Микро макроэкономикага талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:28, реферат

Описание работы

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік–экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 438.50 Кб (Скачать)

Экономикалық көрсеткіштерді модельдеу (детерминирленген немесе стохастикалық) факторлық талдаудағы күрделі әдіснамалық қиындықты көрсетеді, оны шешу бұл салада арнайы білім және практикалық үйренушілікті талап етеді. Мұнымен байланысты бұл сұраққа байланысты осы курсқа үлкен назар аударылады.

Шаруашылық қызметті талдауда ең басты әдіснамалық аспект – нәтижелі көрсеткіштер көлеміне факторлардың әсерін есептеу, бұл үшін қолдану сферасы және есептеу процеуралары келесі бөлімдерде қарастырылатын талдауда толық тәсілдер, мән, бағыттар  арсеналы қолданылады.

Және де, факторлық  талдаудың соңғы кезеңі – нәтижелі көрсеткіштердің өсу резервтерін есептеу үшін, өндірістік жағдайдың өзгеруі кезінде оның көлемін жоспарлау және болжау үшін факторлық модельді практикалық пайдалану.

Факторлардың жіктелуі олардың  жалпы сипаттарына тәуелді  топтар бойынша таралуы түрінде  көрініс табады. Ол зерттелетін құбылыстардың  өзгеру себептерін  тереңірек түсінуге, нәтижелі көрсеткіштер көлемінің қалыптасуындағы  әр фактордың орны мен рөлін нақтырақ бағалауға көмектеседі.    

Талдауда зерттелетін  факторлар әр түрлі сипаттары  бойынша жіктелуі мүмкін. Шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету көзқарасынан олар негізгі және екінші деңгейлі, ішкі және сыртқы, объективті және субъективті, жалпы және спецификалық, тұрақты және үзілісті, экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.

Негізділеріне нәтижелі көрсеткіштерге шешуші әсер ететін факторлар жатады. Екінші деңгейлі берілген жағдайларда щаруашылық қызмет нәтижелеріне шешуші әсер етпейтіндер жатады. Осында бір фактор шарттарға байланысты, негізгі де және екінші деңгейлі де болуы мүмкін екендігін белгілеп кету керек. Түрлі факторлардан анықтайтын талдау нәтижелері бойынша негізгілерін ерекшелей алу шешім шығарудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде және кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін бағалау кезінде факторлар ішкі және сыртқы факторларға жіктеледі, яғни берілген кәсіпорын қызметіне тәуелді және тәуелсіз болады.

Әр кәсіпорын жұмысының  нәтижесіне көптеген жағдайларда жетілген өндірістік байланыстар және қатынастар кезінде  мәнді дәрежеде басқа кәсіпорынның қызмет етуі әсер етеді, мысалы, өз уақытылы шикізаттар, материалдар жеткізу, оның сапасы, құны, нарық конъюнктурасы, инфляциялық процесстер және т.б. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне мамандандыру саласындағы және өндірістік кооперацияларда үзілістердің көрініс табуы сирек емес. Бұл факторлар сыртқы болып табылады. Бұл берілген ұжымның күшін сипаттамайды, бірақ олардың ішкі себептерінің әсер ету дәрежесін нақтырақ және өндірістің ішкі резервтерін толық анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын қызметін дұрыс  бағалау үшін факторларды объективті және субъективтіге бөлу қажет. Объективті адамдардың еркіне және қалауына байланысты емес, мысалы, табиғи апат. Объективтіден субъективті себептер жеке адамдардың, кәсіпорынның, ұйымдар және мекемелердің қызметіне тәуелді болады.

Факторлар сонымен қатар, жалпы және спецификалық болып бөлінеді. Жалпыға экономиканың барлық саласында қызмет ететін факторлар жатады. Спецификалық экономиканың немесе кәсіпорынның  жеке салалары жағдайындағылар жатады. Факторлардың мұндай бөлінуі жеке кәсіпорындардың өндіріс салалрының ерекшеліктерін толық есепке алынуына және олардың қызмет етуінің нақты бағалауына мүмкіндік береді.

Өндіріс нәтижесіне әсер ету мерзімі бойынша тұрақты және үзілісті болып бөлінуі мүмкін. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылыстарға барлық уақыт бойы үзіліссіз әсер етеді. Үзілісті факторлардың әсер етуі кезеңді түрде көрініс табады, мысалы, жаңа техниканы, жаңа өнім түрлерін, өндірістің жаңа технологиясын игеру және т.б.

Кәсіпорын қызмет етуін  бағалау үшін факторлардың интенсивті және экстенсивті болып бөлінуі  үлкен мәнді әсер береді. Экстенсивтілерге нәтижелік көрсеткіштердің сапалы өсуімен емес, сандықпен байланысты факторлар жатады, мысалы, егіс көлемін кеңейту жолымен, мал басының, жұмысшылар санының өсуі арқылы өнім өңдіру көлемін өсіру. Интенсивті факторлар өндіріс процессінде еңбектенудің дәрежесін сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық мәдениетінің өнімділігі, жануарлардың өнімділігі, еңбектің өнімділік деңгейін көтеру.

 Талдау кезінде  шаруашылық қызмет нәтижесіне  әр фактордың әсерін өлшеу  мақсаты қойылады, онда оларды сандық және көлемдік, күрделі және жай, тура және жанама, өлшенетін және өлшенбейтін болып бөлінеді.

Құбылыстардың сандық айқындылығын көрстететін факторлар сандық болып есептеледі (жұмысшылар, құралдар, шикізат және т.б. саны). Сапалық факторлар зерттелетін объектінің ішкі сапасын, сипаты мен ерекшеліктерін анықтайды (еңбек өнімділігі, өнім сапасы және т.б.).

Факторлар талдауында көптеген зерттелетіндер бірнеше элементтерден  құралады. Алайда құрама бөлімдерге бөлінбейтіндері  де бар. Мұнымен байланысты факторлар күрделі (кешенді) және жай (элементті) болып бөлінеді. Күрделі фактор мысалы болып еңбек өнімділігі, ал жай фактордыкі – есептік кезеңдегі жұмыс күнінің саны.

Көрсетілгендей бір  факторлар нәтижелі көрсеткіштеріне  тура әсер етеді, басқалары – жанама. Осыған тәуелді басқарылымның бірінші, екінші және үшінші және ары қарайғы  деңгейін ажыратады. Бірінші деңгей факторларына нәтижелі көрсеткішке тура әсер ететіндер жатады. Нәтижелі көрсеткішті бірінші деңгейлі факторлар көмегімен жанама анықтайтын факторлар екінші деңгейлі факторлары деп аталады және т.б. 5.1. суретінде бірінші деңгейлі факторлары болып жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір жұмысшымен орташа жылдық өнімді өңдіру болып табылады. Бір жұмысшымен істелген күндер саны және орташа күндік жұмыс – жалпы өнімге қатысты екінші деңгей факторлары. Үшінші тәртіп факторларына жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық жұмыс өнімділігі жатады.

Нәтижелі көрсеткіштерге жеке факторлардың әсері сандық түрде  анықталуы мүмкін. Сонымен бірге  толық факторлар қатары бар, олардың  әсері кәсіпорын қызметі нәтижесіне тура өлшенуге берілмейді, мысалы, жұмысшыларды тұрғын үймен, балалар мекемесімен, кадрлар дайындығы деңгейімен қамтамасыз етілуі және т.б.          

Шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі түрден келу факторларды, олардың ішкі және сыртқы байланыстары , өзара қызметтілігі және өзара  басқарушылығы есебімен өзара байланысты зерттелуін талап етеді, бұл оларды жүйелендіру арқылы жүзеге асрылады. Толығымен жүйелендіру – зерттелетін құбылыстар мен объектілерді анықталған тәртіпте, олардың өзара байланыстылығы және қалауындағыларды анықтаумен орналастыру.

Факторларды жүйелендірудің тәсілдерінің бірі болып, детерминирленген факторлық жүйелерді құру. Факторлық жүйелерді құру – алгебралық сома, жеке немесе бірнеше факторлардың туындысы түрінде, оның мөлшеріне әсер ететін және функционалды тәуелділікте орналасатын зерттелетін құбылыстарды көрсету болып табылады.

Мысалы, өнеркәсіп кәсіпорынының  жалпы өнім көлемі бірінші реттік екі фактордың түрінде: бір жұмысшымен жыл ішінде өнім өндірісінің орташа жылдық және жұмысшылардың орташа саны, ол тікелей орташа жыл бойы бір жұмысшымен істелген күндер және жұмысшымен өнім өндірісінің орташа күндік санымен байланысты. Соңғысы жұмыс күні және орташа сағаттық өндіріс ұзақтығына бөлінуі мүмкін.

Детерминацияланған факторлық  жүйенің дамуы кешенді факторлардың бөлшектенуі есебінен жүргізіледі. Элементті (мысалымызда – жұмысшылар саны, істлген күндер саны, жұмыс күнінің ұзақтығы) көбейткіштерге бөлінбейді, өйткені олра сипаты бойынша біртекті болып табылады. Жүйенің дамуымен сандық факторлар біртіндеп жалпыға бөлшектенуі қысқарады, олар өз кезегінде бөлшектенуді қысқартып өзінің аналитикалық құрамы бойынша біртіндеп элементтіге (жай) жақындайды.

Алайда факторлық жүйелердің дамуы қажет тереңдікке дейін  кейбір әдіснамалық қиындықтармен  байланысты және ең алдымен жалпы  сипаттағы факторларды іздеу қиындығымен, олар бірнеше факторлардың жеке немесе алгебралық сомаларының туындысы түрінде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан әдетте, детерминирленген жүйелер жалпы факторлардың көлемін алады. Сонымен қатар, шаруашылық қызметті талдаудағы нақты факторларының зерттелуі жалпыдан қарағанда үлкен мәні бар болады.

Осыдан факторлық талдау әдіснамасын жетілдіру нақты  факторларды өзара байланысты зерттеуге  бағытталған болуы керек, олар нәтижелі көрсеткіштерімен стохастикалық тәуелділікте болады.

Стохастикалық өзара байланыстылықты  зерттеуде зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс құрылымының сапалы (логикалық) талдаудың үлкен мәні бар. Ол зерттелетін көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болу-болмауын айқындауға, байланыс бағытын зерттеуге, байланыстылық нысанын зерттеуге  мүмкіндік береді, бұл талдау нәтижелерін жалпылау барысында және зерттелуші құбылысқа олардың ықпал ету деңгейін анықтау үшін маңызды.

Шаруашылық қызметті талдауда зерттелетін  көрсеткіштердің байланысы құрылымын талдау блок схеманың көмегімен жүзеге асады, бұл зерттелуші факторлар мен нәтижелі көрсеткіш арасындағы байланыстың бағыты мен көлемін ғана емес, сонымен қатар факторлардың өздерінің арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Блок- схеманы құрып, зерттелуші факторлар арасында  нәтижелі көрсеткішке тікелей әсер ететін факторлар мен оған мүлдем әсер етпей бір бірімен байланысқан факторларды көруге болады.

Ең алдымен өнімнің  өзіндік құнымен әрбір факторлар  арасында аралық байланыс бағытын орнату керек. Сөзсіз олардың арасанда тар байланыс болып отыр.  Осы үлгіде мәдениет өнімділігі өнімнің өзіндік құнына тікелеі әсер етіп тұрғанын көруге болады. Қалған факторлар мәдениет өнімділігімен еңбек өнімділігі арқылы   өнімнің өзіндік құнына тікелей ғана емес жанама да әсер етіп жатыр. Мысалы топыраққа салынған тыңайтқыштар мәдениет өнімділігінің жоғарлауына көмектесуде. Бірақ мынаны ескеру керек, салынған тыңайтқыштардың санынның артуы егіс гектрына кеткен шығындар сомасының өсуіне алып келеді. Егер де шығындар сомасы өнімділікке қарағанда жоғары қарқынмен өссе, өнімның өзіндік құны да өседі. Сондықтан осы екі көрсеткіштің арасындағы байланыс тікелей және керісінше болып келеді. Тұқым сапасы да өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер етеді. Таңдаулы, жоғары сапалы тұқымдар шығындар сомасының өсімін тудырады. Егер олар үлкен дәрежеде өссе, онда өнімнің өзіндік құны үлкейеді және керісінше. Өндірісті механикаландыру дәрежесі өнімнің өзіндік құнына тікелей және жанама әсер етеді. Механикаландыру деңгейі өсуі  өндірістегі негізгі құралдарды ұстаумен байланысты шығындардың өсуіне алып келекді. Бұған қарамастан еңбек өнімділігі жоғарылап жатыр, өнімділік өсіп, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әкелуде.

Осылайша факторлардың жүйелілігі факторлардың өзара байланысын терең зерттеуіне рұқсат ете отырып,  зерттейтін көрсеткіштерді үлгілеу кезеңінде өте маңызды болып келеді.  

Факторлық  талдаудың  мақсаты болып, мөлшерін анықтайтын, нәтижелі көрсеткіш пен факторлардың арасандағы өзара байланысын үлгілеу  болып табылады.

Үлгілеу-  ғылымның өте маңызды әдсітерінің бірі, үлгілеудің арқасында зеттеу объкетісінің моделін жасауға болады. Оның маңызы, зерттейтін көрсеткіш пен факторлардың байланысы нақты математикалық деңгей түрінде беріледі.

Факторлық талдауда детерминанты және стохастикалық үлгілерді бөліп қарастырылады.  Детерминантталған факторлық үлгінің көмегімен нәтижелі көрсеткіштер мен дәлелдердің функционалды байлнысы зерттеледі.

Детерминантталған факторлық  жүйені үлгілеудік келесі талаптарды орындау қажет.

  1. Үлгіге қосылатын факторлар және үлгілердің өздері ойдан шығарылған абстрактылы мөлшерде емес, нақты болуға тиісті.
  2. Жүйеге енетін факторлар формулаға қажетті элементтері ғана емес, сонымен қатар көрсеткіштермен себепті байланыста болуы қажет.

Басқаша айтқанда, факторлық  жүйеде танымдық құндылық болуы керек. Математикалық абстракция көмегімен жасалған модельдерге қарағанда, көрсеткіштемен себепті байлынысты көрсететін факторлық модельдің маңыздырық болып келеді.

Бірінші жүйеде факторлар  нәтижелі көрсеткішпен себепті байланыста, ал екінші жұйеде – математикалық арақатынаста болғандықтан, екінші модельдің танымдық маңызы төмен.

  1. Факторлық модельдің барлық көрсеткіштерінде өлшеу бірлігі немесе ақпаратпен қамтамасыз болуы тиісті.
  2. Факторлық модель жекелеген факторлардың ықпалын өлшеу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Ал бұл нәтижелік және факторлық көрсеткіштердің өзгерістерінің көлемдік сәйкестігін ескеруі қажет, ал жекелеген факторлардың ықпалдарының сомасы нәтижелі көрсеткіштердің жалпы өсіңкілігіне тең болуы қажет.

Қорытынды

Кәсіпорынның шаруашылылық қызметінің барлық құбылыстары мен процесстері арақатынаста, өзара тәуекелділікте және шарттылықта болады. Олардың біреуі тікелей өзара байланысты, басқалары – жанама. Әр құбылысты себеп және нәтиже ретінде қарастыруға болады. Әр нәтижелі көрсеткіш көп санды және әр түрлі факторларға тәуелді болады. Факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен  кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасы түсініледі. Детерминантталған факторлық талдау  ретінде  факторлардың әсерін зерттеу әдіснамасы түсініледі, нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалды болады, яғни көрсеткіш факторлардың қосындысының  жеке немесе алгебралық туындысы ретінде көрінуі мүмкін. Стохастикалық талдау фактоларды зерттеу әдіснамасы ретінде нәтижелі көрсеткіштер олардың байланысы функционалдыдан қарағанда толық емес ықтималды (корреляциялы) болады. 

Информация о работе Микро макроэкономикага талдау