Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 01:08, реферат
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Курстық жұмысты жазудағы ақпарат көздері курстық жұмыстың жазылу барысында Ұлттық қор құрылымы және қызмет етуі туралы жазған экономикалық ілім классиктері мен шетелдік және қазіргі отандық экономистердің еңбектері негізге алынды: Ільясов, Құлпыбаев, Шеденов, Фишер, Сейтқасымов, Ғабитов, Мақыш, Құдайбергенов және т.б. Сонымен қатар, экономикалық қаржылық сферадағы деректер мен жаңалықтарды жариялап отыратын мерзімді баспасөз құралдары.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысын толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнгтурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түстетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп қорды қалыптасытру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атуға болмайды.
Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауырпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.[3, 144-145 бет]
2.2
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорының кірісін
құқықтық реттеу.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздеріне:
1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трасферттер;
2) республикалық меншіктегі, кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
3) шикізат секторы ұйымдарынан
республикалық бюджетке
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жр учаскелерін сатудан түскен
түсімдер есебінен
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
6) Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 1-тармағының 1 тармақшасында көрсетілген осындай ресми трансферттерді, сондай-ақ кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді республикалық бюджетті тиісінше түзету негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Қазақста Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 1-тармағының 3 тармақшасында көрсетілген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі , кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқын-далатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Ауылшрашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 23-бабының 1-тармағы 4 тармақшасында көрсетілген ресми трансферттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалғн ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті тиісінше түзету негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына енгізеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу болып табылатын заңды тұлғаларға шикізат секторының ұйымдары жатады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шикізат секторы ұйымдарының бюджетке түсетін түсімдері ретінде:
-корпорациялық табыс салығы;
-қосылған құнға салынатын салық;
-үстеме пайдаға салынатын салық;
-бонустар;
-роялти;
-жасасқан келісім-шарттар бойынша
Қазақстан Республикасының
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін осындай түсімдердің болжамы шикізат секторының тауарларына республианың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағнда, өзге де мүліктерге орналастырудан құралады.
Бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірісін қалыптастыру барысында туындайтын қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы бюджеттік құқықтық институтты білдіреді.
Сонымен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының кірісін құқықтық реттеу»
институты бюджеттік жүйедегі Ұлттық
қордың кірісін тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы
нормативтік шешімде айқындалған трансферттердің
түсімдері, сондай-ақ шикізат секторы
ұйымдарының нақтылы салықтары мен
міндетті төлемдерінің көлемі белгіленген
түсімдері есебінен құру барысында
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің
11 (4,5), 23-баптары негізінде қалыптасады.[4,
258-261 бет]
2.3
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорының шығысын
құқықтық реттеу.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалануды ұйымдастырудың негізгі бағыттары республиканың (оның әкімшілік-аумақтық құрылыстарының) әлеуметтік-экономикалық басымдықтары, макроэкономикалық және фиксалдық тұрақтылықтың мән-жайлары, дүниежүзілік және қазақстандық ішкі тауар және қаржы рыноктрының конъюктурасы, Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі экономикалық әл-ахуалдар мұқият ескеріле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеуінің негізгі міндеттері мен мақсаттары қатаң сақтала отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстары (жұмсалуы) ұлттық және шетелдік валюталар негізінде, заңнамамен қатаң белгіленген бағыттарда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (оның белгілі бір көлемдегі ақша қаражаттары) біртұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалатын республикалық бюджет шығынын өтеуге Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін мақсатты трансферттер түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жүргізілетін өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Себебі түсімдердің жалпы нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүргізілмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығыстарын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің келісімімен қаржы жылының қортындылары бойынша Қазақстан Республикасының парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттары:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
2. Қазақстан Республикасының
3. тәуекел деңгейінің
4. инвестициялық кірістер алуды
қамтамасыз ету мақсатында
Рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.[6]
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (оның қаражаттарын) жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын республиалық бюджетке берілетін мақсатты трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республиасының Үкіметі айқындайды.
Демек, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығысын құқықтық реттеу институты бюджеттік жүйедегі Қазақстан Республика-сының Ұлттық қорында жұмылдырылған ақша қаражаттарын қоғамдық-мемлекеттік маңызы басымды әрі көкейтесті мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген әлеуметтік-экономикалық және саяси-әкімшілік дамудың нақтылы мақсаттарына бөлу, беру және пайдалану барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын білдіреді.
Жинақтаушы
функциямен қатар Қор қаражатының
қалыптасуы мен пайдаланылуының
қолданылып жүрген механизмі ағымдағы
экономиканың жағдайына тұрақтандыру
ықпалын көрсетеді. Қордың тұрақтандыру
функцияларын іске асыру мемлекеттік
бюджетті орта мерзімді жоспарлауға
көшуге мүмкіндік береді.
Қордың активтері Қазақстан
Қорды
қалыптастырудың көздері 2001 жылы
бюджетке шикізат секторы
Қордың жұмыс істеу кезеңінде оған түсетін түсімдердің негізгі бөлігі “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорны” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттің үлесін сатудан түсетін қаражаттың есебінен қалыптастырылды.
Шикізат секторы ұйымдарынан Қорға түсетін түсімдердің негізгі бөлігін – 54,99%-ын заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, одан кейін үлесі түсімдердің жалпы сомасының 23,34%-ын құрайтын роялтилер және түсімдердің жалпы сомасының 16,35% резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы алады. Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын табыс салығы түсімдердің жалпы сомасының 5,22%-ын, бонустар – 0,08 %-ын және қосылған құн салығы – 0,02%-ын құрады.
Информация о работе Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі