Мемлекеттік және муниципальдық басқару: әлеуметтік - экономикалық функциялардың шегі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 12:35, реферат

Описание работы

Демократиялық мемлекеттердің саяси өмірінде, ондағы сан-салалы қоғамдық процестерде парламенттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі. Демократия жолына түскен елдердің оңды тәжірибесі көрсетіп отырғандай, парламент елдің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және өркениетке лайықты өмір сүруінің кепілі болып табылады және соның негізін қалайды. Бұл демократиялық институттың маңызы мен қажеттелігі де осында жатыр.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мемлекеттің мәні мен негізгі сипаттамалары
2. Мемлекеттік құрылым үлгілері мен басқару нысандары
3. Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
4.Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік және муниципал.doc

— 146.50 Кб (Скачать)

     Федерация мемлекеттік құрылымның  күрделі нысанын құрайды. Федеративті мемлекет - басқа мемлекеттерден немесе мемлекеттік құрылымдардан - федерация мүшелерінен (штаттардан, кантондардан, одақтас немесе автономдық республикалардан) тұрады. Мемлекеттік кұрылымдардың әрқайсысының әкімшілік-аумақтық бөлімдері болады. Барлық федерацияға ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдарының болуы және қызмет етуімен қатар олардың аумағында өздеріне тиесілі мемлекеттік басқарудың жоғарғы және жергілікті органдары әрекет етеді. Осыған сәйкес конституциясы, басқа федералдық заңдары, сот, прокуратура және өзге де органдары болады. Жоғарыда айтылған анықтамаларға сәйкес Қазақстан - біртұтас, ал Ресей федеративті мемлекет болып табылады.

     Мемлекеттік құрылымның басқа  нысандарымен салыстырғанда конфедерация  сирек кездессе де, маңыздылардың  бірі болып табылады. Ол толығымен  өз дербестігін сақтайтын, жеке  билік, басқару және әділ сот органдары бар мемлекеттердің бірлестігін немесе одағын білдіреді. Бірлескен іс-әрекеттерін үйлестіру үшін конфедерация мүшелері біріккен органдар құрады. Бұл органдар міндетті түрде белгілі бір сфераларда қызмет атқарады және нақты саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды көздейді. Конфедерация көбіне мемлекеттердің федерация құру жолындағы аралық буын ретінде қарастырылады. Мысалы, Швейцария 1818—1848 жж. конфедерация болды, кейін ол конфедерация атауымен федерацияға айналды. Конфедерация белгілері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында да кездеседі.

     Мемлекеттерді қолданыстағы саяси режимі — мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерінің, құралдарының мазмұны бойынша ажырата білудің маңызы зор. Саяси режим мемлекеттік биліктің бүкіл бітім болмысын қамтып көрсетеді.

     Мемлекеттік режим билік басындағы топтардың, таптардың, жіктердің мемлескеттік билікті жүзеге асыру барысында қолданатын әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді. Ол қоршаған экономикалық және әлеуметтік - саяси ортада болатын маңызды процестер мен өзгерістерге жылдам икемделетін мемлекет нысанының құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік режим мемлекет нысанына айтарлықтай жеке сипат береді. Ол саяси режимнің маңызды құрамдас бөлігі ретінде тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар қоғамның саяси жүйесінің барлық басқа элементтерін қамтиды.

     Кез келген елдегі режимнің  сипатына әр түрлі факторлар  әсер етеді. Олардың ішінде  маңызды болып табылатындар: мемлекеттік  билік, басқару, әділ сот органдарын қалыптастыру тәсілдері мен тәртібі, әр түрлі мемлекеттік органдар арасында құзіреттерді бөлу тәртібі және олардың өзара қарым-қатынас орнату сипаты; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты дәрежесі, қоғам өміріндегі және мемлекеттік істерді шешудегі құқықтың рөлі; армияның, полицияның, барлаудың және осыларға ұқсас басқа да құрылымдардың орны және ролі; азаматтардың және олардың бірлестіктерінің мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік және қоғамдық — саяси өмірге нақты қатысу дәрежесі; қоғамда пайда болатын әлеуметтік және саяси жанжалдарды шешудің негізгі тәсілдері.

  Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

         Мемлекеттің белгілері

  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
  • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
  • мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
  • мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

Мемлекет  мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

  • 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
  • 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
  • 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
  • 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
  • 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
  • 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
  • 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды  жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.

Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.

Ең алғашқы  мемлекеттер адам санының белгілі  бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.                  

      Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауда алыс-берістері мен басқа да операцияларға байланысты төлем төлеу және есеп айырысу шарттары мен тәртібін белгілейді. 1929 — 33 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар кезеңінде батыс елдерінде кең етек алды. Бұл кезде көптеген мемлекеттер валюта шектеуін енгізіп, оның еркін алмасуын тоқтатқан болатын. Мемлекетаралық төлем келісімі көздеген мақсатына және кейбір елдердің ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болып келеді. Негізінен экспорттық және импорттық тауар айналысына байланысты сыртқы есеп айырысу және ол үшін төлем төлеу мақсатын көздейді. Көптеген дамыған және дамушы елдер арасындағы есеп айырысу екі жақты келісімдер негізінде клиринг түрінде жүргізіледі.

            Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға кең жол ашады. Дүние жүзінде мемлекетаралық экономикалық одақтар 20 ғасырда кең өріс алды. Олардың кезеңді міндеттерге орай ауқымы мен басқару функциялары өзгеріп, құрылымы жетілдіріліп отырды. Кейде оның құрамында бір құрлықта орналасқан мемлекеттер түгелдей дерлік қамтылады. Батыс Еуропа экономикалық одағы осындай үлкен мемлекетаралық экономикалық одақтарға жатады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше  Мемлекетаралық экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа (1995), Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001), Еуроазия экономикалық одағына (2002), Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына (2004) мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар құрамына енетін басқа да мемлекеттердің алға қойған негізгі мақсаты — алыс-жақын көрші елдермен арадағы эконамикалық қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету, ішкі реформалардың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен қатар келешектегі күрделі мәселелерді де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық Азия аймағында мұнай мен газды, электр қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу, ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке, есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу, тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының алдына қойылып отырған ортақ күрделі міндеттер болып табылады.

      Мемлекет иелігіне алу — шаруашылық жүргізуші субъектілерді тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара немесе толық (соның ішінде жекешелендіру жолымен де) беру. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің, тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың, рынокты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың, тауарлардың сапасын арттырудың, мемлекет кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты ретінде қаралады. Жалпы ел экономикасының тиімділігін арттыруға және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталады. Қолданыстағы заңдарға және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жергілікті  атқарушы органдардың өздеріне мемлекет жүктеген міндеттерді жүзеге асыруы үшін кең көлемде құзырет бірелген.

Құзыреттің  негіздер республиканың Негізгі заңның 87 –бабында баянды етілген, ал «жергілікті өкілді және атқарушы органдар» туралы Заң мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалады.

Жергілікті  атқарушы органдардың қарауына мыналар  жатады:

Аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

Коммуналдық меншікті басқару,

Жергілікті  атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату. Жергілкті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу,

Жергілікті  мемлекеттік басқару мүдделері  үшін рсепубликалық заңдарында жергілікті  атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілетті жүзеге асыру

      «…  Жергілікті өкілді және атқарушы органдар» туралы заңда жергілікті әкімдердің, өзге де облыстық, аудандық, қалалық поселкелік және селолық әкімшілік органдардың өкілеттігі неғұрлым егжей-тегжейлі регламенттелген.

      Заңда жергілікті әкімдердің өкілеттігі баянды етілетінін, олардың өкілеттігін жүзеге асыру саласын бөліп көрсетілмейтінін атап өткен жөн.

      Заңның 42 – бабында облыстық, аудандық, қалалық әкімдердің өкілеттігі баянды етілген. Атап айтқанда, жергілікті әкім: - облысты, ауданды, қаланы басқарудың бөлімдер, басқармалар және қызметтер  жөніндегі үлгі тізбесін ескере отырып әзірленген схемасын мәслихаттың бекітуіне табыс етеді;

Информация о работе Мемлекеттік және муниципальдық басқару: әлеуметтік - экономикалық функциялардың шегі