Әлемдік экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 15:46, курсовая работа

Описание работы

Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық
экономикадағы алатын орны мен ролі
1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері………………………………………………………...
1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі………………………………….....................
2-тарау. Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің
негізгі нысаны
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау…………………………………………………………...........
2.2. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау………………………………………………………………
3-тарау. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамыту болашағы
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінің қатысу болашағы мен кейбір мәселелері………………………………….....................
3.2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы……………………………................
Қорытынды…………………………………………………………….....
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………..

Работа содержит 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 676.50 Кб (Скачать)

      Республикада  кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, отандық экономиканың дүниежүзілік шаруашылық байланыс интеграциялануына  жағдай жасау мақсатында Алматы қаласында  “Атакент” еркін сауда аймағы құрылды.

      Қазақстан Республикасында шетел фирмаларының 160 өкілдіктері тіркелді, шетел капиталының қатысуымен 10 банк жұмыс істейді, 6812 тіркелді (2004ж. Шілде).

      ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші  болып егеменді мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін нормативтік  құжаттарды қабылдады.

      Осының  барлығы Қазақстан Республикасының  қазіргі кездегі дамуының халықаралық  экономикалық қарым-қатынастар сферасында тәуелділік жағдайын ескертеді. Бұлай  болмау керек.

      Егер  біз мемлекетіміздің дамуын, халықаралық  еңбек бөлінісіндегі рөлінің  жоғарылауын қаласақ, онда елдің өнеркәсіп өндірісін біртіндеп отырып экспорт пен импорттың құрылымын өзгертуіміз керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2-ТАРАУ.  БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАР  – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНІҢ  НЕГІЗГІ НЫСАНЫ 

      2.1. Қазақстандағы біріккен  кәсіпорындардың  қазіргі жағдайына талдау 

      Казіргі кезде дүниежүзілік өндіргіш күштердің  даму кезеңі дамыған материалдық-техникалық негізін, халықаралық еңбек бөлінісі жүйесін және халықаралық кооперацияның  әртүрлі формаларын қоса алғанда  экономикнаың интернационализациялану  процесін күшейтудің объективті қажеттілігін қамтамасыз етеді.

      Батыс экономистері “экономиканың интернационализациялануы”  түсінігін бірқатар факторлардың көрінуімен байланыстырады, олар: өндірістің жағрафиялық  орналасуының рөлі, басқаруда халықаралық  деңгейдің әсер етуі, капиталға қатысу дәрежесі т.б. Экономиканы интернационализациялаудың алғашқы көрінісі өндірістің жағрафиялық орналасу теориясы негізге ала отырып, өндірістік күштер факторларының орналасуын, ұлттық нарықты таңдауды, яғни тікелей инвестицияны таратудың қажеттілігін интернационализацияның объективті негізінің халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі екендігін көрсетеді, яғни тарихи және логикалық дамудың алғышарт факторы болып мемлекеттер арасындағы табиғи-жағрафиялық ерекшеліктер, климаттық жағдайлар, пайдалы қазба қорлары, құнарлық жерлер, территория көлемі, тұрғындар саны және т.б. жатады.

      Интернационализациялану феноменін, біріншіден, ТҰҚ сияқты ірі  шаруашылық бірлестіктердің қызмет ету қажеттіліктерімен байланыстырады. Бірақ, экономиканың интернационализациялануы ТҰҚ қызметімен ғана емес, сонымен қатар оның басқа да формалары бар.

      Біріншіден, бұл мемлекеттер арасындағы өндірістік қатынастардың дамуына жағдай жасайтын халықаралық экономикалық бірлестіктер мен одақтар;

      Екіншіден, БҰҰ Бас Ассамблеясы резолюцияларымен расталып, құрылуына құқық берілген ТҰҚ қарама-қарсы мақсатта ұйымдасқан өндіруші-ел ассоциациялары;

      Үшіншіден, еркін экономикалық аймақтар;

      Төртіншіден, мемлекетаралық немесе трансұлттық  қаржылық өндірістік топтар;

      Бесіншіден, біріккен банктер түріндегі біріккен қаржылық институттар;

      Алтыншыдан, бір уақытта капиталдар қозғалысының формасы болып табылатын шетел инвестициялары;

      Жетіншіден, қазіргі кезде экономика интернационализациялауының формасы ретінде негізгі мәнге ие болатын біріккен кәсіпкерлік.

      Тауарлармен, технологиямен, капиталмен халықаралық  айырбастың жаңа жолдардың бірі ретінде  біріккен кәсіпкерліктің тез дамуы, әлемдік экономикадағы болып  жатқан өзгерістерді көрсетеді:  мемлекет саясатындағы, өндіріс технологиясы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты өндіріс факторлары мен нарықтық сұранс сипатының өзгерісі. Қазіргі кезде көптүрлі кооперациялық байланыстардың дамуын есепке ала отырып, біріккен кәсіпкерлік феномен едәуір күрделі сипатқа ие болып жатыр: фирмааралық қарым-қатынастардың әртүрлі формалары мен біріккен кәсіпорындар құрудан бастап, аймақтық және аймақаралық бірлестіктер шеңберінде ірі, ауқымды интеграциялық жобаларды жүзеге асыруға дейін.

      Сөйтіп, біріккен кәсіпкерлікті зерттеу  экономика интернационализацияланудың басқа формалары алдында келесі көрсеткіштермен сипатталатындай, бірқатар артықшылықтарды анықтайды: бірінші, шетел нарығына төменгі шығындармен және тәуекелмен шығу үшін, біріккен кәсіпкерлік жолымен кедергілерді жою;

      Екінші, біріккен кәсіпкерлік негізінде  мердігерлік және серіктестік қарым-қатынастардың ірі трансұлттық корпорациялардың үстемдік етуі алдындағы артықшылығы;

      Үшінші, өндірістік қуаттардың, ұлттық компаниялардың керек-жарағының өзгеруінсіз қосылу мүмкіндігі;

      Төртінші, ынтымақтастықтың әрбір “таза” формаларына жататын компоненттердің біртұтас құрамдас бөліктерінің болуы;

      Бесінші, бірігуге жататын қаржылық міндеттемелерге  байланысты әрбір серіктестіктің қаржылық қатысуын толық бағалауға кететін  шығындарды азайту;

      Алтыншы, протекционистік тосқауылдарды  жою және ірі халықаралық инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға қатысуды кеңейту мүмкіндігі, яғни экспорттан бастап сыртқы нарыққа шығудың тікелей формаларына көшу;

      Жетінші, шоғырланған елде үкіметтік жеңілдіктерді, субсидияларды, тапсырыстарды пайдалану;

      Сегізінші, біріккен кәсіпкерлік процесінде мақсаттарға  тез жетуге мүмкіндік беретін  серіктестік қарым-қатынасты белсенді түрде дамыту.

      Соңғы жылдары экономика ғылымында  “біріккен кәсіпкерлік” ұғымы “біріккен  кәсіпорын” формасындағы біріккен кәсіпкерлік  Батыс пен Шығыс арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде, бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен экономикалық қарым-қатынасты жөндеуде маңызды орын алады.

      Біріккен  кәсіпорындардың формасы мен  құрылу мақсатына байланыссыз, біріккен кәсіпорындарды ұйымдастыру негізінде ортақ принциптер жатыр.

      Біріншіден, әрбір серіктестіктің капитал салымы ретінде қарастыруға болатын, активтерді бөлшектеп біріктіру жолымен құрылған біріккен кәсіпорын (ақша қаражаттары, ғимараттар, құрыл-жабдықтар, “ноу-хау”, интелектуалды меншік және т.б.).

      Екіншіден, серіктестер арасындағы пайдамен тәуекелді  болу әрбіреуінің капитал алымын есепке ала отырып жүргізіледі.

      Үшіншіден, біріккен кәсіпорындардың қызметі  қабылдауышы ел заңдылығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Төртіншіден, серіктестер басқару жауапкершілігін әрбіреуінің капитал салымына сәйкес бөліседі.

      Бесіншіден, басқару қайта құрылған басқару  органдарының көмегімен жүзеге асырылады.

      Әлемдік тәжірибе біріккен кәсіпорындардың  акционерлік қоғам формасында немесе серіктестік формасында немесе келісім-шарттың кәсіпорындар формасында құрыла алатындығын көрсетеді. Акционерлік қоғам және серіктестік формасында құрылған кәсіпорындардың әртүрлі формалары болды (1 сурет). 
 
 
 

 
 

  1. сурет. Біріккен кәсіпорындардың түрлілігі.
 
 

      Қазақстанда біріккен кәсіпорындар барлық біріккен кәсіпкерлік формаларының элементтерін иеленетін симбиоз болып табылады. Отандық біріккен кәсіпорындардың ішінде көбінесе акционерлік емес формалардың басым екендігін және осыған байланысты республикаға акционерлік компаниялар туралы заңдылықты нақты түрде талдау керек екендігін ескеру қажет. Бірақ бұл жағдай біріккен кәсіпорындардың басқа да формаларын құру және іске асыру мүмкіндігін жоймау керек.

      Салалық құрылымында есепке ала отырып, біріккен кәсіпорындар статусын дифференциациялау, республика біріккен кәсіпорындар дамуының ынталандырушы факторы болып табылады. Біріншіден, кіші және орта шетел фирмаларымен қарым-қатынас кезінде біріккен кәсіпорындарды серіктестік формасында құру арнайы басқару құрылымдарының құрылуына кедергі жасап, жақтардың өзара жауапкершілігін жоғарылатады. Батыс елдеріндегі сияқты әрбір серіктестіктің басқаруға және тексеруге бақылау жасау мүмкіндігі біздің республикамызда да нәтижелі қолданылуы мүмкін.

      Екіншіден, капитал сыйымды салалардағы ірі батыс фирмаларының қатысуымен құрылатын біріккен кәсіпорындарды жабық түрдегі акционерлік қоғам формасында құру керек. Нәтижесінде, серіктестердің қатысу үлесін жоғарыда тұратын инстанциялар шешімімен емес, әр жақтың экономикалық қызмет есепке ала отырып, салымдардың арақатынасы негізінде өзгертуге мүмкіндік береді.

      Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі үлкен рөл атқаратын салаларында  келісім-шарттық біріккен кәсіпорындарды құру пайдалы. Жаңа технологиялық процестер  ендіру немесе қолдану негізінде шетел серіктесінің құқығы бар. Келісім-шарттың кәсіпорындардың қызмет етуінен бастап жарғылық қор толығымен республика меншігінде болады, бірақ жарғылық қордың бір бөлігін алдын-ала келісілген уақытында шетел серіктесіне береді.

      Бүгінгі күнде Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды құру процесінің жағымды және жағымсыз жақтары көрінеді. Біз білетіндей, кәсіпорындар ұлттық экономиканы өзгертудің катализаторы ретінде қолданылуы жоспарланды. Біріккен кәсіпорындар қызметін реттеудің тиімсіз экономикалық саясаты бұл процестің стихиялық көрініс табуына әкелді.

      Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын  тартудың тиімді формаларының бірі - әлемдік  нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру. Бұл мәселені толығымен қарастыру үшін, қазақстандық инвестициялық ақуалын ғана талдап қоймай, сонымен қатар серіктестердің іс-қимылдарын да қарау керек.

      Біріккен  кәсіпорын құру кезінде қазақстандық серіктестер белгілі бір мақсаттарды қарастырады:

    • тауардың нарықтағы, саладағы бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы;
    • қосымша қаржы және материалдық ресурстардың тартылуы;
    • алғы шетел техникасы мен технологиясын қолдану;
    • бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және өткізу процесін жақсарту үшін серіктестерінің тауарлық белгісін қолдану;
    • өндірістік процесс пен кадрларды басқару өрісінде тәжірибелерін қолдану;
    • қаржылық тоқырау кезінде шетел серіктесімен коммерциялық тәуекелді бөлісу.

      Біріккен  кәсіпорын формасында тікелей шетел  инвестициясын тарту формасын таңдау, яғни біріккен кәсіпорындар құру туралы нақты шешімді қабылдау кезінде бірнеше факторлардың әсер етуін есепке алу керек. Оларға: өндірістік-технологиялық потенциал көлемін, ресурстарды пайдалануға берілетін рұқсат, нарықтық тартымдылығына кәсіпорынның салыстырмалы позициясының бағасы, нарық сыйымдылығы, істің салыстырмалы пайдалылығы, нарыққа ену кезіндегі шектеулер, нарықтың көлемі, оның даму тенденциясының бағасы (бәсекелестердің саны ма, өзінің артықшылықтары, өткізуді ұйымдастыру) жатады.

      Шетел инвестициялары жүйесіндегі біріккен кәсіпорындардың нақты алатын орнын келесі суреттен көруге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        
 
 
 
 
 
 
 

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2-сурет.  Шетел инвестициялары жүйесіндегі  біріккен кәсіпорындардың нақты  алатын орны 
 

      Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды құру кезінде шетел серіктесттерінің өз мотивтері мен мақсаттары бар. Оларға бірінші кезекте келесілерді жатқызуға болады:

    • жаңа нарықты игеру;
    • өндіріс шығындарды азайту;
    • ресурстар ағымы (шикізаттың жаңа көздерін қалыптастыру және өндірістік базаларын жаңарту).

Информация о работе Әлемдік экономика