Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 19:48, реферат
Білім мен жаңа технологияның тілін тапқан малай халқы ежелгі ата кәсібінен де қол үзген жоқ. Экономиканың дамуына негіз болған саланың бірі - каучук өндірісіне мемлекет ерекше мән береді. Малайзияда шығарылған резеңке бұйымдары әлемнің жүзден астам еліне экспортталып, ел қазынасына қомақты қаржы әкеледі.
Малайзия Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дамыған елге, дәлірек «Азиаттық жолбарыстар»дың біреуіне айналды.
Малайзия — сұлтан жетекшілік ететін, бірегей ел. Бұл мемлекет Британия отарынан азат етіліп, бар-жоғы жарты ғасырда әлемдік саясат, экономика саласында елеулі жетістікке жетіп, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дамыған елге, дәлірек «Азиаттық жолбарыстар»дың біреуіне айналды.
І бөлім Кіріспе
ІІ бөлім Негізгі бөлім
2.1) Малазия экономикасы
2.2) Малайзия: жолбарыстың өркендеу құпиясы
2.3) Ел-фабрика
2.4) Экспортты дамытудың тәжірибесі
2.5) Сыртқы саясат және қауіпсіздік
2.6) Малайзия мен Қазақстан
ІІІ бөлім Қорытынды
Жаңа кәсіпорындар үшін шикізат және құрамдаc бөліктер импортталып, ал дайын өнім шет елге жеткізілгендіктен, Малайзия фабрика еліне айнала бастады. Осы жерде электротехникалық және электрондық өндіріс құралғаннан кейін, компаниялар 80-85%-ға әкелінетін майда-шүйделерге мұқтаж болатын және олардың барлық өнімдері экспортқа кететін, «Өркендеу үлгісі (Сингапур, Малайзия, Тайланд, Индонезия) » деген кітабында РҒА шығыстану Институтының ғылыми аға қызметкері Людмила Пахомова. Жартылай дайын өнімді және микрочипті өндіру кезінде, фабрика — ел автокөліктерді шығаруды, мұнай-химиялық жабдықтарды, компьютерді, тұрмыстық техниканы тез меңгеріп алды.
1996 жылы Малайзия
экономикалық бәсекелестікке
Қазіргі Малайзияның ауылшаруашылық экспорты жоғары болса да, оны аграрлы ел деп айта алмаймыз. Бүгінде Малайзияның кен өндіруші және өңдеуші өнеркәсібі қарқынды дамуда, ғылымды қажет ететін өндіріс сандары да өсуде.
Бұл елдің үкіметі ХХ ғасырдың 70-ші жылдары, білімге салған мөлшерлемеге байланысты бүгінде Малайзия ұлттық білім беру стандарттары бойынша елдің дамуына бағдарлауда. 2020 жылы жоғарғы білімді адамдар саны 40% жетеді деген болжам бар. Ал қазір бұл көрсеткіш 29% тең.
2020 жылға дейін $444 млрд
ЖІӨ үш есе арттыратын
Елде барлық аймақты интернетпен қамту, ядролы энергетиканың дамуы, Куала-Лумпурдан Сингапурға дейін созылатын темір жол вокзалын салу жоспарланды.
Мемлекет қорларды азаматтар табысының көбеюіне, әлеуметтік кепілдіктерге, білім беру саласына одан бетер мықты қолдау көрсетуге бұрды. Айтпақшы, Малайзиядағы ұстаздар мен оқытушылар – өте сыйлы және бағынышсыз адамдар.
2.4. Экспортты дамытудың тәжірибесі
Малайзия экономикасы 1970 жылға дейін пайдалы қазбаларды өндіру мен ауыл шаруашылығы өндірісіне негізделді. 1970 жылдан бастап ел үкіметі экономиканың экспорттық бағдарлану мен өнеркәсіпті дамыту саясатын таңдап алды. 1980 жылдардың басынан 1990 жылдардың ортасына дейін Малайзия экономикасы өнеркәсіптік тауарлар экспортының арқасында өте қарқынды дамыды, оның жыл сайынғы өсімі жылдық 8 % құрайды. 1990 жылдардың ортасында Малайзия дамыған мемлекеттер арасында макроэкономикалық көрсеткіш бойынша жетекші орыннын бірін иеленді. Өнеркәсіп үлесі 1970 жылы 13,9 % 1999 жылы 30 % ұлғайды, ал ауыл шаруашылығы мен қазба өнеркәсібі 1999 жылы 42,7 % бастап, 9,3% 7,3% дейін қысқарды. Экспорттың дамуының маңызды қозғаушысы болған өнеркәсіптің негізгі салалары – электротехника, тоқыма өнеркәсібі, машина жасау.
Малайзияның экспорттық қабілетін дамыту жоғары технологиялы өндіріс пен технологияны дамытудағы басқа да дамыған елдердің және Батыс Еуропа, Жапонияның инвестициясы есебінен жүргізілді. Жеткілікті білікті мамандармен арзан жұмыс күшін артықшылық ретінде пайдаланған үкімет саясаты елге шетелдік компаниялардың келуін қамтамасыз етті. Бүгінгі күнде Intel, Panasonic, Motorola, Carrier, Basf, Dell, Hewlett Packard сияқты өндірушілер өз өнімдерін Малайзияда шығарады. 1997 жылдан бастап Малайзия экспорты импорттан басым, 2007 жылы экспорт шамамен 180 млрд долларды, ал импорт – 155 млрд. долларды құрады.
Сыртқы Сауданы Дамытушы Малайзия Корпорациясы – сауданы жылжытушы коммерциялық емес агенттік арқылы мемлекет экспорттың дамуына ықпал етеді.
MATRADE кәсіпорындарға әр түрлі кепілдер ұсынады, соның ішінде экспорттық нарықты дамыту бойынша жұмыс басыңда компанияларға нарықты дамытуға көмек көрсету үшін, оқуға кепілдер, өнім мен өндірісті жақсартуға, қаптаманы жетілдіру, дизайн мен этикеті, брендті жылжыту мен дайындау, сапа менеджменті мен сертификация. Бұл кепілдердің жартысы 50 % шығындарды жабумен ұсынылады, олардың кейбірі кепілдің қандай да бір түрі бойынша кәсіпорынның барлық шығынын жабады. Бұдан өзге, ұйым халықаралық нарықтағы іскерлік мүмкіндіктер мен нарықты дамыту мәселелері бойынша әрекеттегі экспорттаушылардың біліктілігін жоғарылату мен жаңа экспорттаушыларды оқыту мақсатымен семинарлар өткізеді. Сонымен қоса MATRADE қызметіне шет елде қызмет пен өз өнімін ұсына алатын әлеуеті бар кәсіпорындарға ақыл-кеңестік көмек енеді. Бұдан өзге, бұл ұйым кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығуда барлық қажетті ақпаратты ала алатын мәліметтер қорымен шетелдік елдер нарығы бойынша қандай да бір ақпарат орталығы болып табылады.
Сонымен, Малайзия экспортты дамыту үшін несие мен сақтандыруды, кепіл түрінде салықтық преференцияларды қосатын және экспорттаушыларды қолдау үшін қолданылатын үкіметтік бағдарламаларды кең пайдаланады.
Сөйтіп, бүгінгі күнде сыртқы нарыққа шығу кезінде экспортты дамыту негізгі және қажетті кезең болып табылатынын айтуға болады. Сауда ақпаратына қол жеткізбей, тартымды нарық туралы ақпаратты қолдануға сауатты тәсілсіз, шетелдік елдердің талаптарын білетін білікті мамандарсыз, кәсіпорынның экспорттық компаниясының табысы қауіпті жағдайда болуы мүмкін. Осыдан басқа меншікті өнімді жақсарту отандық қаптама, баға, сапа бойынша басым тұрған импорттық тауарлар бар ішкі нарықта бәсекелестік мүмкіндігін ұлғайтады.
Қазақстандық әлеуетті, бастаушы және әрекеттегі экспорттаушыларды қолдау мақсатында республикада экспортты қолдайтын мамандандырылған құрылым құрылды. Жаңа институт - қызметінің басым бағыттарының бірі дәл кәсіпорынның экспорттық қабілетін дамыту болып табылатын MATRADE, KOTRA, AUSTRADE сияқты шет елдік ұйымдардың кейбір мағынада аналогы болып табылады.
2.5. Сыртқы саясат және қауіпсіздік
Малайзия әлем
елдерінің 120-дан астам елдерімен
дипломатиялық қатынас
Малайзияның сыртқы саясатындағы
маңызды сектор Қытаймен қарым-қатынас
болып табылады. Бұл бағыттағы
маңызды оқиға 2009 жылдың 2-5 маусымында Малайзия Премьер-министрі
Наджиб Тун Разактың ҚХР-на ресми іссапары
облды. Бұл іссапар барысында ҚХР Президенті Ху Цзиньтао мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябаомен кездесулер өтті. Тараптар «Қытай-малайзиялық
шұғыл ынтымақтастық бойынша біріккен
әрекеттер жоспарына», қызметтік және
дипломатиялық паспорттармен визасыз
бара алу туралы келісімдерге қол қойды.
Келісімдер нәтижесі бойынша Малайзия
үкіметіның басшысы Н.Разак екі елдің өзара сауда тәжірибесінде
толықтай американдық доллардан бас тартып
тек қытай юандары мен малайзиялық ринггиттерді
пайдалана отырып есептесу туралы жариялады.
Малайзияның мұсылман қауымдастығындағы
ықпалы күшеюде. Ислам әлемінде ИКҰ төрағасы (2003-2008 жж.) есебінде
басқару орындарында болған кезеңдеріндеКуала-Лумпур өзін беделді және экономикалық дамыған
ислам мемлекеті ретінде көрсете білді.
Малайзия палестиндік мәселені реттеу
сауалдарында жоғары саяси белсенділік
танытуда. Бұл үрдістің соңғы көрінісі
ретінде ел үкіметінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бұрын болмаған
арыздары, Израильдің Палестина
Малайзия 1996 жылы Бангкокта
құрылған Азия мен Еуропа арасында саясат, экономика, мәдениет және әлеуметтік сала мәселелері
бойынша диалогты дамыту бағытында жасалып
жатқан жұмыстарға белсенділік танытуда.(
«Азия – Европа»саммиті). Малайзиялық
дипломатияның обьективті жетістіктеріне
қарамастан, соңғы бірнеше жыл сыртқы
саясатта кейбір қолайсыз мәселелер туындап
отырды. Мәселен, 2008 жылы Малайзия Гаагадағы Халықаралық
2.6. Малайзия мен Қазақстан
Қазақстанның Малайзиядағы елшісі Бейбіт Атамқұлов.
Қазақстанмен қарым-қатынасы 1991 жылғы 31 желтоқсанда Малайзияның Қазақстанның тәуелсіздігін мойындағаннан бері басталды.
1992 жылғы 16 наурызда Қазақстан мен Малайзия арасында дипломатиялық қатынастар орнықты. 1996 жылы Куала-Лумпур қаласында Қазақстанның және Алматыда Малайзия елшіліктері ашылды. 2006 жылдың 25-29 мамырында Президент Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары болды, сапар барысында сауда ынтымақтастығы жөніндегі келісімге, инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімге, экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды.
1996 жылы Қазақстанға ресми сапармен Малайзияның премьер-министрі М.Мохамад, 2003 жылы Малайзияның Жоғарғы билеушісі С.Сираджуддин және 2011 жылы Малайзияның премьер-министрі Дато Сри Наджиб Тун Абдул Разак келді. 2010 жылдың мамыр айында Қазақстанға дипломатиялық қатынас тарихында алғаш рет Малайзияның сыртқы істер министрі Анифа Аман, маусымда Малайзияның премьер-министрі Дато Сри Наджиб Тун Абдул Разак және бұрынғы премьер-министрі А.Бадауи келіп кетті. Аталған сапар барысында Малайзияның премьер-министрі Н.Разак Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысты.
Туризмді дамыту мақсатында Малайзия Қазақстан азаматтарына біржақты негізде 30 күнге дейін визасыз режим енгізді. «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы мен Куала-Лумпур арасында аптасына тікелей үш рейс ұшады.
Малайзияда 2 мыңнан астам
қазақстандық студент білім алуда
(2011). Оның көпшілігі экономика және
ақпараттық-технологиялар
Малайзияда 2010 жылы қазақстандық студенттер Ассоциациясы құрылған.
Қорытынды
жоспарлау мен аудит жөнінде тәжірибеге өте бай және осылар арқылы экономикалық дамудың өте озық үлгісін көрсетіп отырған мемлекеттердің бірі – Малайзия.
Малай елінде өте мұқияттылықпен жасалған жоспар мен бағдарламалардың орындалуын бақылайтын, қадағалайтын, оған тиісті баға беретін жүйе қалыптасқан. Іс барысында қол жеткен нәтижелер олардың жоспардағы деңгейімен салыстырылып отырады, олардың алшақтығының себептері айқындалады. Осындай мемлекеттің даму жоспарын өте мұқият қадағалау және Премьер-министрдің қатысуымен жоғарғы билікте жүйелі түрде талқылау қоғамда жоспар орындау саласында қатаң тәртіпті, үлкен жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Сондықтан да осы елде әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде небір ірі сәтсіздік, немесе босбелбеулік болған емес. Оған Малайзияның жоғарыда келтірілген даму көрсеткіштері дәлел. Осындай озық тәжірибені бізде, Қазақстанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау және олардың орындалуын қадағалау үшін қолданғанымыздың жөні бар сияқты. Өйткені, біздің тәжірибемізде әрбір жобаны жан-жақты сараптап бағалау, орындалуын қатаң бақылау жетіспейді.
Информация о работе Малайзия мемлекетінің индустриалды-инновациялық дамуы