Мемлекеттік және муниципальдық басқару: әлеуметтік - экономикалық функциялардың шегі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:35, реферат

Описание работы

Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мемлекеттің мәні мен негізгі сипаттамалары
2. Мемлекеттік құрылым үлгілері мен басқару нысандары
3. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
4.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік және муниципал.doc

— 146.50 Кб (Скачать)

        ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Экономика  және басқару кафедрасы 
 

   

Реферат 
 
 

Тақырыбы: «Мемлекеттік және муниципальдық басқару: әлеуметтік - экономикалық функциялардың шегі»

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қостанай, 2012

          

Жоспар 
 

Кіріспе

Негізгі  бөлім

1. Мемлекеттің мәні мен негізгі сипаттамалары

2. Мемлекеттік құрылым үлгілері мен басқару нысандары

3. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы

4.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 

Қорытынды

Пайдаланылған  әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі  де осында жатыр.

Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасып, дамуының феноменін теориялық зерделеу, талдау, біртұтас мемлекеттегі атқарушы органдарының  қызметі ерекшеліктеріне, табиғаты мен қайшылықтарына, олардың атқарушы қызметінің өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге ықпалына, басқа елдерден өзгешеліктеріне саяси талдау – толғағы жеткен ғылыми проблемалар. Сондай-ақ, атқарушы билік, жергілікті атқарушы органдар қызметі мен тарихы оған әр қырынан жан-жақты талдау жасауға мол және нақты материал беріп отыр. Қазақстандағы атқарушы үкіметінің жергілікті басқару органдарының  мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ орындаушы үкіметінің  жергілікті басқару органдары туралы  жан-жақты түсінік алу.

      Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары  аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі  басқару органдарының атқарушылық деңгейін сараптау.

   ҚР Конституциясында Республиканың  атқарушы билігін Үкіметтің жүзеге  асыратындығы, атқарушы огандар  жүйесін басқарып, олардың қызметіне  басшылық жасайтыны көзделген.  

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы орнадардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын ең жоғары орган. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі  оның орны мен рөлі жөнінде  өткен ғасырда либералдар мен  этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.

     Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен:  мемлекет және құқық теориясымен,  әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік баскару ғылымымен зерделенетін көпқырлы құбылыс. Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспектісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын зерттейді.

     Мемлекет қызметінің маңызды  бағыты—адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мемлекеттік басқару теориясының объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана-сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет, қысқаша айтқанда, адамдардың аумақтық ұйымдастырылуының белгілі бір тәртіптік жүйесі. Осыған сәйкес, біріншіден, ру-тайпалық қарым-қатынастар қоғамдық қатынастармен ауыстырылады. Екіншіден, әр түрлі адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне қатысты бейтарап құрылым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет адамдардың жаңа қауымдастығын құрады.

     Мемлекет өзінің аумағында тұратын  адамдарды, оның ішінде азаматтығы  жоқ тұлғаларды, сонымен қатар  басқа мемлекеттің азаматтарын біріктіретіндіктен, ол барлық адамдар қауымдастығының қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын объективті түрде білдіреді. Дамудың әр кезеңінде бір жағынан адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, оның шығармашылық қызметіне еркіндік беріп, белсенділігін арттыратын, екінші жағынан - қоғамға белгілі бір ұйымдасқан бастау енгізіп, жеке адамдардың қызметін тәртіпке келтіретін мәселелердің шешілу жолын табу мемлекеттің міндеті болып табылады. Әдетте, мемлекет ешнәрсе өндірмейтіндіктен өздігімен мәселелерді шеше алмайды деп есептелсе де, ол барлық қоғамның, материалдық, әлеуметтік, рухани игіліктерді өндіру және тұтынумен айналысатын адамдардың проблемаларының шешілуіне ұйымдастырушылық және құқықтық негіз қалап, қамтамасыз етеді.

     Мемлекет үшін, ең алдымен, өз халқының ұлттық мүддесін білу, оның әлемдік қауымдастық халықтарының мүдделерімен қаншалықты өзара байланысты екенін және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасау өте маңызды болып саналады. Сондықтан мемлекеттік ұстанымдарға міндетті сипат беретін нормалардың тек оның құрылымдары мен механизмдері арқылы ғана қалыптасып, бекітілетіндігін атап көрсету ләзім. Мемлекет өзінің органдары арқылы зандар мен басқа да нормативтік актілер қабылдап, олардың жүзеге асуын әкімшілік және заңнамалық әдістер арқылы қамтамасыз етеді. Бұл орайда мемлекет заңды монополияға ие және оны орындату барысында, керек болса, мәжбүрлеу тәсілін де қолданатынын баса айту керек.

     Мемлекеттің мәні, сонымен қатар, өз мақсаттары мен қызметтерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппаратын -ортақ қажеттіліктерді, мүдделерді, мақсаттарды айқындаумен және қоғамның мемлекеттік-құқықтық нормаларын әзірлеумен кәсіби айналысатын адамдар тобын белгілі бір жағдайда ұйымдастырып, оларды қолдайтындығында. Бұл аппараттың күрделі құрылымы мен жан-жақты бағытталған қызметі болуға тиісті. Оның бір бөлігі заң шығару қызметімен, заңдардың орындалуымен және сот ісін жүргізумен айналысса, екінші бөлігі мемлекеттің ішкі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылығын, оның әлемдік қауымдастықпен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Аппараттың жағдайы, оның қоғаммен байланысы немесе одан алшақтауы, оның  көлемі  және  иерархиялық  құрылымы,  қызметкерлерінің сапасы және көптеген басқа да параметрлері мемлекет, қоғам және мемлекеттік басқару үшін өте маңызды.

 

    Қазіргі заманғы мемлекеттер  бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар өзіндік мәнге  ие бола отырып, мемлекетті басқаруда  көрініс табады.Сондықтан мемлекеттерді бір-бірінен ажырататын негізгі белгілерді қарастыру қажет. Аристотельдің жіктемесі бойынша мемлекеттер билік күшінің бастауы мен егеменді иесі (яғни дербес, тәуелсіз және жоғары) бойынша монархиялық, аристократаялық және демократиялық болып бөлінеді. Монархиялық мемлекетте жоғары билік мұрагерлік жолмен немесе туысқандық құқығымен, кейде сайлау жолымен алатын бір адамның — монархтың қолында шоғырланады. Қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде мопнрхиялардың екі түрі қалыптасқан: дуалистік және парламенттік. Олар белгілі бір деңгейде мемлекеттердің тұрпатына, олардың пайда болуы мен қызмет ету жағдайларына   тәуелді.  Дуалистік  монархияға   тэн   ерекшелік —  бұл монарх пен парламенттің арасында мемлекеттік биліктің ресми-құқықтық бөлінуі. Атқарушы билікті тікелей монархтың өзі жүзеге асырса, заң шығарушы билік іс жүзінде монархқа бағынатын парламенттің қолында шоғырланады. Сәйкесінше аристократиялық мемлекетте жоғары билік қоғамның элитасына, оның білімді, тәжірибелі және парасатты өкілдеріне тиесілі деп саналады. Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы -  халық төменнен жоғары қарай қағидасы бойынша тікелей өз еркін білдіру арқылы мемлекеттік билікті қалыптастырады. Бүгінгі күні сақталған монархиялар әр түрлі нұсқада және қатынаста монархиялық, аристократиялық және демократиялық белгілерді үйлестірген конституциялық (заңмен шектелген) монархияларға айналған.

     Элитаның ұйымдастырушылық бірігуінің (консолидациясының) күрделілігіне  байланысты таза аристократиялық  мемлекеттерді анықтау қиындық тудырады. Көбіне элита монархияның болмаса демократияның атын жамылып басқарды және басқарады. «Біз, халық, бекітеміз және қабылдаймыз» деп 1787 жылы АҚШ Конституциясында жазылғанмен де демократиялық мемлекеттің қадір-қасиеті мен болашағын мойындау өткен XX ғасырда жүзеге асты.

     Әрбір жоғары билік тұрпатына  сәйкес мемлекеттік басқаруды  ұйымдастыру мен жүзеге асыру  логикасы анықталатынын ескерген  жөн. Басқару нысаны жоғары  және жергілікті мемлекеттік  органдардың құрылу және олардың  арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін қамтитын мемлекетті ұйымдастыру ретінде қарастырылады. Биліктің бір адаммен жүзеге асырылуына болмаса оның ұжымдық органның қолында шоғырлануына қарай басқару нысандарының айырмашылықтары бар. Осыған сәйкес бірінші жағдайда монархиялық басқару нысаны қалыптасса, екіншісіне-республикалық басқару нысаны тән.

     Басқару нысаны, яғни жалпымемлекеттік  билікті ұйымдастыру бойынша  парламенттік және президенттік  республикалар болып бөлінеді. Сонымен бірге аралас нысандары да кездеседі: жартылай президенттік республика және парламенттік монархия. Ол билікті бөлу қағидасын мойындау мен оны жүзеге асыру механизмдерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Парламенттік республикада сайланбалы заң шығарушы орган белгілі басымдыққа ие. Үкімет парламент арқылы құрылады және соның алдында есеп береді (Италия, Германия). ІІремьер-министрдің лауазымы бар парламенттік монархиядағы заң шығарушы және атқарушы биліктің құрылу механизмі мен арақатынасы да осындай.

     Парламенттік монархия  мемлекеттік билікті жүзеге асырудың барлық саласында монархтың мәртебесінің ресми және нақты шектелуімен ерекшеленеді. Заң шығарушы билік толықтай парламентке тиесілі, ал атқарушы билік өз қызметі үшін парламенттің алдында жауапты үкіметтің қолында шоғырланады. Үкіметтің құрылуына монарх қалыптасқан дәстүрді сақтау мақсатында ғана қатысады. Ұлыбритания, Жапония, Дания, Голландия, Швеция сынды алдыңғы қатарлы елдер монархиялық мемлекеттер қатарында саналады.

     Президенттік республикада заң шығарушы орган (конгресс немесе басқа атауы бар орган) және атқарушы биліктің басшысы (ол мемлекеттің де басшысы) халықпен сайланады, олар өз кызметтерінде тәуелсіз, бірақ бір-бірін тежей отырып, қоғамды билеудегі тепе-тендікті қамтамасыз етеді (АҚШ, Аргентина, Мексика және т.б. елдер). Бөлінген мемлекеттік билік органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін төреші және кепілгер ретінде қамтамасыз ететін Ресейдегі, Франциядағы және басқа да елдердегі мемлекет басшылары — президенттер ерекше мәртебеге ие. Мұндай елдерде үкімет негізінен президент алдында жауап береді.

     Жалпымемлекеттік биліктің басқару  нысанын, құрылымын, функцияларын  және басқа да параметрлерін  тандау мемлекеттік баскаруға  айтарлықтай ықпалын тигізеді.

     Мемлекеттік құрылым нысаны мемлекеттің  ішкі құрылымын, оның құрамдас бөліктерге әкімшілік-аумақтық бірліктерге, автономдық саяси құрылымдарға немесе егеменді мемлекеттерге бөлінуін білдіреді. Ол сонымен қатар жалпы мемлекет пен оның жеке бөліктерінің арақатынасын сипаттайды. Мемлекеттік құрылым нысандары бойынша мемлекеттер уиитарлық (біртұтас) және федеративтік болып бөлінеді. Унитарлық мемлекет — біртұтас мемлекеттік құрылым. Мемлекет бұл жағдайда мемлекеттік биліктің тік бірыңғай жүйесі арқылы басқарылатын әкімшілік-аумақтық бөліністерге ғана бөлінеді. Оларда автономдық құрылымдар құрылуы және дамыған жергілікті өзін-өзі басқару болуы да мүмкін. Мұндай мемлекетке бүкіл елге ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының, бірыңғай сот жүйесі мен конституцияның болуы тән. Ұлыбритания, Франция, Италия, Венгрия, Монғолия және тағы басқа мемлекеттер унитарлық мемлекеттердің қатарына жатады.

Информация о работе Мемлекеттік және муниципальдық басқару: әлеуметтік - экономикалық функциялардың шегі