Микро макроэкономикага талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:28, реферат

Описание работы

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік–экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 438.50 Кб (Скачать)

   

Тақырып бойынша  әдістемелік нұсқаулар

Лекция материалдарын  игеру үшін  корреляциялық, дисперсиялық, компоненттік, көпөлшемді факторлық талдаудың тәсілдері игере білу қажет. Корреляциялық зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі ретінде факторлардың нәтижелік көрсеткішке (абсолюттік өлшемде) әсерін анықтау есептеледі. Сондықтан студент бұл міндетті шешу үшін сәйкес математикалық теңдік тандай білуі және зерттелуші байланысты бейнелей алуы (тузусызықтық, қисықсызықтық және т.б.) тиіс.   Бұл корреляциялық талдауда маңызды роль атқарады. Себебі, регрессияның теңдігін дұрыс тандаудан есептің нәтижелері және шешуі байланысты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005
  2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
  3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003
  4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
  5. Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004
  6. Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003

 

Өзіні өзі тексеру  сұрақтары:

  1. Шаруашылық сала зерттеуіндегі корреляциялық өзара байланыстың талдау тәсілдерін сипаттаңыз.
  2. Корреляциялық байланыстың түсінігі және корреляциялық зерттеудің шарттары қандай?
  3. Корреляциялық тәуелділікті зерттеу үшін қос корреляция тәсілдерін қолдану тәртібі
  4. Зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс түзу сызықтық жағдайда корреляция коэффициенті қалай есептеледі?
  5. Қисық сызықты форма тәуелділігінде байланыс тығыздығын өлшеуде, мұнда түзу сызықты коэффициент емес, корреляциялық қатынас қалай анықталады?

 

 

 

 

 

Дәріс 7 – Резервтерді анықтау мен есептеу әдістемесі

Мақсаты: шаруашылық резервтердің ұғымын, шаруашылық резервтердің табиғаты мен көздерін, резервтердің жіктелуі негізінде жатқан маңызды көрсеткіштерді, шаруашлықы резервтердің түрлері және оларға түсініктеме беру.

 

 Мазмұны

    1. Резервтер түсінігі, экономикалық мәні және олардың жіктелуі
    2. Резервтерді есептеу және ізденістерді ұйымдастыру принциптері

 

Тақырып бойынша  негізгі ұғымдар: резерв, резервтік қорлар, шаруашылық резервтер, ҒТР, салалық резервтер, аймақтық резервтер, жалпы мемлекеттік резервтер, қолданылмаған резервтер, ағымдағы резервтер болашақтағы резервтер және т.б.

 

«Резерв» сөзі француздың «reserve», орыс тіліне аударғанда «қор»  деген ұғымды білдіретін сөзінен  немесе латынның «reservere» - «қорғау», «сақтау» ұғымын білдіретін сөзінен шыққан. Осыған байланысты арнайы мамандандырылған әдебиеттерде және шаруашылық қызметті талдау тәжірибесінде «резервтер» терминінің екі мағынасы қолданылады. Біріншіден, резервтер кәсіпорынның үздіксіз қызмет атқаруына қажетті ресурстардың қоры  болып табылады (шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, жанармай және т.б.). Олар қосымша қажетті болады деген мөлшерде шығарылады. Екіншіден, резервтер өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер болып саналады. Осыдан резервтерді қорлар ретінде және өндіріс тиімділігін жоғарылатын мүмкіндіктер ретінде, яғни екі әр түрлі ұғым ретінде қабылдауға болады және екі ұғым арасын дұрыс бөлмеу терминологиялық жаңылуға әкеледі.

Әрі қарай осындай  қатені жібермеу үшін «резервтік қорлар» терминін материалдық ресурстардың қоры ретінде және «шаруашылық резервтер» терминін ҒТР жетістіктерін қолдану негізінде өндірістің дамуы ретінде қолданамыз.

Резервтердің экономикалық мәні және ерекшелігі жалпы уақытты  үнемдеу заңдылығына негізделініп, түсіндіріледі. Қоғамдық көзқараспен  қарасақ уақытты үнемдеу заттай және натуралды еңбек шығындарының азаюына негізделеді, яғни материалдық және еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы.

Жұмыс уақытының үнемделуі  өндірістің дамуының объективті жүйесі ретінде резервтердің құралу табиғатын  түсіндіреді. Бұл жоғары дамыған қоғамдағы интенсивті түрде өндірілуді тудыратын резервтердің негізгі көзі болып табылады. ҒТР дамуымен еңбек өнімділігінің, шикізат пен материалдардың үнемді пайдалануының көптеген өсу мүмкіндіктері туындауда, яғни резервтер көздерінің бітпеуін білдіреді. ҒТР тоқтату мүмкін болмаса, соншалықты резервтерді толығымен қолдану мүмкін емес.

Сонымен, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерінің экономикалық мәні – өнім бірлігіне шаққанда еңбек шығынының ең аз мөлшерін қолдана отырып үлкен көлемде және жоғары сапалы өнімді алу мүмкіндігінің толық және дұрыс пайдаланылуы. Толық анықталуы, қолданылуы және түсініктірек болуы үшін шаруашылық резервтері әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.

Кеңістіктік сипаттамаларына қарай резервтерді ішкішаруашылықтық, салалық, аймақтық және жалпы мемлекеттік деп бөледі. Ішкішаруашылықтық резервке тек қана талдау жүргізіліп жатқан кәсіпорында ғана қолданыла алатын резервтер жатады. Бұл ресурстар қорының өндіріске жарамайтындығына және жоғалуына байланысты. Мысалы, өндірістік технологияның және ұйымдастырылуының төмен дәрежесінен туындайтын жұмыс уақытының және материалдық ресурстардың жоғалуы. Салалық резервтер – бір сала деңгейінде ғана анықталуы мүмкін резервтер, мысалы, жануарлардың жаңа түрін өсіру, құрал-жабдықтарды жетілдіру, жаңа технологиялар және т.б. Осындай резервтерді іздестіру арнайы салалық ұйымдастықтардың, министрліктердің, ассоциациялардың міндеті болып табылады.  Аймақтық резервтер – географиялық аймақтар шегінде қолданылатын және анқыталатын резервтер (басқарылу орындарына қарамастан жергілікті шикізат пен жанармайды, энергетикалық ресурстарды, көмекші өндірісті орталықтандыруды қолдану).

Жалпы мемлекеттік  резервтер - өндірістің әр түрлі салаларының дамуының теңдігін қалыптастыру, меншік нысандарының ауысуы, ұлттық экономиканы басқару жүйесінің өзгеруін жатқызуға болады. Мұндай резервтерді қолдану тек жалпы мемлекеттік деңгейде жүргізіледі. Уақыт сипатына қарай резервтер қолданылмаған, ағымдағы және болашақтағы болып бөлінеді. Қолданылмаған резервтер – өтіп кеткен уақыт аралықтарындағы жоспар және ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерге байланысты өндіріс тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін жоғалту. Ағымдағы резервтер – шаруашылық қызмет нәтижелері деңгейінің жоғарылау мүмкіндіктері, мұнда жақын арада орын ала алатын қызмет (ай, тоқса, жыл). Болашақтағы резервтер – ұзақ уақытқа есептеледі. Оларды қолдану елеулі капитал салымдарына, ҒТР жетістіктерінің енгізілуіне, өндірісті қайта құруға, өндіріс технологияларының ауыстырылуына, мамандануына байланысты.

Әдетте ағымдағы резервтер  еңбектің үш аспектісі тұрғысынан теңестірілген  болуы керек. Мысалы, кәсіпорынның өндіріс  қарқындылығын күшейту арқылы өнім өндірісін үлкейту резерві қызметкерлердің  тізімінің үлкеюі және еңбек өнімділігінің  артуымен қамтамасыз етілуі тиіс. Қосымша шикізат, материалдар қорлары қажет. Тек осындай жағдайда резервтер ағымдағы кезеңде игерілуі мүмкін. Егер ресурстардың осындай теңдігі жоқ болса, онда өндіріс қарқындылығын күшейту арқылы өнім өндірісін үлкейту резерві толық қолданылмау мүмкіндігі туындайды. Бір бөлігін болашақтағы резервтерге ауыстыру керек болады.

Резервтерді анықтау  үшін өнімнің өмірлік циклі кезеңдері маңызды орын алады. Сондықтан резервтерді өндіру алдындағы кезең, өндірістік, өнімнің пайдаланым және жойылу кезеңдері деп бөледі.

Өндіру алдындағы кезеңде өнімнің қажеттілігі, өнімнің құралуы, өндірілу технологиясы және өндіруге дайындығы анықталады. Мұнда өнімнің құралымының жақсаруы арқылы өндірісі тиімділігін арттыру резерві анықталуы мүкін. Осы кезеңде өнімнің өзіндік құнының төмендеу резервтері сақталады. Осының барлығы кезеңде қаншалықты толығырақ анықталған болса, соншалықты өнімнің тиімділігі артады.

Өндірістік кезеңде жаңа өнімді игеру, жаңа технология және содан соң өнімнің жаппай өндірісі басталады. Бұл кезеңде өндірісті жалғастыру үшін қажетті құрал-жабдықтар алынып, өндіріс жүйесі қалпына келтірілгендіктен резервтер көлемі төмендейді. Сондықтан осы жүйенің толығымен өзгеруі шығындардың үлкен деңгейіне әкеледі. Сонымен қатар осы кезеңде резерв ретінде өндірістік жүйеге қатысы жоқ ресурстар анықталып қолданылады. Бұл резервтер еңбекті ұйымдастыру деңгейінің жоғарылауымен, шикізат және материалдардың үнемді пайдаланылуымен байланысты.

Пайдаланым кезеңі кепілдендірілген кезеңге, яғни орындаушы тұтынушымен анықталған ақауларды жоюы керек және кепілдендірілгеннен кейінгі кезеңге бөлінеді. Объекттің пайдаланым кезеңінде шығындарды азайту резерві (электроэнергияны, жанармайды, жабдықтарды үнемдеу) екі алдыңғы кезеңдерде атқарылған қызметтің сапасына тікелей байлаынсты.

Яғни, тиімділікті жоғарылату үшін өнімнің барлық өмірлік циклы  кезеңдерінде, әсіресе мыңызды резервтер  жасырынатын алғашқы сатыларында  жүйелі және үздіксіз түрде резервтерді  анықтауды жүргізіп отыру қажет. 

Қайта өндірілу сатысында резервтер өндіріс және айналым саласындағы болып бөлінеді. Әдетте, негізгі резервтер өндіріс саласында орналасады, бірақ айналым саласында да (өндірістен тұтынушыға дейін жеткенше туындаған шығындардың алдын алу, сонымен қатар дайын өнімді сақтау, тасымалдау, сатумен байланысты шығындарды азайту және өндірістік қорларды сатып алу) резервтер бар.

Шаруашылық қызметті талдауда резервтердің ресурстар түрлері бойынша топталуы маңызды болып табылады. Мұнда жер телімдерінің, өндірістің негізгі құралдарының, еңбек құралдары мен еңбек ресурстарының тиімдірек және толық қолданылуымен байланысты жеке резервтер қарастырылады. Резервтердің мұндай жіктелімі ресурстардың барлық түрлері арасындағы теңдікті сақтау үшін керек. Мысалы, еңбек ресурстарының тиімді қолдану арқылы өнім өндірісінің көлемін ұлғайту резерві анықталды. Бірақ оларды игеру үшін еңбек құралдарының толығырақ қолданылуы арқылы өнім өндірісі көлемінің жоғарылау резервінің сол мөлшерін анықтау қажет. Егер де қандай да бір ресурс түрінің резерві жеткіліксіз болса, онда солардың біреуінің ең төменгі резерв мөлшері есепке алынады.     

Әсер ету сипатына қарай резервтер экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді. Экстенсивті сипаттағы резервтерке өндірісте қосымша қолданылатын ресурстар жатады (материалдық, еңбек, жер ресурстары). Интенсивті резервтерге нақты бар өндірістік мүмкіншіліктердің толық және тиімді қолданылуымен байланысты резервтер жатады. ҒТР жеделдеуімен өсудің экстенсивті факторларымен байланысты резервтердің маңызы төмендеуде, сонымен қатар өндірістің интенсивтілігі резервтерін анықтау күшеюде.

Шығын сыйымдылығы мен  оларды игеру деңгейінің резервтерін  топтастыру аталып кеткен жіктеліммен тығыз байланысты. Мұнда резервтердің үш тобын қарастыруға болады. Дайын өнім мен шикізат шығынын төмендету резервтердің игерілу деңгейінің төменділігін талап етеді. Екінші топ резервтерін қолдану шығындарды көбірек талап етеді, себебі ол өндірісті түпкілікті өзгертпей-ақ ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибенің енгізілуімен байланысты. Резервтердің үшінші тобы ҒТР жетістіктерін пайдалана отырып өндірістің техникалық қамтамасыз етілуімен байланысты.

Айқындалу сипатына қарай резервтер жасырын және анық болып бөлінеді. Анық резервтерге бухгалтерлік есеп ақпараты арқылы оңай анықталатын резервтер жатады. Ал анық резервтердің өзі шартты және шартсыз болып бөлінеді. Шартсыз резервтер – есептілікте көрініс тапқан жұмыс уақыты мен шикізатқа кеткен шартсыз шығындарының болмауы. Бұл қоймадағы өнімнің бүлінуі және жетіспеуі, өндірістік ақау, қарыздарды есептен шығару бойынша жоғалтулар, төленген айыппұлдар. Мұндай жоғалтулар келісімде көрсетілген міндеттердің орындалмауы, ұрлау, ысырап салдарынан болады. Шығындардың алдын алу үшін келесілерді атқару керек: материалдық құндылықтарды сақтау, тасымалдауды жетілдіру, бақылау мен есеп беруді ұйымдастыру, қаржылық және есептік ережелерді орындау.

Шартты шығындарға кәсіпорында ресурстарды қолдану бекітілген талаптардан ауытқыған жағдайда туындайды. Егер бірлік өнімге шаққанда ресурстардың шығындалу көлемін арттырса, онда ресурстарды шектен тыс қолдану төмендеп, үнемделуі мүмкін. Егер бекітілген нормаларды оптималды деп ұйғарсақ, онда есептілікте көрсетілетін шартты шығындар кәсіпорынның нақты ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі жоспарланған деңгейге жетпегенін дәлелдейді. Мұндай шығындар құралдардың қанағаттанарлық дәрежеде екендігінен, қызметкерлердің төмен мамандандырылғандығынан, өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейінен, технологиялық жүйенің бұзылуынан, ұйымдастырушылық-техникалық жоспардың орындалмауынан туындайды. Нәтижесінде жоспардан тыс жұмыс уақыты шығындалуы, құралдың толық пайдаланылмауы, материал мен шикізаттың шектен тыс қолданылуы етек алады. Бұған жол бермеу үшін жоспарланған шараларды жүзеге асыру керек.

Жасырын резервтерге жоспарға сай ҒТР жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізумен байланысты резервтер жатады. Ол үшін салыстырмалы ішкішаруашылық талдау (алдыңғы қатардағы бөлімдер, бригадалар, қызметкерлердің жетістіктерімен), шаруашылықаралық (алдыңғы қатардағы кәсіпорындар жетістіктерімен), кейбір жадайларда халықаралық салыстырулар жасау қажет. Аталған резервтер есептілікте көрсетілмесе де, осы резервтерді анықтаудың кешіктірілуі елеулі шығындарға әкеледі.

Резервтердің жіктелуінің  маңызды сипаты болып құралу уақыты табылады. Бұл сипаты бойынша резервтер жоспардың жасалуы барысында есепке алынбаған резервтер және жоспардың құрылуынан кейін анықталған резервтер болып бөлінеді. Резервтің бірінші түрі – жоспардың жетілдірілу кезінде өндірістің тиімділігін арттыру мүмкіншіліктерін жоғалту, бірақ есепке алынбаған. Резервтің басқа түрі – жоспардың құрылуынан кейін анықталған мүмкіндіктер. Мұндай резервтердің анықталуы ҒТР жетілу шапшаңдығымен, жаңа шешімдердің пайда болуымен, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуымен байланысты.

Информация о работе Микро макроэкономикага талдау