Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 19:48, реферат
Білім мен жаңа технологияның тілін тапқан малай халқы ежелгі ата кәсібінен де қол үзген жоқ. Экономиканың дамуына негіз болған саланың бірі - каучук өндірісіне мемлекет ерекше мән береді. Малайзияда шығарылған резеңке бұйымдары әлемнің жүзден астам еліне экспортталып, ел қазынасына қомақты қаржы әкеледі.
Малайзия Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дамыған елге, дәлірек «Азиаттық жолбарыстар»дың біреуіне айналды.
Малайзия — сұлтан жетекшілік ететін, бірегей ел. Бұл мемлекет Британия отарынан азат етіліп, бар-жоғы жарты ғасырда әлемдік саясат, экономика саласында елеулі жетістікке жетіп, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дамыған елге, дәлірек «Азиаттық жолбарыстар»дың біреуіне айналды.
І бөлім Кіріспе
ІІ бөлім Негізгі бөлім
2.1) Малазия экономикасы
2.2) Малайзия: жолбарыстың өркендеу құпиясы
2.3) Ел-фабрика
2.4) Экспортты дамытудың тәжірибесі
2.5) Сыртқы саясат және қауіпсіздік
2.6) Малайзия мен Қазақстан
ІІІ бөлім Қорытынды
Малай елінің тәжірибесі жоспар мен нарық тәсілдері бір-біріне кереғар (антипод) еместігін дәлелдейді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың келешегін жоспарлау әр мерзімде істелетін жұмыстың көлемін, оның сапалық деңгейін болашақта қандай шешуші (күрделі) нәтижелерге жету мүмкіндіктерін анықтайды. Жоспардың тағы бір артықшылығы оның мақсатының айқындығында және оны орындаушының анық болуында. Бұл мемлекеттің жүйенің әрбір тізбегінен сұранысты күшейтіп, жауапкершілікті арттырады. Қабылданған жоспарды нарық тәсілдерімен жүзеге асыруға толығымен болады, оған да малайлықтардың озық тәжірибесі дәлел. Міне, 37 жыл осы ел нарық экономикасын дамытып жатқан ел, болашақ қадамдарын стратегиялық ұзақ мерзімді және орта мерзімді бесжылдық жоспарлармен анықтайды және жақсы нәтижеге жетіп отыр.
Осыған қоса айту керек, нарық пен жоспарлау тәсілдерін бір-біріне үйлестіре ұтымды қолданып отырған тек қана Малайзия емес. Екінші жаһандық соғыстан кейін бесжылдық жоспарларды орындай отырып, Жапония экономикалық қуаты жағынан әлем елдерінде екінші орынға шықты. Оңтүстік Корея 1962 жылдан бастап бесжылдық жоспар негізінде дамуда, ол да “Азия жолбарыстарының” қатарына шықты. Қытай Халық Республикасы, Үндістан да бесжылдық жоспармен жедел даму үстінде. Бұл екі мемлекет жыл сайын өздерінің әлем деңгейінде ең үлкен экономикалық держава екенін айқындау үстінде. Қорыта айтсақ, озық шетелдік тәжірибелер бар. Оларды Қазақстан экономикасын дамытуға қолдануға болар еді. Мүмкін, сонда біз экономиканы әртараптандыруда, осы бір біздер үшін өзекті мәселені шешуде қазіргідей кібіртіктемес едік.
Ал енді Малайзияға қайта оралайық. Біздегідей емес, мемлекеттік фискалдық және монетарлық саясатқа ол елде Қаржы министрлігі жауапты. Олар әр жылдағы бюджет жобасын жасайды. Сол елдің Конституциясына байланысты бүкіл Федерацияда жиналған ақшалай түсімдер Федералдық шоғырлану қорына түседі. Барлық министрліктер, ведомстволар, федералдық штаттар бюджеттік қаржыны осы қордан алады. Бюджет жергілікті және орталықтық деп бөлінбейді, бірыңғай мемлекеттік бюджет жобасы жасалынады. Парламентке берердің алдында бюджет Ұлттық қаржы кеңесінде қаралады. Осы елдің жылдық бюджетінің тағы бір артықшылығы, онда әр салаға немесе жобаға (бағдарламаға) бөлінетін тек қана қаржының көлемі емес, олардың сапасы және көздеген нәтиже параметрлері көрсетіледі. Аталмыш параметрлер бесжылдық жоспар көрсеткіштерінің негізінде жасалады.
Ал енді бюджеттің орындалуын бақылау жүйесі қандай? Оның да екі арнасы бар. Елде көлемді түрде бас аудитор қызметі құрылған. Бас аудиторды Премьер-министрдің ұсынысымен Король тағайындайды. Бас аудитор Король мен Парламент алдында жауапты, оларға есеп береді, қарамағында 1600 есеп қызметкерлері (ревизорлар) бар. Олардың 400-і орталықта, қалғандары штаттарда. Аудиторлық салада қызмет істейтіндердің кәсіби білімін көтеретін Аудит академиясы бар. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен қаржы алған ұйымдар жаппай аудиторлық тексерістен өтеді. Тексерістен кейін әрбір ұйымға бюджеттің жұмсалуының дұрыстығын немесе бұрыстығын анықтайтын сертификат беріледі. Ол ақпарат бас аудитордың интернет-сайтында жылма-жыл жарияланып отырады. Сертификаттағы нәтижелерге қарай әрбір қаржы пайдаланушының рейтингі анықталады.
Тексеріске жұмсалған қаржының жалпы көлемі ғана емес, сонымен қатар бюджет жобасында келтірілген сапалы көрсеткіштер, шешуші нәтижелер, олардың орындалуы анықталады. Бұл аудиторлық тексерістің бағасын, нәтижесін, пәрменділігін арттырады.
Бюджеттік қаржыны жұмсауды бақылаудың екінші арнасы Парламентте қалыптасқан. Малайзия Парламентінің төменгі палатасында арнайы мемлекеттік шығындарды бақылайтын қоғамдық комитет құрылған. Оның құрамында депутаттар, оппозиция өкілдері, бас аудитор кіреді.
Комитеттің негізгі міндеті – Парламент бекіткен мемлекеттік бюджеттің дұрыс пайдалануын тексеру. Комитет барлық мемлекеттік шығындардың дұрыстығына, жұмсалған ақшалар заңға сәйкес және тиісті құжаттармен дәлелденгеніне, мемлекет активтері заңдастырылған ережелерге сәйкес пайдаланылғанына, мемлекеттік шығындар тек көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуге жауапты. Бюджет орындалуында орын алған кейбір кемшіліктер аталмыш комитеттің ұсынысымен палатаның отырысында қаралады. Міне, осындай жан-жақты ойластырылған және тәсілдері ұтымды бюджетті бақылау жүйесі Малайзияда қалыптасқан.
Сөз соңында айта кетейін. Халықаралық ұйымдардың рейтингтік кестесі бойынша Малайзия 2006 жылы мемлекеттік қаржының жұмсалуын бақылау және оның тиімділігі жөнінде әлем елдерінде бірінші орынға шықты.
Қолданылған әдебиеттер
1. The Global 2000, Forbes (21 сәуір 2010).
2. Малайзия. Справочник. М.: Наука, 1987, 368 с.
3. Погадаев, В. А. Малайзия. Карманная энциклопедия. М.: Муравей-гайд, 2000, 352 с.
4. «Malaysian Food.» Malaysianfood.net. Accessed July 2011.
5. Pike, John Malaysia Defence Industry. Globalsecurity.org
6. Gooch, Liz. A Path to Financial Equality in Malaysia, International Herald Tribune, The New York Times Company.
Информация о работе Малайзия мемлекетінің индустриалды-инновациялық дамуы