Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:28, реферат
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік–экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.
Экономикалық жұмыс
тәжірибесінде абсолютті және
қатысты көрсеткіштер қатарына
орташа шамалар жиі
Шаруашылық қызметті
талдауда орташа шамалардың
Шаруашылық қызметті талдауда орташа шамаларды қолданған кезде олар құбылыстардың жалпы сипаттамасын беретінін ескеру керек. Осы жерде олардың күші және жетіспеушілігі. Нашар емес болып көрінетін жалпы орташа көрсеткіштердің артында, нашар жұмыс жасайтын бригадалардың, цехтардың және басқа щаруашылық бөлімшелердің нәтижелері жасырын тұрады. Орташа мәліметтерден озат өндірістің жетістіктері де көрінбейді. Сондықтан талдау кезінде орташа шамалардың мазмұнын орташа топтық, кейбір жағдайларда жеке көрсеткіштермен толықтырып, ашып көрсету қажет.
Шаруашылық қызметті талдауда кең қолдануды ақпараттардың топталуы - зерттелетін обьектілер жиынтығының массасын сәйкес белгілері бойынша сапалы біртүрлі топқа бөлу алады. Егер статистика бұл әдісті жалпылама және бір түрге келтіру үшін қолданса, онда талдауда топталу орташа шамалардың мағынасын түсіндіруге, бұл орташалардаға бөлек өлшемдердің ролін, көрсеткіштер арсындағы өзара арақатынасты білдіру үшін қолданылады.
Тапсырмаға байланысты
қисынды үлгі, құрылымды және
талдаулық топталулар
Қисынды үлгі топталуға мысал ретінде жұмыс бағыты бойынша халықтың топталуы, меншік формасы бойынша кәсіпорындар топтары бола алады.
Құрылымды топталу көрсеткіштердің ішкі құрылымын, олардағы әрбір бөліктің қатынасын зерттеуге мүмкіндік береді. Олардың көмегімен мамандығы бойынша жұмысшылар құрамын, жұмыс стажын, жасын, өнімді өндіру нормасы, өнім өндірісінің жоспарын жасау деңгейі бойынша кәсіпорын құрамын, оның өзіндік құнын төмендету. Құрылымды топталу әсіресе министрліктің, бірлестіктердің жинақтамалы есептілігін талдауда көп мағынаға ие, себебі ол алдыңғы, орташа және артта қалған кәсіпорындарды айқындап беру мен жасырын резервтер мен алдыңғы тәжірибелердің іздеу бағыттарын анықтайды.
Аналитикалық (тергеулі-себептілік) топталу зерттелетін көрсеткіштердің арасындағы бағыттары мен байланыс формаларын және барын анықтау үшін қолданылады. Аналитикалық топталу сипаттамалық белгілері бойынша сапалы және сандық болады.
Құрылу қиындығы бойынша топталудың екі түрі бар: жай және құрастырылған. Жай топталудың көмегімен белгілі бір белгілері бойынша топталған құбылыстар арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Ал құрастырылғын топталуда бұндай бөлінілулер алдымен бір белгісі бойынша, содан соң әрбір топ ішінде басқа белгілері бойынша жүргізіледі. Осылайша екі деңгейлі, үш деңгейлі топталу құрастырылуы мүмкін. Олар әртүрлі және күрделі өзара байланыстарды зерттеуге мүмкіндік береді. Бірақ олардың елеулі кемшілігін айтып кеткен жөн. Бұндай топталуларды құрастыру жоғарғы еңбек сыйымдылығымен және алынған нәтижелер өте қиын қабылдануымен ерекшеленеді. Сондықтан күрделі өзара байланыстарды зерттеу үшін бұл топталуды бірнеше жай топталумен алмастырған жөн.
Топталуды құрастыру
кезінде жиынтықтарды топқа
Топталуды құрастыру әдісін келесі алгоритм арқылы қысқаша анықтауға болады:
Құрастырылған топталуды құрастыру жағдайында бұл алгоритм төртінші және бесінші пункттерінің қайталануынан(бірнеше рет) ұлғаяды.
Қорытынды
Шаруашылық қызметті талдаудың көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінен дәстүрлі әдістерді анықтауға болады, олар басқа да салаларда ақпаратты зерттеу және баптау (салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар) үшінкеңінен қолданылады. Шаруашылық нәтижелерге және резервтерді есептеуге әсер ететін факторларды зерттеу үшін талдауда келесідей әдістер пайдаланылады: тізбектік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде, өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы арқылы экономикалық мәселелерді эвристикалық шешімдер әдісін қолданады. Әдістерді таңдау - талдаудың мақсаты мен тиімділігіне, зерттеу объектісіне, есептеудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
Лекция материалдарын игеру үшін экономикалық талдаудың - салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар тәсілдеріне көңіл бөлу қажет және де экономикалық талдаудың - тізбектік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде, өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы сияқты әдістерін жетік білу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
Дәріс 4 – Факторлық талдаудың әдістемесі
Мақсаты: Экономикалық құбылыстардың арақатынасын, факторлық талдау жөніндегі көрінісін, факторлық талдау түрлерін, оның негізгі міндеттерін қарастыру.
Мазмұны
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық); тура (дедуктивті) және кері (индуктивті); бір сатылы және көп сатылы: статикалық және өсіңкілі; ретроспективті және перспективті (болжамды) факторлық талдау түрлері және т.б.
Кәсіпорынның шаруашылылық қызметінің барлық құбылыстары мен процесстері арақатынаста, өзара тәуекелділікте және шарттылықта болады. Олардың біреуі тікелей өзара байланысты, басқалары – жанама. Мысалы, жалпы өнім көлеміне жұмысшылар саны және олардың жұмыс өнімділігінің деңгейі сияқты факторлар тікелей әсер етеді. Басқа факторлар бұл көрсеткішке жанама әсер етеді.
Әр құбылысты себеп және нәтиже ретінде қарастыруға болады. Мысалы, еңбек өңімділігін бір жағынан өндіріс көлемінің, оның өзіндік құны деңгейінің өзгеруі себебі ретінде, ал екінші жағынан - өндіріс механизациясы мен автоматизациясының деңгейінің өзгерісі, еңбектің ұйымдастырылуының жетлдірілуі және т.б. ретінде қарастыруға болады.
Әр нәтижелі көрсеткіш көп санды және әр түрлі факторларға тәуелді болады. Нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың әсер етуі бөлшекті түрде зерттелсе, соғұрлым талдау нәтижесі мен кәсіпорынның жұмыс сапасының бағасы нақтырақ болады. Бұдан шаруашылық қызмет талдауындағы маңызды әдіснамалық мәселе болып зерттелетін экономикалық көрсеткіштердің көлеміне факторлардың әсерін зерттеу және өлшеу болып табылады. Факторларды терең және әр жақты зерттеуінсіз қызмет нәтижесі жөнінде негізделген шешім, өндіріс резервін анықтауға, жоспарды және басқарушылық шешімдерді негіздеу мүмкін болмайды.
Факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасы түсініледі. Факторлық талдаудың келесідей түрлерін бір-бірінен ажыратады:
- детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық);
- тура (дедуктивті) және кері (индуктивті);
- бір сатылы және көп сатылы:
- статикалық және өсіңкілі;
- ретроспективті және перспективті (болжамды).
Детерминантталған факторлық талдау ретінде факторлардың әсерін зерттеу әдіснамасы түсініледі, нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалды болады, яғни көрсеткіш факторлардың қосындысының жеке немесе алгебралық туындысы ретінде көрінуі мүмкін.
Стохастикалық талдау фактоларды зерттеу әдіснамасы ретінде нәтижелі көрсеткіштер олардың байланысы функционалдыдан қарағанда толық емес ықтималды (корреляциялы) болады. Егер функционалды (толық) тәуелділікте аргументтің өзгерісінен үнемі функцияның сәйкес өзгеруі болса, онда корреляциялы байланыста аргументтің өзгеруі функцияның өсуі бірнеше мән беруі мүмкін басқа бұл көрсеткішті анықтайтын факторлар үйлесуіне тәуелді. Мысалы, еңбек өнімділігі қор жарақтануының бір деңгейінде әр түрлі кәсіпорындарда бірдей болмауы мүмкін. Бұл басқа факторлардың бұл көрскеткішке әсер ететін үйлестірілу оптимальділігіне тәуелді болады.
Тура факторлы талдау кезінде зерттеу дедуктивті тәсілмен жүргізіледі – жалпыдан жекеге. Кері факторлы талдау логикалық индукция тәсілімен себепті –нәтижелі байланыс зерттеуін іске асырады – жеке, бөлек факторлардан жалпыламаға.
Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бірінші түрі бағынудың бір деңгейіндегі бір саты факторларын зерттеу қолданылады, олардың құрама бөлімдерін бөлшектеусіз. Мысалы, y = a*b. Көп сатылы факторлық талдау кезінде а және b факторларын оның тәртібін зерттеу мақсатында құрама элементтерге бөлшектеу жүзеге асырылады. Факторларды бөлшектеу ары қарай жалғастырылуы да мүмкін. Берілген сәттегі бағынушылықтың барлық деңгейіндегі факторлардың әсері зерттеледі.
Сонымен қатар, статикалық және динамикалық факторлық талдауды бір-бірінен ажырату қажет. Бірінші түр нәтижелі көрсеткіштер және сәйкес күнге факторлардың әсерін зерттеу кезінде қолданылады. Басқа түрі өсіңкілктегі байланыстың себепті-нәтижелі зерттеу әдіснамасын көрсетеді.
Соңында, факторлвқ талдау ретроспективті болуы мүмкін, ол өткен кезеңдегі нәтижелі көрсеткіштердің өсу себебін зерттейді және перспективадағы факторлар мен нәтижелі көрсеткіштің тәртібін зерттейтін перспективті болуы мүмкін.
Факторлық талдаудың негізгі міндеті болып келесілер танылады:
1. Зерттелетін нәтижелі көрсеткішті анықтайтын факторларды іріктеу.
2. Жүйелі түрде келу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жіктеу және жүйелеу.
3. Факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыс формаларын анықтау.
4. Нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу.
5. Әсер ету факторларын есептеу және олардың әрқайсысының нәтижелі көрсеткіш көлемі өзгергендегі рөлін бағалау.
6. Факторлық модельмен жұмыс (экономикалық процесстерді басқару үшін оны үнемді пайдалану).
Бұл немесе басқа көрсеткішті талдау үшін факторларды іріктеу бұл салада алынған практикалық және теориялық білім негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде бұл қағидадан: факторлар кешені көбірек зерттелсе, талдау нәтижелері нақтырақ болады. Сонымен қатар осы факторлар кешені механикалық сома ретінде қаралса, олардың өзара байланыстылығынсыз басты анықтаушыны ерекшелемей-ақ ондағы шешім қате болуы мүмкін. Шаруашылық қызметті талдауда нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың әсерін өзара байланысты зерттеу олардың жүйелілігі көмегімен қол жеткізіледі, бұл ғылымның негізгі бір әдіснамалық мәселесі болып табылады.
Факторлық талдаудың басты әдіснамалық мәселесі болып факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы тәуелділік формасын анықтау болып табылады: ол функционалды немесе стохастикалық па, тура немесе кері, түзу сызықты немесе қисық сызықты ма екендігі. Мұнда теориялық және практикалық тәжірибесі, сонымен қатар параллельді және өсіңкілік қатарлар, берілген ақпараттардың аналитикалық топтастыруларын теңестіру тәсілдері қолданылады.