Мектеп пен отбасы байланысының

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:58, реферат

Описание работы

Ақпарат деген ұғым жайында барлық ғылым саласында жылдар бойы пікірталастар толастамаса да бәрі біркелкі мойындаған, бір ізді етіп белгіленген тұжырымдама әзірше анықталған жоқ. Әркім айналысып жүрген саласы бойынша, қызмет түріне сәйкес «ақпаратты» өзінше ұғынып, өз қабылдауынша анықтама береді.

Содержание

Ақпараттық жанрдың баспасөздегі орны
1.1. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ баспасөзі және жанрлардың өзгеруі...9
1.2. Қазақ баспасөзінде оқиғалық жаңалықтардың жазылуы..........................22

2. Ақпараттық жанрлардың даму бағыттары
2.1. Ресми деректер мен жалпы ақпараттардың жазылуы...............................33
2.2. Қазіргі ақпараттық жанрлардың тілі мен стилі..........................................46

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................65

Работа содержит 1 файл

мерзимди баспасоз.doc

— 198.50 Кб (Скачать)

Қазақстандық  зерттеушілердің ішінде К.Бектұрғанов, С.А. Коновалов, А.А. Нұрмағамбетов, Е.К. Алияров, Г.Д. Асамбаева, Д.А. Өтешовтың коммуникация процестері туралы еңбектері белгілі.

Қазақстандық  зерттеушілердің коммуникативистика және бұқаралық ақпарат құралдары  саласындағы бағыты коммуникацияның  маңызы, ролі, оның байланыс каналдары  және коммуникациялық тәсілдерін, сондай-ақ коммуникаторлар мен ақпарат көздері және көпшілік аудитория мен жалпы қоғам арасындағы екі жақты байланысын зерттеді.

Жұмыстың мақсаты.

Міржақып Дулатұлының  «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор», А.Байтұрсыновтың «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген ойға сүйене отырып қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын сонын ішінде газет журнал басылымдарын талдып, қарастыру. Қоғамдағы өзекті мәселелерді баспадағы пікір арқылы қарастыру.

Жұмыстың объектісі.

Қазақстандағы БАҚ саласындағы газет – журнал басылымдары.

Жұмыстың пәні.

Бұқаралық ақпарат  құралдарындағы коғамдық пікірлер.

Жұмыстың міндеттері.

  • бұқаралық ақпарат құралдарынын басты міндетін мен принциптерін талдау;
  • басылымдарымыздын қаншалықты сұранысқа ие екенің анықтау;
  • мемлекеттік тіліміздегі газет, журнал, басылымдары қаншалықты қолданыс аясында екенің аңықтау.

Эмпирикалық база.

Жастар ісі  және ішкі саясат жөніңдегі департаментін  тарапынан жүргізілген сауалнама  нәтижелері жұмыстың эмпирикалық базасы болып табылады. (Оңтүстік Казақстан өңірі, 2003ж., N=500). «КОМКОН-2 Евразия» жетекшілігімен «БАҚ-тың қоғамдық өміріндегі рөлі» атты зерттеу жұмыстың эмпирикалық базасы болып табылады. ( N= 300). Астана қаласы бойынша өзіндік зерттеу (N=200).

МА З  М Ұ Н Ы  
КІРІСПЕ ................................................................................................................3  
БІРІНШІ ТАРАУ.  
Мерзімді баспасөз жарияланым аты. Ат ұғымының тақырыптан айырмашылығы...............................................................................10  
Жарияланым аттарын қоюдың негізгі талаптары........................18  
Жарияланым аттарының тілдік – стильдік ерекшеліктері .........28  
ЕКІНШІ ТАРАУ  
2.1. Тіл біліміндегі стандарттық ұғымының жарияланым аттары  
ретінде көрініс табуы.....................................................................40  
Баспасөз жарияланым аттарының фразеологиялану  
ерекшеліктері...................................................................................48  
2.3. Баспасөз жарнама аттарына қойылатын талаптар. Жарияланым аттарының логоэпистемалық трансформациялануы..............................55  
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................62  
Сілтемелер тізімі.............………………………………………………….........67  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………………………......69  
Қосымша материалдар ……………………………………………………........72 

 

 

 

Сәрсенбі, 29 тамыз, 2012

"ЕТЖЕҢДІ"

Қалам – қандауырдан да қуатты құрал

БАҚ тілі мінсіз болсын десек…

Бүгінгі таңда Қазақстанда қазақ тілінде 449 газет пен 117 журнал шығады екен. Оның сыртында қазақ, орыс тілдерінде екі тілде шығатын газет-журналдар тағы бар. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда қазақ басылымдары санының бұлай артуы тәуелсіздік арқасында қол жеткен жетістік екені даусыз. Осы басылымдар қазақ тілінің шешімін таппаған сан алуан мәселелерін үздіксіз көтеріп, тіліміздің дамуына, оның Ата Заңда көрсетілген мәртебесіне сәйкес қолданылуына қатысты жазудан жалыққан емес. Тек журналистердің ғана емес, тілші ғалымдар мен филологтардың, тіл жанашырлары мен түрлі сала мамандары тарапынан тілдің жайын сөз еткен сан алуан мақалалар да негізінен қазақ тілінде жарық көретін газет-журналдарымыз арқылы қалың жұртшылыққа жол тартады. Жалпы, қазақ тілінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын да қазақ баспасөзі, қазақ тілді журналистер қауымы екені баршамызға белгілі. Тіліміздің дамуы мен қолданысына елеулі үлес қосып отырған төл баспасөзіміздің тілі жөнінде дүркін-дүркін сөз қозғалып жатады. Бұл мәселе тіл мамандарының назарынан да ешқашан тыс қалып көрген емес. Жекелеген мақалаларды айтпағанда, әр кезеңдегі қазақ мерзімді басылымдарының тілін зерттеуге арналған монографиялар жазылып, бірқатар кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Осы дәстүрді жалғастырып, біз де кейінгі бес-алты жыл көлеміндегі баспасөздегі сөзқолданыс, сөзжасам, терминжасам мәселелерін қарастырып жүргендіктен, жинақталған деректер негізінде кейбір ойларымызды ортаға салуды жөн көрдік. Әрине, қазақ баспасөзінің бүгінгі биігінде ондағы тіл мен стиль мәселелерінің негізінен ойдағыдай шешіліп келе жатуының мәні үлкен. Газеттер мен журналдардағы мақала, сұхбаттардың тілі жетік, содан да ойы айқын бола түскені талас тудырмайды. Әйтсе де, қолдағымызды ешкім де тартып алмайтынын ескере кетіп, бұл мақалада біз негізінен баспасөз тілінің мәдениетіне, сөзқолданыcта орын алып жүрген кейбір кемшіліктерге баса тоқталамыз.

Әрине, қазақтың тілін бір кісідей білетін, қаламы төселген, әр сөзді талғап-таңдап орнымен қолданатын, қағаз бетіне түскен немесе аузынан шыққан әр сөйлеміне үлкен жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі, білікті журналистер де аз емес. Олардың жазғанын кім де болса сүйсініп оқиды, сөйлеген сөзіне зейін қойып ілтипатпен тыңдайды. Алайда үнемі олай бола бермейді. Кез келген өзге салалардағы мамандар сынды журналистердің де біліктілігі, кәсіби деңгейі, жазу шеберлігі, сөз қолдануға деген жауапкершілігі бірдей емес. Сондай-ақ газет-журналда тек журналистердің ғана емес, білімі мен кәсіби дайындығы, тілді білу деңгейі әркелкі түрлі сала мамандарының жазғандары да жарық көріп жатады. Осының бәрі баспасөз тілінің сапасына әсер ететіні сөзсіз. Бұл секілді факторлардың қай-қайсысын да ескере отырып, бүкіл қоғам көз тігетін қазақ баспасөзі тіл мәдениетінің жоғары болуына, әдеби тіл нормаларының сақталуына, публициcтикалық стильдің кемелдене түсуіне айрықша мән беріп отырғанымыз абзал. Бұған қолына қалам ұстағандар да, осы басылымдардың оқырмандары да мүдделі болуы керек.

Әр сөзді  мағынасына қарай орнымен қолдану – тіл мәдениетінің ең өзекті мәселелерінің бірі. Сөзқолданыс барысындағы орын алатын кемшіліктер көбінесе сөз мағынасын анық білмеуден, оның тура мағынасы мен ауыс мағынасының аражігін айқын ажырата алмаудан, синонимдер қатарынан қажет сөзді таңдап-талғап пайдаланбаудан немесе жауапсыздық салдарынан туындап жатады.

Мына сөйлемге назар аударып көрелік: «Отандық телеарнаның озық майталмандары кімдер?» (Әйгерім Бақытқызы. «Айқын», 29 желтоқсан 2011 жыл. № 244). Онсыз да «озық, озат, асқан шебер» деген мағынаны білдіретін «майталман» сөзінің алдына «озықты» қосақтау мүлде артық. Озық емес майталман болмайды. «Майталман» деген озықтың озығы. «Өз ісінің хас шебері» деген мағынаны білдіріп тұрған «майталман» сөзінің алдынан тіркескен «озық» оған қосымша мағына үстеп, әр беріп тұрған жоқ. Керісінше, көлеңкесін түсіріп, артық қолданылғаны көзге ұрып тұр. Суретші салған суретін әрлендіре түсем деп әр түсті бояуларды артық жағып алса, бояулар үйлесім таппай, баттасып, суреттің әрін қашырып алуы мүмкін. Қалам ұстаған жан да сөздерді талғап, таңдап артық та кетпей, кем де түспей, мағына үйлесімін тауып орнымен қолданбаса, сөйлемнің де әрі қашып, айтылмақ ой бұлыңғыр болып қалмақ.

«Алматы ақшамы»  газетінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 100-101 нөмірінде «Дүние дүрмек» айдарын  әзірлеген жас журналист Айкерім  Раисқызы шағын мақала тақырыбын  «Гауһар тасты жұтып қойды» деп  атапты. Бұл тақырыпты оқыған адамның басына алдымен Гауһар есімді адам тасты жұтып қойған екен ғой деген ой келеді. Алайда мақала мәтінін оқыған соң бәрі басқаша екенін түсінеді. Онда: «Қожайын дүкенге келген тұтынушыға қызмет көрсетуге кеткенде ит үстел үстіндегі қорапсыз жатқан гауһар тастарды жұтып жібереді» – делінген. Тасты жұтқан Гауһар есімді адам емес, «Медовая Булка» атты ит екен. Әрине, оқырмандарды шатастырмай бұл мақалаға «Гауһар тасты жұтқан ит», «Ит гауһар тастарды жұтып қойды» немесе басқаша да тақырыптар қоюға болар еді. Бұл жерде жас журналисті ғана кінәлап қою әділетсіз. Мұнда атауларды бір ізге түсіру, сөздерді қосып немесе бөлек жазу мәселесі де көрініс береді. Кейінгі жылдары асыл тастың бұл түрі «гауһартас» түрінде бірге жазылып та жүр. Сөз болып отырған мақала тақырыбында бұл сөз осылай «гауһартас» түрінде бірге жазылғанда да ешқандай сұрақ туындамаған болар еді.

«Қымбат автограф» («Егемен Қазақстан», 23 тамыз 2008 жыл. № 260) деген мақала тақырыбындағы «автограф» сөзі мақсатты қолданылғанға ұқсайды. Орыс тіліндегі «автограф» сөзінің тіліміздегі баламасы «қолтаңба» сөзі. «Автограф» сөзінің тілдік қолданысымызда болғаны белгілі. Алайда осы сөздің орнын «қолтаңба» сөзі алмастырып, жаппай қолданылатын деңгейге жетіп, әдеби тіл сөздігі мен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктеріміздің бәріне енгеніне, қолданысы орныққанына да едәуір уақыт өтті. Соған қарамастан, мақала мәтінінде «қолтаңба» сөзін қолдана отырып, тақырыпқа «автограф» сөзі алынғанда не мақсат көзделді екен деген ойға қалдық. Біздіңше, тақырыпты «Қымбат қолтаңба» деп қойғанда екі сөздің басындағы дауыссыз «қ» дыбыстары өзара үндесім тауып жарасып-ақ кетер еді. Мәселен, «дүбірлі дода», «жасыл желек», «қылықты қыз», «терең теңіз» деген тіркестердегідей дыбыстар үйлесімі көрер көз, естір құлаққа жағымды әсер етіп, оқырман назарына ілінер еді.

Кейде басылымдарда сөз тіркесі, сөйлем құрамындағы етістіктердің мағынасына қарай дұрыс қолданылмай, сөйлем баяндауыштары тиянақсыз болып жататын тұстар жиі ұшырасады. Көзге түскен көп мысалдың екі-үшеуін ғана келтірелік. Мысалы, «Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынаста азаматтың еңсесі түспеуін, арудың сағы сынбауын мансұқтау» («Нұр Астана», 19 наурыз 2008 жыл. Бетті әзірлеген: Г.Әбжәлелқызы). Сөйлем аяқталмай қалған, айтылмақ ой түсініксіз. «Мансұқтау» етістігі орынсыз қолданылған. Ескендір Ертай «Теміржол тұрғызу – аса күрделі үдеріс» («Алаш айнасы», 8 шілде 2011 жыл. № 117) деп жазыпты. Осы сөйлемде «тұрғызу» сөзі орынды қолданылып тұрған жоқ. Үй, ғимарат, мұнара, т.б. тұрғызылады. Ал жол қалай тұрғызылады, ол салынады немесе төселеді.

Тілде кез келген дыбыс пен дыбысты, сөз бен сөзді тіркестіріп, дыбыстар тіркесін немесе сөз тіркесін тудыра беруге болмайды. Қатар тұра алмайтын, өзара үйлесім таба алмайтын дыбыстар да, сөздер де бар. Сөз сөзге шуағын төгумен қатар, көлеңкесін де түсіретіні белгілі. Осыны ескермей қиыннан қиыстырып, тың сөз тіркесін туғызам деу үнемі сәтті бола бермейтінін де ескерген абзал. Ондай мақсат қоймағанның өзінде сөз қолдануға, тіркес үйлесімділігіне жауапсыз қарамаған жөн. Мына мысалдарға назар аударалық: «Спорт тақырыбында қалам қозғау ер журналистер үшін ғана емес, нәзік жанды аруларымыз үшін де өте қызық» («Дала мен қала», 7 наурыз 2008 жыл. Дайындаған: Азиз Ордабаев). Тілдік қолданысымызда орныққан «қалам тербеу», «қалам тарту» секілді тіркестер тұрғанда, «қалам қозғау» деген «жаңа тіркес» жасап қолданыпты. Сәтті қолданыс дей алмаймыз. Бұл тіркес қаламмен жазу емес, «қаламды бір жерден алып, екінші жерге жылжыту», «қаламды орнынан қозғау» деген түсінік туғызады. Сондай-ақ бұл сөйлемде «әйелдер», «қыздар» деген мағынада жұмсалатын «нәзік жандылар» мен «аруларды» қосақтап қолданудың да қажеттілігі көрініп тұрған жоқ. «Айқынның» (26 шілде 2011 жыл. № 135) бас мақаласының тақырыбы «Салтанат қақпасы» ұрпаққа ой беруге тиіс» деп беріліпті. «Ой беру» деген қолданыстың не берерін білмедік, біз осы сөйлемде тілімде қолданысы орныққан «ой салу» деген тіркестің қолданылғаны оң болар еді-ау деген ойда қалдық.

«Алматы ақшамының» 2012 жылғы 27 наурыздағы № 36-санында Айнабай Мәдидің авторлығымен «Асық атуды» хансулық қос фотосуретші жығылып жатып, суретке түсірді» деген тақырыппен мақала жарияланыпты. Мақала тақырыбына қарап, қытайлық фотографтардың екеуі бірдей жығылып бара жатып немесе құлап қалған соң суретке түсірген екен деген ойға қаласыз. Мақаланы оқып көрсек, олай емес екен. Оны автордың мақала соңындағы «Ал, «Асық ату» сәтін хансулық (қытайлық) фотосуретшілер қос қапталдан жығылып жатып суретке түсіргенін көрдік» деген сөйлемін оқығанда білдік. Қытайлық қос фотограф ешқандай да жығылмаған. Еңкейіп «асық ату» кезіндегі балалардың эмоциясын, қимылын, асықты көздеген, шиырып тұрған сәттерін қалт жіберіп алмау үшін қытайлық фотографтар асық атушылардың екі жағынан жатып түсірген. Олар жығылып-сүрінбеген, бірнәрсеге шалынып та құламаған. Өздерінің қалауымен жатып түсірген. Бұл жерде мақала авторы «жығылу» сөзінің мағынасына мән бермей, оны мақала тақырыбында да, мақала соңындағы сөйлемінде де орынсыз, артық қолданған. «Жығыл» (жық-ыл-у) сөзі ырықсыз етіс тұлғасындағы етістік. Яғни, адам ерікті түрде жығылмайды, құламайды. Cондықтан «жығылып жатып» демей-ақ, «жатып суретке түсірді» десе жеткілікті еді. Ал одан да әсерлірек тақырып беру қажет болса, «жата қалып», «етпетінен жатып», «шалқасынан жатып» немесе басқаша да құбылтып жазуға сөз табылар еді ғой.

Жекелеген сөздерді, сөз тіркестерін калькалаумен қатар, тұтас сөйлемдерді орыс сөйлемінің қалыбына салып құрау да белең алып бара жатқан құбылыс. Ақтаулық заңгер маман Қамысбай Бесінбергенұлы мақаласындағы бірқатар сөйлемдер еріксіз көңіл аудартады. Мысалы: Мен айтар едім, осы «инвестиция» тарту деген нарықтың жаңалығы бар-ау, біздің қазақтың түбіне жетеді деп. Мен айтар едім, бұл фактілер – Қазақ еліндегі таза көрініс, өмір шындығы. Автордың бұл сөйлемі орыс тіліндегі «Я бы сказал…» деп басталатын сөйлем үлгісімен жасалған. Ал оның «Кейде мен ойлаймын, жақсы…, Қазақ елінің ересектері, өз жерінің байлығының пайдасынан үмітін үзіп, құлдық сезімге қарай ойысып барады делік, ал жастарымыз не ойлайды» деген сөйлемі орыс тіліндегі «Иногда я думаю, хорошо…» түрінде келетін сөйлемнің қазақша тікелей көшірмесі. («Жас Алаш», 18 қаңтар 2011 жыл. № 3). Бұл сөйлем де орыс тіліндегі «Я не понимаю…» деп басталатын сөйлемнің ізімен құрылған. Мақала авторының орысша оқыған, орысша ойлайтын, қазақша көп жазбайтын адам екендігі анық аңғарылып тұр. Құдайға шүкір, бізде орысша оқығандар, орыс тілінде ойлайтындар, қазақша сөйлеп, жазуға шорқақтар жеткілікті. Олардың қазақша жазуға талпынғанын қуана құптайық. Алайда жазғандарының бәрін түзетпей газет-журналдарымызға баса берсек, шығатын кітаптарын редакцияламай-ақ жариялай берсек не болады? Сонда жазу мәдениетін сақтауды, БАҚ тілінің сауатты болуын кімнен талап етеміз?

«Қазіргі кезде  бұл жол апаты құзырлы органдармен тексеріліп жатыр» (Нұрила Бектемірова. «Қазақстан-Zaman», 2 ақпан 2012 жыл. № 05) деген сөйлемде «құзырлы органдармен тексеріліп жатыр» (В настоящее время данное дорожное происшествие расследуется компетентными органами) сөйлеміндегідей «компетентными органами» тіркесін дәлме-дәл көшіріп аударудан туындаған. Дұрысы бұл сөйлемді «Қазіргі кезде бұл жол апатын құзырлы органдар тексеріп жатыр», деп құрағанда, аударма шырмауына түсіп сіреспей, жатық айтылған, жеңіл оқылған болар еді.

Сөзқолданыс туралы сөз қозғағанда баспасөздегі терминдердің қолданысы туралы да айтуға тура келеді. Мерзімді баспасөзде Мемтерминком бекіткен терминдердің бірізді қолданылуы өте маңызды. Бұл бекітілген атаулардың қолданысы тұрақтап, оларға көпшіліктің көзі үйренісіп, санасына тез сіңуі, тілде жарыспалылықтың орын алмауы үшін қажет. Алайда осы қажеттіліктің өтелуіне жете мән берілмей жататын тұстар да жиі байқалып жатады. Мәселен, «Ресейдің «Газпромы» Орынбордағы газ және мұнай өңдеу зауытындағы қазақстандық-ресейлік біріккен кәсіпорындағы жұмысын бастауды кешіктіріп отыр» («Түркістан», 30 қазан 2008 жыл. №44) деген сөйлемде ресми бекітілген «бірлескен кәсіпорын» орнына «біріккен кәсіпорын» деп қолданылған. Бірігіп кету мен екі кәсіпорынның дербестігін сақтай отырып, бірлесіп жұмыс істеуінің үлкен айырмашылығы бар. Ал «Күдікті екі адам болғандықтан, полиция қызметкерлері осы дүкенде торуыл қойып, екінші сезіктіні де құрықтады» («Егемен   Қазақстан». 20 желтоқсан 2008 жыл. № 405-412) деген бір сөйлемде «подозреваемый»-дың баламасы ретінде бекітілген «күдікті» мен оның бекітілмеген жарыспа нұсқасы бір сөйлемде қатар қолданылған. Мемтерминком консультативтік-кеңесші орган болғандықтан, ол өзі бекіткен терминдерінің бірізді қолданылуын міндеттей алмайды. Сондықтан көптеген бекітілген атаулардың қолданысқа еніп кетуіне баспасөздің ықпалы зор екенін БАҚ өкілдері ескерсе дейміз.

Информация о работе Мектеп пен отбасы байланысының