Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:58, реферат
Ақпарат деген ұғым жайында барлық ғылым саласында жылдар бойы пікірталастар толастамаса да бәрі біркелкі мойындаған, бір ізді етіп белгіленген тұжырымдама әзірше анықталған жоқ. Әркім айналысып жүрген саласы бойынша, қызмет түріне сәйкес «ақпаратты» өзінше ұғынып, өз қабылдауынша анықтама береді.
Ақпараттық жанрдың баспасөздегі орны
1.1. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ баспасөзі және жанрлардың өзгеруі...9
1.2. Қазақ баспасөзінде оқиғалық жаңалықтардың жазылуы..........................22
2. Ақпараттық жанрлардың даму бағыттары
2.1. Ресми деректер мен жалпы ақпараттардың жазылуы...............................33
2.2. Қазіргі ақпараттық жанрлардың тілі мен стилі..........................................46
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................65
Ақпараттық жанрдың баспасөздегі орны
1.1. Тәуелсіздік жылдарындағы
қазақ баспасөзі және
1.2. Қазақ баспасөзінде
оқиғалық жаңалықтардың
2. Ақпараттық жанрлардың даму бағыттары
2.1. Ресми деректер мен жалпы
ақпараттардың жазылуы.......................
2.2. Қазіргі ақпараттық
жанрлардың тілі мен стилі.....
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
«Қазіргі таңда дүниежүзілік ақпарат әлеміндегі ірі өзгерістерден, белең алып келе жатқан жаһандану үдерістерінен ешбір елдің саяси өмірі мен бұқаралық ақпарат құралдары тыс тұра алмайтын күрделі кезеңмен бетпе-бет жүздесіп отырмыз. Академик Ғарифолла Есім айтқандай: «... біздің өмір сүріп жатқан қоғамымыздың мазмұнын анықтайтын фактор – ақпарат. Оны біз ақпараттық қоғам деп те жүрміз. Бүкіл әлем бір сәтте үйіңізге сыйып кетеді. Интернет, электрондық пошта жүйесі, жетілген коммуникация әлемді тұтастырып барады. Бұрынғыдай әр елдің «сырын» жасыру мүмкін емес. Ел ішіндегі оқиға күні ертең әлем тілдеріндегі басылым беттерінде жария естілмек. Мұның бәрі қазақстандықтардың ой-өрісіне, сезім-санасына, мінезіне, тұрмысына сапалы өзгерістер енгізуде» [1].
Ақпарат, яғни «информация» сөзі латын тіліндегі «informatio» – мәлімет, түсініктеме деген мағына береді.
Ақпарат деген ұғым жайында барлық ғылым саласында жылдар бойы пікірталастар толастамаса да бәрі біркелкі мойындаған, бір ізді етіп белгіленген тұжырымдама әзірше анықталған жоқ. Әркім айналысып жүрген саласы бойынша, қызмет түріне сәйкес «ақпаратты» өзінше ұғынып, өз қабылдауынша анықтама береді.
Ақпарат бүгінде
демократияландыру үрдісінің
Ақпарат – материя, энергия секілді ежелгі әрі іргелі ұғымдардың бірі дегенмен келісуге әбден болады. Сондықтан оған дәлме-дәл анықтама берудің өзі мүмкін емес. Дегенмен басты сипаттарын анықтауға болады:
а) Ақпарат – оны қабылдаудан бұрын мүлде беймәлім болған жаңа мағлұмат.
ә) Ақпарат өзі материалдық зат емес. Дегенмен әрбір арнайы белгілер, сигналдар секілді материалдық тасымалдаушылар арқылы көрініс табады.
б) Белгілер жеке дара және көптеген жиынтықтары арқылы да ақпаратты сақтай алады.
в) Қандай бір белгі және сигнал – тек оның мәнін ұғатын, түсінуге қабілеті жететін қабылдаушыға ғана ақпарат жеткізе алады.
Батыс философы Роберт А.Уилсонның «Новая инквизиция» еңбегіндегі: «информация: степень непредсказуемости сообщения; грубо говоря, информация – это то, что вы не ожидаете услышать. Информация в этом смысле может быть «истиной» или «ложной», но всегеда непредсказуемой» деген пікірі де жоғарыда айтылған ақпараттың сипаттамаларына сайып келеді.
Масс-медиа саласында да ақпарат деген ұғым әрдайым басты назарда. Мұнда негізінен екі түрлі бағыт ұстану бар. Бірінші бағыт бойынша, ақпарат дегеніміз – әр түрлі хабарламалардың жиынтығы деп анықталады.
1999 жылы қабылданған
Қазақстан Республикасының «
«бұқаралық ақпарат – тұлғалардың шектеулі топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары» [3].
Масс-медиадағы
екінші бағыт – ақпаратты
Сондықтан да ақпараттық жанр – ең өнімді жанр. Қоғамдық-саяси мазмұнына сай әркімге ең жақын әрі тартымды жанр болып табылатындықтан ақпарат құралдары, соның ішінде мерзімді басылымдардың онсыз күні қараң деуге болады. Газеттер мен электрондық ақпарат құралдарындағы барлық жарияланымдардың 40-қа жуық пайызын ақпараттық туындылар иеленіп жатқаны бұл сөзіміздің айғағы.
Шынымен де ақпараттық жанрлардың баспасөзде ерекше ойып алар орны бар. Олар – газет тішілерінің болған оқиғаның ізін суытпай, жеңіл де ыңғайлы жаза қоятын жанрлары. Ақпараттық жанрлар бүгінгі өмір тынысын, шетелдердегі тұрмыс шындығын жан-жақты көрсетеді. Егер хабар жанрларын баспасөзде орынды пайдалана білсе, оның мүмкіндігі шексіз. Сондықтан бүгінгі өскелең өміріміздің жаңалық хабаршысы – ақпараттық жанрдың мерзімді баспасөзден кең орын алуы қуанарлық та, құптарлық іс.
Тақырыптың өзектілігі: Адамдардың тіршілі
Ақпараттың тасқыны өрлеп тұрған қазіргі таңда қазақ газеттерінің біртіндеп ақпараттық сипатқа ауысып бара жатқаны анық байқалады. Бірақ оқырмандарға осы күні өздерінің қалалары, аймақтары тіпті елдеріндегі жаңалықтарды білу аздық етеді. Сондықтан мерзімді баспасөз тілшілері әрбір рухани қазынаны тұтынушыны, яғни ақпарат қабылдаушы аймақтық, ұлттық және жаһандық деңгейдегі қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Осы орайда, журналистика жанрларының көшбасшысы саналатын ақпараттық жанрлардың жалпы даму жолдарын, қыр-сырларын, заңдылығын, сонымен қатар ерекшеліктері мен ішкі сипаттарын зерттеу – қазіргі кезең қойып отырған келелі міндеттердің бірі.
Мақсат-міндеттері: Қазақстанны
Ақпараттық жанрлардың қазіргі мерзімді баспасөздегі және қоғамдағы орнын, даму бағыттарын нақты көрсету үшін елімізде жарық көріп жатқан барлық басылымдарды қамту мүмкін емес, әрі оларды қоғамдық-саяси бағыт-бағдарларына сәйкес жекелеген типологиясы бойынша қарастырған тиімдірек деп санағандықтан, диплом жұмысына негізгі республикалық деңгейдегі «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Айқын» газеттері алынды.
Біздегі БАҚ типологиясы негізінен үш топқа бөлінеді:
1) мемлекет пен
үкіметтің саясатын, ресми істерін,
қызметтерін толық жақтайтын,
оны тұрақты түрде
2) мемлекет пен
үкіметтің саясатына либеральды
3) қазіргі саяси
режимнің, биліктің жүргізіп отырған
саясатына түбегейлі қарсы,
Сонымен бірге,
диплом жұмысында аталмыш
Жұмыстың басты тұжырымдары ретінде мыналар ұсынылып отыр:
– Қазақ баспасөзінде ақпараттық жанрлар формалары жетілу, дербестену кезеңін бастан кешуде. Заман талабына сай көлемі жағынан ықшамдалуы, бір-біріне сіңісіп, өзара айырмашылықтары азаюы, бір өзі бірнеше жанрлардың сипатын қатар көрсете алатын туындылар жазылуы секілді өзгерістер байқалады;
– Аудиториямен байланыс орнату әлі де дұрыс жолға қойылмай отыр. Оқырман хаты – газеттің жұмыс істеу бағытын айқындайтын компас екенін басылымдар басшылыққа алмауда;
– Қоғамдық пікір қалыптастыру міндетін асыра пайдаланып, кейбір тілшілер ақпарат берудің басты шарты – объективтіліктен гөрі оқырманға өз пікірін, саяси топтардың мүддесін таңудан жаңылмауда;
– Газет тілінде тілдік, стильдік қателер көптеп кездеседі.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен (І – ІІ тарау), кесте және қорытынды мен әдебиет тізімдерінен тұрады.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
І БӨЛІМ. ХХІ ҒАСЫР – АҚПАРАТ ҒАСЫРЫ........................
1.1 Қазіргі кездегі
ақпараттық технологияның
1.2 Еліміздегі
ақпараттық индустрия және қаза
1.3 Бұқаралық
ақпарат құралдарына сұраныс...
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ
2.1 Экономикалық мәселелер туралы........................
2.2 Қазақ тілі
туралы кейбір өзекті ойлар....
2.3 Дін мәселелері
туралы........................
Қорытынды.....................
КІРІСПЕ
Біз біртұтас байланыс ғасырында, яғни бүкіл жер шарындағы адамдар жалғыз ақпараттық ағымға сүйенген заманда өмір сүрудеміз. Бұл жаңа замандық халықаралық байланыстың нәтижесі. БАҚ көпшілік адамдар үшін өмірде екінші сатыға қойылатындықтан, оған жеңіл қарайтындар да кездеседі. Мұндай көзқарас біржақты ғана пікір, өйткені: көпшілік байланыс жүйесі біздің әлеуметтік тұрмысымызда көптеген жағдайлармен тығыз байланысады. Мысалы, газет, теледидар секілді ақпарат құралдары қоғамдық пікір тудыруда және біздің өмірімізге тікелей әсер етеді. Бұл тек біздің көзқарасымызды қалыптастыруда ғана емес, қоғамдық өміріміздегі көптеген жағдайлармен байланысуында.
Мәселенің өзектілігі.
Бұқаралық ақпарат құрлдарын қарастырғанда ең көне ақпарат таралымы газет-журнал, басылымдарды алдым. Газет – БАҚ тарихында өте бір ерекше орын алатын ақпарат құралы, өйткені оның таралуы ыңғайлы, көптеген мәселелері сан қилы. Бір газеттің ішінде түрлі ақпараттар, соңғы жаналықтар, тұтынушылар тауарларымен қызғылықты көптеген нәрселерді табасыз. ХХ ғасырда газеттер оқырмандар арасында өте жоғары сұраныстағы, саяси құрал болды. Оның ықпалы қазір де басым. Жарты ғасырдан артық уақыт бойы газет ыңғайлы әрі жедел ақпарат таратудың құралы болып келеді. Радио, кино шыққалы оның әсері сәл әлсірегені де рас.
Қазіргі таңда мәселенің зерттелу кезеңі.
Жалпытеориялық және методолгиялық тұрғыдағы саяси коммуниацияны дамыған замандағы зерттеулер әлеуметтік ақпараттандыру және ақпараттандырылған қоғам құруда үлкен орын алатын белгілі.