызылорда облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша автордың құрастыруы.


 

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне қарай анықталады.

Мысалы, 2010 жылға АЕК  – 1 413 теңге; 2011 жылға АЕК – 1 512 теңге; 2012 жылға АЕК – 1 683 теңге. Төлемақы ставкаларының мөлшері келесі 4 кестеде берілген.

 

Кесте 4 - Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары

Ластаушы заттардың түрлері

1 тоннаға төлемақы ставкалары (АЕК)

1 килограмға төлемақы ставкалары (АЕК)

1 тоннаға төлемақы ставкалары, теңге

1

Күкірт тотықтары

20

-

28 260

2

Азот тотықтары

20

-

28 260

7

Көмірсутектері

0,32

-

452,16

8

Формальдегид

332

-

469 116

9

Көміртегі тотықтары

0,32

-

452,16

10

Метан

0,02

-

28,26

11

Күйе

24

-

33 912

Ескерту - 26.12.2008 ж. Қызылорда облыстық маслихаттың №121 шешімі; 27.03.2009 ж. 

Қызылорда облыстық маслихаттың №145 шешімімен толықтырулар енгізілді[43]


 

Аймақтың кен орындарында  зиянды газ қосындыларын қайта жарату үшін газды тазарту қондырғылары әзір жоқ. Осыған байланысты, ешбір кәсіпорын шекті ұйғарынды концентрация талаптарын қанағаттандыратын зиянды заттар шығарылымын қамтамасыз етпейді. Табиғатты пайдаланушылардың табиғатты қорғау қызметінің тиімділігі қаржылық ынталандырулардың, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгізумен анықталады. Табиғатты пайдаланушыларды табиғатты қорғау шараларын жүргізуді және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесін қарастыратын табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмі көмегімен жүзеге асырылады.   

Үшінші бөлімде қоршаған ортаны қорғауды жетелдіру жолдары ұсынылған. Табиғатты пайдаланушылардың тәуекелдерінің деңгейі объективті және субъективті факторлар бойынша анықталған.  Объективті факторға ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес табиғатты пайдаланушылардың санаты жатады: I-II санаттар тәуекелдердің жоғары деңгейінің объектілері болып табылады; III санат - тәуекелдердің орташа деңгейі; IV санат – тәуекелдердің төмен деңгейі (кесте 5).

 

Кесте 5 - Қызылорда облысының мұнай компанияларының тәуекелдерінің деңгейін бағалау 

 

Аталуы

тәуекелдердің жоғары деңгейі

(І-ІІ санат)

тәуекелдердің орташа деңгейі 

(ІІІ санат)

тәуекелдердің төмен деңгейі (ІV- санат)

«Құмкөл Транс Сервис» ЖШС 

 

+

 

«Қазпетролгруп» ЖШС

+

   

«ҚазГерМұнай» БК ЖШС

+

   

«Петро Қазақстан Венчуринс  Инк» филиал

 

+

 

«АйданМұнай» АҚ

+

   

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»  АҚ

+

   

«Сибу-Кызылорда» Бұрғылау компаниясы ЖШС

 

+

 

«СырдарияМұнай» АҚ

 

+

 

«Саутс Ойл» ЖШС

+

   

«Тургай Петролеум» АҚ

+

   

«ҚОР» МК АҚ

+

   

«КАМ» БК ЖШС

 

+

 

Магистралды газ құбыры басқармасы  «Қызылорда»

   

+

«Zhanros Drilling» ЖШС

 

+

 

«КУТТ» ЖШС

 

+

 

«САТ» ЖШС

+

+

 

        Ескерту –  автордың құрастыруы

Информация о работе Мұнай-газ саласының қоршаған ортаға әсерін экономикалық бағалау (Қызылорда облысының мәліметтері негізінде)