Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 01:08, реферат
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу барысында Ұлттық қор құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Құлпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және т.б. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.
Республикалық
және жергілікті бюджеттерге шығындарды
өтеу түрінде (шикізат секторы ұйымдарынан
түсетін салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдердің бекітілген
және іс жүзіндегі сомасының арасындағы
айырма) 7509107631,83 теңге аударылды; Қорды
басқарғаны үшін сыйақы түрінде Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкіне 37216032,45
теңге аударылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қорды сенімді басқару туралы шарттың негізінде оның бір бөлігін сыртқы басқарушыларға беруді қоса алғанда, Қорды дербес инвестициялауды жүзеге асырады.
Инвестициялық
кірісті жинақтау және алу мақсатында
Қор сенімді және өтімді шетелдік қаржы
активтеріне орналастырылады. Қазақстан
Республи-касының Ұлттық Банкі есепті
кезеңде Қордың актив-терін, негізінен
ақша рыногының құралдарына, атап айтқанда,
АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарына
орналастырылды. АҚШ агенттігінің бағалы
қағаздары портфельдің неғұрлым ірі бөлігін
құрады .
Қордың сыртқы аудитін жүргізу үшін
тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі
жұмыстар жүргізіледі және тиісті конкурс
құжаттамасы дайындалады. Тәуелсіз аудиторды
сайлау жөнінде жүргізілген конкурс нәтижесінде
жеңімпаз болып анықталды.
Аудиторлық тексеру Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы тұжырымдаған Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.[8]
Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1. тұтас алғанда ағымдағы қаржы
жылына бойынша шикізат
Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды.
2.
Ұлттық қорда республикалық
3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға.
Бүгiнгi таңда Ұлттық қор жинақтарын қалыптастырудың және оның активтерiн басқарудың қолданыстағы тетiгiндегi негiзгi проблемалар мыналар болып табылады: шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн салықтық түсiмдер бойынша республикалық бюджеттi жоспарлау кезiнде бағаны анықтау тетiгi үнемi нақты көрiнiстi көрсете бермейдi. Болжамданған "базалық" баға (баррель үшiн 19 АҚШ доллары) республикалық бюджетте қалдырылатын және Ұлттық қорға жiберiлетiн шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын салықтардың оңтайлы бөлiнуiн белгiлемейдi. Оның үстiне, "базалық" бағаны ескере отырып есептелген республикалық бюджетке есептеулердiң мөлшерi сату көлемiн өзгертуге, амортизациялық аударымдарға және салық салынатын пайдаға әсер ететiн өзге де жағдайларға байланысты өзгеруi мүмкiн. Осыған байланысты республикалық бюджетке түсетiн мұнай түсiмдерiнiң жыл сайынғы көлемiне қатысты тұрақтылық болмайды.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қордың жұмыс iстеуiнiң
жоғарыда көрсетiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферт мөлшері абсолюттік тіркелген мәнде айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi. Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша қалдықтар және республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ағымдағы қаржы жылына арналған оның көлемі шеңберінде республикалық бюджетке Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берілген трансферттің қажетті сомасын анықтайды.
- жоспарланбаған шығыстарды
- Қазақстан Республикасының
- Қазақстан Республикасының
немесе оның әкiмшiлiк-
- соттардың шешiмдерi бойынша
мiндеттемелердi орындау үшін;
Қорды қалыптастыру және пайдалану процестерін жетілдіру мақсатында Қаржы министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп:
Қорға ақша есептеу механизмін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.
Елбасының ойынша, ұлттық қор заңды тұлға болып табылмайды, шын айтқанда ол Үкіметтің ұлттық банк есепшоттарында шоғырланған қаржы активтерінің жиынтығы болып табылады. Қор екі бірдейқызмет атқарады: бірі - жинақтау (болашақ ұрпақтар үшін жинақтарды қалыптастыру), ал екіншісі - тұрақтандыру (бюджет түсімдерінің дүниежүзілік бағаның жағдаятына тәуелділігін азайту).
Тұрақтандыру міндетін атқаруды қамтамасыз ету үшін шикізат секторындағы ұйымдардан бюджетке түсетін салық және басқадай міндетті төлемдердің, республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген сомадан артығы қаржы қорына аударылады. Бұл түсімдерге жататындар: корпоративтік табыс салығы, қосымша құнға салынатын салық, жоғары пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер бөліктерін мемлекеттің жеке меншікке сатуынан түсетін, өнімдер мен қаржыны бөлу туралы келісімдер бойынша Қазақстанға тиетін үлесі жинақтау қызметін іске асыру мақсатында қор республикалық және жергілікті бюджеттердің трансферттері есебінен, жоғарыда көрсетілген түсімдер бойынша жоспарланған соманың 10 пайызынан құралады.
Қорды басқару мәселесін құрамына Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат пен Мәжілістің төрағалары, Президент Әкімшілігінің басшысы, Премьер-министр және оның бірінші орынбасары, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, сол сияқты республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі санақ комитетінің төрағасы кіретін кеңес шешетін болып келісілді. Кеңеске мемлекеттік биліктің атқарушы және заң шығарушы органдарының басшылары енген. Ал мұның өзі мүдде қақтығыстарын мүлде болдырмайды. Кеңестің барлық шешімдері алқалы түрде қабылданады. Кеңес мүшелерінің ешқайсысы қордың активтерін жеке дара пайдалана алмайды. Қорға Парламент бақылау жасайды, демек, ол шын мәнінде халық пен елдің резерві болып табылды.
Міне, бірнеше жылдан бері Қазақстанның Ұлттық қоры ел халқының мүддесіне қалтқысыз қызмет жасап келеді. Қор әсіресе бүкіләлемдік қаржы дағдарысы кезінде қазақстандықтардың көптеген әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешуге мүмкіндік берді. Елбасының тікелей басшылығымен құрылған Ұлттық қордың ел мүддесі үшін алдағы уақытта да қызмет жасай беретініне сенім мол.[6]
Қорытынды
Осыдан жеті жыл бұрын еліміздегі мұнай шикізатынан түсіп жатқан қомақты қаржы өскелең ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қорға жинақтала бастады. Бұл сындарлы шешім сондай-ақ, отандық экономиканың тек қана көмірсутегі шикізатына иек артып қалмай, ұлттық өңдеуші саланы дамыту үшін де қажет деп табылған болатын.
Қазіргі уақытта ел экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде көптеген қаржы институттары қанатын қатайтып, жаңа құрылымдар ірге қалауда. Соның ішінде соңғы жылдар бедеріндегі басты жаңалықтардың бірі жеткіншек буынға табиғи ресурстардан түсетін табысты тепе-тең бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған Ұлттық қордың құрылуы дер едік. Мұндай қор дүниежүзілік тәжірибеде жаңалық емес, бүгінгі таңда дүние жүзінде мұндай құрылымдардың саны 30-дан асады. Олардың жұмыс істеу тетіктері әрқалай. Қазақстандық Қор АҚШ долларымен есептегенде бірнеше миллиардтық активтері жинақталған Норвегияның мұнай қорының тәжірибесіне негізделген.
Дәлірек айтсақ, Ұлттық қор Мемлекет басшысының 2000 жылғы 23 тамыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы” Жарлығына сәйкес 2001 жылғы мамырда шаңырақ көтерді.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауының «Стратегический план 2020 - казахстанский путь к лидерству» деп аталатын 3-інші бөлімінің «3.7 Базовые условия реализации Стратегического плана -2020» деген тарауында мынадай сөздер айтылған: «Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін «қауіпсіздік көпшігі» іспетті болды. Ендігі оның мақсаты – тұрақтылық пен гүлденудің кепілі болу». Осы бір «Қазақстан 2020 жыл» стратегиясы деген атаққа ие болған құжатта еліміздегі қаржы жүйесінің барынша тұрақты және мейлінше транспарентті (ашық) түрде қызмет етуіне жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударылған.[6]
Сонымен қатар онда енді
Жақында Қазақстан
Дағдарыс басталған шақта, яғни 2011
жылғы күздің басында республика Ұлттық
қорында жинақталған қаржының мөлшері
27,5 млрд. долларды құрайтын болған. Сонымен,
енді оның көлемі осыдан үш жылдай уақыт
бұрынғы жағдайға оралған тәрізді.
Мәселен, 2011 жылдың алғашқы тоқсаны барысында ҰҚ қаржысының көлемі 15,539 млрд. долларға жеткен. Бұл 2010 жылғы жалпы ішкі өнім көлемінің ($77,9 млрд.) 20 пайызына тең болатын көрсеткіш болатын.
Сол сияқты аталмыш Ұлттық Қорда қазіргі уақытта есепке алынып отырған 28,397 млрд. доллар Қазақстанның өткен жылғы жалпы ішкі өнім көлемі көрсеткішінің төрттен біріне шамалас екен. Бейресми түсінік бойынша, біздегі Ұлттық қор мұнай-газ қоры ретінде танылған.
Ұлттық қор материалдық емес активтерді қоспағанда, Ұлттық Банктегі және Үкіметтің есеп-шотында шоғырландырылған қаржы активтері түрінде, сондай-ақ өзге де мүлік түрінде мемлекет активтерінен құралған.
Жалпы, Ұлттық қорды құрудың мақсаты еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақ үшін қаражат жинақтауды қамтамасыз ету және экономиканың сыртқы қолайсыз факторлар ықпалына деген тәуелділігін азайту.
Информация о работе Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі