- тиісті
әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің
жобасын мәслихаттың бекітуіне
ұсынады, бюджеттің атқарылуын
қамтамасыз етеді,
экономикалық
және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларын
мәслихаттың бекітуіне ұсынады, олардың
орындалуын қамтамасыз етеді, мәслихаттың
сессиясында олардың орындалуы туралы
есеп береді.
- әкімшілік-аумақтық
бөліністің меншігін басқаруды
жүзеге асырады, қарамағындағы
кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің
басшыларын тағайындайды және қызметінен
босатады,
- жоғары
тұрған атқарушы орган берген
өкілеттікке сәйкес республикалық
меншіктегі кәсіпорындардың, мекемелер
мен ұйымдардың қызметін үйлестреді;
- жергілікті
әкімшілік органдарының басшыларын
тағайындайды және қызметтен босатады,
республика министрлктерінің, мемлекеттік
комитеттері мен ведомстволарының, аумақтық
органдарының, республикалық бағыныстағы
кәсіпорындардың басшыларын тағайындауға
келісім береді, оларды қызметтен босату
және басқалар туралы ұсыныстар енгізеді.
- Поселкелік,
селолық әкім поселке, ауыл, ауылдық
округ азаматтары өкілдерінің
жиналысын шақырады, олардың шешімдерінің
орындалуын қамтамасыз етеді,
-азаматтардың
арыздарын, шағымдары мен өтініштерін
қарайды.
- ауыл, поселке,
округ аумағының шеңберінде жер заңдарына
сәйкес жер пайдалануға байланысты мәселелерді
шешеді.
- Заңды жеке
тұлғалармен шарттар жасасады, және банк
құжаттарына қол қояды.
- Қоғамдық
тәртіпті нығайтуға байланысты мәселелерді
шешеді. Өртке қарсы қауіпсіздік пен судағы
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бақылау
жасауды жүзеге асырады.
- Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару жергілікті өкілді және жергілікті
атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің
құрамдас бір бөлігі болып табылады және
Республика үшін біртұтас мемлекеттік
қызмет принциптерін басшылыққа алады.
Демек, жергілікті мемлекеттік басқару
мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл жергілікті
мемлекеттік басқару жалпы жергілікті
ерекшеліктерді есепке алмайды және жергілікті
проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді.
ҚР – дағы жергілілікті мемлекеттік бақсару
мемлекет тетігінің ерекше бөлшегі болып
табылады және белгілі бір дербестікке
ие болады. Бірақ дербестік жергілікті
өкілді органдар мен жергілікті атқарушы
органдарда ұйымдық және құзыреттілік
тұрғысынан өзіндік ерекшелікпен көрінеді.
- Жергілкті
өзін-өзі басқаруды қалыптастыру тарихи,
этникалық, географиялық және басқа жағдайларға
байланысты объективтілік және субъективтілік
фаткорлардың негізінде жүреді.Осы себепті
мемлекеттерде жергілікті басқаруды ұйымдастырудың
және тиісінше осы құбылысты заңдық реттеудің
сан алуан түрлі практикасы бар.
- Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Констиуциясы
жергілкті органдардың жаңа үлгісін бекітті.
Ол оларды жергілікті мемлекеттік басқару
және жергілікті өзін-өзі басқаруға бөлді.
Жергілікті мемлекеттік басқаруға: жергілікті
өкілді органдар, 2)жергілікті атқарушы
органдар.
- Жергілікті
өзін-өзі басқару жергілкті мемлекеттік
басқаарудан бөлінді.
- Жергілікті
өзін-өзі басқару – мемлекеттегі белгілі
бір әкімшілік аумақтық бөлік тұрғындарының
жергілікті істерді басқару жөніндегі
дербес қызметі. ҚР Конституциясы «Жергілікті
мемлекеттік басқару және жергілікті
өзі-өзі басқару» туралы бөлімінде 8 –
бабында жергілікті өкілді органдардың
сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне
қатысты жалпы ережелер белгіленген. Осы
бөлімнің 89 бабы бойынша «Қазақстан Республикасында
жергілікті маңызы бар мәселелерді жергілікті
тұрғындардың өзі шешуін қамтамасыз ететін
жергілікті өзін-өзі басқару танылады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғындардың
тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ адамдар
жинақы тұратын аумақты қамтитын ауылдық
және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы
сайланбалы және басқа жергілікті өзі-өзі
басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібі
заңда көрсетліген шекте азаматтардың
өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының дербестігіне олардың
заңмен білгіленген өкілеттігі шегінде
кепілдік беріледі. Мемлекет олардың
қызметін және олардың өкілеттігінің
шегін заңдылық деңгейінде тек жалпы шеңберде
белгілейді.Басқа жағдайларда өзін-өзі
басқару органдары мәселені дербес шешеді.
Сондықтан жергілікті жерлерде мұндай
органдардың құрылуы тек атауы бойынша
ғана емес, бағыты, нысаны, қызмет тәртібі,
кірістердің қосымша көздері, әкімдермен,
мәслиахттармен өзара қатынас тәсілдері
бойынша да әртүрлі болуы мүмкін.
- Қазақстанда
жергілікті басқарудың тиімді тәсілдерін
қалыптастыру жолында бірқатар түбірлі
өзгерістер жүзеге асырылып келеді.
- Жергiлiктi
өзiн-өзi басқару – халық тiкелей жүзеге
асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және
басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге
де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған
тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi
өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге
бағытталған қызмет;
- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары
— осы Заңға сәйкес жергiлiктi маңызы бар
мәселелердi шешу жөнiндегi функциялар
жүктелген органдар;
- - Жергiлiктi
өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы
аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық
(селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент
пен ауыл (село) шегiнде жеке жүзеге асырылады.
- Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi
қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ
мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жоғарыда жазылғандарды қорытындылай
келе, жергілікті атқарушы органдарға
әкімдер және олардың аппараттары
жатады. Заң талаптарына сәйкес, әкім
– Қазақстан Республикасы Президенті
мен Республика Үкіметінің, жергілікті
атқарушы органдарды басқаратын , қарауындағы
аумақта мемлекеттік саясаттың жүзеге
асуын, Қазақстан Республикасының орталық
атқарушы органдарының барлық аумақтық
бөлімдерінің үйлесімді қызмет жасауын
қамтамасыз ететін , атқарушы органдарға
басшылық жасайтын, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын,
Қазақстан республикасының заңдарына
сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігіне
ие, сол сияқты тиісті аумақтың әлеуметтік
және экономикалық дамуына жауапты уәкілі
болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың
және әкімнің қызметін қамтамасыз ету
үшін мемлекеттік мекеме - әкімнің аппараты
құрылады.
Ал
жергілікті атқарушы органдар Қазақстан
Республикасының атқарушы органдарының
бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен
бірге тиісті аумақтық мүддесі мен
даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы
биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді
қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне:
аумақты дамыту жоспарлары, экономикалық
және әлеуметтік бағдарламалары, жергілікті
бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын
қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті
басқару, жергілікті органдардың жұмысын
ұйымдастыру және т.б. жатады.
Мемлекеттік
басқарудың жергілікті органдарына
– Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметінің заңдарын актілерін
және Конституцияны орындауды қамтамасыз
ететін жергілікті атқару органдары
жатады. Мемлекеттік басқару функцияларын
өз аумағына сәйкес жүзеге асыратын және
ортақ басшылық жасайтын жергілікті атқару
органының басшысы әкімшілік-аумақтық
бөлініске сәйкес Республика Президентінің
сол жердеші тікелей өкілі болып есептеледі.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1 Ашитов
З.О. Егемен Қазақстанның құқығы:Оқулық.-
Алматы
2. Баянов
Е. Мемлекет және құқық негіздері.-
Алматы:Жеті Жарғы
3. Билік
жүйесі дамудың жаңа деңгейіне
сай болсын Егемен Қазақстан
4.Кемел
М. Жергілікті мемлекеттік басқару: бүгін
және ертеңЕгемен Қазақстан.
5.Қазақстан
Республикасының Конституцяиысының түсіндірме
сөздігі Алматы: Жеті Жарғы
6. Интернет
желісі