Меншікті капитал

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:57, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

Работа содержит 1 файл

Меншікті капитал.doc

— 248.00 Кб (Скачать)

    Егер  де 5020 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық капиталын  толығымен қалыптастырылғанын білдіреді.

    Эмиссиялық  кіріс есебі.

    Өз  меншігіндегі акцияларды сатқанда 5110 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 1050, 1040, 1010, 1020.

      «Арай» кәсіпорынына құрылтай құжаттарында көрсетілгендей 20 000 жай акцияларды номиналдық бағасы 100 теңгеге шығаруға рұқсат етілген.

    Д 5020 Төленбеген капитал..............................2000000

    К 5010 Жай акциялар........................................2000000     

    1 қаңтарда «Арай» 10 000 акцияны номиналдық құнымен сатады:

    1 қаңтар

    Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары......................1000000

    К 5020 Төленбеген капитал..............................1000000

    Егер  болашақта кәсіпорынның потенциалы  жағымды деп саналса, басшылар қосымша  акцияларды шығаруға ниет білдіреді. Бұл  кезде компаниямен түзету жасалады, яғни акцияның нарықтық құны осы уақыттағы  номиналдық құнынан жоғарлатылады.

    «Арай» кәсіпорыны 1 000 акцияны 1 наурызда 120 теңгеге сатты.

    1 наурыз

    Д 1010, 1040 Ақша қаражаттары (120 тг.* 1 000)........120 000

    К 5020 Төленбеген капитал ( 1000*100тг)....................100 000

    К 5110 Эмиссиялық кіріс..................................................20 000

    Соңғы сома  авансталған (салынған) капиталдың бөлігі болып табылады.  

    Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі бойынша бухгалрелік есеп жазуларын келесі кестеде қарастырамыз:

    Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар есебі

п/п

Шаруашылық  операцияларының мазмұны Корр. шот
Дебет Кредит
1 2 3 4
1. Акционерлерден  сатып алу құны бойынша меншікті акциялар сатып алу 5210 1040, 1050, 1010, 1020
2 Сатып алынған  акциялардың сатып алу және номиналды  құны арасындағы айырма:    
егер  акциялар олардың номиналдық құнынан  төмен баға бойынша сатып алынса 5210 5410
егер  акциялар олардың номиналдық құнынан  жоғары баға бойынша сатып алынса 5410 5210
3 Эмиссиялық  кіріс 5110 5210
4 өз жұмыскерлеріне опцион арқылы сатып алынған меншікті акцияларды сату 1040, 1050,  1010, 1020 5210
 

    Резервтік капитал есебі.

    Резервтік капиталдарды қалыптастырған кезде 5410 шоты дебеттеледі де, 5310 шоты кредиттеледі.

    Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310-ші шоттың дебетімен мына шоттардың  кредитінде көрініс табады:

    3030, 3390, 3050 – артықшылығы бар акциялар  бойынша төлем жасауға қажет  қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің  резервтік капиталының ішіндегі  дивидендтердің есебінен төлеген  кезде; 5410-шот «Есептік жылдың  пайдасы (залалы)», 5430-шот «Өткен жылдардағы  пайда (залал)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

    Қайта бағалауға арналған резерв.

    Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады.

    Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау  кезінде 2410 шоты дебеттеліп, 5320 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалауына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5320 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі.

    Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне  байланысты тозу сомасына да түзетулер  жүргізіледі.

    Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған  қайта бағалауға арналған резерв есебі

п/п

Шаруашылық  операцияларының мазмұны Корр. шот
Дебет Кредит
1. Негізгі құралдарды (жерден өзге) құнының ұлғаю сомасына 2410 5320
2. Олардың құнының  ұлғаюын ескере отырып, негізгі құралдардың тозуын көбейту 5320 2420
3. Амортизация есептеудің қолданылатын әдісіне сәйкес есепті жылдың бөлінбейтін кірісіне негізгі  құралдардың құнының ұлғаю сомасын  есепке жазу 5320 5410
4. Жарғылық капиталды  толықтыруға қайта бағалауға арналған резервті пайдалану 5320 5110
 

    Инвестицияларды қайта бағалау  белгіленген тәртіппен  жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша  есептеу сомалары  5320 шотының  кредиті бойынша көрініс табады:

    Еншілес,тәуелді,бірлесіп бақыланатын және де басқа шаруашылық серіктестіктердің  жарғылық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның сомасына     2310,

    2210

    5320
    Қаржылық  инвестицияларын қайта бағалаудан түскен сомаларына     1110-1150     5320     
    Есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы     5320     5410
 

    5320 шотының дебеті  ұзақ мерзімді  инвестицияның құнының төмендегенін  және олардың баланстық құнының  азайғанын көрсетеді, ол кезде  қайта бағаланған сомасының шегінде  мына шоттар корреспонденцияланады:

    -ұзақ  мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 2010-2040 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі;

    -инвестицияның  баланстық құнының азайған сомасына 2310, 2210 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты  дебеттеледі.

    Активтердің басқа түрлерін (шикізаттар мен материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары үшін 5320 шотына субшот 5323 «Басқа да активтерді қайта бағалауға арналған резерв» шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция-неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасын есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция –неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы ретінде 6250 шоттың кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылса, онда ол 7430 шоттың дебеті бойынша көрініс табады.

    Егер  де доллар бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғаны ретінде  бағаланады және ол 5323 шотының дебеті бойынша көрініс табады, ал егер де керісінше болса, онда 5323 шотының кредитінде көрсетіледі.

    Бөлінбеген  кіріс (жабылмаған залал) есебі.

Операциялардың  мазмұны Корр. шот
Дебет Кредит
1 2 3 4
1. Есепті жыл  соңында жабылуы: 5430 5410
2. Қайта бағалаудан алынған баға көбеюі:    
а) негізгі  құралдар мен ұзақ мерзімді инвестициялар оларды есептен шығарып тастағаннан кейінгі 5320 5410
б) өзге активтерді 5410 5410
3. Акционерлерден  меншікті акциялар сатып алу кезінде  алынған айырма:    
а) номиналдық құнынан төмен баға бойынша 5210 5410
б) номиналдық құнынан жоғары баға бойынша 5410 5210
4. Есепті жылдың бөлінбеген кірісінен резервтік  капиталға жасалған аударымдарды көрсету 5410 5310,5340
5. Акциялар бойынша  дивидендтер есептеу 5410 3510
6. Есепті жылдың бөлінбеген кірісінің қалған сомасын  өткен жылдар кірісіне апару 5410 5430
7. Есепті жылдың жабылмаған залалын жабу:    
а) резервтік  капитал есебінен 5310,5340 5410
б) өткен  жылдардың бөлінбеген кірісі есебінен 5430 5410
 

                                                 Қорытынды. 

    Қазіргі таңда «Меншікті капитал  есебінің» әртүрлі жүйедегі мүмкіндіктері бар. Оларды қалыптастыру кәсіпорындардың көлемінің, қызмет ауқымының әр түрінде қолданыс табуда.

    Меншікті  капиталдың есебін ұйымдастырғанда  бухгалтерия жұмысының қарқынын кеңейту мен кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметіне бақылауды жақсарту және де кәсіпорынды басқаруды дұрыс қолға алуда маңызды болып табылады.

    Меншікті  капитал қаржылық есеп беруде бірден- бір бөлінбейтін қажет категория. Халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастырылған стандарттау құралы кәсіпорынның қаржылық есеп беруі бухгалтерлік есебі емес. Көптеген отандық бухгалтерлер  халықаралық қаржылық есеп  стандартын аша отырып, белгілі бір операцияны қалай есептейтінін, алғашқы құжаттарды дайындау және толтыру туралы одан реттеуші құжаттар, нормативтік актілер іздемекші болады. Бірақ, бұл былай емес. Батыстық бухгалтерлер үшін қаржылық есеп инвесторлармен, меншік иелерімен қарым-қатынас жасайтын тіл ретінде маңызды, себебі оларға кәсіпорынның есебі қалай жүргізілетіні, яғни жеңілдетілген режимде немесе журнал-ордерде немесе есептің автоматтандырылған әдісін қолдану-қолданбау маңызды емес. Бухгалтерлік есепті жүргізуде ақпаратты жинау және әзірлеу қағидасы сол қалпы қалады, өйткені халықаралық қаржылық есеп беру стандарты бухгалтерлік есепті жүргізуді реттемейді. Сондықтан да бухгалтерлерге есепті жүргізуде стандарттың әрбір әрібін қатал ұстану міндетті емес. Халықаралық қаржылық есеп  стандарты бұл қоғамдық қызығушылықтарды сипаттайтын, қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну тәртібі үшін қажет жүйе. Халықаралық қаржылық есеп  стандарты  көптеген мемлекеттерде қолданылатын бизнес тілі. Сондықтан да Қазақстанға инвесторлар қажет болғандықтан экономикалық тиімді, ал инвесторлар болса қаржылық ақпаратты  халықаралық қаржылық есеп  стандартына сәйкес ұсынуды талап етеді.

    Халықаралық қаржылық есеп  стандартының артықшылығына  келетін болсақ, біріншіден, оның қабылдауда оңайлылығы, өйткені оны дайындауда әлемдік тәжірибе қолданылды. Екіншіден, халықаралық қаржылық есеп  стандартты қолдану кәсіпорынның қаржылық есебінде нақты әділ сандармен құрылады. Халықаралық қаржылық есеп  стандартына көшуде активтерді бағалауда және де қазір пайдалы болып саналатын кәсіпорындар кейін зиянды болулары мүмкін белгілі бір проблемалар туындауы мүмкін.

    Қазақстандық  бухгалтерлік есеп стандарты халықаралық  қаржылық есеп  стандартына жақындатылып жасалған стандарт. Тек халықаралық  қаржылық есеп стандарты кеңірек, ал ондағы ақпарат толығырақ. Әрине, кейбір стандарттағы терминдерді түсіну қиынырақ және арнайы білімді талап етеді. Бірақ біздің Президентіміздің дамыған елдер қатарына қосылу туралы жолдауын жүзеге асыру үшін біз ол қиындықтардан өтуге дайын болуымыз қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Меншікті капитал