Меншікті капитал

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:57, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

Работа содержит 1 файл

Меншікті капитал.doc

— 248.00 Кб (Скачать)

       Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.

       Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай  нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз эксперт қуаттауы керек.

    Шаруашылық  жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген  кезде қатысушылардың ақшалай салымдары  бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса  аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып  бағалануы мүмкiн.

          Осындай бағалау  кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң  құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының  шегiнен артық бағаланған салымдарына  субъектi кредиторларының алдында  бiрлесiп жауап бередi.

          Егер де салым  ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады.

          Мүлiктiк құқы жоқ  және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.

    Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

  • ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
  • ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
  • жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

    Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында  ерекшеліктер бар. Қосымша №2, №3

    Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

    Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың  50 пайыз құрауы мүмкін.

    Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін  жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің  қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең  сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.

    Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің  қатысушылары  серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың  шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.

    Жарғылық  капитал мен оның меншіктік капиталдағы  қатынасы  тіркелгенде немесе қайта  тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:

  1. кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
  2. сот шешімі бойынша.
  3. әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы  серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін   немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  жарғылық капиталының  мөлшерінің өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына байланысты болса да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі.

    Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының өсуі оның толық төленгеннен кейін жүзеге асырылады және ол мына жолдармен жүргізілуі мүмкін:

  • серіктестіктің барлық қатысушыларымен жүргізілген қосымша, пропорциондалдық салымдар;
  • жарғылық капиталдың мөлшері серіктестіктің меншіктік капиталының есебінен, сонымен қатар оның резервтік капиталының есебінен өсуі;
  • серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталдың) қайта бағалау, нақты құны баланстық құннан асатын. Қайта бағалау тәуелсіз экспертпен ғана жүргізілуі керек.
  • бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдарымен, егер барлық басқа қатысушылар рұқсат етсе.
  • серіктестіктің құрамына жаңа қатысушылар алған кезде.

    Серіктестіктің  жарғылық капиталының  мөлшерінің кемуі  серіктестіктің барлық қатысушыларының  салымдарының мөлшерін пропорционалды кеміту арқылы жүргізіледі.

    Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік  – жарғылық капиталдың мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндей анықталады, алайда бұл серіктестіктің қатысушылары жарғылық капиталдағы өз салым ақшаларымен оның міндеттемелері бойынша жауап береді, ал бұл соманың жетіспеушілігіне өз мүліктерінің еселенген мөлшерінде өздерінің салым ақшаларына қосады.

    Акционерлік қоғам- жарғылық капитал барлық жарияланған  акциялар шығарылымының жиынтық  атаулы (номинальдық) құнына тең.

    Акцияның  номиналдық  құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.

    Орналастыру бағасы- алғашқы бағалы қағаздар нарығына акцияны орналастыруда анықталатын  акция бағасы.

    Акциялар қарапайым және артықшылығы бар болып бөлінеді.

    Қарапайым акция акционерге акционерлердің жалпы жиналысына қатысуы кезінде барлық сұрақтарды шешуге, ұйым таза табыс алған кезде дивиденд алуға, сонымен қатар қоғам жабылған кезде заңмен бекітілген негізде қоғамның  мүлігінің бір бөлігін алуға құқық береді.

    Артықшылығы бар акция акционерлерге қарапайым акцияны иеленетін акционерлерден бұрын қоғамның жарғысында көрсетілген алдын-ала анықталған міндетті түрде алатын дивидендтерді алуға құқық береді.

    Акционерлік қоғамның артықшылығы бар акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санынан 25 пайыздан аспауы керек.

    Артықшылығы бар акция акционерге қоғамды  басқаруға құқық бермейді, келесі дербес жағдайлардан басқа, егер:

  • акционерлік қоғамның жалпы жиналысы артықшылығы бар акцияны иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін шешімдер бойынша сұрақтарды қарастырады.
  • қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы  қоғамның жабылуы немесе қайта құрылуы бойынша  сұрақтарды шешуге қатысады;
  • артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер толық көлемде оның төленуі тиіс мерзімнен үш ай асып кеткенде.

    Қоғамның  жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

    Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

    Жарғылық  капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 «Жарияланған капитал» деген шотта 5000 «Шығарылған капитал» шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта  жүргізіледі.

     Заңды тұлға өндірістік кооператив формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Олардың жеке еңбекпен катысуы және оның мүшелерінің  мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив болып танылады.

     Өндірістік  кооператив жарғысы заңды тұлға  жарғысының жалпы ережелерінен өзге, кооператив мүшелерінің пайдалары  туралы кооператив мүшелерінің кұрамы мен пайлар салу тәртібі туралы және пайлар салу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін олардың жауапкершілігі туралы; кооператив қызметіне оның мүшелерінің еңбекпен қатысу тәртібі туралы; кооператив пайдаларын болу мен шығындарын (залалдарын) өтеу тәртібі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзырлары туралы жағдайлардан тұруы тиіс.

       Салынған пай кооператив мүшесінің  үлесі болып саналады.

     Кооператив  пайдасы, егер кооператив жарғысында басқалай қаралмаған болса, олардың еңбектеріне  сәйкес, кооператив мүшелері арасында бөлінеді.

    Мемлекеттік кәсіпорын- шаруашылық меншік құқығына немесе оперативтік басқаруға негізделеді.

     Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі мемлекетке жатады,  бөлінбейтін болып саналады және салымдар (үлес, пай) бойынша, оның ішінде кәсіпорын жұмыскерлері арасында бөлінбейді.

     Мемлекеттік кәсіпорындар өкілетті мемлекеттік  органның шешімі бойынша құрылады. Мемлекет мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы болып қатысады. Жарғылық капитал мемлекет бөлген мүлік есебінен қалыптасады.

     Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындар, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшылардың субсидияларлы жауапкершілік көтеретіндігімен сипатталады.

    Коммерциялық  емес ұйымдар- басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы  меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым. Қосымша  №4

    Серіктестіктердегі капиталдың есебі.

    Серіктестіктердегі  капиталдың бухгалтерлік есебі жеке иеленудегіге өте ұқсас болып келеді. Негізгі айырмашылығы капиталды салу мен алу шоты  бойынша әр әріптеске пайда мен зиянды бөлуінде көрінеді. «Әріптестер капиталы» баланстық есеп беру кезінде әр шот бойынша қалдықты көрсету керек.

    Салымдар  есебі. Әр әріптес серіктестікке  материалдық және материалдық емес активтерді құрылтай келісім-шартында көрсетілген тәртіпте сала алады. Салынған активтер серіктестікке активті  салған күні әділ нарықтық бағасы бойынша бағалануы керек.

    2005 жылы 1 шілдеде Ахметов Мади мен  Балтабаев Жанибек өздерінің  капиталдарын біріктіріп жауапкершілігі  шектеулі серіктестік «КаzЖиһаз»  ашпақшы болды. Ахметов 280 000 теңге ақша қаражатын және  370 000 теңгеге бағаланған жиһаз салды. Балтабаев 400 000 теңге ақша қаражатын және  200 000 теңгеге бағаланған құрал- жабдық салды. 
 

    1 шілде

    Д 1010, 1040 Ақша қаражаты.............................................280 000   

        2410 Жиһаз.......................................................................370 000     

    К 5020 Ахметовтың капиталы............................................650 000       

    Д 1010, 1040 Ақша қаражаты............................................400 000

       2410 Құрал жабдық.........................................................200 000

    К 5020 Балтабаев капиталы...............................................600 000

    Серіктестік инвестициямен байланысты міндеттемелерді  ала алады. Сөйтіп, Балтабаев қосымша жеті айдан кейін өзі қозғалатын арбаша, сомасы 450 000 теңге құрайтын салды. Бұл мүлікке қатысты кредиторлық қарыз серіктестікпен 370 000 теңге қабылданды. Бухгалтерлік жазу:

    1 ақпан

    Д 2410 Көлік құралы...................................................................................450 000  

    К 3310 Жеткізушілер мен медігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық   қарыздары............................................................................................................370 000     

    К 5020 Балтабаев капиталы..........................................................................80 000    

    Серіктестікте пайда мен зиянды бөлу.

Информация о работе Меншікті капитал