Материялды емес активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 21:01, реферат

Описание работы

Материалдық емес активтердің амортизациясы
Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып табылады.

Работа содержит 1 файл

38-ХБЕС Материалдық емес активтер.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

          «Зерттеу» және «әзірлеу» терминдеріне анықтамалар  берілген, бірақ осы Стандарттың  мақсаттар үшін «зерттеу сатысы» және «әзірлеу сатысы» терминдеріне толығырақ мағына беріледі.

          53.  Егер ұйым зерттеу сатысын әзірлеу сатысынан материалдық емес активті құру бойынша ішкі жобаның шеңберінде бөле алмаса, ол мұндай жобаға жұмсалған шығындарды тек зерттеу сатысына байланысты жұмсалған шығындар ретінде есепке алады.

          З е р т т е у   с а т ы с ы

          54.  Зерттеулерден (немесе ішкі жоба шеңберіндегі зерттеу сатысында) пайда болатын бір де бір материалдық емес актив танылуға жатпайды. Зерттелуге (немесе ішкі жоба шеңберіндегі зерттеу сатысына) жұмсалған шығындар олар орын алған кезде шығыс ретінде танылуы тиіс.

          55.  Ішкі жоба шеңберіндегі зерттеу сатысын жүзеге асырған кезде ықтимал экономикалық табыстарды генерациялай алатын материалдық емес активтің бар екендігін көрсете алмайды. Тиісінше мұндай шығындар орын алған кезде танылуы тиіс.

          56.  Зерттеу қызметінің мысалы болып мыналар табылады:

            (а) жаңа білімдерді алуға бағытталған қызмет;

            (b)  зерттеулер немесе басқа білімдердің нәтижесін қолдану аясын іздеу, бағалау және түпкілікті таңдау;

            (c)  материалдарға, құрылғыларға, өнімдерге, процестерге, жүйелерге немесе қызметтерге балама іздеу;

            және 

            (d)  жаңа немесе жақсартылған материалдарға, құрылғыларға, өнімдерге, процестерге, жүйелерге немесе қызметтерге ықтимал баламаларды жасау, қалыптастыру, бағалау және түпкілікті таңдау.

          Ә з і р л е у   с а т ы с ы

          57.  Әзірлемелерден (немесе ішкі жобаның шеңберіндегі әзірлеу сатысынан) пайда болатын материалдық емес актив ұйым мыналарды:

            (a)  материалдық емес активті құрудың техникалық жүзеге асырылуын, ол пайдалану немесе сату үшін қол жетерліктей болуын;

            (b)  өзінің материалдық емес активті құру және оны пайдалану немесе сату ниетін;

            (c)  өзінің материалдық емес активті құруға немесе сатуға қабілеттілігін;

            (d)  материалдық емес актив ықтимал экономикалық табыстарды құруын. Басқаларымен қоса, ұйым материалдық емес активтің нәтижелері немесе материалдық емес активтің өзі үшін арналған нарықты немесе оны ішкі пайдалану көзделген жағдайда, мұндай материалдық емес активтің пайдалылығын;

            (e) әзірлемені аяқтау үшін және материалдық емес активті пайдалану немесе сату үшін жеткілікті техникалық, қаржылық және басқа ресурстарға қол жететіндігін;

            (f)  материалдық емес активті әзірлеу барысында жұмсалған шығындарды сенімді бағалай алу қабілеттілігін көрсете алған кезде ғана танылады.

          58.  Ішкі жобаның шеңберіндегі әзірлемелер сатысында ұйым кейбір жағдайларда материалдық емес активті белгілеп, бұл актив ықтимал экономикалық табыстарды құратынын көрсете алады.

          59.  Әзірлемелер бойынша қызметтің мысалдары:

            (a) өндіріске дейінгі үлгілерді және модельдерді жобалау, құрастыру және тестілеу;

            (b) жаңа технологияны қосатын құралдарды, үлгі-қалыпты, үлгілерді және мөртабандарды жобалау;

            (c)  экономикалық масштабтар бойынша коммерциялық өндіріс үшін келмейтін тәжірибелік құрылғыны жобалау, құрастыру және қолдану;

            және

            (d)  таңдап алынған балама материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе қызметтерді жобалау, құрастыру және тестілеу.

          60. Материалдық емес актив ықтимал болашақ экономикалық табыстарды құрайтындығын көрсету үшін ұйым 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартта белгіленген қағидаттарды қолдана отырып, активтен алынатын болашақ экономикалық табыстарды бағалайды. Егер актив экономикалық табыстарды тек қана басқа активтермен үйлесімде құрайтын болса, ұйым 36 IAS Халықаралық стандартта белгіленген басым бірлік тұжырымдамасын қолданады.

          61. Материалдық емес активтен алынатын пайданы аяқтау, пайдалану және алуға арналған ресурстардың қол жетерліктей болуы ұйымның қажетті техникалық, қаржылық және басқа да ресурстарын және осы ресурстардың болуын қамтамасыз ететін қабілетін көрсететін, мәселен, бизнес-жоспары арқылы анық көрсетілуі мүмкін. Ұйым белгілі бір жағдайларда кредитордың осы жоспарды қаржыландыруға даяр екендігін растайтынына уәде бере отырып, сыртқы қаржыландырудың қол жететіндей болуын айғақтайды.

          62. Ұйымда өзіндік құнды есептеу жүйесі көптеген жағдайларда осы ұйымның ішінде материалдық емес активті құрудың өзіндік құнын шынайы бағалауды қамтамасыз етуге қабілетті. Мысалы, жалақыға және авторлық құқықтар мен лицензиялар алу немесе компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу үшін жұмсалған басқа да шығындарға қатысты.

          63. Ішінара шығарылған сауда таңбаларына, титулдық деректер, баспа құқықтарына, клиенттердің тізімдері және мазмұны бойынша ұқсас баптар материалдық емес активтер ретінде танылуға жатпайды.

          64. Ішкі құралған сауда белгілеріне, титулдық деректерге, баспа құқықтарына, клиенттердің тізімдеріне және мазмұны бойынша ұқсас баптарға жұмсалған шығындарды жалпы ұйымды дамытуға жұмсалған шығындардан ажыратуға болмайды. Осыған сәйкес, мұндай баптар материалдық емес активтер ретінде танылуға жатпайды.

          Ішкі  құралған материалдық емес активтің өзіндік құны

          65. 24-параграфтардың мақсаттары үшін ішкі құралған материалдық емес активтің өзіндік құны 21, 22, және 57-параграфтарда белгіленген критерийлерге материалдық емес актив алғаш рет сәйкес келген күннен бастап келтірілген шығын сомасын білдіреді. 71-параграф бұрын танылған шығыс ретінде шығындарды қалпына келтіруге рұқсат бермейді.

          66. Ішкі құралған материалдық емес активтің өзіндік құнына басшылықтың мақсатына сәйкес активтерді құру, жасау және пайдалануға дайындау үшін қажетті барлық тікелей шығындарды қамтиды. Тікелей шығындарға мыналар мысал бола алады:

            (а) материалдық емес активті құру кезінде пайдаланылған немесе қолданылған материалдарға және қызметтерге арналған шығындар;

            (b) қызметкерлерге материалдық емес активті құруға байланысты туындаған сыйақыларға арналған шығындар (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандартының анықтамасына сәйкес);

            (с) заңды құқықты тіркегені үшін баж;

            және

            (d) материалдық емес активті құру үшін пайдаланылған патенттерді және лицензияларды амортизациялау.

          23-«Қарыздар  бойынша шығындар» IAS пайызды  ішкі құралған материалдық емес активтің бастапқы құнының элементі ретінде тану үшін критерийлерді белгілейді.

          67. Төменде көрсетілгендер ішкі құралған материалдық емес активтің өзіндік құнына кірмейді:

            (а) сауда, әкімшілік және басқа да жалпы үстеме шығыстар, активті пайдалануға дайындауға тікелей жатқызылған болуы ықтималдарын қоспағанда;

            (b)  активтің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізгенге дейін орын алған нақты тиімсіздіктер мен бастапқы операциялық залалдар;

            және

            (с) қызметкерді активті пайдалануға дайындауға жұмсалған шығындар.

          65-параграфты  көрнекілендіретін  мысал

          Ұйым  жаңа өндірістік процесті әзірлейді. 20Х5 ж. келтірілген шығын 1,000 ш.б.(*), оның ішінде 900 ш.б. сомасындағы шығын 20Х5 ж. 1 желтоқсанға дейін, ал 100 ш.б. шығын - 20Х5 ж. 1 желтоқсан - 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде келтірілген. Ұйым өндірістік процестің 20Х5 ж. 1 желтоқсанда материалдық емес активтер ретінде тану өлшемдеріне сай келгендігін көрсетуге бейім. Процесс кезінде енгізілген ноу-хаудың өтелетін сомасы (пайдалануға қол жетерліктей болуы үшін процесті аяқтауға қажетті ақша қаражатын болашақта шығаруды қоса алғанда) 500 ш.б.-те бағаланды.

          20Х5  ж. аяғында өндірістік  процесс 100 ш.б.  өзіндік құнмен  материалдық емес  активтер ретінде  танылды (тану  критерийі қанағаттандырылған  күннен, яғни 20Х5 ж. 1 желтоқсаннан бастап келтірілген шығындар). 20Х5 ж. 1 желтоқсанға дейін келтірілген 900 ш.б. сомасындағы шығын 20Х5 ж. 1 желтоқсанға дейінгі тану критерийі сақталмағандықтан болған шығыс ретінде танылады. Бұл шығындар өндірістік процестің баланста танылған өзіндік құнының бір бөлігін құрамайды.

          20Х6  ж. ішінде 2,000 ш.б. мөлшерінде шығын  келтірілді. 20Х6 ж. аяғында процесте жасалған ноу-хаудың өтелетін сомасы (қолдануға қол жетерліктей болғанға дейін процесті аяқтауға қажетті ақша қаражатын болашақта шығаруды қоса алғанда) 1,900 ш.б.-те бағаланды.

          20Х6  ж. аяғында өндірістік  процестің өзіндік  құны 2,100 ш.б. болады (20Х5  ж. аяғында танылған  шығын 100 ш.б., плюс 20Х6  ж. аяғында танылған  шығын 2,000 ш.б.). Ұйым  құнсызданудан болған 200 ш.б. ол келтірілгенге  дейін таниды, процестің баланстық құнын (2,100 ш.б.) оның қайтарылатын сомасына дейін (1,900 ш.б.). Құнсызданудан болған осы залал 36-IAS Халықаралық стандарттағы құнсызданудан болған залалды қалпына келтіру туралы талаптарды сақтаған кезде кейіннен қалпына келтірілетін болады.

          (*) Осы Стандартта ақша сомасы «шартты бірлікпен» (ш.б.) көрсетілген.

          ШЫҒЫСТЫ ТАНУ

          68.  Материалдық емес активтерге арналған шығындар:

            (а) тану критерийлеріне жауап беретін материалдық емес активтің өзіндік құнының бір бөлігін құраған (18-67-параграфтарды қараңыз);

            немесе

            (b)  бап кәсіпорындарды біріктірген кезде пайда болса және материалдық емес актив ретінде танылмаса. Бұл жағдайларда шығындар (кәсіпорындарды біріктіру құнына енгізілген) сатып алу күнгі іскерлік беделге жатқызылған соманың бір бөлігін құрауға тиісті болғаннан (3-«Бизнес бірлестіктері» IFRS) басқа жағдайларда келтірілгенде шығыс ретінде танылуға жатады.

          69.  Кейбір жағдайларда шығындар ұйымның пайдасына болашақ экономикалық кірісті қамтамасыз ету үшін жұмсалады, бірақ бұл ретте қандай да болмасын материалдық емес, немесе танылуы мүмкін басқа да актив сатып алынбайды немесе жасалмайды. Мұндай жағдайларда шығындар жұмсалған кезде шығыс ретінде танылады. Мысалы, зерттеуге арналған шығыстар кәсіпорындар бірлестігі құнының бір бөлігін құрайтын жағдайды қоспағанда, олар келтірілген кездегі шығыстар ретінде танылуға жатады (54-параграфты қараңыз). Шығын шығарылған кезде шығыстар ретінде танылатын шығынның басқа бір мысалы мыналарды қамтиды:

            (а)  16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар баптарының өзіндік құнына кіргізілетіннен басқа іске қосу жұмыстарына арналған шығындар. Іске қосу жұмыстарына арналған шығындар заңды тұлғаны құру кезінде шығарылған заңгерлерге және хатшылыққа арналған шығындар сияқты құрылтай шығыстарынан, жаңа құралдарды немесе кәсіпорынды ашуға арналған шығындар (яғни, іске қосу алдындағы шығындар) немесе жаңа операцияларды ашу немесе жаңа өнімдерді немесе процестерді енгізуге (яғни операцияға дейінгі шығындар) арналған шығындардан тұруы мүмкін:

            (b)  қызметкерді дайындауға жұмсалған шығындар;

            (с)  жарнамаға және өнімді жылжытуға арналған шығындар;

            (d)  ұйымның бір бөлігін және түгелдей көшіруге немесе қайта құруға арналған шығындар.

          70. 68-параграф тауарларды немесе қызметтерді жеткізу үшін ақы төлеу тауарларды жеткізу немесе қызметтерді көрсету алдында төленген болса, алдын ала ақы төлеуді актив ретінде тануға тиым салмайды.

Информация о работе Материялды емес активтер